Мониезиоздар - таспа қүрттар аурулары



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1. Мониезиоз
2. Қоздырғышы
3. Өсіп-өнуі
4. Эпизоотологиясы
5. Аурудың өрбуі
6. Сырт белгілері
7. Өлекседегі өзгерістер
8. Анықтау, емі, сактандыру

Мониезиоз
Мониезиоздар - таспа қүрттар аурулары, тудыратын қоздырғыштары Мопіеііа туыстастығының Апоріосерһаіісіае түқымдастығына жатады, мониезиозбен қойлар, ешкілер, ірі қара мал, бұғылар, енекелер және жабайы күйіс қайыратын жануарлар ауырады. Негізінен жиі төлдер ауырады (қозылар, лақтар, бұзаулар).
Монезия құрты ащы ішекті мекендейді. Олардың аралық иелері топырақта тіршілік ететің сауытты орибатид кенелері.
Мониезиоз Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған және жыл сайын пайда болатын зілді дерт. Құрттың өсіп-өнуіне қолайлы жағдайда немесе емдеу-сақтық шаралар жеткіліксіз жүргізілген шаруашьшыктарда, өлім жітімге қозы-лақ көптеп ұшырауы мүмкін. Қой шаруашылықтарында қозының 40-80 %-ті монезиозға шалдығьш, 30-80 %-ті шығынға ұшырауы ықтимал. Дертке ұрынған төл ұзақ ауырады, өсуі тежеледі. Кейбір деректерге жүгінсек ауру қозы салмағын 10 % кемітеді және одан 200 г жүн кем қырқылады.
Қоздырғышы. Мониезия-тұрқы 2,5 м-ден 10 м-ге дейін жететін таспа құрт. Гельминт бунақтары жалпақ келеді, жыныс мүшелері екі қатар орналасқан. Буылтықтардың екі бүйірінен жыныс мүшелерінің (еркек пен ұрғашы) тесіктері ашылады. Мониезиоз дертін ішқұрттың екі түрі тудырады: бірін Мопіегіа ехраnzia (Rud.,1810), ал екіншісін М.benedeni(Мoпіеz,1879) деп атайды.
М.ехраnsе-ұзындығы 6-10 м, түсі ақшыл, бунақ (проглоттида) аралықтарындағы бездері дөңгелене келіп, буылтықтың алдыңғы жақ шеттеріне орналаскан. М.benedeni - тұрқы 2,5-4 м, түсі күңгірттеу, бунақаралық бездері көлденең сызықшаға ұқсайды. Мониезия жұмыртқалары көп қырлы, бұрыштары көмкерілген, түстері сұрғылт болып келеді. Жұмыртқа ішіндегі алты ілгекшесі бар онкосферасы алмұрт іспеттес құрылғымен (аппарат) бекітілген. (қараңыз: XXI сурет).
Өсіп-өнуі. Мал таспа құрттың пісіп-жетілген соңғы буылтыктарын өз нәжісімен берге сыртқы ортаға шығарады. Әр бунақтарда мыңдаған жұмыртқалар болады. Қоршаған ортада таспа проглотидалары үзіліп, ішіндегі жұмыртқалары шашылады. Кенелер өімдіктердің түбінде органикалық қалдықтармен, мал тезегімен қоректеніп, құрт жұмыртқасын қоса жұтады. Кеңе денесіне түскеннен кейін гельминт жұмыртқасынан онкосфера бөлініп іш қуысына енеді, одан әрі балаңқұрттың келесі сатысы цистицеркоидқа айналады. 3-5 ай аралығында цистицеркоид өсіп жетіліп, инвазиялық сатыға жетеді. Мал жайылымда шөппен бірге мониезиоз құртымен залалданған орибатид кенелерін жұтып ауру жұқтырады. Қозы мен бұзаудың ішегіне түскен мониезия құрты тез өсіп, 37-50 күн аралығында жетіліп, ересек таспаға айналады. Бұл паразит ақтық иесінің ішінде 2 айдан 6 айға дейін тіршілік етеді.
Эпизоотологиясы. Мониезиоз ауруының пайда болуы, таралуы құрттың аралық иесінің тіршілігіне, малдың төлдеу, отардың жаппай өріске шығу мерзіміне, ауа райы жағдайларына тікелей байланысты.
Мал бұл дертті қора төңірегіндегі қи, тезек шашылған жерлерден жұқтырады, өйткені өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін сауытты кенелер- орибатидтер шіріген органикалық заттары мол топырақ қабатында өмір сүреді. Топырақ кенелері жер бетінде біркелкі тарамаған. Олар далалы, таулы алқаптарда, бұлақ, өзен аңғарларында жиірек, ал шөбі шүйгін, ылғалы мол жайылымдарда, жазық сазды жерлерде азырақ кездеседі.
Мониезиоз құрты малға өріске шығысымен жұға бастайды, ал төл арасында аурудың алғашқы клиникалық белгілері 15-20 күн өткеннен кейін байқалады. Қазақстанда бұл гельминтоз 2-3 айлық қозыларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таспа құрттардың барлығы биогельминттер
Инвазиялық аурулар
Өсімдіктердің аурулары. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Жануарларда паразиттық ауруларды болдырмау үшін бірінші атқаратын жұмыс профилактика, яғни осы аурулардың алдын алу жолдары
Ауданымызда жиі кездесетін паразит құрттар
Малдың инвазиялық аурулары
Гельминтоздардың диагностикасы
Балықтардың инвазиялық аурулары
Гельминттерді жіктеу негіздері, олардың иелерін классификациялау. Гельминттердің морфологиясы және биологиясы
Аноплоцефалидиоз - жабайы күлденген таспалы гельминттерінің жұқа ішектерінде паразиттеуден туындаған аурулар
Пәндер