Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің құрылымы мен портал қызметтері


Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплина: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Кафедрасы: Жаратылыстану ғылыми пәндер

Курс: 1

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің құрылымы мен портал қызметтері

Орындау әдісі: мәнжазба

Орындаған: Қабыл Ж. Тексерген: Бектлеуова А.

Тобы: 109 Б

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. egov электрондық порталы

2. yvision электрондық порталы

ІІІ. Қорытынды

Сайттар
Ақпарат
Сайттар: E-gov
Ақпарат: - ҚР электрондық үкіметінің порталында бүгінгі таңда 70-ке жуық электрондық қызмет түрлерін пайдалануға болады. Олардың ішінде көп қолданылатындары: жылжымайтын мүлік құқығына тіркелгендігі жөніндегі анықтама, зейнетақыны аудару, ӘЖК көшірмесі, ЖТЕ бұзғандағы айыппұлды төлеу қызметі.
Сайттар: Goszakup
Ақпарат: - мемлекеттік сатып алудың веб-порталы, мұнда интерфейспен онлайн режимінде сатып алулар жүргізуге болады, сонымен қатар пайдаланушыларды барлық анықтамалық-ақпараттармен қанағаттандырады
Сайттар: E-License
Ақпарат: - ҚР электронды лицензиялау. «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасы тұрғындарға оның ішінде шалғай облыстардың азаматтары мен кәсіпкерлеріне электрондық үлгідегі лицензияны алу үшін интернет арқылы құжат тапсыруға өте қолайлы.
Сайттар: E-pay
Ақпарат: - Электрондық үкімет төлем шлюзі автоматтандырылған жүйесі-бұл әрбір қазақстандықтың ақылы мемлекеттік қызметке қол жетімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе. Одан басқа, төлем шлюзі халыққа қызмет көрсетуде қолайлылықты, электрондық есепті жүргізу арқылы жедел есептілікпен, төлемдерді қабылдаудың қолайлы, айқын механизмімен, төлемді жүргізу уақытын және жеке тұлғалардың үстеме шығындарын елеулі қысқартуға мүмкіндік береді Қазіргі таңда тұрғындар(жеке тұлғалар) «электрондық үкімет», порталының қызметін пайдаланып, . on-line режимінде 120 салық түрін төлеуге болады. Бұл мүмкіндік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің порталындағы «Салық төлеушінің кабинеті» (http://cabinet. salyk. kz) веб-қосымшасы мен «Қазкоммерцбанк»АҚ-ның төлем жүйесінің қатысуымен жүзеге асырылады. Электрондық тәсілмен салықты төлеу үшін«Салық төлеушінің кабинетінде» тіркелуіңіз қажет және кез-келген қазақстандық банктердің VISA/MASTER CARD төлем карточкасы болуы тиіс.
Сайттар: Талдау
Ақпарат: - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің ақпараттық-сараптамалық жүйесі, Порталда статистикалық жинақтармен, ауылдар мен елдімекендердің даму мониторингісі бойынша дайындалған есептердің электрондық кестелерімен, сараптамалық материалдармен сонымен қатар, әр түрлі ақпараттармен танысуларыңызға болады.
Сайттар: Enis. kz
Ақпарат: - Бірыңғай нотариалды жүйе, нотариустардың жұмыстарының тиімділігін және олардың ҚР ӘМ, республикалық, аумақтық нотариалды палаталармен өзара байланыстарын қамтамасыз етіп, тұрғындарға сапалы нотариалды-құқықтық қызмет көрсетіп, нотариалды қызметтер жайындағы ақпараттарды өз уақытында шынайы тұрғыда қалыптастырады.

Бүгінгі күні кез-келген адам әртүрлі мемлекеттік қызметтерді интернет арқылы үйінен немесе кеңсесінен шықпай-ақ 30 минут ішінде алуына болады. Интернетке кіре алмайтын азаматтар үшін ХҚКО арқылы кеңес алу, веб-портал арқылы жұмыс жасауды үйрету мүмкіндіктері қарастырылған.
«Электрондық үкімет» - мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе. WWW. ЕGOV. KZ веб-порталы арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез-келген уақытында, еліміздің, тіпті әлемнің кез- келген нүктесінен өтініш бере, анықтама ала, салық немесе айыппұл төлей алады немесе қандай да бір қызметті қалай алуға болатыны туралы біле алады. Порталда ұдайы түрде жылжымайтын мүлік, отбасы қатынастары, білім беру және инновациялар, мәдениет, жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, азаматтық, көлік, денсаулық, туризм және адамның өмір сүруіне қажетті салалар бойынша тақырыптық тарауларда ондаған электрондық қызмет түрлері пайда болып отырады. Портал көмегі арқылы мемлекеттік органдарға жүгінуіне байланысты күнделікті мыңдаған мәселелерді шешуге болады: мекен-жайлық анықтама, зейнетақы аударымдары туралы жазба алу, коммуналдық қызметтерді төлеу, баланы бала-бақшаға кезекке қою, дәрігер қабылдауына жазылу және т. б. Ерекше жағдайларға арналған қызметтер де бар: www. egov. kz арқылы некені тіркеуге өтініш беруге немесе «Бала туу» қызметтерін пайдалануға болады. Әрбір пайдаланушы өзіне қажетті қызметті таба алады: жүргізушілер - ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұл төлей алады, ата-аналар - балаларын білім беру мекемелеріне бере алады, ал кәсіпкерлер - өз бизнесін тіркей немесе салық төлей алады. Сонымен қатар, электрондық үкімет порталы арқылы есепке тұрып, жұмыс табуға, нотариустан кетпей-ақ жылжымайтын мүлікті тіркеуге, декларацияны тапсыруға және коммуналдық қызметтерді төлеуге болады. Бүгінгі күні «электрондық үкімет» порталын пайдаланушылар үшін 126 интерактивті және транзакциялық қызмет ұсынылады. Олардың қатарына 84 мемлекеттік қызмет пен сервис, мемлекеттік алымдардың 21 түрін, мемлекеттік баждың 16 түрін төлеу, 4 салық төлемінің түрін, сондай-ақ Жол қозғалысы ережелерін бұзу үшін айыппұл төлеу жатады. Мысалы, азаматтар веб-портал арқылы мынадай сервистерді пайдалана алады. Интернет-конференция сервисінде: облыс әкіміне өзіңізді қызықтыратын сұрақ қоя аласыз. Қызмет жобаларын талқылау сервисінде: әрбір адам өз пікірін айтып, қызмет көрсету тұжырымдамасын талқылауға қатыса алады. Электрондық жүгіну сервисінде: сіздер кез-келген мемлекеттік органға хат жаза және жібере аласыз. Бұл жерде хаттың жеткізілуін, оның мәртебесін бақылай аласыз әрі жауап хатты да осы жерден алуға болады. Министрдің қабылдауына жазылу сервисінде: еліміздің министрлеріне сұрақ қоюға болады. Бейне-конференция арқылы министрмен онлайн-қабылдау жүргізіледі. Ол үшін ХҚКО-ға барып толық кеңес алу керек. Бірінші басшылардың блогтары сервисінде: барлық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының ресми блог-платформалары көрсетіледі. Ресми тұлғалар сервисінде: әлеуметтік желілердегі ресми тұлғалардың аккаунттарының болуы туралы, мекен-жай парақтары туралы, атқаратын лауазымы, қызмет бағыты туралы шынайы

ақпараттан тұратын бірыңғай блок. ҚР мемлекеттік органдары сервисінде: ҚР мемлекеттік билік органдары туралы мейлінше толық және өзекті ақпарат. Министрліктердің, комитеттердің және агенттіктердің байланыс деректері, олардың құзыретіне жататын мәселелер, ел және оның құрылымы туралы пайдалы ақпараттарды табасыз.
«Электрондық үкімет» веб-порталында электрондық қызметтерді алу үшін:
1) Порталда тіркелу қажет (ЖСН/БСН, электрондық пошта мекен-жайы) ;
2) Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет. Қағаз түрінде қандай да бір анықтама алған кезде біз қол қоямыз. Электрондық құжатқа да заңды болуы үшін қол қою қажет. Сол үшін біз электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданамыз. Электрондық цифрлық қолтаңба - өз қолыңның баламасы. Бұл сіздің жай қолыңыздың скан-нұсқасы емес, Электронды-цифрлық қолтаңба бірнеше цифрлық қолтаңбадан тұрады, онда қол иесі туралы барлық керекті ақпарат бар, мысалы ЖСН. Электронды-цифрлы қолтаңбамен қол қойылған сұраныстың немесе құжаттың мәліметі қолданушыға беру кезінде мәліметтің өзгермейтініне ЭЦҚ кепіл береді («Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» ҚР 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңына электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өз қолтабасына тең және бірдей заңдық салдарға әкеледі) . Электрондық цифрлық қолтаңба тегін беріледі.

«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫНДА ТІРКЕЛУ
Порталда тіркелу үшін басты беттің жоғарғы бөлігіндегі «Тіркелу» батырмасына басыңыз. Нәтижесінде келісім орналасқан парақ бейнеленеді. Мұқият оқып шығып, қызметтің субъектісін - жеке немесе заңды тұлғаны белгілеңіз, «Осы келісімнің шарттарымен таныстым . . . » мәтінінің алдына белгі қойып, одан кейін «Тіркеу»батырмасын басыңыз. Жеке және заңды тұлғалар тіркелу үшін ашылған бетте көрсетілген алаңдарды рет-ретімен толтырады.
«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ АЛУ
1. Авторлану. Электрондық қызметті алу үшін Порталда авторлану қажет, «Кіру» батырмасына басыңыз және өзіңіздің ЖСН (БСН) мен пароліңізді (тіркелу кезінде көрсеткен) енгізіңіз, бұдан кейін «Жүйеге ену» батырмасын басыңыз.
2. Қызметтерді таңдау. Мысалы, неке қию туралы анықтама алу. «Неке қию туралы анықтаманы беру» сілтемесіне басқанда, Сіз осы қызметтің сипаттамасымен және оны қызмет көрсету тәртібі көрсетілген бетіне өтесіз. Келесі бетке өту үшін беттің оң жақ жоғарғы бұрышындағы «ОНЛАЙН қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.
3. Алаңдарды толтыру және сұранысты жолдау. Ашылған бетте барлық алаңдарды толтырыңыз.
Барлық алаңдарды толтырғаннан кейін келесі қадамға өту үшін «Сұранысты жөнелту» батырмасын басыңыз.
4. Сұранысқа қол қою. Сұранысқа қол қою үшін «Сертификатты таңдау» батырмасы бойынша
өтіңіз. Ашылған терезеде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) сертификатына апаратын =>Менің компьютерім => Сіздің ЭЦҚ сертификаттарыңыз көрсетілген папка => RSA… жолды көрсетіңіз. Сертификатты таңдағаннан кейін сертификатқа паролді енгізіңіз. Сертификат дұрыс таңдалған кезде келесі бетте Сіз туралы деректер - ТАӘ, ЖСН және электрондық поштаның мекен-жайы, сондай-ақ ЭЦҚ әрекет ету мерзімі бейнеленеді. Егер көрсетілген деректер дұрыс болса, сұраныс мемлекеттік органға автоматты түрде беріледі. «Қол қою» батырмасына басыңыз. Сіздің сұранысыңыз жөнелтілді!
5. Қызметті көрсетуге мемлекеттік баж салығын төлеу. Мысал ретінде таңдалған қызметке
мемлекеттік баж салығы өндіріп алынатындықтан, оны төлеу ұсынылады. Ол үшін «Төлеу» батырмасын басыңыз. Тұрғылықты мекен-жай бойынша салық органын таңдаңыз, «Төлеу» батырмасын басыңыз. Ұсынылған тізімнен төлемнің тәсілін таңдаңыз. Мысалы, «Төлем картасының көмегімен төлеу», төлемнің деректемелерін тексеріп «Бұдан әрі» батырмасын басыңыз. Төлем карточкасы туралы ақпаратты енгізіңіз және «Төлеу» батырмасын басыңыз. Одан кейін төлемді растаңыз. Интернет-транзакцияларды жүргізудің қауіпсіздігі мақсатында кейбір қазақстандық банктер (Halyk bank, АТФ банк, БТА және т. б. ) төлем карточкаларында шектеулер немесе қосымша кодтар орнатады. Егер онлайн-төлемді жүзеге асырумен проблемалар туындаса, Сізге қызмет көрсететін Банкпен хабарласу қажет (хабарласулар тегін) . Төлемді жүзеге асырғаннан кейін портал қызметтің төлемін растайтын электрондық чекті береді. Аталған чек

«Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында автоматты түрде сақталады («Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» ҚР 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңының 7 - бабының 1 - тармағына сәйкес, «электрондық үкімет» төлем шлюзінде қалыптасатын электрондық чектің қағаз жүзіндегі құжатпен күші тең) .
6. Қызмет көрсету нәтижелерін қарау. Электрондық анықтаманы қарау үшін портал беттерінің оң
жақ бөлігіндегі «Қызметті алу тарихы» қызметіне басып, қажет болған жағдайда анықтаманы басып шығаруға болады.

«Электрондық үкімет» (e-Government) термині барлық мемлекеттік органдардың басын бірік­тіріп, оларға интернеттің, электронды терминалдардың немесе тіпті ұялы телефондардың көмегімен тұрғындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйені білдіреді. Жеке тұлғаларға ғана емес, компания мен кәсіпкерлерге де.
Мұнда мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы өзара қарым-қа тынасты электронды үкімет ішіндегі G2C (мемлекет-азаматтар) G2B (мемлекет-бизнес) және G2G (мемлекет-мемлекет) деп аталатын негізгі модельдер ат­қарады.

Елімізде электронды үкімет құру идеясын Мемлекет басшысы өзінің республиканы әлемдегі бә­секеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында білдірген болатын. 2004 жылғы 10 қарашада электронды үкіметті ендіру туралы «Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Президент Жарлығымен бекітілді.

Бағдарламаны іске асыру келесі міндеттерді кезең-кезеңмен шешу жоспарланған болатын:

Электрондық үкіметті қалыптастырудың бірінші кезеңінде - ақпараттарды жариялау және тарату.

Екінші кезеңі - мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара қарым-қатынасына тікелей және қайтармалы жолды интерактивті қызмет ұсынады.

Үшінші кезеңде - қаржылық және заң операцияларын үкіметтік порталдар арқылы жүзеге асыру жолымен транзакциялық қызмет көрсету.

Төртінші кезеңде - ақпараттық қоғамды толық қалыптастыру.

Бағдарлама 2005 жылы іске қосылып 2 жыл ішінде е-үкіметтің инфрақұрылымы қалыптастырылып, базалық құрамдас бөліктері құрылды: веб-портал және шлюз, ведомствоаралық электрондық құжат айналымы, куәландырушы орталықтары, бірыңғай көлік ортасы.
Сонымен қатар, 2007 жылы бүкіл ел бойынша бірыңғай тізілімге біріктірілген жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры тұрақты пайдалануға енгізілді. Веб-портал арқылы мемлекеттік органдардың 20 интерактивтік қызметтері іске асырылды.

2007 жылы электронды үкіметті дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда электрондық үкіметтің базалық инфрақұрылымын және қол жеткізу тетіктерін кеңейту және дамыту мақсаттары алға қойылды, мемлекеттік басқарудың және әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерістерінің сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында электрондық үкіметтің құрамдас бөліктерін дамыту;

Үшінші кезеңнің алғышарты транзакциялық кезеңде «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» АЖ құру болды. Бұдан былай кәсіпкер кеңсесінен шықпай тендерлерге қатыса алады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік сатып алулар http://www. goszakup. gov. kz/. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында электрондық қалыпта баға ұсынымдары арқылы жүзеге асатын болады.

2009 жылы кәсіпорын субъектілеріне арналған «Е-лицензиялау» жобасын ендіру басталды. Бұл кәсіпорындардың лицензия алу барысындағы үдерістерді жеңілдету және лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыру. Е-лицензиялау - лицензия алуға өтінім берген адамның, оның өтінімін қарау жолындағы үдерістің барлығын бақылауға мүмкіндік береді. Мұның барысында өтінімді қарастырып жатқан адаммен өтінімді жіберген адам арасындағы қарым-қатынасқа жол берілмейді. Ол сыбайлас жемқорлық саласындағы үлкен тиімділікке ие.

Мемлекеттік бағдарламаның өңірлік бағыттары қоса дамуда. Өңірлерде электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі ендірілді, 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап барлық әкімшіліктер электрондық құжат айналымының жеделдігін пайдалануда. 5 таңдалған қызметке «Электрондық әкімдік» жүйесінің түп тұлғасы әзірленіп, Павлодар облысының әкімдігіне тәжірибелі пайдалануға ендіру жүргізілді.

2009 жылдың желтоқсан айында «Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйе «е-нотариат» жобасының Астана қаласы бойынша пилоттық өндірістік пайдаланылуға қосылды, оның мақсаты нотариалды іс-әрекеттер туралы есептің уақтылы және нақтылы болуын және нотариустардың тиімді жұмыстарын олардың ҚР Әділет министрлігімен, республикалық және өңірлік нотариалды палаталармен өзара іс қимылдарын қамтамасыз ету. Өз кезегінде халыққа сапалы, құқықты нотариалды қызметтер ұсынылады. Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйені республиканың барлық өңірлеріне ендіру 2010-2012 жылдарға жоспарлануда.

Осыдан біз еліміздегі электрондық үкіметтің қарқынды дамуын көреміз. 2010 жылы Қазақстан Республикасындағы электрондық үкіметтің дамуына Біріккен Ұлттар Ұйымымен жоғары баға берілді. БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік даму департаментімен дайындалған, электрондық үкіметке жахандық дайындық рейтингісінің жыл сайынғы деректеріне сәйкес, Қазақстан соңғы жыл ішінде әлемдік рейтінгідегі 81 орыннан Ресейді (59 орында), Беларуссияны (64 орында) және Украинаны (54 орында) артта қалдырып қарқынды түррде 46 орынға көтерілгендігі айғақ.

Елімізде е-үкіметтің қызметтерін пайдаланушылардың (заңды және жеке тұлғалар) саны 70 мыңға жуық тіркелген.

Азаматтардың мемлекеттік электрондық жобаларға қатысуы «электрондық қатысу» (e-participation) көрсеткіштері бойынша жіктеуіште Қазақстан елі 2008 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда (106 орыннан) 18 орынға көтерілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық үкімет дамуының үшінші кезеңі - транзакциялық кезең
КАНАДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ
Ақпараттық технологияның құрылымы
Электрондық үкімет. Мақсаты. Міндеті. Негізгі ұғымдары
Камералдық бақылауды жүргізудің тиімділігі
Интернет журналистиканың дамуы және қалыптасуы
Электронды сот өндірісі қызметінің құқықтық негіздері
Бұқаралық ақпарат
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құқықтық негіздері
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz