Канцерогенез туралы



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Канцерогенез

Факультет: Стоматология
Топ: 105
Орындаған: Нурсейтов Саламат
Тексерген: Салмаганбетова Гульмайра

Ақтөбе 2017ж
Канцерогенез
Канцерогенез дегеніміз -- рак (ісік) ауруының пайда болу процесі. Көптеген мутагендік факторлар канцерогендік те әсер етеді. Рак (ісік) ауруы XX ғасырдағы адамдардың ең қауіпті ауруларының бірі.
Рак (ісік) ауруының жасушаларының кәдімгі дене жасушаларынан 2 ерекшеліктері болады: 1) кәдімгі дене жасушалары санаулы рет қана бөлініп, содан кейін бөлінуін тоқтатып өліп қалатын болса, рак (ісік) жасушалары шексіз бөлініп өсуге қабілетті. Сондықтан да олар ағзаға механикалық зиян келтіріп, өсіп көбейе береді де ақырында оның өлуіне алып келеді; 2) рак жасушалары жайылып метастаз береді, яғни оның кейбір жасушалары лимфа не қантамырлар арқылы басқа мүшелерге, ұлпаларға таралып, сол жерлерде жаңа ісіктер пайда болады.
Ағзалардың бөлінуге қабілетті кез келген жасушалары ісікке айнала алады. Бірақ, олар қалайша, ненің әсерінен рак (ісік) жасушаларына айналады, әлі толық шешілмеген мәселелер. Дегенмен, қазіргі кезде белгілі болғаны -- рак (ісік) жасушаларында гендер қызметінің реттелу механизмінің бұзылуы салдары екендігі. Екінші бір толық шешілмеген мәселе -- рак (ісік) ауруы тұқым қуалай ма, жоқ па? Бұл тұрғыдан екі түрлі гипотезалар айтылып жүр: бірі -- рак (ісік) ауруы тұқым қуалайды десе, екіншісі -- тұқым қуаламайды деп болжамдайды. Қалай болғанда да рак (ісік) ауруының пайда болуының негізгі себептері -- сомалық мутациялар және вирустардың әсері екендігі анықталып отыр. Қазіргі кезде рак (ісік) ауруының кем дегенде 3 -- 4 түрінің тұқым қуалайтындығы дәлелденген, олар: ретинобластоманың бір түрі, Фанкони анемиясы (кан аздылығы), пигменттік ксеродерма және нейрофиброматоз. Рак (ісік) ауруының көпшілігі сомалық мутациялардан басталады.
Сомалық мутациялар адамдардың дене жасушаларында әр түрлі мутагендік факторлардың -- радиация сәулелерінің, ультракүлгін сәулелерінің, химиялық заттардың әсерінен түзіледі. Сомалық мутациялар алғаш жеке жасушада пайда болып, оның тағдыры сол жасуша тіршілігіне байланысты болады. Егер осы мутация әсерінен жасуша өліп қалса пайда болған сомалық мутация да сол жасушамен бірге жойылады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теломералар, теломеразалық белсенділік
Канцерогенездік факторлар
Тұқым қуалаушылық факторы
ІСІКТІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ЫҚПАЛДАР
Теломерлер Теломерлік белсенділік туралы ақпарат
Теломерлер қызметтері
Онкология
Онкогенез.Канцерогенез
Мутацияның түрлері және мутагендер. Канцерогенездің биохимиялық негізі
Фотохимиялық реакциялар
Пәндер