Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ АҚ
ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІ
Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы
ЖОБА
Тақырыбы: Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі.
5В030100 - Заңтану мамандығы
5В030200 - Халықаралық құқық мамандығы
Орындаған: Асқар Әліп
Шахманова Ляззат
Қаблан Жанерке
Құрмантай Дана
Ғылыми жетекшісі
аға оқытушысы: Бейсембеков А.С
Астана 2017
Аннотация
Бұл жоба Реформация мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси-құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен құқыққа ықпалын назарға ала отырып, осы тақырыпты зерттеуге, салыстыруға бағытталады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Реформация мен Қайта өрлеу дәуірі өзінің көпқырлығымын ерекше, әсіресе бұл кезеңде қалыптасқан философиялық ой-тұжырымдар қазіргі кезде де өз маңызын жоймағаны куә. Бұл ой-тұжырымдар мемлекеттік билікке өз ықпалын тигізген болатын. Сол кездегі жаңа көзқарастар, ғылыми жаңалықтар, атап айтсақ, гелиоцентризмнің құқық пен мемлекетке қандай ғана ықпалын тигізгені бізді қатты қызықтырды. Бұл сұрақтарға жауапты жоба барысында таба аласыз.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: Ең алғашында Қайта өрлеу дәуірі Реформация Венецияда басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан өткізген болатын.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бұл жобадағы біздің мақсатымыз Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ілімдерді қарастыру болып табылады. Берілген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
Реформация мен Қайта өрлеу дәуірінің мемлекет пен құқыққа ықпалын зерттеу;
Философия мен құқық арасындағы байланыстарын ашып көрсету;
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы:
Бұл жобада жазылған негізгі тұжырымдар мен қорытындыларды құқықтану, халықаралық қатынас, саясаттану пәндері және арнайы курстар бойынша пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, бірнеше бөлімдер мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Дәуірдің басты ерекшеліктері мен белгілері және саяси құқықтық ілімнің жаңа сипаты. 5
2. Қайта өрлеу дәуірінің әлемдік өркениеттегі орны. 9
3. Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі бағыттар мен кезеңдер. 10
3.1.Қайта жаңғыру және гуманизм. 11
3.2.Антропоцентризм- қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаттамасы. 14
3.3. Қайта өрлеу дәуірі мәдениетіндегі дін мәселесі. 15
3.3.1.Жан Кальвин 16
3.4. Гелиоцентризмнің негізі. Н.Коперниктің ұлы жаналығы. 17
3.4.1. Гелиоцентризмді дамытудағы Джордано Филиппо Бруноның рөлі. 18
3.4.2. Г. Галилей iлiмi. 19
(Г.Галиледің күн жүйесіндегі схемасы) 21
4.Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23
Кіріспе
Қазіргі дүниені неғұрлым дұрыс танып, білу үшін және болашақ жақсы өмірдің дұрыс жолын таңдай білу үшін адамдар әр уақытта, әр дәуірде өзіне дейінгі өткен идеялар мен қағидаларға сүйенген. Өткен тарихты және адамзаттың ұзақ ғасырлық тәжірибесін пайдалану тарихи қажеттілік болып табылады.Адамзаттың өткен уақыттағы саяси-құқықтық тәжірибесі, идеялары, ойлары, философия тарихының негізгі кезеңдеріне байланысты. Әрбір кезең өзінің құқыққа, мемлекетке, дүниеге, адамдардың өмірдегі орны туралы ерекшеліктерге ие. Қандай да болмасын философия өз заманының шеңберінен шығып кете алады деп ойлау қандай мағынасыз болса, жеке адамды өз дәуірінен асып, Родостан асып секіре алады деп жорамалдау да сондай мағынасыз. Егер оның теориясы шынында оның шекарасынан шығып кете алатын болса, егер ол дүниенің қандай болу керек екендігін түзеп жатса, ол дүние, әрине, бар, бірақ тек соның қиялында, ал бұл соңғы өте жұмсақ материал, онда ойыңа не келсе де, түзей беруге болады. Бұл жобада біз Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ілімдерді қарастырамыз. Олардың мемлекет пен құқыққа ықпалын зерттейміз.Бұдан келе философия мен құқық арасындағы байланыстарын ашып көрсетеміз.
Негізінен философия кешенді мәселелерді зерделей отырып, ақиқатты іздестіреді. Ал құқық философиясы- ғылыми тұрғыда талдаудың қандай әдістері болатындығын, оның тарихилық және логикалық диалектикасын, юридикалық теорияның құрамдас бөліктері, танымдық статусы, талдау жүйесінің теориялық негізі, эмпирикалық мазмұны мен ұғымдық материалы сияқты мәселелерді зерттейді. Біз қарастырып отырған Реформация кезеңі әлеуметтік өмірдің әрбір саласын қамтыған болатын. Ғылыми жаңалықтардан, әдебиетке, мемлекетті басқарудағы құқықтық көзқарастарға дейінгі салалардың әрқайсысы өзгеріске ұшырап, адамзат тарихы дамуының жаңа сатысына көтеруіне ықпалын тигізген.
Ренессанс немесе Қайта өркендеу дәуірі италия тілінен ауарғанда "Rinascimento", яғни "қайта туылу" деген терминді құрайды. Батыс және Орталық Еуропа елдері мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі болды. Ол орта ғасырдың соңында Италияның орталық өңіріндегі қалалар - Флоренция, Милан қалаларынан басталып, еуропаның өзге елдеріне кеңейген. Ренессанс сөзі бұл күндері ауыспалы мағынада "Өркендеу, гүлдену, жаңару, көркею, қайта серпілу" секілді мағыналарды береді. Ренессанс дәуірінде ежелгі антикалық мәдениетке қайту, ежелгі грек-рим мәдениеті мен философиясынан үйрену, сурет пен бейнелеу өнерінде, өнер мен әдебиетте тегіс гуманизмді (адамгершілікті), пантеизмді (табиғат құдайшылдығы), натурфилософияны негіз еткен тың шығармашылық сынақтарын жасау, католик дінінің озбырлықтарына ащы сын айту, дінді реформациялау, протестантизм, гелиоцентризм, утопия, жаңа теңіз жолдарының толассыз ашылуы секілділерде көрініс тапты.Ренессансқа дейін Азия мәдениеті, соның ішінде араб, түркі, парсы мәдениетінен құралған мұсылман мәдениеті, сосын шығыс қиырдағы Қытай мәдениеті Еуропалық мәдениеттен әлдеқайда алғабасар, дамыған мәдениет болғаны белгілі. Ал, бұл ренессанс қозғалысы еуропаны басқа құрлыққа қарағанда ғылым, техника, әскери қуат, экономика, саяси түзім, шығармашылық жақта алға шығарды және кейінгі Еуропаның гүлденіп-күшеюінің басталу нүктесі болды.
Ренессанс деген атпен белгілі болған бұл қозғалыс ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы -- діни бағытта жүзеге асырылды. Ренессанс идеялары бұқара халықтың арасынан гөрі, қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты..
Жалпы алғанда Қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды:
1) Біріншісі (Н.Кузанский, П.Мирандолла, Леонардо да Винчи, т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап, рухани өмірде, мәдениетте гуманизм (адам сүйгіштік) деген бағытты дүниеге әкелді.
2) Екіншісі (Т.Компанелла, Т.Мор), қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрады.
3) Үшіншісі (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей), табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.
Осы үш бағыттың ішінде біз гелиоцентризм мен схоластикалық ілім арасындағы қайшылықты зерттейміз.
1. Дәуірдің басты ерекшеліктері мен белгілері және саяси құқықтық ілімнің жаңа сипаты.
Қайта өрлеу мен Реформация- әлемдік орта ғасырлық тарихтағы ең ірі және маңызды оқиғаларының бірі. Европаның көптеген елдерін қамтыған бұл дәуір өзінің әлеуметтік-тарихи мәні жөнінен ескі орта ғасырлық дүниенің шаңырағын шайқалтқан антифеодалдық, ерте буржуазиялық құбылыс болып танылды. ХІV ғ. аяғында XV ғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді.
Қайта өрлеу мен Реформацияның басты мазмұны- шексіз үстемдікке ие болған, мызғымастай болып көрінген феодалдық тұрмыс-салттан бас тарту және адамдардың тұрмыс-тіршілігіне қажетті жаңа көріністер мен қажеттіліктер орнату еді. Дәуірдің бұл мазмұны Батыс Европаның түрлі елдерінде олардың ұлттық ерекшеліктеріне және оқиғалардың даму сипатына қарай үнемі өзгеріп және дамып отырды.
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріне феодалдық қатынастардан қол үзу, ерте капиталистік қатынастардың пайда болуы, қоғамның буржуазиялық топтарының беделінің артуы, діни ілімдерді қайта қарау (кейбір жағдайларда жоққа шығару) жалпыға тән ортақ белгілер еді.
Бұл дәуірдің идеологтары өздері қажетсінген мемлекет, құқық, саясат, заң туралы түсініктерді антикалық өркениеттің бай қазынасынан дұрыс пайдаланып қана қойған жоқ. Олардың антикалық дәуірдің асыл мұрасына аса зор көңіл бөлуі феодалдық қоғам доктринасы мен католик шіркеуінің заңдастырған саяси-заңдық тәртібі мен үстемдігіне қарсылық білдіруі және оны жоққа шығаруы еді. Осы дәуір қайраткер өздерінің алдарында тұрған міндеттерді шешуде антикалық мемлекеттану мұраларын іздестіруі, теориялық-құқықтық құрылымдарына сүйенуі кездейсоқтық болған емес.
Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең -- қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды: экономика саласында -- бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды; саясат саласында -- тәуелсіздік үшін күрес заманы болды.
Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар.
ъ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
натурафилософия

пантеизм

гуманизм
Табиғат туралы философия.
Бұл тезисті Софист Протагор тұжырымдаған.

Құдай мен әлемді біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастырады. Пантеизм табиғаттың ішкі сырларын бейнесіз әлемдік рух деп танып, табиғаттан тыс бастамалардың барлығын жоққа шығаратын философиялық ілім.

Адамның қадір қасиетін құрметтейді,адамның жан жақты дамуына,адамдарға қамқорлық білдіретін көзқарастарының жиынтығы.

Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей

Н.Кузанский, П.Мирандолла, Леонардо Да Винчи

К.Компанелло, Т.Мор
Еңбектің рөлі қоғамның бір қозғаушы күші ретінде қарастырылды, әсіресе адамдардың іс-әрекеттердің белсенділігі мен ақыл ойдың тәуелсіздігі туралы идеялар басым сипатқа ие болды. Табиғи құқықтың ажырамас бөлігі ретінде еркіндік пен бостандық қарастырылды. Осы кезде буржуазиялық қатынастардың дамуына бұл дүниеде адамның өз тағдырына өзі ие бола алатындығы туралы пікірлер әсер етті. Оны антропоцентризм, яғни негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас деп атайды.
Сонымен қатар гуманизм (латынша Нumanitas -- адам табиғаты) -- адамның еркін ойлауының әр түрлі көріністерімен байланысты дамыды. Оған сәйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық дамуын уағыздайды. Қоғамдық жағдайы мен өзінің шығармашылық күштерін еркін дамытатын жеке бас құқығына тәуелсіз түрде, адамның құндылығын, адамдардын арасындағы тендік, әділеттілік, адамгершілік қатынастарды қуаттайтын көзқарастар мен идеялар жиынтығы. Белгілі ғалым -- гуманист, Леонардо Бруни (1370 -- 1444 ж.) гуманизмді адамның өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне қатысты дүниелерді танып-білумен және адамды рухани жағынан жетілдіріп, оны әсемдікке, ізгілікке баулитын жағдайларды ғылыми түрғыдан зерттеп білу деп түсінді. Оған: поэзия, грамматика, риторика, тарих, философия, музыка және т.б. жатқызды. Сөйтіп, көне мәдениет құндылықтарын игеруде басты рөлді гуманитарлық ғылымдар атқарады деп есептелді.
Схоластикалық философиядан гуманистік идеяға толы философиялық көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский шын аты-жөні Николай Кребс (1401-1464 ж.) болды. Негізгі еңбектері: Мүмкіндіктің болмысы туралы, Жер шарының айналуы туралы, Құдайдың көріпкелдігі туралы т.б. Кузанский пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар, математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір- біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Кез келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлелдеуге, не болмаса теріске шығаруға болады. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының, іс-әрекетінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, адам дегеніміз оның ақыл-ойы - деп тұжырымдады. Ақыл-ойды табиғаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет.Схоластикалық философиядан гуманистік идеяға толы философиялық көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский шын аты-жөні Николай Кребс (1401-1464 ж.) болды. Негізгі еңбектері: Мүмкіндіктің болмысы туралы, Жер шарының айналуы туралы, Құдайдың көріпкелдігі туралы т.б.
Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманизм, сөзсіз, прогрессивтік құбылыс болып табылады, бірақ ол салыстырмалы түрде тар шеңбердегі оқыған адамдардың идеологиясы болды және әлеуметтік шектеулі сипатта еді.
XVI-XVII ғасырлардағы жаратылыстану ғылымындағы табыстар да феодалдық шіркеулік дүниетаным мен схоластикаға қарсы күресте туып келе жатқан жаңа топ өкілдерінің мүддесін қорғады. Осындай өзгерістер нәтижесінде саяси-құқықтық ойды зерттеудің жаңа әдістері жасалынып, әрі қарай дамытудың негізін қалаған пантеизм ілімі пайда болды. Пантеизм грек тілінен аударғанда "бәрі құдай" - құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген. Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.
Натурфилософия (табиғат туралы философия). Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған ілім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады.
Осы іліммен қатар гелиоцентризм ілімі геоцентризмді жоққа шығарып, басты назарды өзіңе аударған болатын. Бұл жерде "Гелиоцентризм деген не?" деген сұрақ туындайды.Гелиоцентризм - (грек. helios - күн) - күн- айналып жүретін планеталар мен жердің орталық нүктесі деген концепция. Көне Грецияда мұндай болжамды Аристарх Самосский айтқан. Бірақ ғылыми келісім Коперниктің ілімінен кейін қалыптасты. Коперниктің жүйесінде күн орталық рольді атқарды. Күннің айналасында планеталар айналады, олардың артында әлемге көрінетін жұлдыздар жатыр. Планеталар шеңбер бойымен емес, эллипс бойымен айналатыны дәлелденген. Ал планеталар мен күнді байланыстыратын, олардың қозғалысын сипаттайтын күш тартылыс күші болып табылады. Келесі жетістіктер Күн- ғаламның емес, күн жүйесінің орталық нүктесі болып табылады деген шешімге әкелді.
Бұл ілімдер мемлекеттік басқаруды толықтай иеленген шіркеудің озбырлығына қарсы бағытталғаны анық, ал шіркеу өз кезегінде оларды құдалауды бастайды.
Бұл кездеге саяи-әлеуметтік жағдайды қарастыратын болсақ, қала байлары мен көпестері және шіркеудің ақшалай табыстарын бөлісуге ұмтылған феодалдардың бір тобы ақыл-ой еңбеккерлерінің қызметіне мұқтаж болды, өйткені олар өздерінің шығармаларымен байлардың өмірлерін жандандыруы тиіс еді. Саяси қызмет пен басқару ісінде де билік адамдары шебер дипломаттарға, ақылды кеңесшілерге, іс-жүргізушілерге, олардың ісін ақтайтын және қорғайтын заңгерлерге деген қажеттілік айқын көрінген болатын.
Ал енді бұл ілімдерді нақтылай қарастырамыз.
2. Қайта өрлеу дәуірінің әлемдік өркениеттегі орны.
Қайта жаңғыру мәдениеті деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет -- ХІV ғ. аяғында XV ғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұлкезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады. Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең -- қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды: экономика саласында -- бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды; саясат саласында -- тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан жас буржуазия мүдделері басымдылық танытып бюргерлік мәдениеттің барған сайын ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы. Толассыз соғыстар, отаршылдардың айуандық әрекеттері және соның нәтижесінде тереңдей түскен таптық қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлі аурулар эпиде-миясы, талай дарынды еркін ой иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни соғыстар -- осылардың бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты болды.
XVI-XVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік ерекшелік пайда болды.
XV ғасырда басталған бұл дәуір мәдениетінің қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан - жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бұзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңалықтар ашты.
3. Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі бағыттар мен кезеңдер.
Ренессанс мәдениетінің жоғарыда көрсетілген бағыттары оның дәуірлеріне тікелей байланысты болып келеді, өйткені бұл өзгерістер заман ағымына, дәуір тынысына тікелей тәуелді болғаны ақиқат. Қайта жаңғыру мәдениеті бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген белгілер енді ғана біліне бастаған кезең проторенессанс (қайта жаңғыру қарсаңы) деп аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры (XIII ғ. дученто, XIV ғ. -- треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына шығарды. Солардың бірі -- Қайта жаңғыру мәдениетінің бастауында болған ұлы Данте Алигьери (1265 -- 1321 ж.). Ұлы дарынның қыл қаламынан шыққан атақты комедияларының кереметтігі соншалық, оның талантына бас иген ұрпақтары бұл туындыны Құдіретті комедия деп атады. Данте, Франческо Петрарка (1304 -- 1374 ж.) жэне Джованни Бокаччо (1313 -- 1375 ж.) Қайта өрлеу (жаңғыру) дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян тілінің негізін қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүниежүзілік әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды. Мысалы, Петрарканың Мадонна Лаураның өмірі мен өліміне арналған сонеттері өзінің тірі кезінде-ақ әлемге әйгілі болды. Оның жолын қуушылардың бірі Декамеронның авторы атақты Боккаччоның гуманистік идеяларға толы реалистік новеллалары -- дүниежүзілік әдебиет саласындағы соны құбылыс болып саналады.
Қайта жаңғыру кезеңінің мәдени дәстүрлері, оның өзіне ғана тән ерекшеліктері айқындала бастаған кезең -- XV ғасыр, яғни Бастапқы Қайта жаңғыру дәуірі (кватроченто). Ал Италия мәдениеті идеялары мен принциптерінің гүлденген кезеңі және оның құлдырау қарсаңын -- Кемелденген жаңғыру кезеңі (Чинквеченто) деп атаймыз. Бұл дәуір XVI ғасырды қамтиды.
3.1.Қайта жаңғыру және гуманизм.
Қайта жаңғыру термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және өнер тарихының асқан білгірі Джордане Базари (1512 -- 1574) өзінің Жизнеописание наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих (XVI ғ.) деген еңбегінде алғаш рет қолданған. Демек, бұл терминнің мағынасы -- коне заман мәдениетін жаңғырту болып табылады. Ал одан кейін, дәлірек айтқанда, XVIII ғ. бастап Италиялық жаңғыру дөуірі адамның қайта жаңғыруы және гуманизм дәуірі деп сипатталады. XIV -- XV ғ. Италия мәдениетін былай сипаттаудың тамыры да осы дәуірде жатқандығын атап өткен дұрыс сияқты, өйткені тұңғыш рет адам табиғаты, адамгершілік деген ұғымдарды еңгізген осы дәуірдің алыптары Леонардо Бруни мен Колюччо Салюта-ти болатын. Тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, гуманизм латынның адамгершілік деген сөзінен шыққан (гомо -- адам деген үғымды білдіреді). Бүл терминді жаңа адамдар -- (гуманистер) енгізген. Олардың ойынша, гуманизм бүкіл адамзат баласы тудырған мол мәдени мұраларды құныға оқып, зерттеп-білуге ұмтылу болып табылады. Олай болса, Қайта жаңғыру заманының басты жаңалығы -- ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп, өткен замандардағы көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту болып табылады. Белгілі ғалым -- гуманист, Леонардо Бруни (1370 -- 1444 ж.) гуманизмді адамның өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне қатысты дүниелерді танып-білумен және адамды рухани жағынан жетілдіріп, оны әсемдікке, ізгілікке баулитын жағдайларды ғылыми түрғыдан зерттеп білу деп түсінді. Оған: поэзия, грамматика, риторика, тарих, философия, музыка және т.б. жатқызды. Сөйтіп, көне мәдениет құндылықтарын игеруде басты рөлді гуманитарлық ғылымдар атқарады деп есептелді.
Қайта өрлеу кезеңі философияның гуманистік сарында болуына католиктік шіркеудің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылған адамдардың еркіндік, бостандық туралы идеялары ықпал жасады. Жалпы алғанда қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды. Біріншісі (Н.Кузанский, Пикоделла, Мирандолла, Леонардо да Винчи т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап рухани өмірде, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелсе, екіншісі - (Н.Макиавелли, Томас Мор, Томазо Кампанелла) адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық-социалистік идеяға бой ұрса, үшіншісі - (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей) табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.
Схоластикалық философиядан гуманистік идеяға толы философиялық көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский шын аты-жөні Николай Кребс (1401-1464 ж.) болды. Негізгі еңбектері: Мүмкіндіктің болмысы туралы, Жер шарының айналуы туралы, Құдайдың көріпкелдігі туралы т.б. Кузанский пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар, математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір- біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Кез келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлелдеуге, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz