ҚР Президентінің ұсынған ұзақ мерзімді Стратегиялары және олардың тарихи маңызы



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Мамандығы: Жалпы медицина
Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы.
Дисциплина:Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы.
Тақырыбы:ҚР Президентінің ұсынған ұзақ мерзімді Стратегиялары және олардың тарихи маңызы.
Курс: І

Орындаған: Қабыл Ж
Тобы: 109 Б
Тексерген: Айтжанова Ж

Ақтөбе 2017
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Қазақстан - 2030 стратегиясы
ІІІ.Қазақстан - 2050 стратегиясы
IV.Қорытынды
V.Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Қазақстан халқының тату-тәтті өмір сүруі мен ынтымақтастығы көптүрліліктегі бірлікті бейнелесе, бұл Қазақ­стан­ның жаңа тарихының ең үлкен жетістігі. Бұл туралы Президенттің ай­қындауын­ша "Қазақстан - бұл еуропалық және азиялық мәдениеттің жетіс­тіктерін бойымызға сіңіруге мүмкіндік береді. Екі өркениеттің геосаяси ұшты­ғында тұрған Қазақстан ерте кезден бастап Шығыстың да, Батыстың да мәдени құндылықтарын өзіне сіңіре білді".Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялары мен көптеген бағдарламалары халықтың проблемаларын шешіп, жағдайын жақсартуға негізделген.



"Қазақстан-2030" стратегиясы - ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 ж. қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат - ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
* Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт - ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық ин-ттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.
* Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік - қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
* Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
* Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
* Энергетикалық қорлар: тұрақты экон. өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.
* Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
* Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялар ресми құжат болып табылады.
Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.


ҚАЗАҚСТАН - 2050 СТРАТЕГИЯСЫ: ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫ: БОЛАШАҚҚА БАҒДАРЛАНҒАН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, Қазақстан - 2030 Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр - ол Қазақстан - 2050 Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру.
Қазақстан - 2050 Жаңа Стратегиясы - ол бір жағынан Қазақстан - 2030 Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан - бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.
1.Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
Осы стратегиялық мақсатқа жету үшін Н.Ә. Назарбаев келесі тапсырмалардың шешу қажеттілігін атап өтті:
Бюджеттік, салықтық және ақшалай-кредиттік саясатты жетілдіру бойынша мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс.
Біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс, ол екі бағытта дамуы тиіс: бірінші жағынан, ұлттық экономиканы жаһандық ортаға енгізу, ал екінші жағынан, ел ішіндегі аймақтарға қарай қозғалу.
Елдің өндірістік әлеуетіне салынған қайтарым деңгейін арттыру үшін мемлекеттік активтерді басқаружүйесін жаңғырту қажет.
Табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет, энергиялық қорларды өндіру және жаңа технологиялармен алмасу саласында ынтымақтастықты дамыту.
Бізге үдемелі инновациялық индустрияландыру жаңа кезеңініңтолық бағдарламасын әзірлеу қажет, жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес өндірістік активтерді жаңарту қажет.
Дүниежүзілік өндірістік нарықтың көшбасшысы болуға септігін тигізетін, ауыл шаруашылығының ауқымды жаңғыртуы қажет.
Елдің сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған су қорының жаңа саясатын әзірлеу қажет.
2.Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау - ұлттық экономиканың жетекші күші.
Осы стратегиялық бағытты шешу аясында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық - саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы
Экономиканың өрлеуі
Басқару теориясының қазіргі жайы
Саяси жүйе теориясының авторы
Кедейшілік - макроэкономикалық маңызды мәселесі
Құқықтық білім беруде адам құқығын оқыту мәселесі
Қазақстан 2030 стратегиясы бағдарламасы бойынша саяси дамудың алғышарттары
Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
Акционерлік қоғамның әлеуметтік-экономикалық мәні
Пәндер