Карта туралы жалпы тусінік
Кіріспе
Жердің шар тәріздес бетін картаға көшіргенде ең алдымен белгілі бір әдіспен жазықтыққа меридиандар мен параллельдердің қиылысынан пайда болатын картография торы көшіріледі. Жердің шар тәріздес бетін жазықтықта (географиялық картада) бейнелеу әәісі картографиялық проекция деп аталады.Кез келген проекцияда бұрмалану болады. Бұрмалану сипатына қарай картографиялық проекцияларды үш топқа бөледі. Тең бұрышты проекцияларда картадағы бұрыштар жер бетіндегі (глобустағы) сәйкес бұрыштарға тең болады. Тең бұрышты проекцияларда жасалған карталар жолдың бағытын анықтауга ыңғайлы, бірақ оның есесіне бұларда қашықтықтар мен аудандар бұрмаланады. Тең бұрышты проекцияларда жасалған карталар, мысалы, кеме жүргізуге, самолеттердің ұшу жолын белгілеуге басқа да мәселелерін шешуге қолданылады. Тең мөлшерлі немесе тең ауданды проекциялар географиялық объектілердің: материктердің, мемлекеттердің, теңіздердің, т. б. аудандарын бұрмалаусыз көрсетеді. Тең мөлшерлі проекцияларда жасалған карталар бойынша террито-
риялардың мөлшерлерін өлшейді. Карталардың көмегімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын, қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіру іс-шараларын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жобалайды. Карта әскери өмірде де қолданылады, әрі ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызға ие. Картографиялау үдерісінің өзінде де карталар жаңа өнім жасаудың негізі мен бастауы болып табылады. Картографияның міндеті ретінде осыған дейін тек картаны құрастыру қарастырылып келсе, ХХ ғасырдың ортасынан бастап, оны пайдалану маңыздылыққа ие болып отыр. Мемлекеттік стандарттар мен энциклопедиялық басылымдарда, оқулықтар мен сөздіктерде Картография - карта жасау мен пайдаланудың өндірісі мен ғылыми саласы,-деген ұғыммен түсіндіріледі. Ғылым мен тәжірибеде картографиялық зерттеу әдістері алуан түрлі. Ол көптеген теориялық ізденістердің ажырамас бөлігі. Тіпті карталар Жер мен қоғам туралы ілімдердің тірек негізіне айналып үлгерді. Картографиялық әдістер физикалық география, геология, геофизика, әлеуметтану, экономика және тарих ғылымдарында кеңінен қолданыс табуда.
1. Карта туралы жалпы тусінік
Географиялық карта туралы түсінік картографияда ең бастыларының бірі және ғылым пәні туралы көрініске жатады. Алдында айтылып кеткендей, Н.Н. Баранский картаның мағынасы мен ролін анықтады, ол аймақтағы географиялық зерттеулермен байланысты ғана емес, сонымен қатар, ғылыми кабинетте қомақты қызметтерді атқаратындығын атап тті, карта жоғары дәрежеде географиялық заңдылықтарды табуға әсерін тигізеді. Оның айтуы бойынша географиялық ойлау бұл аймаққа қатысты, картаға өз пікірлерін көрсете білетін ойлау; кешенді ойлау, бір-бірімен байланысты, бір ғана элемент шегінде немесе салада ғана тұйықталмайды. Мемлекеттің аппараттық басқарумен, діндік идеологиямен пайда болуы абстрактылы картографияға әкелді, ол әлем құрылысы туралы ежелгі философтардың бейнелеуін көрсетті. Ежелде екі карта бар екендігін олар білді. Біреуінде жалпы әлем құрылысы туралы (қазір біз оны карта - концепция деп атаймыз); екіншісінде нақты қоршаған аймақ көрінісі бейнеленген. Әлемді меңгере отырып, адамдар географиялық көрініссіз тұра алмады. Бір сурет мың сөзден тұрады, - деп кезінде ежелгі қытайлықтар айтқан. Ежелгі гректер абстрактылы-геометриялық бейнелеуден кетіп және жазықтықтағы меридиандар мен параллельдер жүйесімен Жер көрінісіне өтті, ол Күн және Жұлдыздар бойынша жер бетінде нүктелер координаталарын анықтауға мүмкіндік берді. Мұндай принцип біздің уақытқа дейін жетті және қазір картографиялық көріністі құру үшін қолданылады. Ғылым, мәдениет, қоғам дамуымен қатар карталарда жетілдіріліп жатыр. Олар цивилизацияның жалпы тарихи ескерткіштері екендігі сөзсіз. Карта термині Жаңа кезеңде пайда болды, ол ежелгі грек хартес - парақ немесе папирус деген сөзден шыққан. Орыс жерінде картаны сызбалар деп атаған, петр уақытынан бастап карта деген сөз енгізілді. Орыс карталары кейбір сол уақыттағы және мемлекеттік ескерткіші болып саналған батыс-европалық карталардан ерекшелігі фантазия мен мистика элементтерінен бос болды. Петрлік қалыптастырулар картографиялық жұмыстарды қайта құру және дамуымен болды. Басты регламентке (1720) Басшылар сызбалары немесе ландкарталар туралы бөлім енгізілген. Жаңа міндеттерді ескі құралдармен шешуге мүмкін болмады. Дұрыс деңгейде картографиялық жұмыстар өндірісі үшін кадрлар дайындау қажет болды, оларды математикалық және навигационды ғылымдар Мәскеу мектептерінде, одан кейін Санкт-Петербург теңіз академиясында дайындай бастады. 1724ж. Петр І бұйрығы бойынша Ресей ғылым академиясы құрылды, ол елдің түсірістерін жасауды орындады. 1721ж. түсірістермен 34 геодезист, ал 1732ж. мемлекеттік түсірістерде және басқа жұмыстарда 111 адам жұмыс атқарды. Түсірістер уездер бойынша орындалды, уездік карталар Сенатқа жіберілді. Кейіннен Ресейде картабаспа ісі негізделді. Түсірістерді басқаратын Сенат хатшысы И.К. Кириллов (1697 - 1737) 360 картадан тұратын үлкен Барлық ресейлік Атлас құруды ойлады, бірақ оның бірінші шығарылымын 1734 жылы баспадан шығарып үлгерді, оның құрамына барлық елдердің бас картасы мен жеке әкімшілік- аймақтық бірліктің 14 арнайы картасы кірді. Бұл карталар Сібір сызба кітабынан біршама нақты болды, бірақ бойлықтарда үлкен қателер бар болды. 1745ж. ғылым академиясының географиялық департаментімен Ресей Атласы шығарылды. Оның дәлсіздігі аз болды. Географиялық департамент 1739 жылы құрылды, оның басқармасында өмірінің соңына дейін М.В. Ломоносов тұрды.
1.1 Карта жасау тарихы
XVIIIғ. барлық негізгі картографиялық жұмыстар осы департаментпен жүргізілді. Петр уақытында және кейіннен барлық экспедициялар құрамына геодезистер енгізілді. Сол уақыттын көптеген экспедицияларының негізгі міндеті карта жасау, картографиялық материалдарды жинау болды. Геодезистер Сібір, Қазақстан, Каспий маңы жерлерін, Орта Азия, Камчатка, Тынық және Солтүстік мұзды мұхиттарды зерттеу үшін көп жұмыстар атқарды. Өте қомақты картографиялық жұмыстар Камчат академиялық экспедицияларымен жасалды. Орыс геодезиясы мен жер құрылысы дамуында маңызды рольді басты жер бөлу атқарды, ол 1765ж. ІІ Екатерина манифестімен хабарланды және XIXғ. аяғына дейін созылды. Оның мақсаты шаруалардың жерді иелену шекараларын бекіту болып табылды. Жерді бөлу село, ауыл және бос жерлер бойынша шекараларды бекіту мен түсіру болып табылады, ол тұтас сипаттамалы және циркуль тәртібінде орындалды. Алдымен уездік қалалар, кейіннен қалалық жерге қатысты учаскелер және одан кейін уезд шекарасына дейінгі жерлер бөлінді. Жер учаскелерінің саяжай деп 20 аталатын сыртқы шекаралары, бұрыштық түсіріс әдісі арқылы сызық ұзындығын өлшеумен жасалған. Үлкен аймақтарға тез таралған жер бөлу жетістіктері ақсүйектерді қолдаумен қамтамасыз етілді. XIX онжылдық ортасында жер бөлу фактылы түрде болмағанда, бөлінген жерлердің ауданы 3 млн км2 құрады. Сібір, елдің батыс және оңтүстік-батыс шекаралары және Архангельск губерниясының көп бөлігі жер бөлуден тыс қалды. Басты жер бөлу, бір жағынан, помещиктердің иелену шекарасын бекітті, екінші жағынан - Ресейді картографиялау және оның шаруашылық жағдайын зерттеу үшін қомақты материалдарын берді. Басты жер бөлудің барлық саяжайларындағы бұрыштық түсірістер нәтижесінде дюймде (1:8400) 100 ағаш масштабында, магниттік меридиан бойынша бағдарланған пландар жасалды, олар кейіннен уезд масштабтар планына түсірілді. Бұл пландар Ресей жүзпарақтық картасы деп аталатын Ресейдің бірінші нақты мемлекеттік картасын құру кезіндегі негізгі материал сапасында алынды. Басты жер бөлудің жер өлшеу штаты әскери офицерлерден, жер өлшеу ісін білетін тұлғалар санынан емтихан нәтижелері бойынша құралды. Мәскеуде жер өлшеу мектебі ашылды, кейіннен ол Жер бөлу институты (1835) болып қайта құрылды. Оның негізінде советтік кезде инженерлік геодезия, аэрофотосъемка және картография Мәскеу институты құрылды
1.2 Картаны құрастыру
Карта - географияның арнайы графикалық тілі және ондағы картографияның феномені ежелгі ғылым қай уақытта болмасын жас көрінеді. Оның жастығын былай түсіндіруге болады, әрбір ғасырдағы адамдар карта мен географо- картографиялық білімге құштар, оларды тұрақты түрде жетілдіріп отырған, яғни техника мен технологияның дамуы оған қол ұшын тигізген. Картографиялық шығармалардың кейбіреуі маңызды және өнер шығармаларының негізгісі болып табылады. Микеланджело, Дюрер есімдері картаны құру мен көркемдеумен байланысты. Көптеген картографтар суретшілер екендігі белгілі. Карта бұл адамдардың бір-бірімен сөйлесу құжаты, ол жазбадан бұрын пайда болған. Картографияның тарихын білу Жер туралы білімді білу аспектісін, яғни табиғатты кеңістіктік негізінде мәдениет пен ғылым ретінде көрсетеді. Картаның тілін білу, графикалық модель түрінде геобейнелермен жұмыс жасай білу картографиялық танымдылық шарттарында жүзеге асырылады. Мұндай білімдердің қолданбалы мағынасы бар, өйткені карта кеңістіктік ұйымдастырылған ақпараттар жинақтағышы және оқу құралы болып табылады. Пәнді зерттеу мен картографиялық мәдениетті меңгеру отандық және шетелдік жалпыгеографиялық, тақырыптық карталарды, кешендік атластарды, сонымен қатар, компьютерлік картографиялық бағдарламалар, зертханалық және өзіндік жұмыстар барысында қосымша ғылыми әдебиеттермен танысуды жан-жақты қолдануды қарастырады.
2.Карта жасау түрлері
Карта жасау - мынадай жұмыстар түрлерін қамтиды. Карта жасау үшін
* негіз дайындау;
* бастапқы картографиялық материалдардан бейнені негізге көшіру;
* бейнені генерализациялау;
* генерализацияланған бейнені бекіту.
Негізді дайындау оған беттің жақтаушасын, координаталық торды және тірек пункттерін салудан тұрады. Бұл элементтерді салу кателігі 0,1 мм- ден аспайтын координатографты пайдаланып жасалады.
Бастапқы материалдан бейнені негізге көшіру, әдетте, фоторепродукциялық аппараттың немесе фототрансформатордың көмегімен фотомеханикалық әдіспен жүргізіледі. Аспап көшіру кезінде атқарылатын түрлендіру сипатымен анықталады. Түрлендіру кезінде көбіне фоторепродукциялық аппарат, ал неғұрлым күрделі түрлендіруде фототрансформаторлар пайдаланылады. Ұсақ масштабтағы карталарды жасағанда жиі кездесетін екінші қатардағы және жоғары түрлендірулерді орындау қажет болғанда саңылаулы фототрансформаторлар қолданылады. Пайдаланылатын материалдардың масштабтағы түпнұсқасының фото және жарық көшірмелері тірек пункттері жоне тор бойынша дайындалған негізге құрастырылады, содан соң бейнені генерализаңиялау жасалады.
Генерализацияланған бейне әр түрлі түсті тушьпен бекітіледі. Осы жұмыстар нәтижесінде алынатын құрастырушылық түпнұсқа графикалық безендіру сапасы бойынша одан карта таралымын шығаруға әлі де жарамайды. Жоғары сапалы басылым үшін кажет түпнұсқа келесі кезеңде, картаны басып шығаруға дайындау кезінде жасалады. Соңғы жылдары картография өндірісінде кұрастыру және басып шығаруға дайындау бір мезгілде қатар атқарылатын оте тиімді әдіс кең қолданылады. Картография - ежелгі және қай уақытта болмасын жас ғылым, оның өзіндік зерттеу пәні бар: ғылым мен практикалық қызметтерде картаны құру, жасау жолымен, картографиялық бейнелер арқылы табиғат құбылыстары мен қоғамның өзара байланысын, кеңістіктікте орналасуын көрсету мен зерттеу. Карталарда аймақтық таралуы бар әртүрлі құбылыстар туралы біздің біліміміз бейнеленеді. Жер туралы біздің жаңа танымдарымыз бірте-бірте құрыла бастады. Картографияның дамуы жалпы адамзат дамуымен бірге жүрді, ал қазіргі кезең ежелгі ғасырлар тарихымен үздіксіз байланысқан. Карталар - адамзат мәдениетінің өнімі, олар қоршаған әлем, ғылым мен техника дамуы туралы көрініс дәрежесін бейнелейді, өз кезеңіндегі тілді сақтайды. Бір кітаптан екіншіге ауысып отыратын картографияның жалпы қабылданған анықтамасы келесідей: Картография - географиялық карта туралы ғылым, оның міндеттеріне жан-жақты географиялық карталарды зерттеу, сонымен қатар оларды құру мен пайдалану процестері және әдістерін өңдеу жатады. Картографияны білудің қандай болмасын күрделі жүйелері сияқты ол бірнеше бөлімдерден тұрады: - картакіріспе, ол барлық карта түрлерін, оларды қолдану әдістерін, олармен жұмыс жасаудың әдістемелік және теориялық негіздерін зерттейді; - математикалық картография, проекциялар теориясымен, картаның математикалық элементтерімен айналысады; - картаны жасау мен редакторлеу, карта түпнұсқаларын құру әдістерін өңдейді, құрамдық түпнұсқаларды дайындау кезеңдерінде ғылыми- техникалық жетекшілік сұрақтарымен айналысады; - картаны безендіру, аяқталған түрде картаны құру кезінде қолданылатын бейнелеу құралдарын, оларды баспаға шығаруға дайындауды зерттейді; - картаны басып шығару, карта мазмұнын беру үшін полиграфиялық әдістерді, карта даналарын қайта құру мен басып шығару процестерін өңдейді. Картография құрылымымен танысу мемлекеттік стандартында картография картографиялық шығармаларды зерттеу, жасау мен қолдануды қамтитын өндіріс, техника, ғылым облысы түсіндірілетіні түсінікті. Мұндай анықтама картографияны карталар туралы, оларды құру мен қолдану әдістері туралы ғылым ретінде дәстүрлі түсінікпен келісіледі. Бірақ ол картографияны тек қана картаны құруға бағытталған орындау- техникалық әрекеттері дәрежесінде анықтайды. Ғылым ретінде картографияның мұндай анықтамасымен толық келісуге болмайды, 29 өйткені ол толық емес, нақтырақ, картография өзі құрған картаны өзін- өзінен зерттейтін болып тұр. Сол себептен, картографияның міндеттері мен мағынасы туралы әртүрлі көріністері бар. Онда осы облыста жаңа пайда болған, ішкі ғылым мен мәселелерді жетілдіру, ғылыми-техникалық прогрестің болуы көрсетіледі. Картография - кеңістіктік бейне-белгілер моделі ретінде картографиялық көріністер арқылы табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеумен көрсету туралы ғылым. Ғылымның мұндай анықтамасын К.А. Салищев берді. Н.К. Мукитанов осыған ұқсас анықтаманы береді: картография - географиялық жүйелердің кеңістіктік өзара байланысын олардың картографиялық модельдеуі арқылы зерттеу мен көрсету ғылымы. Қазіргі картография - бұл карта арқылы табиғат және қоғам құбылыстарын кеңістікте орналастыру, олардың байланыстары мен динамикасын зерттейтін таным ғылымы. Жоғарыда аталғандар бойынша жалпылама анықтамасын берейік: Картография - кеңістіктік таралуы бар, табиғат және қоғам құбылыстары мен объектілерін бейнелі-белгілер модельдер көмегімен көрсету және зерттеу ғылымы. Әрбір ғылымның мазмұны білімнің өзарабайланысты екі жағын қарастырады: таным пәні мен таным әдісі. Картографияның таным пәні басқа ғылымдарға қарағанда өз спецификасымен ерекшеленеді: ол зерттеу объектілерінің нақты кеңістігі (картографиялау объектілері). Сонымен, картография табиғи және қоғамдық, материалды заттар мен құбылыстарды өзара орналастыру нақты тәртібі бар, өз танымынан, осы тәртіпті уақытша өзгерту пәнінен тұрады. Картографияда таным пәні өз графикалық тілімен - карта түрінде нақты әрекеттердің бейнелі-белгілі моделімен мазмұндалады. Сондықтан кейде карта және басқа картографиялық шығармалар картография зерттеуінің пәні болып табылады деген пікірлерді кездестіруге болады. Жоғарыда айтылғандар осы анықтаманы нақтылауға мүмкіндік береді: материалды объект ретінде картаның өзі емес, оның географиялық кеңістігі, анықталған тәртіпте өзара орналасқан табиғат және қоғам құбылыстары картографияның таным пәні болып табылады. Картография карталар көмегімен кеңістік пен уақытты, өз кезеңінің тілін көрсетуге, қоғамның техникалық даму (қағаз сапасы, басып шығару әдістері, шрифтер және басқа белгілер) дәрежесін тоқтатуға, қайта қалпына келтіруге қабілетті. Тарихи түрде картаның екі категориясы бар екендігі қалыптасты. Жалпы географиялық карталарда әлемнің құрылымы туралы қоғам көрінісі 30 бейнеленеді. Топографиялық, инженерлік, арнайы карталар адамдардың күнделікті өмірлері мен қызметтерінде қолданылады. Құбылыстарды тану мен талдау үшін карталарды қолдану зерттеудің картографиялық әдісі деп қабылданды (К.А. Салищев, 1962). Алдымен картографиялық әдісті зерттелетін көріністерді нақты кеңістікте жалпылама таным әдісі ретінде, танымның логикалық қабылдаулардың картографиялық түрлер жүйесі ретінде анықтайық (А.Ф. Асланикашвили, 1974). Картамен жұмыс туралы өте жақсы Н.Н. Баранский атап өткен: Карта аймақта географиялық зерттеулермен байланысты тек қана географияның қомақты қызметтерін ғана емес, сонымен қатар, ғылыми кабинет тиыштығында қызмет атқарады. Карта жоғары дәрежеде географиялық заңдылықтарды табуда қабілетті.
2.1 Дайын карталарды өңдеу
Ежелгі заманда адамдар Жердің нақты формасы мен шамасын білмеген және оны жазық немесе сүйір диск түрінде бейнелеген. Жердің шар түрі дәлдеулермен бірте-бірте жинала бастады. Б.э.д. VIIғ. Жер - шар екендігі белгілі болды. Б.э.д. IVғ. өмір сүрген грек ғалымы Аристотель осы дәлелді жалпылады және толықтырды. Б.э.д. ІІғ. Эратосфен Асуан және Александрия арасындағы меридиан доғасын градуспен өлшеп, Жердің нақты шамасын анықтады. Ол әлемнің бірінші картасын құрды. Бірақ орта ғасырларда ғылым үшін қиын уақыттар туды. Ғалымдарды Жер - шар деген тұжырымы, олар үшін инквизиция оты және қинауымен аяқталды. Тек қана XVIғ. жер шартәріздес деген идея нақты бекітілді. XVIIғ. Ньютон ол полюстерде сүйірленген және эллипсоид дегендігін дәлелдеді, ал XIXғ. жердің нақты фигурасы дұрыс емес форма, ешқандай математикалық формуламен есептелмейтіндігі дәлелденді. Бұл фигураны геоид деп атады (И. Листинг, 1808 - 1882 жж.). Геодезия (грек тілінен аударғанда жер бөлу) - пландарда және карталарда жер бетін бейнелеу, Жер фигурасы мен оның өлшемдері таным пәні болып табылатын ғылым. Қазіргі уақытта геодезистер Жер фигурасы мен өлшемдерін нақты анықтады, мемлекеттік геодезиялық торды құрды, ол өз кезегінде картаның нақты көрінісінің бар екендігін, географиялық кеңістікті модельдеуге мүмкіндік берді. Геодезиялық өлшеулер Жер бетінде, оның қойнауларында, атмосферада және космоста арнайы жоғары дәлдікті 31 (теодолиттер, жарыққашықтықөлшеуіштер, нивелир) аспаптармен жасалады. Геодезиялық өлшеулер нәтижелері ЭЕМ көмегімен өңделеді. Геодезия Жердің деңгейлік бетін, яғни толықтығын зерттейді деп айтуға болады. Бірақ бұл толықтылық физикалық бет учаскелерінің ауданы бойынша кішігірім, онда адам тұратын және жұмыс жасайтын бірнеше бөліктерден тұрады. Оларды зерттеу, арнайы жұмыстар нәтижелерінде пландар мен карталарда бейнелеу, яғни түсірістер деп аталатын түсінік топография (топо - орын, графо - жазу) пәні болып табылады. Кішігірім жергілікті жердің учаскелер ауданы бойынша топографиялық карталарда (пландарда) бейнелеу әдістері мен түрлерін зерттейтін пән топография деп аталады. Топографиялық түсірістер топографиялық картаның, планның тұпнұсқасын құру бойынша жұмыс кешенін көрсетеді. Геодезия және топография байланысы туралы профессор В.В. Витковский былай деді: Жер кеңістігін оның бөліктері бойынша білу, ал оның бөліктерін зерттеу толықтылықты білуді қажет етеді, яғни Жер өлшемдері мен жалпы түрі геодезияда зерттеледі. Осы себептен, барлық үш ғылым - геодезия, топография және картография - бір-бірімен тығыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz