Атмосфералық ауаның қазіргі жағдайы
Жоспар
1. Атмосфералық ауаның қазіргі жағдайы.
2. Атмосфералық ауаның сапасын және оған зиянды физикалық әсер етуді нормалау.
3. Атмосфералық ауаны қорғау туралы ҚР заңы.
Атмосфералық ауа - бұл ғаламшардың (планета)өмірі, жердің азоттан, көмір қышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты.
Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы өте зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2 - 3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады, ми қабаты жұмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді.
Атмосфера қабаттары
Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан - тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.
Ауаны ластағыш заттар
Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері - ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды. Атмосфералық ауаның ластануы қазіргі замандағы ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Халық санының өсуі мен адамның өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық әрекеттерінің қарқынды жүруі ауаның қауіпті масштабта ластана бастауына және күтілмеген салдары дамуына әкеп соқты.
Табиғи (шаңды құйындар, вулкандардың атқылауы, өрттер, борандар, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарының ыдырауы және т.б.) көздеріне қарағанда, жасанды ластаушы көздерінің айырықша қауіптілігі тек ластану көлемінің үдемелі өсуіне ғана емес, сонымен бірге, ластануының сипатына да байланысты. Қазіргі уақытта, адамға әсер ететін химиялық ластаушылардың жалпы саны 500000 дейін жетіп қалды. Бірақ, табиғи текті заттарға ұқсас ластаушылардан басқа, жасанды көздерден атмосфераға бұрын табиғатта болмаған, синтетикалық жолмен алынған, жаңа қосылыстар да түсіп жатады. Қазір бұндай қосылыстардың 65 мыңға жуығы бар, оның ішінде, 2000 асатын қосылыстар канцерогенді және мутагенді әсер береді. Атмосфералық ластаушылардың мемлекеттердің шекарасынан кедергісіз өтуі, олардың жаһандық таралуына жағдай жасайды және тіпті өндірістері жоқ аумақтардың да ауасының сапасын нашарлатады. Ауаға түскен химиялық заттар басқа заттармен әсерлеспей қалмайды, олар әр түрлі реакцияларға түсіп, адам денсаулығына да, қоршаған ортаға да зиян келітретін әсеріне өз үлесін қосатын өнімдер түзеді.
Атмосфераны негізгі ластаушы көздеріне өндіріс орындары, автокөлік, жылуэнергетика өндірісі, ауыл шаруашылығы жатады. Атмосфералық ауаны ластайтын заттардың 90% газ және бу түрінде болады, ал 10% жуығы қатты және сұйық агрегатты күйде болады. Ауаның ең кең таралған және қауіпті ластаушылардың санатына көміртегі, азот, күкірт тотықтары, қорғасын, кадмий, мышьяк, никель, сынап, галоген қосылыстары, бензол, көпциклді ароматты көмірсутектер (КАК), белсенді газдар және аэрозольдер, күл, күйе, шаңдар және т.б. жатады. Ірі қалаларда ауаны негізінен ластайтын көзі автокөлік болып табылады. Газтәрізді ластаушылардың жалпы көлемінің 60-90% дейінгі бөлігі осы автокөліктерден шығады. Ауаның ластануындағы негізгі жауапкершілік қазіргі кездегі әлемдік автокөлік паркінің 83-85 % құрайтын жеңіл автокөліктерге тиесілі. Автокөліктерден ауаға шығарылатын пайдаланылған жанармай газдарының құрамына 200-ден аса химиялық қосылыстар кіреді, соның ішінде: иіс газы (0,5-10%) және көмірқышқыл газы (1-12%), азот тотығы (0,8% дейін), реакцияға түспеген көмірсутектер (0,2-3,0 %), 3,4-бенз (а)-пирен (20 мкгм3), альдегидтер, күйе (1,0 гм3). Орташа алғанда, жылына атмосфераға бір жеңіл автокөлік есебінен 700 кг дейін СО, 40 кг азот тотығы, 230 кг көмірсутектер, 2-5 кг қатты бөлшектер түседі. Автокөліктің шығарынды газдарының құрамы көбінесе жанармайлардың сапасына байланысты. Дихлорэтан қосылған этилденген бензинмен жүретін автокөліктердің шығарынды газдарының құрамында қауіпті супер токсиканттар - тетрахлорбензо-диоксиндер(ПХДД) және полихлорланған дибензофурандар (ПХДФ) кездеседі. Құрамында детонацияға қарсы қоспалары бар бензиннің жануы, ауаға қорғасынның әр түрлі қосылыстарының шығарылуына, ал бензинге тек 3,0-3,8 % бензол қосқанда, ауада оның концентрациясының едәуір жоғарылауына әкеп соғады.Автокөлік қозғалтқыштарының техникалық жағдайы мен жұмыс істеу режимінің де маңызы зор. Ауаға бөлінетін шығарындылардың мөлшері карбюраторлы қозғалтқыштардың жұмысы кезінде, әсіресе, олардың жұмысы реттелмеген жағдайда, көбейеді. Қазіргі кездегі автокөлік кептелістеріне тән үнемі тежеумен жүретін көліктің орташа жылдамдығы төмен кезде де ауаға бөлінетін газдардың мөлшері жоғарылайды.Автокөлік тек ауаны ғана ластап қоймай, сонымен қатар, жанармайдың жану үрдісіне де оттегінің көп мөлшерін жұмсайды. Бір автокөлік жылына 4 т жуық оттегіні тұтынады.
Атмосфераның ластануына көліктердің басқа да түрлері өз үлесін қосады. Әсіресе, соның ішінде, ұшақтардың алатын орны ерекше, себебі, олар ұшуы кезінде де және көтерілуі мен қонуы кезінде де ауаны ластайды. Ластаушылардың ауаға түсуінің шыңы ұшақтардың көтерілуі және қонуы кезінде әуежайда байқалады. Мысалы, бір Боинг ұшағы көтерілген кезде бөлінетін заттардың мөлшері, 6850 Фольксваген жеңіл автокөлігінен бір уақытта шығатын шығарындылардың мөлшеріне тең. Реактивті лайнерлердің әуеге ұшуы кезінде азот тотықтары бөлінеді, олар озонмен өзара әрекеттесіп, атмосфераның озонды қабатының бұзылуына әкеп соғады. Ұшақтарда жанармайдың жануына оттегінің өте көп мөлшері жұмсалады, бұл автокөлік қозғалтқышының жұмысы кезіндегі шығыннан бірнеше есе жоғары.
Қазіргі уақытта жер маңындағы ғарыш кеңістігін игерудің атмосфера үшін күннен-күнге өсіп отырған қауіптілігі барған сайын көбірек қорқыныш тудырады. Ғарыштық эраның 60 жылдан ғана астам азғана уақытында ондаған мың ғарыш ракеталары мен кемелері ұшырылды, соның нәтижесінде атмосфераға жүздеген мың тонна қатты және газ күйіндегі әр түрлі заттар: азот тотықтары, алюминий, хлорлы сутек, хлор және т.б.шығарылды. Бір ғана Шаттлды ұшыруы 10 млн тоннадан кем емес озонды жояды.
Ракеталардың және ракета тасымалдаушылардың металдан жасалған құрылымдарының жануы нәтижесінде атмосфераның жоғарғы қабатының титанмен, тантал, ниобий, никель, темір, алюминий, бор және басқа да металдармен ластануы жүреді, бұл, қазірдің өзінде ақ табиғидан 3-4 есе жоғары.
Сонымен қатар, органикалық қазба отындарды - көмір, мұнай, мазут, газды жағатын жылу электростанциялары (ЖЭС) да атмосфералық ауаны ластайтын негізгі көздерінің бірі болып табылады. Жыл сайын әлемде шартты түрдегі отынның 10 млрд астам тоннасы жағылады. Көмірдің жануы кезінде ауаға аэрозольдер түрінде қатты бөлшектер: күл, күйе, көмірдің жанбаған ұсақ бөлшектері бөлініп шығады. Олардың мөлшері барлық өнеркәсіптік көздерінен атмосфералық ауаға түсетін аэрозольдердің жалпы мөлшерінің 60% дерлік құрайды. Күлдің құрамында ең жиі қорғасын, мырыш, күшән, ванадий, хром, селен, темір, кальций және кремний, тотықтары, сонымен қатар, радионуклидтер кездеседі. Ауа, аэрозольдерден басқа, отындарды жаққан кезде түзілетін газтәрізді өнімдермен де: күкірт және азот тотықтарымен, иіс және көмірқышқыл газдарымен, көмірсутектермен ластанады. Қатты отындарды жаққан кездегі заттектердің және қатты бөлшектердің ауға шығарылуының жалпы көлемі сұйық отын мен табиғи газды жаққан кездегі шығарылуының көлемінен бірнеше есе жоғары болады. Мысалы, көмір жағатын ЖЭС-те күлдің шығарылуы жылына шамамен 100000-120000 т, ал иіс газ - шамамен 15000 т құрайды. Отындарды жағу атмосферадағы оттегінің едәуір шығынына әкеп соғады, себебі отынның әрбір тоннасына оттегінің 1 тоннаға дейінгі мөлшері жұмсалады. Қатты тұрмыстық және ауруханадан шыққан қатты қалдықтарды жағудың қауіптілігін айрықша айтып кету керек, себебі бұл қалдықтардың толық жанбауы салдарынан атмосфералық ауаға күл және газдармен бірге шығарылатын, қауіптілігі өте жоғары ПХДД мен ПХДФ-ң едәуір мөлшерлері түзіледі.
Өнеркәсіп кәсіпорындарынын, ең әуелі, қара және түсті металлургияның, химия және мұнайхимия өнеркәсіптерінің, құрылыс индустриясының және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің шығарындылары атмосфералық ауаға елеулі әсер етеді. Бұл кәсіпорындардан ауға шығарылатын ластаушы заттардың спектрі автокөліктер мен отындарды жағу кезіндегі бөлінетін ластаушылардың спектрінен едәуір үлкен. Қара металлургия кәсіпорындарында шойынды еріту мен оны болатқа айналдырып өңдеу үрдістері атмосфералық ауаға қатты заттар (атмосфераға түсетін шығарындылар жиынтығының 15,5%), көміртек тотығын (67,5 %), күкірттің қос тотығын (10,8%) және азот тотықтарын (5,4%) шығарумен жүреді. Қайта балқытылған шойынның әрбір тоннасына шаққанда, ауаға 4,5 кг шаң, 2,7 кг күкірт газ, 0,6-0,1 кг марганец шығарылады. Сонымен қатар, домен пешінен шығатын газдың құрамында атмосфераға аздаған мөлшерде күшән (мышьяк), фосфор, сурме (сурьма), қорғасын, сынап булары, сирек металдар, цианды сутек және шайырлы заттар түседі. Күкіртті газдың едәуір ауға шығарылуы - 1 тонна кенге 190 кг дейін, кенді агломерациялау кезінде байқалады.
Түсті металлургия кәсіпорындары атмосфералық ауаны күкіртті газбен (атмосфераға түсетін шығарындылар жиынтығының 75%), иіс газымен (10,5%), ПХДД және ПХДФ, қорғасын, мырыш, кадмий, күшән, мыс, сынап тотықтарымен ластайды. Алюминий өндірісі; сонымен қатар, ауаға фторлы қосылыстарды, кен шаңдарын және жоғары канцерогенді қасиеті бар полиароматтық көмірсүтектерді (ПАК) - бенз(а)пиренді, бенз(а)антраценді және т.б. бөліп шығарады.
Мұнай шығаратын өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындылары көмірсутектердің, күкіртті сутектің, күкірттің, азоттың қос тотығының, көміртек тотықтарының жоғары мөлшерлерімен ерекшеленеді. Ал, химиялық және мұнай химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарына өндіріс ерекшелігіне байланысты ингредиенттерінің құрамы одан да кең болуы тән. Бұл күкірттің, азоттың, көміртектің тотықтары мен қос тотықтары, альдегидттер, кетондар, спирттер, галоген өнімдері, күкіртті сутек, фосфор, аммиак, олефиндер, мұнай өнімдері, қышқылдар, ПАК, N-нитрозоқосылыстар және т.б. болуы мүмкін.
Атмосфералық ауаны ластайтын қауіпті көздеріне цемент және құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің кәсіпорындары да жатады. Целлюлоза өндірісінен ауаға көп мөлшерде күкіртті газ, күкіртсутек, диметилсульфид, хлор және оның қосылыстары, ұшқыш органикалық еріткіштер шығарылады. Бірақ, ең маңыздысы, бұл өндіріс, технологиялық үрдістің әр түрлі кезеңдерінде түзілетін, ПХДД және ПХД-ң 22 изомерлері мен гомологтарының көзі болып табылады.
Құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар көбінесе құрамында асбест, гипс, цемент, кварц бар шаңдарды шығаратын көздер болып табылады. Бұдан басқа, шығарындылардың құрамында көміртек тотығы (атмосфераға түсетін шығарындылар жиынтығының 23,3%), фтор, қорғасын, күшән, сынап қосылыстары да бар.
Атмосфералық ауаның қарқынды ластануы тұрғындардың денсаулығына тікелей де және оның тіршілік ортасына басқа орта арқылы да қолайсыз әсер етеді.
Ластаушылардың адам ағзасына атмосфера арқылы түсуі негізгі түсетін жолы болып табылады, себебі тыныс алу - үзіліссіз үрдіс, осыған байланысты тәулік ішінде өкпе арқылы ауаның өте үлкен, 10-12 м3 дейінгі, көлемі өтіп отырады. Альвеолалар бетінің үлкен ауданы ауаның ғана емес, сонымен бірге, оның құрамындағы ластаушылардың да еш кедіргісіз қанга тез өтуіне жағдай жасайды. Осы жолмен түскен ластаушылардың қолайсыз әсерлері, басқа жолдармен түсуіне қарағанда, тез және айқын білінеді, себебі зиянды заттар улануды жоятын табиғи тосқауыл - бауыр арқылы өтпей, қанмен бүкіл ағзаға тарайды.
Атмосфераны ластаушылар адам ағзасына жедел және созылмалы әсер етуі мүмкін. Жедел әсері ластаушылардың бір рет өте жоғары концентрациясында әсер етуі кезінде байқалады, ал созылмалы әсері - ұзақ уақыт, бірақ аз концентрацияларында, әсер еткенде білінеді. Ауа массаларының табиғи қозғалу және араласу үрдістері әдетте ластаушылардың көп жиналуына кедергі жасайды, сондықтан олардың жедел әсер ететін үлкен концентрациялары тек белгілі бір жағдайларда орын алады: өздігінен тазаруына қолайсыз ауа райы кезінде, нашар желдетілетін жерлерде, ластаушы шығарындылар атмосфераға өте көп мөлшерде түскенде, авария жағдайларында және т.б.
Атмосфераны ластаушылардың адам ағзасына созылмалы әсері, жедел әсеріне қарағанда, жиі кездеседі, себебі, созылмалы әсері, жедел әсері білінетін экстремалды жағдайларда емес, ауаның ластану деңгейі өте жоғары мөлшерге жетпейтін жағдайларда жүреді. Алайда, тіпті қарқындылығы аз, бірақ, рұқсат етілген деңгейінен асатын әсері, белгілі бір уақыттан кейін спецификалық және бейспецификалық эффектілерінің дамуына әкеп соғады.
Спецификалық әсері әрбір ластаушының түріне тән симптомдардың кешендері дамуымен байқалады. Бейспецификалық әсеріне жалпы аурушаңдылықтың өсуін, ағзаның сенсибилизациясын, балалардың дамуы мен өсу көрсеткіштерінің төмендеуін, қоршаған ортаның түрлі факторларына ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуін жатқызады. Ауа ортасын негізгі ластаушылардың (поллютанттар) бірі қазіргі уақытта күкірт, көміртек, азот тотықтары, қорғасын, сынап, кадмий, галогенді қосылыстар және ПАК болып табылады. Олардың ішінде атмосфераға тусетін шығарындылардың көлемі бойынша (жылына 6000 млнт) көмірқышқыл газы бірінші орын алады. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүретін заттардың қатарына жатады, бірақ, ауада болатын концентрациясында оның химиялық агрессивтілігі мен ағзаға әсері үлкен емес. Алайда, ол атмосферадағы СО2 мен басқа да парниктік газдардың концентрацияларының біртіндеп жоғарылауына байланысты парниктік эффектінің дамуында негізгі рөл атқарады. Иіс газының шығарылу көлемі едәуір көп, оның, көмірқышқыл газына қарағанда, агрессивтілігі жоғарылау, бірақ, тұрақты емес, көмірқышқыл газына және басқа қосылыстарға тез айналады. Сонымен бірге, автомагистральдар аймағында, металлургиялық кәсіпорындар маңайында, ЖЭС, қазандықтар және т.б. аумақтарда жиі байқалатын концентрациясы жоғары көміртек тотығының ұзақ уақыт әсер етуі, астениялық құбылыстардың, вегетативті-тамырлық дисфункциялардың дамуына, ұйқының бұзылуына, жүрек қыспасының жиілеуіне, бас ауруы, жүрек тұсындағы ауыру сезімінің пайда болуына әкеп соғады. Бұл эффектілері, көміртек тотығы, карбоксигемоглобин түзіп, оксигемоглобинді байланыстыруы салдарынан пайда болатын гипоксиямен де, және көміртек тотығының жалпы уланыдыратын әсерімен де байланысты.
Жылуэнергетикалық кәсіпорындары, автокөлік және технологиялық үрдісінде отынды жағу үрдістері жүргізілетін әр түрлі өнеркәсіп кәсіпорындары көміртек тотығы мен көміртек қос тотығының негізгі көздерінің бірі болып табылады.
Осы көздерден де атмосфералық ауаға күкірттің қос тотығы шығарылады, шығарылу көлемі (жылына 150-200 млнт) бойынша ол басқа ластаушылардың ішінде негізгі орындардың бірін алады. Сонымен қатар, күкірт газының көп мөлшері ауаға күкіртті кендерді қайта өңдегенде және мыс пен никельді балқытқанда түседі. Жоғары химиялық агрессивтілігімен едәуір тұрақтылығы және атмосфераға елеулі көлемде шығарылуы, оның адам ағзасына да, және биота мен ортаның басқа элементтеріне де әсерінің қауіптілігін анықтайды. Сол себептен оны әлемдік ластаушы немесе № 1 ластаушы зат деп айтады. Жоғарыда айтылғандай, күкіртті газ лондондық типті тұмандардың негізгі әсер ететін бастамасы болып табылады, жедел әсер еткенде ол жаппай улануды тудыру мүмкін. Күкірттің қос тотығы (ШРЕК -0,05 мгм3) ұзақ уақыт әсер еткен кезде, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтарында атрофиялық үрдістер, риниттер, бронхиттер, коньюктивиттердің дамуына және тіс эмальдарының бұзылуына әкеледі. Күкіртті газдың концентрациясының жоғарылауы респираторлық аурулардың, бронх демікпесінің, созылмалы бронхиттердің қозуының жиілеуіне және жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастардың жағдайының нашарлауына әкеп соғады.
Күкіртті газдың басқа тірі ағзалардың - өсімдіктердің, ормандардың, гидробионттардың жойылуында да рөлі аз емес. Оның әсері тікелей де, сонымен бірге, қышқылды жаңбырлардың пайда болуына қатысуымен де жүреді. Күкірттің қос тотығының қышқыл жауындардың пайда болуына қосатын үлесі шамамен 70% құрайтыны көрсетілген.
Автокөліктердің пайдаланылған жанармай газдарының және өнеркәсіп кәсіпорындарынын, ЖЭС, әр түрлі от жағылатын қондырғылардың шығарындыларының құрамында көміртек және күкірт тотықтарымен бірге тұрақты түрде, NO, NO2, N2O қоспасы түрінде азот тотықтары кездеседі. Олар ауадағы су буларымен жеңіл қосылып, азотты және азот қышқылдарына айналады. Сонымен бірге, азоттың шала тотығы, топырақта және суда жүретін денитрификация үрдістерінде, органикалық қалдықтардың және адам топыраққа енгізген құрамында азот бар тыңайтқыштардың ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Ал, азоттың қос тотығы негізінен техногенді болады. Атмосфераға азот тотықтарының түсуі жыл сайын өсіп келеді. Соңғы жылдарда олардың атмосфераға шығарылу деңгейі, негізінен автокөлік есебінен, 30-40% жоғарылады. Ірі қалаларда азот тотықтарының ауаға түсетін шығарындылардың көлеміне автокөліктің қосатын үлесі өте үлкен болғандықтан, ауадағы азот қос тотығының концентрациясы орташа тәуліктік ШРЕК-тен 2-3 есе артық болады. Азот тотықтары күшті тотықтырғыш болып табылады, сондықтан, олар тыныс жолдарының шырышты қабықтарына және өкпе тініне тікелей әсер етіп, ринит, фарингит, бронхит, пневмосклероз, өкпе эмфиземасының дамуына әкеп соғады.
Азот тотықтарының үлкен концентрациялары уланудан болатын өкпенің сулы ісігін тудыруы мүмкін. Уландыратын әсері, сонымен қатар, миокардиттер, гастриттер, гепатиттердің дамуымен білінеді. Метгемоглобин түзетін әсерінің нәтижесінде гипоксия дамуы мүмкін. Азот тотықтары, сондай-ақ, фотохимиялық тұмандардың негізгі құрам бөліктерінің бірі болып табылады, олар және улылығы өте жоғары фотооксиданттар түзілу үрдістерінің басталуына қозғаушы болады, ал азот қышқылы түрінде жоғары агрессивті қышқылды жаңбырлардың түзілуіне қатысады. Атмосфераның ластануына және қолайсыз эффектілерінің дамуына басқа да газ түріндегі қоспалар (метан, фреондар, күкіртсутек, күкірттегі) өз үлесін қосады.
Ауаны ластайтын заттардың арасында тұрғындардың денсаулығына айқын әсер ететін жетекші орындарының бірін қорғасын алады. Оның көздері автокөлік, түсті металлургия, машина жасау, аккумулятор жасайтын, құрамында қорғасын бар бояулар өндіретін кәсіпорындар.
Ірі қалалардың көбінде байқалатын ауаның қорғасынмен жоғары деңгейде ластануы жағдайында тұрғындарда қорғасыннан созылмалы уланудың әр түрлі белгілері анықталуы мүмкін. Мысалы, гипохромдыанемияның, астено-вегетативтік бұзылыстардың дамуы, балалардың ой өрісінің, мінез-құлық реакцияларының және оқуға қабілеттілігінің төмендеуі, бауыр мен бүйректің, асқазан-ішек жолдарының уланудан зақымданулары, жүктілік және босану барысының бұзылулары байқалады. Гипертония ауруының және миокард инфарктарының, энцефало- және полинейропатиялардың даму қаупі едәуір жоғарылайды. Ауадағы қорғасынның жоғары концентрациясы, оның ана сүті мен сүйектерде жиналуына әкеп соғады. Қазіргі адамдардың сүйегінің құрамындағы қорғасынның мөлшері, бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген адамдарға қарағанда, 700-1200 есе жоғары екендігі көрсетілген. Сүйектердегі қорғасынның қоры улануды үзбей жалғастырып отыратын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz