Кәсіпорын капиталының бүгінгі және болашақ құны



Жоспар

Кіріспе.

1.Кәсіпорын капиталының бүгінгі және болашақ құны
2. Дисканттау және компанттау
3. Дисканттау коэффициенті
4. Жай және күрделі пайыздар

Қорытынды
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Тарих ғылымының дамуы, оның жетістіктері мен кемшіліктері кейде осы ғылым саласындағы ғалымдар есімімен тікелей байланысты десек те болады. Мәселен орыстың ірі шығыстанушы ғалымы В.П. Бартольд, қазақ ғалымы Е.Б. Бекмаханов сияқты зерттеушілер есімімен тұтас бір тарихи кезең оқиғаларын байланыстыруға болады. Соның ішінде отандық шығыстану ғылымының көшбасшысы, белгілі зерттеуші В.П. Юдинді атауға болады. Бүгінде В.П. Юдин есімі ортағасырлық қазақстан тарихының, әсіресе XIV-XVIII ғасырлар кезеңімен тығыз байланысты. Осы кезең бойынша қандай бір болмасын тарихи мәселені қарастырғанда В.П.Юдин есімін айналып өте алмаймыз.
Қазақстан тарихының түрлі аспектілерін, оның нақты тарихи даму жолдарын жан-жақты, терең ғылыми тұрғыда зерттеу және белгілі бір тарихи кезеңде Қазақстан аймағында өткен этно-саяси процестердің сипаттамасын беру тарих ғылымы үшін өзекті проблема болып табылады. Қазақстан тарихының аз зерттелген аспектілерін қарастыру халықтың тарихи зердесін қайтадан қалпына келтіруге септігін тигізеді. Қазақстан территориясындағы ұзаққа созылған этникалық процестер ХІҮ-ХҮ ғасырларда қазақ халқының қалыптасуы аяқталып, осы этнос негізінде алғашқы ұлттық мемлекет – Қазақ хандығының құрылуына әкелді. Қазақ халқының этно-саяси даму жолдарын анықтай алмай тұрып бұл процестердің күрделілігін ұғыну мүмкін емес. Осы аймақтағы тарихи процестердің кейінгі барысына негіз болған ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы кезеңін ғылыми және обьективті түрде зерттеу міндеті туады. Осы тұрғыдан алғанда Отан тарихының осындай өзекті мәселелерін зертеген ғалымдардың еңбектерін талдап, оқып-үйрену өте маңызды болып табылады.
1928 жылы сонау Волгаград қаласында туылып, өскен, мектеп бітірісімен әскери теңіз училищесіне түсүді армандаған В.П. Юдин шығыстанушы мамандығы бойынша Н. Нариманов атындағы Мәскеу шығыстану институтының ұйғыртану бөлімін бітіріп шығады. 1955 жылдың күзінен Алматы қаласына көшіп келіп, қызметке кіріскен жас зерттеуші қазақ халқының тарихы мәселелерімен, әсіресе парсы, түркі тілдеріндегі жазба деректеді анықтау, ғылыми айналымға қосу ісімен қызу айналысып кетеді, зерттеуші Отан тарихының деректік негіздерін кеңеюту, теориясының деректану, ортағасырлық қазақстан тарихының мәселелері, тарихи этнонимдердің этимологиясын анықтау бағыттарында орасан зор жұмыс атқарды.
В.П.Юдиннің ғылыми шығармашылық қызметінде 1969 жылы жарық көрген XV-XVIII ғасырлардағы қазақ хандықтарының тарихы бойынша материалдар («парсы, түркі шығармаларынан үзінділер» атты жинақтың маңызы зор). Жоба жетекшісі С.К.Ибрагимовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты бұл жұмысты аяқтау В.П. Юдинге жүктелді. Жоба авторының еңбегіне лайықты бағасын бере отырып, дегенмен ҚХТМ-ғы В.П.Юдин еңбегінің маңызы зор екендігін атап өтуімізге болады.
Дегенмен бұл еңбекті жариялау барысында сол кезеңдегі ғылымға көпе-көрмеу араласу, оны бұрмалау сияқты келеңсіз фактілер де орын алмай қоймады. ҚХТМ алғы сөзі ретінде жазылған В.П.Юдиннің «XIV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихы бойынша парсы, түркі деректері» атты көлемді мақаласы жинаққа енбей қалды. Себебі автор ғылымнан алыс адамның автор болуына келіспеді.міне осы кезеңнен бастап ғалым қудалана бастады.
1983 жылы В.П. Юдин қайтыс болған кезеңде КазКСР Ғылым Академиясы хабаршысының қоғамдық ғалымдар сериясының (N 4) соңында некролог жариялайды. Бұл некрологты оқысаңыз артында қаншама мол ғылыми мұра қалдырған зерттеушінің

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе.
1.Кәсіпорын капиталының бүгінгі және болашақ құны
2. Дисканттау және компанттау
3. Дисканттау коэффициенті
4. Жай және күрделі пайыздар
Қорытынды

Кіріспе

Шаруашылық-қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын -
белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып,
пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі козғалыста болады: түседі,
қордаланады, жұмсалады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке
саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және
әлеуметтік қызметіндсгі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар
пайдаланылды. Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық
жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгсртіліп, қасы
біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда
экономикалық ынталандыру қорлары материалдық көтермелеу қоры, өндірісті
дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры (халық
тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс қалдықтарынан жасалынған басқа
бұйымдарды ынталандыру (үшін) жұмыс істсді. 1992 жылға дсйін ұлғаймалы
ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін
амортизациялық қор құрылды. Министрліктер мен всдометволарда жалпы салалық
сипаттағы шығындарды қаржыландыру ведмостоваға қарасты кәсіпорындар мен
ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтапдырылған қорлар құрылды:
ғылым мен тениканы дамытудыц бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру
қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағалы реттеу қоры
және басқалары.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл ақпаратты
өндіріс, шаруашылық-қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін
толық немесс ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы
қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық көрсетсді.
Сондықтан кейбір қорлар бір мсзгілдс орындалуға белгіленген (жоспарланған),
сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері
де болып табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы мәліметтер ретіндс қызмет
етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның тұтыну қорын жұмсау ауқымы;
кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққандағы бұл мөлшер оның материалдық және
әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілері мен
маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар,
қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу
қорлары. Құрылтайшылардың немесе кәсіпорындар ұжымдарының қарап шешуі
бойынша басқа да мақсатты қаражат қорлары құрылуы мүмкін, мысалы,
медициналык, сақтандыру қоры, басқа шаруашылық органдарымеи болатын үлестік
қоры және басқалары.
Жарғылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген
кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және
алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік
капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың
көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға қажетті жағдайлар жасалады.
Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгсріп отырады:
негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс
есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтарды
бағалауға дсйінгі және капиталдың, басқа молықтырылуы нәтижесінде көбейеді;
негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды
шығару, тауар-материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.
Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни салықтар
мен басқа да төлемдерді төлегеннсн кейін кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді
қорларды - тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
Тутыну қоры мыналарды кіріктіреді:
➢ бүкіл қызметкердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне
ақы төлеу шығындары;
➢ ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша
сыйақылар;
➢ еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша
және натуралдық нысандардағы қаражаттар;
➢ материалдық көмек;
➢ еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын
қаражаттар.

1.Кәсіпорын капиталының бүгінгі және болашақ құны
Қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін табыстар
(дивидендтер, пайыздар);
Оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу үшін берілетін
сыйақылардан бөлек басқа да жеке сипаттағы төлемдер.
Қорлану қоры:
➢ кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс;
➢ негізгі қапиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық
аударымдар;
➢ шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
➢ банктердің несиелері;
➢ басқа да көздер есебінен қалыптасады.
Қорлану қоры ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын
қаржылаңдыруға:
негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға;
ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді итеруге;
табиғат қорғау шараларын жүзсге асыруға;
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объсктілерін салуға үлестік
қатысуға;
әлеуметтік инфрақұрылым объсктілерін салуға қатысуға пайдаланылады.
Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына
көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке-жеке қорлар
көздерін құрып, пайдалана алады: жалақы, еңбекке ақы толеу, ондірісті
дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Ұдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде қаржы
резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел коры, сақтық қоры) маңызы зор.
Нарыққа көшу жағдайында олардың маңыздылығы артпаса, кемімейді. Қаржы
резервтерін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері меншікті қаржы
ресурстары есебінен басқару құрылымдары (нормативтік аударымдар негізінде),
мамандандырылған сақтық ұйымдары (сақтандыру әдісі арқылы) және мемлекет
(әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің қаржы қорлары) жасай алады. Оның мақсаты
- шаруашылық қаржы жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығындарды
жауып, кәсіпорындардың қаржы жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Қор
кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын оның
қарамағында қалатын табыс есебінен құралады (осы мақсаттар үшін олардың
жеткіліктілігі жағдайында).
Кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорлары валюта қаражаттарының
есебінен мына көздерден қалыптасады:
экспорттық валюталық түсім-ақшадан;
жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік
заңи тұлғалардың валюталық несиелерінен;
ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы
валюта сатып алу;
бейрезиденттер көрсететін қаржы көмегі (гранттар).
Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді экспортқа шығарудан түскен валюталық
түсім-ақша заңмен белгіленген салықтар төленгеннен кейін кәсіпорындар мен
ұйымдардың валюта қорларына бағытталады. Бұл қорларға активтерге (бағалы
қағаздарға) инвестицялардан, депозиттер, салымдар нысанындағы және т.б.
нысандардағы, етер бұл дивидендтер мен табыстар меншікті немесе қарыз
қаражаттарының жұмсалымдарынан алынған болса, қаражаттарды орналастырудан
алынған шетелдік валютадағы дивидендтер мен табыстар есептеледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдарға ортақ міндеттерді шешу үшін ерікті негізде
өздерінің валюта қаржысын кәсіпорындар мен ұйымдар ешкімнің рұқсатынсыз,
бірақ қолданылып жүрген валюта заңнамасының шеңберінде өздерінің қарап
шешуі бойынша пайдалана алады. Валюта қорлары ең алдымен еңбек ұжымдарының
өндірістік, әлеуметтік-мәдени дамуына жұмсалады; валютаның, бір бөлігі
еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатын шетел тауарларын, дәрі-
дәрмектерді және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Валюта
қорларының қаржысы ізгілік және қайырымдылық көмек көрсетуге де пайдалануы
мүмкін. Кәсіпорындар мен ұйымдар валюта қоры қаражаттарының бір бөлігін
қосалқы жеткізушілерге - кәсіпорындар мен ұйымдарға бере алады; бұл
түсімдердің көлемі шарттың негізінде экспорттық өнім өндірісіне
қатысушылардың үлесі ескеріле отырып, шешілді.
Жөндеу қоры кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық түрлерін:
күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар өнімнің,
жұмыстар мен қызметтер көрсетудің өзіндік құны есебінен қаржыландырылады.
Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға қарай жөндеу қорына
аударылатын аударымдардың нормативтерін кәсіпорындар өздігіне белгілей
алады, бұл шығындардың көлемі негізгі капиталдардың жай-күйімен және
тозығының дәрежесімен анықталады. Ішінара жөндеуге жұмсалатын шығындар
болашақ кезеңдерге жатқызылатын шығыстардың есебінен жабылуы мүмкін.
2.Қаржы жүйесінің бастапқы буыны ретінде шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы базистік категория, яғни тап осындай нысанада жұмыс
істейтін айырықшалықты белгілері мен ерекшеліктері бар объективті
экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бірақ ақша қорлары
қозғалысының объектісі бар, субъектілердің нақтылы мүдделері жөнінде
көрінетін кез келген қатынастар сияқты, олар реттеуді, тиісті қаржы
ағынының бағыттарын, олардың қозғалысын ретке келтіруді қажет етеді. Бұл
қондырмалықтарға жататын, нақтылы орындаушылардың санасымен, машығымен және
іскерлігімен жасалатын субъективті басқарушы іс-әрекеттері арқылы жүзеге
асырылады. Экономикалық заңдармен анықталатын базистік аса маңызды
құбылыстардың талабына бағдарлануы тиіс, бұл талаптарды үнемі ескеріп
отыруы тиіс, яғни базистің шарттарына бағынышты болуы тиіс болғандықтан
қондырмалықтарға жатады. Бұл басқарылатын іс-әрекеттерге қаржы менеджменті
ұғымы - тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның ақша ағынының,
кәсіпорынның бүкіл қаражаттарының қозғалысы механизмін басқару жүйесі
жатады.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайындағы басқару қаржы менеджменті
деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы
және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны
болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан
қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды
етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып
пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды
ұйымдастыру.
Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады:
жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және
қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері,
материалдық емес игіліктер.
Қаржы менеджменті уәждемелерге - адамдардың немесе ұжымдардың
қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру
жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек
өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.
Жалпы қаржы менеджменті қаржыны басқарудың ілтеріде баяндалған
қағидаттарына негізделген. Ол басқарудық тиісті элементтерін - ақпаратты,
жоспарлауды (болжауды), ұйымдастыруды, реттеуді, бақылауды кіріктіреді.
Қаржы менеджментін жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып
табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауар мен қызметтердің
рыногымен қатар еңбек, капиталдар, өндіріс құрал-жабдықтары рыногының жұмыс
істсуі, кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік реттсуді заңнамалық реттемелеу
кезіндегі кәсіпкерлік қызметті коммерцияльіқ есеп негіздерінде жүргізуге
мүмкіндік береді. Сөйтіп, кәсіпорындардың қаржы менеджментінің шеңбері
нарықтық факторлармен анықталады, бұл оны жеке буындарында басқарушы
субъектілердің басқарылу объсктілріне ықпал жасауының экономикалық
элементтері басым болуы мүмкін қаржыны басқарудың жалпы шарттарынан
ажыратады. Кәсіпорындардың қаржы менеджментінің жүйесі аса жылжымалы,
өйткені бұл буындағы нысандардың, әдістердің арсеналы жалпымемлекеттік
қаржылардағыға қарағанда тым әр түрлі. Мысалы, кәсіпорындардың қаржы
менеджменті әр түрлі нысандардағы есеп айырысу (төлем тапсырмасы, төлем
талабы (талапшоты), әр түрлі акредитивтер, есеп айырысу чектері және т.б.),
барлық нысандардағы несиелендіру, бағалы қағаздармен және валютамен
жасалатын операциялар бойынша көп таралған операциялардан басқа хеджерлеу,
кепілдік-ипотекалық және сенімтерлік (трасттық) операциялар, қаржы және
операция лизингі, франчайзинг, бағалы қағаздар бойынша трансферттер сияқты
нысандар мен әдістерді қамтиды; валютамен, бағалы қағаздармен жасалатын
операциялар бойынша, қауіптердің барлық түрлерін сақтандыру бойынша қаржы
құралдарының жинақталымы айтарлықтай кеңейеді.
Қаржы менеджментін мына кезеңдердің дәйекті ауысымы ретінде елестетуге
болады:
1) ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және мақсатын
анықтау;
2) ақша ағындарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін, тәсілдерін
таңдау;
3) қабылданған шешім бойынша инвестициялау жөніндегі шешімді бизнес-жоспар
немесе басқа рәсімдеу түріндегі іс-әрекеттердің бағдарламасын жасау;
4) жобаның орындалуын ұйымдастыру;
5) атқарылу барысына бақылау жасау және қажетті түзетулер жасау;
6) қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау және
бағалау.
Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктерімен, яғни жобаланған
нұсқамен салыстырғанда табысты кем алу немесе зиянның пайда болуы
ықтималдығымен кездесіп отырады. Тәуекелдікті талдау оның көздері мен
себептерін анықтаудан, ысыраптың белгілі бір деңгейінің ықтималдығын
өлшеуді, яғни тәуекелдіктің қолайлы дәрежесін белгілеуден басталады.
Тәуекелдік статистикалық, сараптық және құрамдастырылған әдістермен
анықталады. Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктің барлық
түрін - өндірістік, коммерциялық, қаржы тәуекелдіктерінің үйлесуін қажет
етеді.
Алайда бизнеске экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік, саяси және табиғи
сипаттағы секілді көптеген құбылыстар да әсер етеді: әрлеу мен дағдарыстар,
банк пайызының, бағалардың ауытқулары, тұтынушылар ұнатуларының,
бәсекелестер іс-қимылының өзтеруі, үкіметтің көлденең (болжанбаған)
шешімдер қабылдауы, ереуілдер, табиғи катаклизмдер, апаттар және т.б.
Қолайсыз уақиғалар болған кезде келеңсіз зардаптарды азайтуға ақшаны,
өндірістік қуатты, шикізатты, дайын өнімді резервте сақтау есебінен қол
жетеді; коммерциялык, қызметті қайта бағдарлау жөніндегі алдын ала жасалған
шаралар болуы мүмкін. Жиынтық тәуекелді басқару кезіндегі кәсіпорынға
төнетін тәуекелдердің түрлі тарпаттарында бірігетін кәсіпорын қоржынын
ортараптандырудың ерекше маңызы бар.
Хеджерлеудің көмегімен қаржы тәуекелдігін (қатерін) барынша азайтудың
техникасы қолданылады. Бұл кезде негізгі келісіммен қатар үшінші тараппен
қосымша мәміле жасалынады. Оның шарты мынадай: негізгі мәміледегі қаржы
ысыраптарына соқтыратын мәнжай болған кезде қатысушы залал шеккен
ысыраптарды түгел немесе ішінара бейтараптандыра отырып, қарама-қарсы
мәміледе ұтады. Хеджерлеу техникасында опциондар, фъючеретер, пайыздық
айырбастар (своптар) сияқты және т.б. пайдаланылады.
Тәуекелдікті азайту мен төмендетудің дәстүрлі әдісі мүліктік сақтандыру
болып табылады, бұл кезде сақтандырылушыға (сақтанушыға) сақтандыру
шартымен шарттасылған сақтандыру оқиғасы болған кезде төленетін сақтық
төлемі қамтамасыз етіледі.
Қаржы менеджментінде маңызды объект ақша ағыны - құн (Д-Т-Д) нысандарын
жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық процестерін
ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның
қозғалысы болады. Ақша ағынының (ақша түсімі мен жылыстауы) құрамына қаржы
көмегімен де қалыптасатын (қаржы ресурстары), сондай-ақ басқа әдістермен де
тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады қаражаттардың түсімінде
анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден (сату
көлемі) түскен түсім-ақша, онан кейін несие ресурстары, әр түрлі тартылған
ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауы дүркін-дүркін төленетін
төлеулермен де (тауар-материал құндылықтарын сатып алу, қызметкерлерге
жалақы мен сыйақылар төлеу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БИЗНЕСТІ БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорын бизнесін бағалаудың алғашқы қадамы
Дисконттау коэффициентінің формуласы бойынша есептер
Бағалау әдістемелері
Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсартудың теориялық мәселелері
Корпорациялардың қаржы механизмі
Инвестициялық жобаларды талдау формалары
Капитал құрылымының компромиссті концепциясы
КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ (ҚОРЛАРЫНЫҢ) АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫМДЫЛЫҒЫ
Табысты құраушы факторлары
Пәндер