Түйе етін өндіру технологиясы, химиялық құрамы және сараптау нәтижелері


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 04 - 08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кабиев Бекжан Құдайбердіұлы

Түйе етін өндіру технологиясы, химиялық құрамы және сараптау нәтижелері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығы

Шымкент, 2017 ж.

Ф. 7. 04 - 09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

а. ш. ғ. д., профессор

Турумбетов Б. С.

(ғыл. дәрежесі, атағы Т. А. Ә. )

«___»2017 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Түйе етін өндіру технологиясы, химиялық құрамы және сараптау нәтижелері

5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығы

Орындаған : Б. Қ. Кабиев

Ғылыми жетекшісі, а. ш. ғ. д., профессор Б. С. Турумбетов

Шымкент, 2017 ж.

Ф. 7. 04- 10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

жоғары мектебі

кафедрасы

Мамандығы

(мамандықтың аталуы мен шифрі)

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі

«»2016 ж.

дипломдық жұмысты орындауға

ТАПСЫРМА №___

Студент

(Т. А. Ә. ) (тобының)

Жұмыстың тақырыбы

Университет бойынша 24. 11. 2016жылы №7- 230с бұйрығымен бекітілген

Жұмыстың орындалу мерзімі

Жұмысты орындауға қатысты сұрақтар тізбесі

Аннотация

«Түйе етін өндіру технологиясы, химиялық құрамы және сараптау нәтижелері» тақырыбына жазылған дипломдық жұмыс 88 беттен тұрады.

Бұл дипломдық жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу нысаны мен әдістері, зерттеу нәтижелері және оны талдау, тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология бөлімі, экономика бөлімі, бизнес - жоспарлау, қорытынды және ұсыныстар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 28 кесте, 7 қосымша суреттер қарастырылған.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 5

Қысқартулар мен белгілер . . . 6

Анықтамалар . . . 7

Кіріспе . . . 8

1Негізгі бөлім . . . 11

1. 1Түйенің биологиялық ерекшеліктері . . . 11

1. 2 Түйе өсіру . . . 14

1. 3Түйе етінің өнімділігі . . . 16

1. 4 Еттің тағамдық маңызы . . . 21

1. 5Адам тағамындағы еттің алатын орны . . . 22

1. 6 Еттің дәмденуі . . . 24

1. 7 Түйе етінің амин қышқылдық құрамы . . . 29

1. 8 Еттің мал түрлеріне қарай бөлінуі . . . 31

1. 9 Ет және шұжық өнімдерін өндіру технологиясы . . . 32

2 Өзіндік зерттеулер . . . 35

2. 1Материалдар және зерттеу әдістері . . . 35

2. 1. 1 Етті органолептикалық зерттеу . . . 36

2. 1. 2 Жаңа сойылған түйе етін гистологиялық әдіспен тексеру . . . 37

2. 1. 3 Еттің сапасын сезімдік және физико-химиялық көрсеткіштері

бойынша анықтау . . . 39

2. 1. 4 Етті бактериологиялық зерттеу . . . 41

2. 1. 5 Түйе етінің коңдылығын анықтау . . . 42

2. 2 Өзіндік зерттеулерді талдау . . . 44

3 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау . . . 48

4 Қоршаған ортаны қорғау . . . 59

5 Экономика . . . 64

6 Бизнес жоспар . . . 72

Қорытынды . . . 81

Ұсыныстар . . . 81

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 82

Қосымша А Жайылымда жүрген түйелерді суару . . . 84

Қосымша Б Жайылымда жүрген бір өркешті түйелер . . . 84

Қосымша В Түйе еті . . . 85

Қосымша С Түйе етінен жасалған бұқтырма . . . 86

Қосымша Д Түйе етінен жасалған шұжық . . . 86

Қосымша Е Түйе етінен жасалған кәуап . . . 87

Қосымша З Түйе етінен жасалған қуырдақ . . . 87

Түйін . . . 88

Нормативтік сілтемелер

Осы дипломдық жұмыста келесі құжаттарға сілтеме жасалған:

МемСТ 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МемСТ 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МемСТ 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МемСТ 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МемСТ 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МемСТ 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МемСТ 12. 1. 008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық қауіпсіздігі

МемСТ 2888-68 - Ветеринарлық термометр

МемСТ 16445-78 - Комплементті байланыстыру реакциясына қажетті қан сарысуы

МемСТ 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар

МемСТ 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар

МемСТ 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.

МемСТ 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар

МемСТ С 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы, фарфорлы. Техникалық жағдайлар

МемСТ 20730-75 - Қоректік орта (ветеринарлық мақсаттар үшін) . Техникалық жағдайлар

МемСТ 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер

МемСТ 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар

МемСТ 28085-89 - Биологиялық препараттар

МемСТ 26670 - 91- Өсіру әдістері

МемСТ 26668 - 95 - Сынама алу

МемСТ 7636 - 85 - Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау

МемСТ 7631-85- Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері

ГОСТ 7621-85 - Мясо, методы отбора образцов и органолептические методы определения свежести

Қысқартулар мен белгілер

Дипломдық жұмыста төмендегідей қысқартулар мен белгілер келтірілген:

мин. - минут

сағ. - сағат

см - сантиметр

мм - миллиметр

нм - нанометр

км - километр

мкм - микрометр

мкл - микролитр

кг - килограмм

г - грамм

мг - миллиграмм

л - литр

мл - миллилитр

ҚР - Қазақстан Республикасы

АШМ - Ауылшаруашылық Министрлігі

°C - градус Цельсия

% - пайыз

КГАТР - кері гемагглютинацияны тежеу реакциясы

ГПК - Гексахлорпараксилол

Анықтамалар

Дипломдық жұмыста төмендегідей анықтамалар келтірілген:

Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді

Дезинфекция - оның баламасы зарарсыздаңдыру яғни, жұқпайтын ету

Дезинсекция - сыртқы ортадағы зиянды жәңдіктерді жою

Дератизация - кемірушілерді (тышқандарды, атжалмандарды) жою

І категория - бұлшық еті жақсы өсіп жетілген, жоны жұмыр, жауырыны мен саны жақсы толған, арқа шоқтығынан басқа белдеме сүйектері, қабырғасы білінбейді, жалына қол батпайды.

ІІ категория - бұлшық еті орташа жетілген, жоны жұмырланбаған, жауырыны мен саны нашар толған, қабырғасы білініп, арқасы мен белдеме сүйектері шодырайып шығып тұрады, жалы бос болады.

Бірінші санаттағы ет - жоғарғы және орташа семіздікті жылқы еті;

Екінші санаттағы ет - орташа семіздіктен төмен жылқы еті.

І сорттың еті-омыртқа мен артқы сан еті;

ІІ сорттың еті - жауырын мен асық жіліктің еті;

ІІІ сорттың еті - бауыздау омыртқа, алдыңғы және артқы жіліншіктің басы.

Суытылған ет - ұшаларды бөлгеннен кейін сан етінің қалыңдығына 0-ден+4°C дейін суытылған. Ет беті ылғалды емес, кебу қабатымен жабылған, бұлшық еттері тығыз;

Мұздатылған ет - сан етінің қалыңдығына (сүйек жағында) -10°C артық емес температураға дейін мұздатылған.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Нарықты азық - түлік тағамдарымен толықтыру республикадағы экономика дамуының ең негізгі бағыттарының бірі болып табылады және халықты отандық өндірушілер өндіретін жоғары сапалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Қазақстан Республикасында ет өндіру саласы дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығында үлкен орын алады.
Қазіргі таңда ақуыздық тамақтандыру күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Еліміздегі халықты өсіп жатқан сұранысына сәйкес азық - түлік тағамымен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін өндіретін өнім шығымын 2, 0 - 2, 5 % - ке көбейтіп отыру керек.

Алайда, соңғы жылдардағы мал басының күрт қысқаруы тек шикізат көзінің төмендеуіне ғана емес, сондай - ақ елдегі ет өндіретін кәсіпорындарының жалпы күйіне кері әсерін тигізбей қоймады. Нарықтық қатынас жағдайында және бәсекелестік ортада белгілі бір жоспармен жұмыс жасап жатқан қуаттылығы үлкен және кіші болатын кәсіпорындар өз жұмыстарын тоқтатты. Ал қуаттылығы орта және кішігірім болатын кәсіпорындар ғана нарық жағдайына тұрақтырақ болды.

Елдегі өндірістің біршама өсуі мен тұрақтылығына қарамастан, ішкі саудада құс етін, шұжық консервіленген ет пен шұжық өнімдерін шет елден әкелу, яғни, импорттаудың өсіп жатқаны байқалады. Осыған орай, еліміздегі ет өндіретін кәсіпорындары жетілдірілген техникалық жабдықтар мен технология жағынан артта қалу мәселесі туындап отыр.

Экономиканың мұндай күрделі мәселесін шешу, көп жағдайда, республикадағы ауыл - шаруашылықтық және өндірістік кәсіпорындарының ет өнімдерін өндіруіне байланысты, сондай - ақ, елдегі азық - түліктік қауіпсіздікке байланысты туындайтын мәселелердің ерекше орын алатындығын түсінуіне де байланысты.

Қазақстан Республикасының халқын ақуыздық өніммен қамтамасыз етуін жақсарту үшін ет өндіру саласындағы ғалымдар мен мамандар осы салада бар шикізат ресурстарын максималды қолдануына және өнім қасиетін өзгертетін, органалептикасын, сіңімділігін жақсартатын, биологиялық құндылығын жоғарылататын қосымша ақуыз шикізат көзін еңгізуіне байланысты мәселелерді шешіп жатыр.

Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.

Еліміздің алдына қойған ірі мақсаттарының бірі - Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткеніндей, еліміздің ауылшаруашылық саласындағы шығаратын өнімдері халықаралық стандарттарға сай болып әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 50 елдің қатарына қосылу бағдарламасы болып табылады.

Қазіргі таңда жаңару кезеңінде жаңа саясатын іске асыру Республикамызда айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық өзгерістер өріс алуда, олар әсіресе еліміздің Аграрлық салаларында іске қосуда.

Егеменді елімізде ел шаруашылығының маңызды міндеттерінің бірі - ауыл, ел тұрғындарын мал шаруашылығы өнімдерімен экологиялық таза түрінде қамтамасыз ету болып табылады.

Түйе шаруашылығы - мал шаруашылығындағы жетекші және тарихи қалыптасқан дәстүрлі сала. Оның дамуына табиғи ауа райының жағдайы, әсіресе шөл және шөлейт жерлердің молдығы қолайлы жағдай туғызады.

Түйе шаруашылығының өркендеуіне республикадағы жайылымдық жерлердің ерекшелігі де септігін тигізеді. Республиканың 179, 8 млн. га жайылымдық жерінің 80 млн гектары шөл, 36 млн гектары шөлейт жер. Ол жалпы жайылымдық жердің 64, 5%-ын құрайды. Өнімділігі нашар осындай жайылымдық жерлерді толығырақ және тиімді пайдалану үшін қой, жылқы шаруашылығымен қатар түйе шаруашылығын да дамыту кажет.

Республика нарықтық қатынасқа көшу кезеңінде бірталай түйе шаруашылықтарыңда мал басын жекешелендіру жұмысы жүйесіз жүргізіліп, соның салдарынан түйе саны едәуір кеміп кетті. Өткен ғасырдың 30-жылдарында республиканың барлық шаруашылык категориясында 1 миллион 200 мың түйе болса, қазіргі кезде бар болғаны 120 мындай мал қалған, не болмаса 10 есе, ал 1991 жылмен салыстырғанда 22, 8% кеміген.

Республикада өсірілетін түйе түқымының ішіңде ең бағалы түйе түқымы - табиғи сұрыптау және халықтық селекция жолымен шығарылған қазақы түйе.

Бірде-бір малдың түйе сияқты аса бағалы шаруашылықтық пайдалы қасиеттері жоқ. Түйе малы өзінің күш-қуатымен, шөл және шөлейт жердің катаң жағдайына бейімділігімен, баска мал жемейтін өсімдіктердің бірталайымен коректенетінімен, ащы, тұзды суды ішетінімен қатар құнарлы ет, тері, жүн және диеталық сүт беретінімен белгілі. Түйе сонымен катар күш-көлік ретінде де пайдаланылады. Қазіргі уақытта түйе санының өсуіне, онын ары қарай өсіп-жетілуіне баса назар аударып, одан алынатын өнімдердің саны мен сапасын жақсарту қажеттілігі туындап отыр.

Республикамыздың түйе шаруашылықтары кезінде 5-6 мың тонна түйе еті, 5 мың тонна шұбат және 700-800 тонна түйе жүнін өткізіп келді. Ендігі уақытта да осы көрсеткіштен де мол өнім алу жөнінде жұмыстар жүргізілуі қажет. Түйенің еті мен майының құнарлылығы өзге малдың еті мен майынан кем түспейді. Әрбір қоңды түйе 61-65 пайызға дейін таза ет береді. Түйе сүтінен алынатын шұбат әрі тағам, әрі сусын екендігі ежелден мәлім. Оның бұл касиеттерімен қатар кейбір дертке шипа, әсіресе туберкулез, асқазан ауруына қарсы емдік касиеті бар екенін білген жөн. Түйенің еті мен сүтінен басқа, жүнінің де өте сапалы екендігі белгілі, өйткені ол технологиялық қасиеті жағынан әрі жеңіл, әрі жылы, әрі мықты келеді.

Алға қойған мақсатты орындаудың тиімді құралы ретінде өнімнің сапасын сараптау болып табылады. Сараптау арқылы сарапшылар келіп түскен өнімнің сапасының стандарт талаптарына, техникалық шарттарына сәйкестігін, жарамсыз өнімдерді, тұтынушылардың сұранысының өтелу деңгейін анықтайды.

Түйе етінің сапасын тағамдық құндылығымен және көрсеткіш кешендерімен қоса, санитарлы-гигиеналық, технологиялық, сенсорлық көрсеткіштерімен анықтайды.

Ет сапасы ұшаны немесе бөлек еттерді органолептикалық, химиялық және бактериоскопиялық зерттеу арқылы анықтайды.

Өнімге сараптау жүргізгенде, басты мәселе - стандарт және басқа да нормативтік құжаттарда көрсетілген нормаларды негізге алу.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: ЖШС Орталық «Қырғы» базарына келіп түсетін түйе етінің химиялық құрамын және сапасын сараптау.

1Негізгі бөлім

1. 1Түйенің биологиялық ерекшеліктері

Түйенің биологиялық ерекшеліктерінің бірі - оның шөлейт жерлердің қатал қысы мен аптап ыстықтарына шыдамдылығымен қатар, су мен жайылымды пайдалану жағынан басқа малдан әлдеқайда басымырақ болуы. Түйе - жайылым малы, ол түнде жусап, күндіз оттайды. Сораң, жусан, бұршақ-астык тұқымдас шөптерді, бұта бастарын жеп корек етеді. Басқа малға қарағанда түйенің ас қорыту жолдары, кеудесі, сирақтары ерекше жетілген, аңызақ шөлдің сусыз, құбылмалы ауа райына өте төзімді.

Түйенің үстіңгі еріні екі айырылып біткен, соған қарамастан өте икемді, үстіңгі жағында күрек тістері бар. Аузының кілегей қабығы қатты бүрлермен көмкерілген. Қарыны үш бөліктен - үлкен қарыннан, тақия қарыннан және ұлтабардан тұрады. Үлкен карында азық ашиды да, клетчатканың жақсы қорытылуына себепші болады. Үлкен қарынның 10 түбінде екі томпағы бар, оны "су дорбашығы" деп те атайды. Түйелердің кеуде және кұйымшақ сүйектері жылқыға қарағанда шағындау болғандықтан олардың тұрқы қысқалау болып келеді, бірақ сирақтары биік болады. Саны тұлғасымен жанаспай, бөлек орналасқан. Дене құрылысының осындай өзгешеліктері оның жүк көтергіш қабілетін өсірумен қатар, жүрісінің жайлы, әрі адымды болуына ықпалын тигізеді.

Түйелердің басқа малдан өзгешелігі аяқтарын денесінің астына жиыстырып шөгіп жатып демалады. Түйе жатқанда жермен түйісетін дене мүшелері әдейі жеті сүйелді беріштермен қамтылған. Олар төс сүйегінің, тізелерінің, шынтақ және тірсек буындарының үстінде болады. Барлық сүйелді беріштер жатқан түйе салмағының бірқалыпты бөлінуіне, терісін ыстық құмның күйдіруінен және жарақаттаудан сақтайды.

Сирақтары екі айрық, табанына келіп тіреледі. Аяқтарының мұндай бітімі түйенің сусыма құм мен борпылдақ қарда еркін жүруіне мүмкіндік береді, бірақ ол саз, балшықты жерде жақсы жүре алмайды.

Ұзын, әрі қалың кірпіктері қатты желді күндері оның көзіне құм түсірмейді. Қатты құмды борасын кезінде дем алуы қиындаған жағдайда түйе кеңсірігін толығымен жауып алады

Түйенің жыл бойы табиғи жайылымда жайылатынын ескерсек, жемшөп, сондай-ақ қора-жайды көп кажет етпейтінімен қатар, олардың денсаулығы да таза ауада шындала түседі.

Түйенің негізгі ерекшеліктерінің бірі - оның табиғи жайылым жағдайында тез қомдалып, өркештеріне 100-150 кг мөлшерінде май жинау қасиеті. Бұл май қыстың қатты боранында, әрі жаздың құрғақшылық сәттерінде, сонымен бірге су болмаған кездерінде пайдаланатын энергетикалық резерв көзі болып есептелінеді.

Қысқа қарай түйенің жүні шудаланып, кою болып өседі де, оны қыстың қытымыр аязынан жақсы қорғайды. Көктемде жүні түлеп, сыпырылып түседі де, аптап ыстықта терлемейтін болады.

Түйе организмінің су жоғалтуы оған қауіпті емес. Мысалға ылғал бөлінуінің арқасында салмағы 630 кг сақа қос өркешті түйенің өз салмағының 27% (160 кг-нан артық) жоғалтып тірі қалуына мүмкіндігі бар, себебі оның қаны едәуір сұйық фракциясын сақтап қалады. Жоғалтқан салмағын калпына келтіру үшін түйе бір ретте 90- 135 литрге дейін су ішеді.

Түйенің жұмысқа деген қабілеттілігі оның өз бойындағы энергиясын өте тиімді жұмсайтындығына байланысты. Салмағы жарты тоннадан тартатын сақа бактриан түйелері тәулігіне небәрі төрт азық өлшеміндей ғана жұмсайды, бұл жылқының осындай жұмыс атқарған кезде жұмсайтын энергиясынан үш есе кем. Мұндай энергия шығынын қалпына келтіру үшін түйеге небәрі алты сағаттық жайылым жетіп жатыр. Ал жылқыға бұдан екі-үш есе көп уакыт керек. Сондай-ак бір центнер түйе етін өндіру үшін жұмсалатын азык шығыны осынша қой етін өндіруден екі есе аз.

Түйелердің қора ішіндегі өкпек желге, аса ылғалдылыққа шыдамайтынын ескерген жөн. Мысалға, жалғыз өркешті түркімен аруанасы Қазақстан мен Орта Азияның шөл және шөлейт аймақтарының ыстық жерлерінде өздерін жақсы сезінсе, ал қос өркешті қазақы түйе тұқымы мұндай ыстық жерлермен қатар қысы аязды жазық аймақтарда да осы тұкымға тән мол өнімділік көрсете алады. Биологиялык ерекшеліктері екі түрлі түйе тұқымдарының болуы, оларды жақсы бейімделген аймақта өсіру үшін таңдауға толық мүмкіндік береді.

Түйелердің жыныстық жетілуінің баяу жүруі де биологиялық ерекшелік болып табылады. Ұрғашы інгеншелер алғаш келеге үш жасында жіберілсе, еркек буыршындар төрт-бес жастарында жіберіледі.

Олардың шөгерілуі маусымдык шектеулі, яғни қаңтар айы мен мамыр айының аралығында жүргізіледі. Басқа үй малымен салыстырғанда олардың буаздық кезеңі де ұзақ: жалғыз өркешті (дромедар) түйелер орташа 388 күн, ал қос өркешті (бактриан) - 406 күн. Інгендердің сауын маусымы да ұзақ болып, 15 - 18 айға созылады. Осындай ерекшеліктеріне байланысты олар екі жылда бір боталайды, соңдықтан әр 100 інгеннен алынатын бота санын екі жылдық көрсеткішпен анықтайды. Түйе түрлері (жалғыз өркешті және қос өркешті) өзара шағылысқа түсіп төл беретін гибридтік будан туады. Гибридтік будан күш-қуаты және өнімділік көрсеткіші жағынан өз ата-енелер көрсеткішінен әлдеқайда жоғары.

Түйелер 40 - 45 жылға дейін тіршілік ететіндігіне қарамастан, тістері түсіп, өнімділік касиеттерінің төмендейтігіне байланысты негізінен 20 - 22 жасқа дейін ғана ұсталады.

Осы түлік түрінің биологиялық, генетикалық ерекшеліктерін барынша толық пайдаланып, өндірілетін өнім көлемі мен сапасын үнемі арттыра беру түйе шаруашылығымен айналысатын қожалықтар мамаңдарының және мекеме қызметкерлерінің басты міндеті болуы шарт.

Түйенің өз дене құрылысы бойынша өзге малмен, яғни өзге үй жануарларымен салыстырғанда бірталай ерекшеліктері бар.

Малдың дене тұрқы - сыртқы көрінісі, толығымен алғанда сыртқы пішіні мен әр түрлі дене мүшелерінің бөліктері (стати) .

Дене тұрқы малдың сыртқы пішіні мен олардың шаруашылық және тұқымдық бағалылықтар байланыстарының болуына негізделген.

Дене бөліктері (стати) - малдың дене мүшелерінің әр бөлігі, осылардың көрсеткіштері арқылы дене-тұрқының зоотехникалық бағасы толықтырылады.

Мысалға, дене бөліктерінің бірі, түйенің желіні, сұрыптау жүмысының негізгі көрсеткіші болып келеді.

Түйенің дене тұрқына қарап селекциялық жұмыста мәні зор төмендегі мәселелерді анықтауға болады:

  • дене бітімге баға беру;
  • тұқымдық ерекшеліктерді анықтау;
  • өзіндік жеке белгілерді айқындау;
  • малдың жасын, жыныс ерекшеліктерін анықтау;

-малдың әр түрлі сыртқы орта, бағу жағдайларына
бейімділіктерін бағалау;

- малдың денсаулығы мен қоңдылығын анықтау.
Түйенің дене тұрқын бағалау кезінде оның жеке мүшелері мен бөліктеріне қойылатын талап деңгейі өнімділік бағытына байланысты жүргізіледі.

Бас. Барлық өнімділік бағытындағы түйелердің басы тым ірі немесе үйлесімсіз кіші болмауы тиіс. Сүтті бағыттағы жалғыз өркешті түйелердің басы ұзын да арық, етті-жүнді бағыттағы қос өркешті түйелердікі жалпак, та қысқа болады. Бастың пішінін малдың тұқымдық және жыныстық ерекшеліктерін жанама белгісі ретінде қарастыруға болады. Інгендермен салыстырғанда буралардың басы салмақты да ірі болып келеді. Тым жіңішке бас малдың нәзіктігін, әлсіздігін көрсетеді.

Мойын. Барлық өнімділік бағытындағы түйелердің мойындары бұлшық етті, жуан және жақсы қозғалатын болуы қажет. Аруана түйелерінің мойыны ұзын және едәуір қозғалғыш, бұлшық еттері жақсы дамыған. Бактриан түйелерінің мойыны қысқа, ирегірек болады. Қоңдылығы өте жақсы түйелер мойнының жоғары шеті алдыңғы өркештің жиектерімен жалғасады да, шоқтығын табуға мүмкіндік болмайды. Барлық өнімділік бағытындағы түйелер үшін тым ұзын, жіңішке, қысыңқы мойын үлкен кемшілік болып табылады

Көкірек қуысы. Бұл жерде ең маңызды органдар өкпе, жүрек, бас қан тамырлары шоғырланады. Сондықтан ол кең, әрі терең болуы қажет. Етті-жүнді түйелердің кеуделері енді, ал сүтті бағыттағыларынікі - жіңішкелеу, бірақ терең болып келеді. Кеуденің жіңішке әрі таяз болуы барлық бағыттағы түйелер үшін де үлкен кемшілік болып есептеліп, мал денсаулығының нашарлығын білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауру және ауруға күдікті мал
Ірі қара мал етіне қойылатын талаптар Сиыр және бұзау еті
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Алель Агро ЖШС құс фабрикасынан алынған құс шаруашылығы сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық бағалау
Түйенің сүті
Ветеринариялық санитариялық сараптау
Сатылуға түскен қой ұшасы мен ішкі мүшелерінің сапасын ветеринарлық-санитарлық сараптау және сапасын бағалау
Құс етінің химиялық құрамы
Барлық ірі қара мал
Сапалы сүт алу және алғашқы өңдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz