Т.Ахтанов-қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

1. Кіріспе 1) Т. Ахтанов-қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі 2. Негізгі бөлім 1) Күй-өнер құдіреті 2) Естемес-өнер адамы 3) ”Нар идірген” күйінің шығу тарихы 3. Қорытынды 1) Күй өнері-қазақ халқының төл өнері

Тахауи Ахтанов 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия. Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы". 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Дала сыры" повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, "Боран" романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А. Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.

Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы - күй деп біздің атамыз Мұхтар Әуезов жазып кетті. Көзі қарақты, көкірегі ояу жұртшылық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің тікелей жетекшілігімен «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты жаңа антология шыққалы жатқанынан хабардар болса керек. Енді, міне, аталған антологияның тұсаукесері өтіп отыр.
Бұл елең етерлік, қуанарлық жаңалық. Өйткені, қай ұлтқа, қай халыққа болса да сол ұлтпен, халықпен біте қайнасып, бірге жасасып келе жатқан киелі мұралары қымбат. Қазақ халқы үшін сондай құнды, бағалы мұралардың бірі - күй. Күй - қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол - ол өзің бастан кешіріп отырған өмірдің мән-маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Адам боп өмір сүруге, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдырады. Күй тыңдап, күйді түсінген пенде жамандыққа, арамдыққа бара алмайды. Күй құдыреті деген осы.

Күй аңызы - Т. Ахтановтың ең алғашқы әңгімесі. Әңгіменің негізгі тақырыбы - өнер құдіреті. Естемес деген күйшінің ауыр тағдыры. Ол өзінің мұңлы да зарлы күйі арқылы ботасы өлген боз інгеннің тақырдай қатып қалған қайыс жонын жұмсартып, тіршілікке нәр бергендей болды. Бұл әңгіме күйші Естемес пен жас жігіт Оразымбеттің жолдағы әңгімесі мен бастан кешкен оқиғасы туралы. Естемістің жас қызға ғашық болып, оған соңына дейін тырмысып өзіне алғысы келгені, бірақ қыздың ондай ойы болмағанын біліп, көңілі түскені туралы болатын.

Нар идірген аңызының шығу тарихы - бір күні бір нардың ботасы өледі содан кейн түйе сүт шығармайды тұлып қабылдамайды, бірнеше күн өтеді түйе сүт бермейді, бір күні бір күйші келеді ол нарға күй тартып отырады сол кезде нардың сүті жібіп жібереді содан кейн «Нар идірген» аңызы пайда болады.

Қазактың күйшілік дәстүрінде аттары аңызға айналған біртуар ірі дарындардын есімдері өнер тарихында алтын әріптермен жазылып қала бермек. Күй - тарихтың өткені мен бүгінін көз алдына әкелетін ерекше қаcиеттерімен сипатталады. Бұл - өнерді өмір салты еткен елдің ортасында болатын табиғи жағдай. Көшпелілер өмір салтында өнер, тек қана эстетикалық - эмоциялык әсер берумен шектелмейді. Ол сонымен бірге адалдар арасындағы карым - қатынасқа дәнекер болып, салт - дәстүрлерді орнықтырып, қоғамдык өмірді реттеп отыруға тікелей араласады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хамза Ихсанұлы Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы
Т.Ахтановтың өмір жолы және шығармаларының көркемдік қасиеті
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Драмадағы тарихи тұлға.қазіргі қазақ комедиясы (конспект)
Ұлылық ұлағаты (Б. Шалабаевтың Мұхтар Әуезов шығармалары жайындағы зерделі зерттеуі: дәуір талабы және тың тұжырымдар)
Повесть, роман – идеялық- өркемдік ізденістер
Қазіргі қазақ әдебиеті сынының тарихы
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Ғабит Мүсірепов – сыншы
1950-1960 жылдардағы қазақ прозасындағы кейіпкер сомдау дәстүрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz