Модуль 3. Тауартану


Модуль 3. Тауартану
Блок 3. 1. Өндіріс саласындағы өнім және тауар деңгейі
3. 1. 1 Тауар туралы түсінік.
Тауар қасиеттерін анықтау мен бағалау қажеттілігі - бір тауарды басқа тауарға айырбастаудан туындайды. Мұндай айырбас тең бөлу үшін айырбасталатын тауарлардың пайдалы жақтары мен оларға кеткен шығындары салыстырылған. Оған қоса, ұзақ мерзімді сақталатын және аса құнды тауарлардың бірқатары ( алтын, күміс және т. с. с. ) металл және қағаз ақшаның пайда болғанға дейін айырбасталатын тауаралардың эквиваленттік функциясын атқарды.
Алайда ақшаның шыққанға қарамастан тауарлардың қасиеттеріне қызығушылық төмендеген. Бұл сатыда тауартану - тауар туралы білімнің саласы ретінде тәжірибелік бағытта және эмпирикалық сипатта болды. Фактілік мағлұматтардың жинақталуы тәжірибелік баяндау мен бақылау негізінде жүрді. Ғылымның алғашқы сатысында салалар бойынша жіктелуі болмағандықтан, тауартану бөлек ғылым ретінде қарастырылған жоқ. . Сол себепті тауарлар туралы ақпарат ауылшаруашылығына арналған еңбектерінде көрініс тапты
Коммерциялық іс-әрекеттің объектісі ретінде тауарлардың 4 негізін қалаушы сипаттамасы бар: ассортименттік, сапалық, сандық және құндық. Алғашқы үш сипаттама адамның нақты қажеттіліктерін(физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық және т. с. с. ) қанағаттандырады. Осы сипаттамалардың арқасында өнім тұтынушылардың белгілі бір сегменттері үшін пайдалығына ие болды және тауарға айналды. Адамдардың қажеттіліктері көптеген факторлардың әсерінен әрдайым өзгеріп отырады. Ол факторлар: табиғи, әлеуметтік - экономикалық, ғылыми - техникалық, т. с. с. Өзгерген, сондай-ақ есепке алынған не алынбаған әлеуетті қажеттіліктер өз кезегінде жаңа қызметтер мен тауарлар жасауды ынталандырады. Жаңа тауаарлар модификацияланған тұтыну құнына ие. Түрлендірілген тауарлардың тұтыну құны шикізат пен материалдарды өнеркәсіптік өңдеу саласында ҒТП-ның жетістіктерін пайдаланунәтижесінде олардың табиғи қасиеттері өзгеріп, жаңа қасиеттер мен сипаттамаларды қалыптасуынан, сонымен бірге маркілеу салдарынан қалыптасады. Алайда түрлендірілген тұтыну құнын жаңа тауарлар ғана емес, сонымен бірге жаңа табиғи қасиеттері анықталған бұрынғы тауарлар да иемденеді. Мәселен, экологиялық таза тамақ өнімдері - бұл көптеген жағдайда қауіпіздік деңгейі жоғары өнімдер. Тауарлардың тұтыну құны тауарды тұтыну кезінде орын алады. Тауардың 3 негізгі сипаттамалары елеулі мәнге ие. Олар қажеттіліктің қанағаттанарлық деңгейін сипаттайды. Мәселен, әртүрлі сипаттағы тамақ өнімдері адам ағзасын энергия, биологиялық құнды қажетті затттармен бірдей қанағаттандыра алмайды.
Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейін анықтау тауардың тұтыну құнын бағалауына тең. Оны нарықтық жағдаятын есепке ала отырып, нарық сегменттерінде маркетингтік зерттеулер жүргізу арқылы анықталады. Сондықтан тауардың тұтыну құны пайдалылық мөлшері және негізгі сипаттамалары арқылы көрініс табады.
Сипаттамалар бұл құбылысты немесе затты ерекшелендіретін қасиеттер жиынтығы. Тауардың ассортименттік сипаттамасы бұл тауардың функционалдық не әлеуметтік мәнін анықтайтын қасиеттер жиынтығы.
Тауардың сапалық сипаттамасы бұл әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті бар ішкіаралық тұтыну қасиеттер жиынтығы. Бұл сипаттама түрі тауардың ассортименттік сипатымен тығыз байланысты. Өйткені, жалпы тұтынушылық қасиет -арнаушылық тән. Сапалық сипаттамасы ассортименттіктен тұтыну қасиетерінің толықтығымен ерекшелінеді. Олардың ішінен қауіпсіздік және экологиялық қасиеттер елеулі орын алады. Тауардың сапалық пен сандық сипаттамалары әрдайым қатар жүреді.
Тауардың сандық сипаттамасы - физикалық мөлшерлер мен бірліктері арқылы анықталатын белгілі бір қасиеттер жиынтығы. Тұтынушылық талғамдар үшін сипаттаманың бұл түрі ассортименттік пен сапалыққа қарағанда аса елеулі емес. Алайда тұтынушылық талғамдарды қалыптастыру кезінде бұл сипаттамаларды есепке алмауды болмайды. Өйткені рыноктық молықтырылғандығы жағдайында тұтынушы тауар топтамасының не тауардың бірлік данасының белгілі бір сандық сипаттамаларына келіспеген жағдайда ол тауарды сатып алудан бас тартады.
Тауардың барлық тауартану сипаттамалары құндық пен тікелей байланысты. Бірақ бұл байланыстар бірыңғай емес. Мәселен, сандық пен құндық сипаттамалары арасында пропорционалды тәуелділік аса айқын. Себебі, баға құн өлшемі ретінде көп жағдайда тауардың өлшем бірлігіне орнатылады. Ал сапалық пен құндық арасында тікелей тәуелділік әрдайым бола бермейді. Өйткені бағаны орнатуға көптеген факторлар әсер етеді. Бәсекелестік жағдайында сапа бағаны белгілеу критерийларының бірі болып табылады. Фирманың баға белгілеу стратегиясына байланысты баға қалыптасуына мыналар әсер етеді: өнімнің өзіндік құны, шығындар, жасаушы және сатушы фирманың имиджі, сұраным мен ұсыным жағдайы, бөлу каналдары, жарнама, тауар сапасы мен орамасы. Ассортименттік пен құндық сипаттамалары арасындағы тәуелділік қалғандармен салыстырғанда ең төмен. Тауардың бірдей атаулары арзан немесе қымбат болуы мүмкін.
3. 1. 2 Өнімдер және тауарларды топтау.
Жіктеу дегеніміз нысандарды жіктеу топтарына олардың бір-бірімен ұқсастығына және айырмашылығына қарай орнатылған ережелерге сай белгілі қасиеттердің негізінде бөлінуін айтады. Әртүрлі нысандарды, құбылыстарды және қасиеттерді жіктеу, отандық және әлемдік тәжірибеде мәліметтерді жинау, өңдеу және ұсыну үшін кең
қолданылады. Сонымен, жіктеу - бұл нысандарды жүйелеудің негізі болып табылады, яғни ол бірыңғайландыру және стандарттау жұмыстарының бірінші, ең негізгі сатысы болып саналады. Нысандарды жіктеу - ең алдымен мәліметтерді өңдеу кезінде қажет, яғни көптеген нысандардың ішінен нақты өзіне керек нысанды алу үшін. Мысалы, барлық өнім атаулары ондаған миллионнан асады: ұшақ және бидай, сораптар мен маталар, аяқ киімі, шамдар және т. с. с.
Жіктеу - тауартанудың әдісі ретінде Жіктеу бұл алынған әдістерге сәйкес ұқсастығы не әртүрлігіне байланысты объектілерді бөлу, ажырату. Объект дегеніміз жіктелінетін элемент. Тауартануда осы элемент ретінде тауар болып табылады. Барлық тауарлардың ішінен пайдалану сипатына қарай тұтынушылыұ тауарлар, өнеркәсіптік тауарлар және басқару қызметі үшін тауарлар (оргтехника) болыр бөлінеді.
Жіктемелік белгілерді деп жіктелетін объектінің қасиеттері мен сипаттамаларды айтады. Белгілер сапалық және сандық сипаттамаларға ие болу мүмкін. Бұны жіктеу белгілерінің мәні деп атайды. Белгілер шикізаттық және технологиялық сипатына қарай сапалық тұрғыдан, ал компоненттік және құрылымдық сипатына қарай сандық және сапалық тұрғыдан қарастырылады. Тауарды жіктеу нәтижесінде жіктелінетін топтар құрылады. Олар ортақ немесе әртүрлі белгілерге ие, сондай-ақ өзара тәуелді немесе тәуелсіз болу мүмкін. Жіктеу әдісінің келесідей түрлері бар:
- иерархиялық;
- фасеттік.
Жіктеудің иерархиялық әдісі бұл объектілерге бағынышты жіктемелі топтарға тізбектеп бөлу, ажырату. Ортақ және әртүрлі негізгі белгілері арқылы көрініс табатын бөлек жіктелетін топтар арасындағы тығыз байланыс иерархиялық әдістің ерекшелігі болып табылады. Жіктеу деңгейі дегеніміз иерархиялық әдісі арқылы жіктеу сатысы. Әрбір деңгей мен топ өзінің негізгі белгілері бойынша ажыратылады. Топтар арасындағы айырмашылық әр түрлі белгілерге байланысты. Белгілер мен деңгейлер саны жіктеу тереңдігін анықтайды. Жіктеу тереңдігі теориялық тұрғыдан шексіз. Сондықтан тәжірибеде жіктеу тереңдігі әдетте 10 - нан аспайды. Жіктеудің фасеттік әдісі дегеніміз көптеген объектілерді өзара тәуелсіз жіктелетін топтарға бөлу. Фасеттік әдістің ерекшелігі әртүрлі белгілер өзара байланыссыз. Сондықтан әр түрлі жіктелетін топтар фасеттік әдісі кезінде өзара тәуелсіз және бір - біріне бағынбайды. Оған байланысты, фасеттік әдіс икемділікпен, белгілер немесе топтар санын шектей алу мүмкіндігімен ерекшелінеді.
Жіктеу әдістерінің әрбір түрі белгілі бір артықшылықтар мен кемшіліктермен сипатталады. Сондықтан жіктеудің бір әдісінің артықшылығы екіншісінің кемшілігі болып табылады, яғни әрқайсысы бір-бірін толықтырады. Сол себепті бірқатар жағдайларда оларды бірдей қолданады.
Өнімдер туралы мәліметтерді көптеген автоматтандырылған жүйеде өңдейді. Өнімдер туралы мәліметтерді мүмкіндігінше жіктеп, әрбір тұтынушы тек өзіне қажеттісін алуға жеңіл және оңай болу керек. Ең көп тараған нысандарға: тұрғындар туралы, өндіріс туралы, тұрғындарға көрсетілетін қызмет туралы және қызмет түрлері туралы ақпараттар, мәліметтер жатады.
Мысалы, «Жаз-бахыт» ЖШС-нің өнімдер және тауарларды топтау бойынша төмендегідей болып табылады:
Сурет № «Жаз-бахыт» ЖШС-нің тауар тобы
3. 1. 3 Өнімдер және тауарлардың топтауышы.
Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеуді және кодтаудың бірыңғай жүйесін Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет пен Қазақстан Республикасы статистика органы жүзеге асырады.
Жүйенің құрылуы реттеуші негізгі принциптер, ережелер мен талаптар "Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеудің және кодтаудың бірыңғай жүйесі. Негізгі ережелерінде" жазылған. Жіктегіштерді әзірлеуде оларды халықаралық жіктегіштермен үйлестіруді ескеру қажет.
Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпарат жіктегіштері бекіту деңгейіне және қолданылу саласына байланысты келесі категорияларға бөлінеді:
а) мемлекеттік - МК
б) салалық (мекемелік) - СК
в) бірлестіктің, кәсіпорынның, ұйымның жіктегіштері
(бұдан былай - кәсіпорынның жіктегіштері жіктегіштер) .
Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттың мемлекеттік жіктегіштерін стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті бекітеді және тіркейді.
Мемлекеттік жіктегіштер сәйкестендірілген құжаттама жүйесіне кіретін мемлекеттік маңыздағы салааралық (мекемеаралық) нысандағы құжаттарда болатын ақпараттарды бойына кіргізеді және кәсіпорындарды басқару жүйелерінің арасындағы ақпарат алмасуда міндетті болып саналады.
Салалар (мекемелер) жіктегіштері Қазақстан Республикасының министерстволары мен мекемелерінде бекітіледі және тіркеледі.
Стандарттаудың әр түрлерінің сипаттамалары.
Стандарттаудың түрлері.
- Стандарттаудың объектілерінің ерекшелігіне және белгіленетін талаптардың мазмұнына байланысты стандарттаудың келесі түрін әзірлейді:
- негіз қалаушы стандарттар;
- өнімдер және қызметтер стандарттары;
- бақылау әдістеріне (сынаулар, өлшеу, талдау) стандарттары;
- процесс стандарттары.
Сертификаттау тәжірибесі стандарттардың араласқан түрлерін әзірлеудің қажеттілігін туындатты - өнім және бақылау әдісі стандарттары, оның ішінде, өнімнің (қызметке) қауіпсіздік талаптары және қауіпсіздікті бақылау әдісі стандарттары. (мысалы, ГОСТ 25779-90 "Ойыншықтар. Қауіпсіздіктің және бақылау әдістерінің жалпы талаптары") .
Процестерге(жұмыстарға) стандарттар өнімді әзірлеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, пайдалану, жөндеу кәдеге жарату процестерінде әр түрлі жұмыстарды орындау әдістерінде (рәсімдер, қабылдау, тәртіптер, номалар) негізгі талаптарды белгілейді. Мысалы, ГОСТ 26907-86 "Қант. Ұзақ сақтау шарттары", ГОСТ 7595-79 "Ет. Сиыр етін сату үшін жаймалау".
Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ) .
Мемлекетаралық стандарттардың объектілеріне мыналар жатады:
- жалпы техникалық нормалар мен талаптар, оның ішінде бірыңғай техникалық тіл;
- типтік өлшемі, типтік өлшемі қатары және жалпы машиналық қолданылудағы (подшипниктер және бекіту бұйымдары және т. б. ) бұйымның конструкцияларының типтері, және ақпараттық технологияның техникалық құралдары, заттар мен материалдардың қасиеттері туралы анықтамалық деректер, өнімнің жіктелуі және кодталуы;
- ірі өнеркәсіптік және шаруашылық кешендер (көлік, энергетика, байланыс) ;
- халықты тұщы сумен қамтамасыз ету, өмір сүру ортасын бақылаудың жүйесін құру, табиғаттың және техногендік апаттың болу мүмкіндігін ескере отырып, халықтың және халықшаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- кейбір мемлекеттер шығарылатын өзара жеткізілетін өнімдер.
Мемлекетаралық стандарттарды, мемлекетаралық стандарттау жөніндегі ТМД елдерінің комитеттер әзірлейді.
Мемлекетаралық стандартты Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық Кеңес қабылдайды. Ал құрылыс саласында - ТМД елдерінің құрылыстағы Стандарттау, техникалық нормативтер және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссия қабылдайды.
Мемлекетаралық стандарттарды қабылдаған соң, Минск қаласында орналасқан стандарттар жөніндегі Бюрода тіркеледі. Әзірлеудің, қабылдаудың, өзгеріс енгізудің және ГОСТ-ы жоюдың тәртібі тарап 3, 32 тарауда кең қаралған.
Қазақстан Республикасы аумағында мемлекетаралық стандарттар Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің бұйрығымен енгізіледі. Бұйрықта әр сертификат үшін Қазақстан ауқымында Мемлекеттік стандарт ретінде күшіне кіретін күні белгіленеді және сонымен бірге оған қайшы келетін (не оны қайталайтын) халықаралық немесе мемлекеттік стандарт күшін жояды.
Стандарттар жөніндегі бюро стандарттары кірмеген күшінен бастап 2 жыл ішінде мемлекетаралық стандарттардың күшіне кіру күшін белгілейді. Оны белгілеген кезде мемлекет-әзірлеушінің ұлттық органының тиісті ұсыныстары ескеріледі.
Жалпы мемлекеттік жіктегішсіз мекемеаралық ақпараттың ағынының келісімдік мәселесін шешу мүмкін емес.
Жіктеудің және кодтаудың объектілері болып статистикалық ақпарат, макроэкономикалық, қаржының және құқық қорғау қызметтерін, банк ісі, бухгалтерлік есеп, стандарттау, сертификаттау өнім өндірісі, қызмет көрсету, кеден ісі, сауда және сыртқы экономикалық қызметтер.
Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеуді және кодтаудың бірыңғай жүйесін Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет пен Қазақстан Республикасы статистика органы жүзеге асырады.
Жүйенің құрылуы реттеуші негізгі принциптер, ережелер мен талаптар "Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеудің және кодтаудың бірыңғай жүйесі. Негізгі ережелерінде" жазылған. Жіктегіштерді әзірлеуде оларды халықаралық жіктегіштермен үйлестіруді ескеру қажет.
Блок 3. 2. Өнімдер және тауарлардың кодталуы
3. 2. 1 Өнімдер және тауарлардың кодталуы
Кодтау жөнінде түсінік, белгіленуі мен қолданылуы
1 Кодтау дегеніміз белгілі ережелер бойынша нысанға немесе нысандардың тобына кодтарды құру және оларды орнатуды айтады, бұл кодтар осы нысандардың атауларын бірнеше белгілермен алмастыруға мүмкіндік береді. Кодтардың көмегімен өте қысқа тәсілмен нысандардың сәйкестендіруі жүргізіледі, яғни белгілердің өте аз санымен.
Кодтық белгіленуі:
1 кодтың алфавитімен;
2 кодтың құрылымымен;
3 белгілердің санымен - кодтың ұзындығымен;
4 кодтау әдісімен сипатталады.
Кодтың алфавиті белгілі тәртіпте құрастырылған белгілердің жүйесін құрайды, оған сандар, әріптер және тағы басқа белгіленулер кіру мүмкін. Осыған байланысты кодтар сандық, әріптік және әріптік сандық болады.
Штрихты кодтау
Штрих код (ШК) - тауар туралы ақпаратты есепке алу және автоматтандырылған сәйкестендіру үшін арналған сандар мен штрихтар түрінде кодталған белгі. Штрих кодты енгізу қажеттілігі өндіріс және сауда саласына ЕЭМ-нің кең енуі мен информациялық технологияның дамуымен байланысты туындады.
Штрих кодтар екі түрге бөлінеді: европалық - ЕАN және америкалық -UРС. UРС кодының ЕАN кодынан сыртқы айырмашылығы UРС кодында алдыңғы және соңғы цифрлары қалғандарына қарағанда кішірек, сонымен катар соңғысы шетте "зебрадан" тыс орналасқан.
Сурет Штрих кодтардың құрылымы.
Алғашқы екі цифр өндірушіні, оның тауарын тіркеген және оларға реттік нөмірін бекіткен ұйым орналасқан мемлекет кодын білдіреді. Штрих кодтағы мемлекет коды тауарды шығаратын мемлекет кодымен сәйкес келмеуі мүмкін, себебі өндіруші немесе сатушы отандық мәліметтер банкісінде емес, шет елде де тіркелуіне құқығы бар.
Әрбір мемлекетте ЕАN ассоциациясы орталықтандырып код диапазонын
береді. Кодтар әдетте екі орынды (Франция - 30-37, АҚШ пен Канада -00-09, Жапония - 5-49), бірақ кейде өндіруші кодының бір белгіге қысқаруына байланысты үш орынды (ТМД - 460-469) болады.
Өндірушіге кодты (келесі 3-5 цифр) ЮНИКСАН ассоциациясы тағайындайды, ол ЕАN Халықаралық ассоциациясында өз мүшелерін қолдайды.
ЕАN-8 және ЕАN-13 кодтарының келесі цифрлары тауар туралы мәлімет береді, оны өндіруші ұйым немесе сатушының өзі өзінің кәсіпорны шегінде тіркеу нөмірі ретінде белгілейді.
Осы цифрлар көмегімен сәйкестендіру үшін қажет тауар туралы мәліметтер кодталады: аталуы, сорты, салмағы және т. б. мәліметтер. Тауарға енгізілетін және сәйкестендіруге әсер ететін кез-келген өзгерістер штрих кодты қайта кодтауды талап етеді. Тек бағаның өзгеруі штрих кодтың өзгеруіне ықпал етпейді.
ЕАN-14 кодындағы 9-дан 13-ке дейінгі цифрлар тауар қаптамасы жайлы мәлімет береді.
Соңғы код (8, 13 немесе 14) - бақылау саны, штрих кодты сканер көмегімен ЕАN алгоритмінде оқуға арналған.
ЕАN-8 кішігірім өлшемді қаптама және (немесе) тауарды маркілеу үшін қолданады; ЕАN-13 кез-келген қаптама және (немесе) тауарға белгіленеді. ЕАN- 14 тек тасымалдаушы қаптамаға ғана қолданылады.
«Жаз-бахыт» ЖШС тауарларды көп мөлшерде сатып алу және сатумен айналсқандықтан олар штрих кодтарды жасамайды, оларда ондай туралы мәліметболмайды.
3. 2. 3 Технологиялық штрихтік кодталу тәртібі.
Штрих кодтау коммерциялық тауарлық ақпаратқа жатады және ең алдымен тауарға төлеу және есептеуді компьютерлендіру үшін арналған, себебі кодты ашу тұтынушыға белгісіз.
Тауардың түпнұсқалығын штрих кодтың бақылау цифрларын есептеуден кейін
анықтауға болады. Есептеу төмендегідей жүргізіледі:
Штрих кодтың жұп орындарында тұрған цифрларды қосу:
1) (729494616) : 2+0+0+4+4+1=11
2) Шыққан санды 3-ке көбейту: 11x3=33
3) Штрих кодта тақ орындарында тұрған цифрларды бақылау цифрынан баска
қосып шығу: 7+9+0+0+9+6=31
4) 2 және 3 пункте есептелген сандарды қосу: 33+31=64
5) Шыққан саннан ондықтарды алып тастау: 4-ке тең болды.
6) 10-нан 5 пункте шыққан санды алып тастау: 10-4=6.
Егер есептеуден кейін шыққан сан (6 пунктегі) штрих кодтағы бақылау цифрымен сәйкес келмесе, тауар заңсыз шығарылғанын көрсетеді және оның сапасы кепілді емес.
Соңғы кездері штрих код тек қана өнім және тауаралмасуында кең түрде пайдалануда ғана емес, басқа да өндірістік өнімдерде, технологияда, әртүрлі заттарда, орамдарда және іс-қағаздарында да қолданылады. 1932 жылы штрихты сәйкестендірудің негізі болған сызықтық код ойлап шығарылды. Осы кезде Гарвардтық бизнес мектебінде бұл тақырыпқа диссертациялық жұмыс қорғалған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен штрихты кодтарға ең алғаш патент берілді. Бірақ оны тәжірибе жүзінде тек қана есептеу машиналар пайда болғанда ғана қолданды. Тағам өндірісінде штрихты кодты бірінші рет Ұлыбританияда сызықтық кодтарды
«Point of Sale» енгізген кезде пайдаланды. Бұл жаңалық саудада, кітапбаспаханаларында, буматүю салаларында кең таралды. 1960 жылы штрихты код АҚШ-та сәйкестендіруді жүргізген кезде теміржол көліктерінде енгізілді, бұл теміржол вагондарын оңай бір-бірінен ажырату үшін қажет болды.
1970 жылдың басында АҚШ-та әмбебап тауарлық код UPC (Universal Product Code) шығарылды, бұл кодты өнеркәсіпте және саудада қолдануға болды. Ең алғашқы түрі оның 12 разрядты код болды, яғни кодтық сөзі 12 сандық белгілерден тұрды, бұл белгілердің 11 ақпараттық және 1 белгісі - бақылаушы болды. Қазіргі кезде UPC коды АҚШ-та шыққан стандартты код деп саналады.
1977 жылы Еуропада Еуропалық кодтау жүйесі EAN бекітілді, ол кодтаудың Еуропалық стандарты деп саналды.
UPC коды алғашқы кезінде азық-түлік дүкендерінде сатылатын тауарларды таңбалауға арналған. Біраз соңыра барлық дүкендерде сатылатын барлық өнімдерге таралды. Уақыт өткен сайын кодтың жаңа түрлері пайда болды, олар 12 разрядты кодтың негізгі түріне қосалқы түрі ретінде жүрді.
Мысалы, А нұсқасы - кітаптар мен мерзімімен шығарылатын басылымдарды таңбалауға арналды, D нұсқасы - азық-түлік емес тауарларды таңбалауға арналңан болатын, Е нұсқасы қысқа болып келеді және мұнда тек қана 6 разряды бар. UPC және EAN кодтарының ұқсастығы мынада: олардың екеуінде де кодтау үшін бірдей белгілер қолданылады және штрихтар мен пробелдардың белгілі жиынтығы сақталады. Бұл белгілер 0 ден 9 дейін сандар түрінде және 5 қосымша символдары болады. Белгінің бейнелеуі 2 штрих пен 2 пробелдан тұрады. Санды көрсететін белгінің ұзындығы 7 модулдерге тең болады. Қосымша белгілерінің 3 типтіөлшемдері бар: 3, 5 және 6 модуль.
Блок 3. 3 Түрлі деңгейде бақылауға жататын тауарлар
3. 3. 1 Сертификаттаудың жалпы талаптары
“Сертификация” термині күнделікті өмірде жатқызуға пайда, болады, сонымен қатар сертификация процедура ретінде баяағыдан қолданылып келеді және “сертификат” термині ХІХ ғасырдан бері белгілі.
Осылайша Ф. А Бронгауз бен И. А Ефроның энсклопедиялық сөздігінде, 1890-1897 жылдары шығарылған, сертификаттың бірнеше анықтамасы беріледі, олардың бірі “сертификат, фр, куәлік”. Өнім шығарушылар өз өнімдерінің сапасын күні бұрын кепілдеді деген мәліметі бар, сонымен қатар жазбаша, яғни оларды “сәйкестік жөніндегі арызбен” жабдықтады.
Метрологияда сертификация 100 жылдан астам уақыттан бері арнайы тексеру бойынша қызымет ретінде және өлшем құралдарының келмейтіні ретінде белгілі.
Классификациялық ұйым мысалына Алгистр Ллойд жатады-ең беделді халықаралық ұйым, әлемнің 127 елінде өкілдері бар және екі ғасыр ішінде сертификацияның ұйымның әлемдік көшбашысы болып қалады.
Қазіргі таңда жоғарғы дамыған елдерде тұтынушыларды қорғау ұмтылысында экспертизаның міндетті нормасы ретінде өнімсді адам денсаулығы мен өмірі үшін және қоршаған орта қауіпсіздігіне экспертизация жүргізе бастады. Бұл дисконалды ойлап табылған, бүкіл әлемді мойындалған процедура нәтижесінде даяарлаушы мен тұтынушылардан тәуелсіз сынақ жүргізу орталығы сертификаттармен өнімнің халықаралық қауіпсіздік талаптарына сай екендігін дәлелдеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz