Ж.Қасымбаевтың өмір тарихы мен ғылыми - педагогикалық қызметі


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері қоғамдағы жаңа әлеуметтік-саяси және экономикалық шындықтар Қазақстан халықтарының сана-сезімін өзгертуде. Қоғамға, халықтың тарихына көзқарас өзгеріп келеді. Ұлттық сана-сезім, ал сонымен бірге Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана айтатын тарихына деген, сол тарихты ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеп, Қазақстан тарихы ғылымы мен қазақ тарихнамасының дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері мен мұраларын танып білуге деген ұмтылыс пен қызығушылық және ынта-ықылас та қауырт өсуде.
Қазіргі кезде тұлғатану ғылымының бір саласы ретінде тарих сахнасында өзіндік із қалдырған, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастырған Қазақ тарихының қайраткерлерінің өмір жолын олар өмір сүрген қоғаммен байланыстыра зерттеу тарихшы-ғалымдардың арасында, ұлттық тарихқа қызығушы оқырман арасында да сұранысқа ие болып отыр.
Мәселеге осы тұрғыдан қарағанда, көрнекті тарихшы-ғалым, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, қырғыстан тарихшылары қауымдастығының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» орденінің иегері, 30-ға жуық ғылыми еңбектердің авторы, 600-ден астам баспа еңбектері Қазақстанның, Ресейдің, Башқұрстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Қытай Халық Республикасының, Түркияның баспаларында басылып шыққан, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанұзақ Қасымбаевтың өмірін, ғылыми мұрасын зерттеу қазіргі тарихи қоғам талабы болып табылады. Осының бәрі зерттеуіміздің өзекті, әрі сұранысқа ие тақырыпқа арналғандығын аңғартады.
Тақырыптың зерттелу мақсаты мен міндеттері: Тақырыптың басты мақсаты - Отан тарихының күрделі мәселелерін зерттеген тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанұзақ Қасымбаевтың өмір жолын, ғылыми мұрасын қарастыра отырып, өзі өмір сүрген қоғамның оның шығармашылығына қалай әсер еткендігі, қоғамдық істерінің маңызы туралы, еңбектерінің тарих ғылымындағы алған орнын, Қазақ тарихының құрастырушыларының бірі ретіндегі қызметін жаңаша қырынан ашып көрсету.
Осы мақсаттан шыға отырып, алдымызға төмендегідей міндеттер қоямыз:
- Ж. Қасымбаевтың туып өскен және білім алған ортасын айқындап, өмір тарихына шолу жасау;
- Ж. Қасымбаевтың тарихшы-ғалым және педагог ретінде жоғары оқу орындарында атқарған ғылыми-ұйымдастырушылық қызметін ашып көрсету;
- Ж. Қасымбаевтың Қазақстанның XVIII-XX ғасырдың басындағы хандар мен сұлтандардың және ірі тұлғалардың атқарған қызметін ашуға бағытталған тұлғатанулық еңбектерін сараптап, оған баға беру;
- Ғалымның қалалар тарихының алғашқы зерттеулері ретіндегі Қазақстан қалалары туралы еңбектерінің маңызын анықтау;
- Профессор Ж. Қасымбаевтың зерттеулеріндегі отандық тарих ғылымының өзекті тақырыптарын талдау.
Тақырыптың деректік қоры: Тақырыптың деректік негізі ретінде мұрағат құжаттары, мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар, еліміздің баспаларынан басылып шыққан ғылыми еңбектердің дерек, мәліметтері іріктеліп, сұрыптала отырып, пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс барысында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде сақталған Ж. Қасымбаевтың жеке мұрағатының №1О/К қорларының құжаттары қолданыс тапты.
Сонымен бірге ҚР ҰҒА академигі Т. С. Садықовтың бас редакторлық етуімен «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақстан ғалымдары мен педагогтарының библиографиясына мәліметтер» сериясымен 2001 жылы жарық көрген «Жанұзақ Қасымбаев» атты жинақ кеңінен пайдаланылды.
Сондай-ақ, «Сырдария» университетінің Ғылыми істер жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент С. Д. Мамраимовтың «Тарихшы Жанұзақ Қасымбаевтың педагогтік қызметі мен ғылыми мұрасы» атты 2007 жылы қорғалған диссертациялық жұмыс мәліметтері іріктеліп, сұрыптала отырып, пайдаланылды.
Сонымен қатар, «Отан тарихының әдіснамасы мен тұжырымдамасының өзекті мәселелері» атты «Қасымбаев оқулары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, «Қазақстан жоғары мектебі», «Қазақ тарихы», «Отан тарихы», «Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы», «Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің хабаршысы» ғылыми - әдістемелік журналдарда Ж. Қасымбаевтың тарихи мұралары туралы деректер берілген.
Ғалымның әр жылдары Қазақстан баспаларынан басылып шыққан ғылыми-зерттеу еңбектері сарапқа салынды. Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген Ж. Қасымбаев еңбектері ғалымның қызметінің негізгі кезеңдерін айқындауға, автордың тарихи мұраларын тақырыптық жағынан жүйелеуге мүмкіндік берді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бұған дейін Ж. Қасымбаевтың ғылыми-зерттеу еңбектері туралы мақалалар жарық көргенімен, ғалымның тарихи мұралары жайында арнайы жүргізілген кешенді зерттеу жұмыстарынан тек С. Д. Мамраимовтың «Тарихшы Жанұзақ Қасымбаевтың педагогтік қызметі мен ғылыми мұрасы» атты 2007 жылы қорғалған диссертациялық жұмысын айтуға болады.
Дегенмен әр жылдары Ж. Қасымбаевтың еңбектері туралы өз пікірлерін ортаға салған отандық авторлар аз емес.
Атап айтқанда, Жанұзақ Қасымбаевтың мерейтой қарсаңында жарық көрген «Жанұзақ Қасымбаев» атты жинақта (бас редактор: ҚР ҰҒА акдемигі Т. С Садықов, құрастырушылар: тарих ғылымдарының кандидаттары Г. К. Кенжебаев, Т. Т. Далаева, Б. Берлібаев) Жанұзақ Қасымбаевтың тарихшы - ғалым ретіндегі қызметінің басты кезеңдері туралы мәлімет, ҚР ҰҒА академигі К. М. Байпақовтың қазақ және орыс тілдерінде жазылған Жанұзақ Қасымбаевтың ғылыми-педагогикалық қызметі туралы қысқаша очеркі, Жанұзақ Қасымбаевтың еңбектері туралы әдебиеттер тізімі, Жанұзақ Қасымбаевтың редакциясымен жарияланған еңбектер, Жанұзақ Қасымбаевтың ғылыми басшылығымен дайындалған диссертациялар және бірлесіп жазған авторлар тізімі берілген.
ҚР Мемлекеттік орталық музейі қор сақтау тобының жоғары дәріжелі қор сақтаушы маманы М. А. Әзмұханованың «Қастеев оқулары» ғылыми-практикалық конференциясында жарияланған «Биография и личный комплекс доктора исторических наук, профессора Касымбаева Ж. К., хранящийся в фондах центрального Государственного музея Республики Казахстан» атты мақаласында Жанұзақ Қасымбаевтың өмірбаяны және жеке заттары туралы, бұрын көпшілікке белгісіз болған жайттар туралы жан-жақты айтылған.
Академик К. М. Байпақов Ж. Қасымбаевтың мерейтойы қарсаңында ҚазҰУ-дың Хабаршысында жариялаған «Отан тарихы ғылымындағы дара тұлға» атты мақаласында Ж. Қасымбаев туралы, оның қоғамдағы қызу талқыға салынған еңбектері және қоғамдық істері туралы баяндайды.
2005 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіректораты, осы университеттің тарих факультеті мен «Отан тарихы» кафедрасының бастамасымен «Отандық тарихты зерттеп, оқытудың теориялық-әдістемелік және нақты тарихи мәселелері. Қасымбаев оқулары» деген тақырыпта өткізіліп келген Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар Ж. Қасымбаев еңбектеріне қазіргі көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік берді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы Р. Р. Оспанованың ҚазҰПУ-дың Хабаршысында «Ж. Қ. Қасымбаевтың Қазақстан қалалары тарихын зерттеудегі қызметі» туралы баяндай келе, Ж. Қасымбаевтың Ақмола және Семей қалаларының тарихы туралы жазған еңбектеріне жан-жақты талдау жасайды.
Профессор Ж. Қасымбаевтың 60 жасқа толу мерейтойына орай тарихшы С. З. Нарматовтың ғылыми-педагогикалық «Ар» журналында орыс тілінде жарияланған «Ученый и педагог» атты мақаласында ғалымның ғылыми көзқарасы мен зерттеулеріне баға берілген.
С. Д. Мамырайымовтың «Қазақ тарихы» журналында жарияланған «Қасымбаевтың Кенесары туралы зерттеулері» атты мақаласында Қасымбаевтың Тұлғатануға қосқан үлесі, Кенесары көтерілісінің Ж. Қасымбаев еңбектеріндегі сипатталуы талқыланған.
Тақырыптың теориялық-методологиялық негізі: Тақырыптың методологиясы салыстырмалы-тарихи, логикалық талдау, мерзімдемелік, өзектілік, перспективтілік, жүйелілік және тағы да басқа ғылыми-методикалық принциптер басшылыққа алына отырып, жазылды. Әлемде қалыптасып келе жатқан тұлғатану саласының өркениеттілік ұстанымына ерекше көңіл бөлінді. Кез-келген жеке тұлғаның ғылыми мұраларын талдап, талқылау барысында оның ғылым мен мәдениетке, жалпы өркениеттің дамуына қосқан үлесі баса ескерілуі қажеттілігі басты назарға алынды. Оған қоса тақырыпта жасалған тұжырымдар мен айтылған пікірлердің бір-бірімен үйлесім тауып, логикалық жағынан байланысып тұруына айрықша мән берілді.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы: Тақырыпта Қазақстанның XVIII ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезі аралығындағы, атап айтқанда, 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі тарихын жан-жақты, тереңдей зерттеген көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының акдемигі Ж. Қасымбаевтың тарих-ғалым ретінде қалыптасуы, ғылыми мұралары, тарих ғылымын дамытуға қосқан мол үлесі алғаш рет, жаңаша көзқараспен талданып, тұңғыш рет университет көлемінде арнайы ғылыми-зерттеу тақырыбына айналып отыр.
1 Ж. Қасымбаевтың өмір тарихы мен ғылыми - педагогикалық қызметі
1. 1 Ұлағатты ұстаз Ж. Қасымбаевтың өмірлік тағылымы
Есімдерін халқы ардақ тұтатын, ұлы даланың тәуелсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қасиетті күресте бар күш-жігерін аямаған, жандарын пида еткен қайраткерлердің ерлік істерін терең зерттеп, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру жолында қалам тартқан тарихшы-ғалымдардың арасында профессор Жанұзақ Қасымбайұлының еңбектерінің маңызы ерекше, шоқтығы әрқашан биік. [1]
Көрнекті тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанұзақ Қасымбайұлы Қасымбаев 1941 жылы 25 желтоқсанда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында (бұрынғы Семей облысы Шұбартау ауданы Баршатас ауылы) дүниеге келген.
Ғалымның туған жері Аягөз өңірі - қазақ тарихында бұрыннан белгілі, өзіндік шежіресі мол аймақ. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде атақты Құрбанғали Халид өзінің «Тауарих Хамса» («Бес тарих») атты кітабында: «Аягөз - өскен жеріміз, Найман - жүрген еліміз», - деп тіліне тиек еткен Аягөз өңірінің тарихы сонау көне замандардан басталатыны о бастан-ақ белгілі. Қазақ халқы тарихында болған айтулы оқиғалар ұштығының бұл өңірге соқпай кеткені некен-саяқ. Бүкіл еліміздің елдігі мен ерлігіне сын болған қазақ-жоңғар шайқасының шешуші ұрыстарының осы өңірде өткенін ерекше айтуға болады. Бұл аймақта қазақ халқының Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Би Боранбай, Ботақара, Жауғаш, Шыңғожа, Шақантай, Қазымбет секілді хас батырлары бастаған сарбаздар жеңіске жетіп, 1754 жылы Мамырсу өлкесінің бойында Абылай хан мен Ер Жәнібектің қатысуымен тарихта белгілі Қандыжап бітімі жасалды.
Төсіне Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезін қондырып, төскейінде хас батырлар тұлпарларының тұяғы дүбірлеген Аягөздің қалыптасу кезеңі 1831 жылдан басталады. Аягөз округінің орталығы Сергиопольдің негізі 1860 жылы қаланды. Аягөз округін басқарған алғашқы аға сұлтандардың арасында Барақ төре Солтабайұлының есімі ерекше аталады. [2, 159 бет]
Сондай-ақ, Аягөз - атақты Ф. М. Достоевский, И. П. Семенов Тянь-Шаньский, Ш. Уәлиханов, А. Янушкевич, А. Гейбович секілді ұлы тұлғалар ат басын тіреген өлке.
Осы тұрғыдан алғанда, поляк революционері А. И. Гейбовичтің бастамасымен 1859 жылы Сергиопольде орыстың ұлы жазушысы Ф. М. Достоевскийге арналған мұражайдың ашылуы - бұл өңір тарихындағы айтулы оқиғалардың бірінен саналады.
Міне, осындай атақ-даңқымен тарихта әйгілі Аягөз өңірінің түлегі Жанұзақ Қасымбаевтың шыққан тегі - Шұбартау өңірін мекендеген Абақ Керей ұрпағы.
Жанұзақ Қасымбаевтың шыққан тегі осы Керей, оның ішінде Абақ Керейден - Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құбайберді, Жаушақар, Шақантай (Еңке), Құлбарақ, Кітат, Собықан, Қасымбай, одан Жанұзақ тарайды.
Әкесі Собыханов Қасымбай, стахановшыл, елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі ерен еңбегі үшін 1941 жылы КСРО ет және сүт министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. 1942 жылы майданда қаза тапты. Анасы Собыханова (Рашаева) Қайшағай өмірінің басты кезеңінде қара жұмыста еңбек етіп, зейнеткер қалпында 1977 жылы дүние салды.
Қаршадайынан өмір тауқыметін басынан кешірген Ж. Қасымбаев бес жасынан еңбекке баулынып, анасымен бірге өмір мектебіне төселді.
1949-1959 жж. ол Баршатастағы С. М. Киров атындағы орта мектепте білім алды. 1928 жылы ашылған мектепте кейіннен Қазақстан Республикасының ғылымы мен мәдениетіне сүбелі үлес қосқан бірқатар абзал жандар оқыды: О. Хаймолдин, Б. Жылысбаев, Е. Рахмадиев, Т. Шойынбаев, М. Рашев, М. Мағауин, Х. Әдібаев, Н. Рымғалиев, К. Ыбраев, К. Ахманбаев, Т. Тілеуханов, т. б.
Соғыстан кейінгі жылдарда алшақ қазақ өңірлері енді ғана жоғары оқу орнын тамамдаған оқытушылармен қамтамасыз етіле бастағанда, осы бір шалғайдағы оқу орны барлық дерлік пәндерден жоғары педагогикалық, тіпті университеттік білімі бар мұғалімдермен толықтырылған еді. Болашақ тарихшының білім деңгейіне де осы жағдайдың тікелей әсер еткені айғақ.
1959 жылы Ж. Қасымбаев Алматыдағы П. И. Чайковский атындағы музыкалық училищесінің «Баян» бөлімінде өнер саласында білім алды. 1959-1960 жж. талантты жастың С. М. Киров атындағы университеттің тарих факультетінде тыңғылықты білімге тартылуы, оның келешектегі ғылыми-педагогикалық деңгейінің жетіле түсуін мейлінше нығайтты. [3]
1965 жылы ол кезде С. М. Киров есімімен аталған қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінің толық курсын тарих мамандығы бойынша жақсы және үздік бағалармен бітіріп шықты. Мемлекеттік емтихан комиссияның 1965 жылғы 25 маусымдағы қарары бойынша Ж. Қасымбаевқа - тарих және қоғамтану мұғалімі деген біліктілік берілді.
Ж. Қасымбаевқа университет дипломының қосымшасы ретінде берілген сынақ ведомостінің көшірмесі дәлел болатындай, ол Қазақ КСР тарихы бойынша мемлекеттік емтиханды «өте жақсы» деген бағаға тапсырып, «Семей қаласының тарихы» деген тақырыпта диплом жұмысын да үздік қорғап шықты.
Университет мұрағатында сақталған құжаттардағы тарихи деректерге қарағанда, Ж. Қасымбаев өзінің болашақ ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыт-бағдарын студент кезінен-ақ айқындап, таңдап алғаны байқалады. [2, 161 бет]
1964 жылдың өзінде ол «Семей қаласының тарихы (Негізінің қалануы және Дамуы) » атты баяндамамен Самарқанд қаласындағы Бүкілодақтық университетаралық студенттік конференцияға қатысқан болатын. [4, 6 бет]
Қазақтың С. М. Киров атындағы мемлекеттік университеті тарих факультетінің деканы, доцент С. М. Кенжебековтың 1965 жылғы 21 қаңтарда Қазақ Мемлекеттік архивіне жолдаған сұраныс хаты, сондай-ақ, архив басшылығының тиісті құжаттармен жұмыс істеуге рұқсат беруі негізінде аталған университеттің 5-курс студенті Ж. Қасымбаев «Семей қаласының төңкеріске дейінгі тарихы» атты тақырыптағы диплом жұмысын жазып шықты.
Ж. Қасымбаев бүгінгі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінің студенті болып білім алып жүрген кезінде-ақ Е. Бекмаханов, М. Ахынжанов, С. Кенжебаев, Г. И. Семенюк, М. Даришев, Ә. С. Такенов, С. К. Жақыпбеков, Т. Ә. Найзағарин және басқа тамаша педагогтардың лекцияларын тыңдап, олардан тарихи білім нәрімен сусындады.
«Бекмаханов ісі» деп аталатын қолдан жасалған процесс салдары мен КОКП-ның идеологиялық тұрғыдан қатаң қысым жасауына қарамастан, жоғарыда есімдері аталған және басқа да ғалымдар өз шәкірттерімен ол кезде мүлде тиым салынған ғылыми тақырыптар мен мәселелер жөнінде пікірталас жүргізуден тайсалмады. Көрнекті ғалым-тарихшылардың зерттеулері төңірегінде қалыптасқан ауыр ахуал белең алып тұрса да, сол кезеңдегі студент Ж. Қасымбаев және оның замандас жолдастары, болашақ жас тарихшалыр, ұлт тарихындағы «ақтаңдақ» кезеңдер - хандық билік құрылымын қалпына келтіру жолында жүргізілген ұлт-азаттық қозғалыс, отарлау дәуіріндегі аса күрделі әлеуметтік - саяси өзгерістер, хандық мемлекет тұсындағы халықаралық қарам-қатынастардың тарихындағы қарама-қайшылыққа толы ерекшеліктер туралы аға буын өкілдерінің сұхбаттарын барынша құмарта тыңдады.
Ұлт тарихындағы «жабық» мәселелердің сыры мен сипатын ашу міндетін зор сүйіспеншілікпен атқару бақыты шәкірттерінің үлесіне бұйыратыны жайындағы ұстаздарының артқан сенімдері Ж. Қасымбаев сияқта жастарды қанаттандырып, шабыттандырды.
Студент Ж. Қасыбаевты, әсіресе, Жәнібек, Керей, Қасым, Тәуекел, Тәуке, Жәңгір, Әбілқайыр, Абылай және басқа да хандарымыздың өмірі мен қызметтері ерекше қызықтыра түсті. Сол жылдары зиялы қауым өкілдері тарапынан Абылай хан есімі белгілі бір дәрежеде алаңдаушылықпен ауызға алынған болса, ал оның немересі Кенесарының аты-жөні барынша аса сақтықпен, тіпті қорқынышпен аталатын еді.
Ж. Қасымбаев университеттің тарих факультетінің екінші курсында оқып жүрген кезінде Е. Бекмахановтың «XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың алғашқы кезеңіндегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік категориялар» атты мәселе бойынша арнайы курс дәрістерін тыңдады. Алайда, көрнекті ғалым салдарынан 1837-1847 жылдардағы көтеріліс және ондағы Кенесары ханның атқарған қызметі туралы қандай да бір пікірлері мен тұжырымдарын ортаға салудан сақтана отырып, тартыншақтайтынын байқау қиын емес еді.
Арада едәуір уақыт өткенде студент Ж. Қасымбаевтың өз ұстазы, тарих ғылымдарының кандидаты Г. И. Семенюкпен болған ашық-жарқын әңгімесі кезінде жоғарыда айтылған мәселенің түйткілді тұстарының құпиясына көз жеткізгендей болды. XX ғасырдың 60-жылдарының өзінде қазақ даласындағы құлдық проблемалары жайында көптеген тамаша зерттеулер жүргізіп, жариялаған Г. И. Семенюк ерекше дарын мен қабілет иесі, терең ойшыл ғалым ретінде Ж. Қасымбаевтың тарихшы-зерттеуші болып қалыптасуына үлкен ықпал етті.
«Тағдырдың жазуымен Георгий Иванович менің ғылыми жетекшім болды және кейінгі көптеген жылдар бойы маған ақыл-кеңестерін беріп отырды. Тағдыр мені осынау тамаша педагогпен, университеттің үздік лекторымен, тілге бай, шешендік өнері мол адаммен байланыстырды, студент-тарихшылардың көптеген, тіпті көп ұрпағы оған әдеттегі сыйластық пен аға ұрпақ өкілі ретіндегі құрмет шегінен асып түсетін ерекше бір ілтипатпен қараушы еді», - деп жазды Ж. Қасымбаев өзіне студент кезінде дәріс оқыған тарихшы-ғалым Г. И. Семенюк жайында.
1971 жылы Г. И. Семенюк Калинин (Тверь) қаласына қоныс аударады. Ж. Қасымбаевтың өз ұстазымен бұрынғыдай жиі кездесіп тұруға мүмкіндігі азаяды. Дегенмен Мәскеу қаласына барған жеке ғылыми іссапарының бірінде Г. И. Семенюкпен жүздесу кезінде ол Ж. Қасымбаевтың докторлық диссертация қорғап болған соң оның ғылыми қызығушылығын тудырып жүрген тақырыптарына елеулі түрде өзгерістер енгізуі керектігін: жалпы тарихи үрдістермен байланыстыра отырып, қазақ хандарының өмірі мен қызметін анағұрлым тереңірек зерттеуі қажеттігін ескертеді. «Сіздердің Абылайды да, Кенесарыны да және Әбілқайырды да мұлде басқаша қабылдайтын уақыт әлі келеді», - дейді ұстаз Г. И. Семенюк кешегі студент Ж. Қасымбаевқа.
Ж. Қасымбаев еңбек жолын 1965 жылы Талғар қаласындағы Пушкин атындағы мектепте пән мұғалімі болып бастап, екі жыл мектеп оқушыларына тарих пәнінен сабақ берді. [2, 161-162 бб. ]
1967 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институты жалпы тарих кафедрасы жанындағы тарих факультетінің қазақ бөлімі бойынша тарих үйірмесіне жетекшілік етіп, шәкірттеріне ғылыми бағыт-бағдар берді. 1968 жылдан бастап тарих факультеті бюросының, институт жергілікті комитетінің мүшесі болып сайланды. Тарих ғылымы бойынша аспиранттар мен ізденушілердің ғылыми мақалалары жинағының редакциялық алқа мүшесі болды. Тіпті, факультеттің «Тарихшы» қабырға газетіне де редакторлық жасап, көркемөнерпаздар үйірмесінің жұмысына да белсене қатысты. [5, 68 бет]
1968 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің сырттай түрде аспирантураға түсті. [4, 6 бет]
Жоғарыда айтылғандай, Ж. Қасымбаевтың тек ғылыми ғана емес, сонымен қатар өмірлік жолына да ұстаздық жол сілтеген абзал жанды педагогтардың бірі Г. И. Семенюк болатын.
Тәжірибелі падагог және білікті ғалым Г. И. Семенюктің ғылыми жетекшілігімен 1970 жылы Ж. Қасымбаевтың «Семей қаласының тарихы (1718-1917 жж. ) » атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғауы, біріншіден, көрнекті тарихшы Г. И. Семенюктің ұстаздық орны ерекше болғанын, оның жас тарихшы шәкіртін адамгершілік қасиеттерге баулып, кәсіби тарихшы болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңіргенін дәлелдесе, екіншіден, сол кездегі жас ғалым Ж. Қасымбаевтың қабілеті мен қарымы, дарыны мен мүмкіндігі мол екенін дәлелдеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz