Ақпаратты қорғау үшін ұйымдастырылатын әрекеттер


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
![]()
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы:Ақпаратты қорғау үшін ұйымдастырылатын әрекеттер. Ақпараттық қауіпсіздік шешімдерін таңдау. Ақпараттық сақтандыру.
Орындау түрі: Реферат
Орындаған: Қабыл Ж.
Тобы: 109 «Б»
Факультет: Жалпы медицина
Тексерген: Бектлеуова А
Актобе-2017жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстанның барлық облыстары мен ірі қалаларында жарық көретін жарнамалық газет атаулының бәрі орысша. Негізі жарнаманы реттейтін, оны БАҚ-тарға тең бөліп және үйлестіріп беретін ұлттық агенттік болуға тиіс. Елімізде мұндай механизм әлі жоқ және бұл «Жарнама туралы» заңда да мүлдем қарастырылмаған. Қазақстан мен Ресей «мәңгілік достық» декларациясына қол қойып, ол елдің баспасөзінің, телебағдарламалары мен радиохабарларының емін-еркін таралуына шексіз мүмкіндік туғызды. Қазір олар біздің ақпарат әлемімізді түгел жаулап алды, турасын айтқанда қожайын болды. Елімізде тауарларға, инвестицияға есікті ашып қоюға болады. Бірақ жат идеологияны тықпыштаудан сақтануы керек. Мемлекеттік қауіпсіздік - аса құнды мәселе. Қазақ тілі ақпарат құралына айналмайынша, саясаттың құралы бола қоймас. Кез келген ел өзінің ішкі, сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Ашық жерді жа жыртық жерді бүтіндейді. Ең тату-тәтті деген көршімен де екі ортада шарбақ болады. Қазақстан мен Ресей арасындағы кеңістікте бірде-бір шарбақ жоқ. Ит кірмейтін жерге интернет кіріп тұрған мына заманда ақпараттық тұмшалану мүмкін емес. Бірақ біздің ел үшін бірінші кезекте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы заң керек. БАҚ туралы заңымыз Ресей басылымдарының нөмірлерін емін-еркін тіркеуге, таратуға кең жол ашып отыр. Ресей басылымдары бір күнде егемендікке көз алартса ше? Сондықтан «Қазақстанның ақпараттық кеңістігін қорғау туралы» арнайы заң жобасы жасалуы: онда телерадио жиіліктерін пайдалану, шетелдік БАҚ-ты тіркеу және олардың жұмыс істеу тәртібі түгелдей заңмен белгіленуі тиіс. Әңгіме тек Ресей басылымдарына ғана тіреліп тұрған жоқ. Жоғарыда аты аталған арнайы заңды қабылдау арқылы ғана бізбен көршілес елдердің ғана емес, бүкіләлемдік ақпараттық үстемдікке тосқауыл қоя аламыз. Ақпараттық қоғамның маңызы күннен күнге артып келеді. Ең бастысы ақпарат осы ғасырда тауарға айналып, барлық салада үлкен сұнранысқа ие. Ақпараттың зиянды жағы да бар екенін ұмытпау қажет. Бірақ, оны қоғамдағы адамдарға зиянсыз ету үшін ақпарат тепе-теңдігін ұстау қерек. Сонымен қатар отандық кадрларды нарыққа, экономикаға байлансыты бейімдеу басты жұмыстың бірі. Жаһандану кезеңінде бүгінгі тәуелсіз еліміздің аяққа нық тұруына ақпараттың қолжетімділігі де үлес қосары анық. Бірақ, ұлттық идея мен құндылықты аяқ асты етуге болмас. Ол үшін отандық және шетелдік БАҚ-тарға ана тілімізді дамытуды жүктеу қажет. Сонымен бірге цензура қою да қазіргі таңда мемлекетімізге артық болмас. Себебі, әр елдің өзіндік ұстанған дара жолы, ұлттық ұстанымы бөлек. Ол сонысымен де өзге елдерден ерекшеленіп тұратыны хақ.
Негізгі бөлім
Ақпарат -бүгінгі қоғамның дамуындағы басты ресурс. Ақпараттық қауіпсіздік - мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының күйі. Ол экономиканы ғылымға негізделген ресурс үнемдегіш технологияларға қарай ыңғайластырып қана қоймай, әрбір жеке адамның дамуына, өмірде өзінің орнын тауып, өзін-өзі жүзеге асыруына кең мүмкіндік туғызуда. Қазіргі таң дүниежүзілік ақпарат әлеміндегі ірі өзгерістерден, жаһандастыру үрдістерінен ешбір елдің саяси өмірі, басқа салалары БАҚ-тан тыс тұра алмайтын күрделі кезеңмен бетпе-бет кездесті. Адам баласымен бірдей жасап келе жатқан ақпарат - әлем дамып, дүние жаңарған сайын түрленіп, өзгеріп отырады. Ақпаратқа деген сұранысрейтингі жоғарыламаса төмедеген емес. Қазіргі XXI ғасырда ақпарат алудың негізгі тетігін әр елдегі бұқаралық ақпарат құралдары атқарады.
Ақпараттың қауіпсіздігі - ақпарат тұтастылығының физикалық және логикалық бұзылуынан немесе санкцияланбаған пайдаланудан қорғаныс жасау. Ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін алудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Яғни, ақпаратты қорғау - автоматтандырылған жүйелерде оның бекітілген қорғаныс статусын қолдайтын арнайы механизмдерді құрау және қолдау процесі.
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мынадай негізгі міндеттерді жатқызуға болады:
1. мемлекеттің және қоғамның басты мақсаты адамның өркендеуіне ақпараттық саланы бағдарлау;
2. ақпараттық қауіпсіздік туралы мемлекеттік доктрина яғни ғылыми концепция әзірлеу;
3. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде біріңғай мемлекеттік саясатының жүзеге асыру механизімін және негізі бағыттарын анықтау .
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігі - экономикалық, әскери де саяси қауіпсіздігі секілді маңызды мәселе. Тәуелсіздік алғалы бері еліміздің ақпарат кеңістігі мәжбүрлі түрде көрші елдердің ақпараттық шабуылын бастан өткеріп келеді. Бұл, әсіресе, оңтүстік пен солтүстіктегі Өзбекстан және Ресей секілді елдермен шегаралас аймақтарға қатысты құбылыс. Қазір Оңтүстік Қазақстанның көптеген аудандары Өзбекстан БАҚ-тарының өнімдерін пайдалануға мәжбүр. Себебі ол аймақтың тұрғындары қазақстандық телеарналарға қол жеткізе алмай отыр. Мұндай жағдайда ақпараттық қауіпсіздік жөнінде сөз қозғау орынсыз. Оның идеологиялық танымға әсерін былай қойғанда, тілдік ерекшеліктерге тигізген ықпалының өзі қауіпті. Көз ашқалы қара жәшіктен өзбектерді көріп өскен бүлдіршіндер көрші елдің жаңалығы мен ұлттық болмысын жанына жақын тұтары сөзсіз. Ресей ақпарат құралдарының шабуылы - өз алдына бөлек әңгіме. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі артықшылықтарын анықтау ақпараттық ортаға жататын қатерлерді әшкерелеуде, оларды жеңу жолдарын табуда, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіруде көрініс табады. Ақпараттық салада саяси ұстанымдарды бақылай алатын және түзете алатын дамыған азаматтық қоғам ақпараттық қауіпсіздіктің приоритетін іске асыруда мемлекеттің тұрақты және тартыссыз дамуына негіз болады. Қазақ қоғамының ақпараттық қауіпсіздігіне төніп тұрған әлеуетті қатерлерді зерттеген дұрыс болар. Қазақстан үшін ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық доктринасын өндіру негізгі талаптардың бірі болу керек, ақпараттық еркіндік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шарттар мен шекараларды қарастыратын құнды тұжырымдамалық құжаттардың біріне айналып, жаңа Қазақстан қоғамының ақпараттық аясындағы теріс тенденцияларды меңгеруі қажет. Жаһандануға жауап ретінде ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық доктринасын дамыту орынды. Мұндай құнды құжатты қалыптастыруда Қазақстан Республикасының қауіпсіздік Кеңесіне ақпараттық технологиялар саласындағы білгір мамандарды және алдыңғы қатарлы саясаттанушы, әлеуметтанушымен жұмыс істеген дұрыс. Бұл құжат ақпараттық салада мемлекеттер арасындағы саяси серіктестік және әділетті ынтымақтастықты реттеуде үлкен қадам жасайды. Бұл доктрина мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің доктринасымен үйлесуі керек, өйткені ақпараттық қауіпсіздік Қазақстанның ұлттық және саяси қауіпсіздігінің жасаушысы. Қазақстанның қауіпсіздігін нығайтуда ең басты шара мемлекеттің ақпараттық саясатын тиімді іске асыру. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың концептуалды мәні ақпараттық әрекеттесудің қатысушыларының құқықтық теңдігі саяси, әлуметтік, экономикалық мәртебесіне тәуелсіз болуы шарт. Ондай құқықтық теңдік азаматтардың ақпаратты заңды тәсілмен еркін іздеуіне, алуына, беруіне және таратуына негіз болады. Жалпы, ақпараттық саладағы проблемалардың зерттелуі мен ғылыми формасы және ақпараттық қауіпсіздіктің жүйесін дамыту мен құруында мемлекеттің өзіне ғылыми талаптарды қалыптастыру қажет. Бұл жағдайда мемлекеттің алдында қоғамның даму бағдарламаларын жүзеге асыру, бұқаралық санада мемлекетті позитивті жағынан көрсетуде белсенді ақпараттық саясат жүргізген жөн болар. Соның ішінде Отанға деген сүйіспеншілік секілді көңіл күйлерді орнықтыратын материалдар басты рөл атқарады. Сондықтан, ақпараттық салада мемлекет қабылдайтын шаралардың қисыны да аталмыш мәселелерден өмірдің өзінен туындап отырғанын ерекше атап айту ләзім. Ақпараттың мәңгілік сақталатын құндылық, оны қорғаудың қажеттілігінің өміршеңдігіне қарамастан, қауіпсіздігі жайындағы тақырып таяудан бері ғана қозғалған тың көрініс. Ақпараттық қоғамның талабы бойынша Ресейден келетін ақпарат легі сол секілді Ресейге де тегіс таратылуы қажет еді. Өкінішке орай, бізде ақпараттық кеңістікті айтарлықтай ұлттық белгілермен толықтыруға қаржылық, технологиялық және творчестволық мүмкіндік әлі де толықтай жетіспейді. Сондықтан бұл фактілердің барлығы да екі ел арасындағы ақпарат кеңістігіндегі теңсіздікті қалыптастыруда. Дегенмен, қазір қоғамды ұлттық мемлекеттік үлгіде дамытудың түрлі жолдары қарастырылған. Жаһандану ақпаратты тікелей өндіргіш күшке, ықпал етудің құралы мен сонымен қатар постиндустриялды қоғамның діңгегі мен барынша әлсіз буынына айналдырғаны адамзатты ақпараттық дәуірге әкелді. Қазақстан үшін ақпараттық қауіпсіздік тақырыбы өзекті мәселе. Ресей мен Қытайдың арасындағы орасан зор территорияны иеленіп жатқанын және халық санының аздығын ескерсек, мәселенің өзектілігіне көз жеткізуге болады. Дамудың жаңа парадигмасына барлық ел бірдей ілесе алмауының салдарынан, қазіргі кезде әлем екі жікке бөлінді («digital», «divide» деп аталатын), себебі алдыңғы қатарлы елдер өздерінде жаңа салаларды қарқынды дамытудың есебінен басқалардан ілгері озып шықты. Бұлайша бөлінудің салдары «екінші топтағы» елдер үшін апатты жағдай . Ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіптің түрлерінің тізіміне - отандық ақпараттық агенттіктерді, бұқаралық ақпарат құралдарын ішкі ақпараттық нарықтан ығыстырып шығару және Қазақстанның қоғамдық өмірінің рухани, экономикалық және саяси аясының шетелдік ақпараттық құрылымдарға тәуелділігін күшейту; ақпарат жағынан ықпал ету (жалған хабар тарату, ақпаратты қысқарту немесе бұрмалау) жатады. Сонымен бірге қауіпсіздікке төнетін қауіптің қайнар көздеріне - ақпарат аясында ҚР-ның мүдделеріне қарсы бағытталған шетелдік саяси, экономикалық, әскери, барлау және ақпараттық кеңістікте бірқатар елдердің үстемдікке ұмтылуы және Қазақстанның мүдделерін кемсіту, оны сыртқы және ішкі ақпараттық нарықтан ығыстырып шығару, әлемнің жетекші елдерінің техникалық дамуының артуы және олардың қазақтың бәсекеге қабілетті ақпараттық технологиясын құруға қарсы әрекет ету мүмкіндігін өсіруі жатады. Ақпараттық қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады? Ол үшін ең алдымен саяси элитаның, азамат пен мемлекеттің мүддесіне сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз ететін қоғам мен саяси-элитаның ақпараттық ортасының қорғалу жағдайы ескерілуі қажет. Ақпараттық ортаның ауқымы кеңейіп келеді. Ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде еш жерде ештеме айтылмайды. Бәсекеге қабілетті БАҚ-тың болмауы Қазақстанды ақпараттық периферияға душар етеді, онда біз өзге ақпарат пен өзге идеологияның тұтынушыларына айналамыз, дәл қазір де трансұлттық медиаимперияның басшылығы жағдайындағы халіміз солай болып отыр. Мамандар былай дейді: «Егер мемлекет әлемдік ақпараттық-телекоммуникациялық жүйеге ойыншы ретінде кіре алмаса, онда ондай мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігіне қауіп төнеді» . «Ақпараттық соғыс»- қазiргi кезде халықаралық аядағы нақтылы өмiрлiк ахуалды айғақтайтын ұғым. Өйткенi, дүниежүзi бойынша ақпараттық соғыстың жүрiп жатқанына бiраз болды. «Ақпараттық соғыс», «Ақпараттық экспансия» терминi ХХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап Америкада қолданыла бастады. Әрине, АҚШ мұндай терминдi ақпараттық соғыстан зардап шеккен ел болған соң ойлап тапқан жоқ, керiсiнше, әлемдiк өктемдiкке қол жеткiзу үшiн ақпараттық соғысқа ең алдымен көңiл бөлген ел болды. «Экспансия» сөзінің мағынасына келсек, латынның «expansio» сөзінен шыққан, яғни «тарату», «әсер етіп, ықпал жасау», «басқыншылық жасау» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде әлемде экспансиялаудың жолдары әр салаға байланысты түрленуде. Бұл ұғымға байланысты әр сөздіктерде түрлі анықтама берілген. Тағы бір сөздікте «экспансионизм» - бір мемлекетің басқа мемлекетке, халықтарға, аймақтарға билігін орнату үшін жүргізілетін саясаты делінген .
Ақпарат қауіпсіздігі тарапынан алғанда ақпараттың категориялары:
Құпиялылығы - белгілі бір ақпараттың белгілі бір адамдарға ғана тиімді екеніне сенімділік; бұл категорияны бұзу- ақпаратты бұзу немесе ұрлау деп аталады.
Бүгіндігі- ақпараттың сақталуы немесе таралуы кезінде санкцияланбаған өзгерістердің болмағанына сенімділік; бұл категорияны бұзу- мәліметтің фальсификациясы деп аталады.
Түпнұсқалық (аутентичность) - ақпарат көзі- оның авторы болып табылатынына сенімділік; бұл категорияны бұзу- автор тарапынан мәліметтердің фальсификациясы деп аталады.
Апеллияциялануы - кез келген уақытта белгілі бір адамның сол мәліметтің авторы екенін дәлелдеуі.
Дұрыс қорғаныс жүйесін құру алғышарттары
Қорғаныс жүйесінің дұрыс құрылу үшін мыналарды анықтау керек:
- Ақпаратқа әсер ету түрлері;
- Автоматтандырылған жүйе түсінігі;
- Автоматтандырылған жүйеге түсетін қауіп түрлері;
- Қауіптерге қарсы тұру шаралары;
- Қорғаныс жүйелерінің құрылу принциптері.
Ақпаратқа әсер ету түрлері
Ақпаратты блоктау- қолданушының ақпаратқа қол жеткізе алмауы.
Ақпарат бүтіндігінің бұзылуы- ақпараттың сақтау құрылғыларынан жоғалуы не бүлінуі, мәндік мазмұнының бұзылу, логикалық байланыстың бұзылуы, дұрыстығының бұзылуы.
Ақпарат құпиялылығының бұзылуы- ақпаратпен бөтен адамдардың танысуы. Ақпаратты алу жолының деңгейі ақпарат иесімен анықталады.
Санкцияланбаған таралым-
ақпараттың меншіктелу және авторлық
құқық қорғанысы.
Потенциалды қауіп- қатерлер
- Қызмет көрсетуші тұлғалар мен қолданушылардың қателіктері
- Құрылғылардың дұрыс жұмыс жасалмауы
- Программалық қамсыздандыру жұмысының ақауларына байланысты болатын ақпараттың жоғалуы
- Рұқсатсыз қатынауға байланысты болатын ақпараттың жоғалуы
- Архивтік мәліметтерді дұрыс сақтамағандықтан пайда болыпақпараттың жойылуы
Сұрау салу арқылы ақпаратты қорғау
Парольдер - жүйеге ену үшін қажетті кілттер ретінде қарастырылады және ақпарат тұтастығын сақтауды қамтамасыз етеді. Бірақ, олар басқа мақсаттар үшін де қолданылады, мысалы, дискіенгізгіште жазуды бұғаттауда, мәліметтерді шифрлеу командаларында, т. б.
Парольдерді 7 негізгі топтарға бөледі:
- қолданушы орнататын парольдер;
- жүйемен генерацияланатын парольдер;
- енудің кездейсоқ кодтары;
- жартылай сөз;
- кілттік фазалар;
- “сұрақ -жауап” түріндегі интерактивті тізбек;
- “қатаң ” парольдер.
Сұрау салу арқылы ақпаратты қорғау
Шифрлер - ақпаратты түрлендіруге арналған криптографиялық әдістер пайдалану. Шифрлер криптоаналитикатер үшін қарапайым болу керек, бірақ кәдімгі пайдаланушылар үшін файлға қол жеткізуді қиындатады. Бағдарламаларды, идентификациялық белгілерді шифрлеуге болады. Бағдарламаны қорғауға арналған шифрдың негізгі сипаттамасы - кілттік шифрдың үзындығы болып саналады.
Сигнатуралар - қорғаныс үшін пайдаланылатын және бағдарламалық тәсілмен тексерілетін электронды есептеуіш машинаның бесаспап сипаттамасы.
Қорғау аппаратурасының көмегімен бағдарламны қорғаудың негізгі принципі - тұрақты есте сақтау құрылғысымен оперативті есте сақтау құрылғысынан бағдарламаларды рұқсатсыз көшіру кезінде бағдарламаның өздігінен жойылып кетуіне арналған сигналдарды өндіру.
Арнайы микропроцессорлар (МП) - арнайы оптикалық құрылғы, стандартты интерфейс арқылы қосылады, сұрау салуға кейбір сандық реттілікпен үндеседі. Кемшілігі - бағдарламамен басқарылады.
Электр интеллектісімен қорғау - күрделі қорғаныс алгоритмін таратушы арнайы микропроцессоры бар электронды қорғаныс құрылғыларының бірі.
Тікелей қорғау құралдары -егер құпия ақпараттардан тұратын модульды бұзатын болса, тікелей қорғау динамикалық жады қорегін бұғаулайды да, құпия ақпараттарды жояды.
Ақпаратты қорғаудың техникалық құрылғылары
Электронды қорғау құрылғылары
Оптикалық қорғау құрылғылары
Биометриялық
Қорытынды
Қазақстан күн сайын қарыштап дамып келе жатқан мемлекет. Еліміздегі барлық бұқаралық ақпарат құралдары жүйелі түрде даму жолына түсу үшін тілдік нормаларды орындап, жұмыс істейтін уақыт жетті. Ақпараттық кеңістігімізде мемлекеттік идеологияның мерейі үстем болу үшін батыл әрекетке баратын кез жетті. Мемлекеттің нақты үлесі ретінде жалпы аймақтық телеарна ашуға болады. Ол үшін барлық ұйымдастырушылық, қаржылық мүмкіндіктер жетерлік. Мысал ретінде айтар болсақ, осыдан он жыл бұрын кішкентай ғана Катар мемлекеті жалпы арабтық «Әл-Жазира» атты ғарыштық телеарнаның тұсауын кесті. Бүгінде осы телеарна Батыстың ең белді деген CNN немесе BBC арналарынан асып кеткені былай тұрсын, араб қауымдастығының бірігуінің, тұтастығының маңызды факторына айналып отыр. Қазіргі кезде жарты әлемге тарайтын «Caspіonet» деген ғарыштық телеарнамызбар. Алайда оның атының өзінде қазаққа қатысы жоқ екенін көреміз. Көрерменге ұсынып жатқан бағдарламаларының сапасы төмен, талғамдық жағы көңіл көншітпейтін түсірілімдер, көбіне қайталана беретін «Хабар» агентігінің жобалары. Ағылшын тілінің сапасы сын көтермейді. Егер осы арнаны керегінше кәсіби мамандар мен техникалық мүмкіндігі жағынан жасақтасақ, Қазақстанмен қатар бүкіл аймаққа игі қызмет атқарады. Екіншіден, біздің аймақты күллі әлемге танытудың мықты тетігіне айналып, Ресей БАҚ-тарының жетегінде жүрмей, өз нарығымыздағы БАҚ-тардың сапалы да бәсекелестікке қабілетті ақпараттық кеңістікті құруға септігін тигізері анық. Ақпараттық қауіпсіздікті нығайту үшін ең алдымен ақпарат кеңістігіндегі мемлекеттік және ұлттық мүдденің қорғалуын қамтамасыз ету және оған сырттан келетін залалдардың алдын алу керек. Сонымен қатар, азаматтардың Конституциялық құқығын қорғай отырып, кез-келген ақпаратты алып, оны өз кәдесіне жарата білу де - үлкен қажыр-қайратты қажет ететіні белгілі. Қоғамның рухани, мәдени, ғылыми құндылықтарының, патриоттық дәстүрлерін бұзбай, ел бірлігі мен мемлекет тұтастығының сақталуын қамтамасыз ету ұлттық БАҚ-тың міндеті. Қазіргі шетелдік экспансияны былай қойғанда, қоғам қалпының бұзылуына іштен төнетін қауіп те аз емес. Сөз бостандығын желеу етіп, мемлекеттік қауіпсіздікке зиянын тигізетін мәліметтер мен пікірлерді жанталаса жариялап жатқан неше түрлі сайттар бар. Оның сыртында кейбір журналистердің сауатсыздығы салдарынан өңі теріс айналып кеткен ақпараттар да тарап кетіп жататын кездер аз емес. Ақпарат құралдарының еліміздің, ұлтымыздың даму жолындағы қосар үлесі зор. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды ету үшін ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Әсіресе, ұлттық жадымызды жаңғыртып, іргелі ел болудағы басты рөл - талассыз ақпарат құралдарында. Қазір біздің елімізде қазақ баспасөзінің кәсіби дамуына басты кедергі - орыстілді жарнамаға монополиялық құқықтың берілуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz