Өрт сигнализациясы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жер туралы ғылымдар факультеті
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Өрт сигнализациясы

Орындаған: 15-ВТК-2 студенті
Мүтәл Ж.А.
Қабылдаған: Карибаева М.К.

Өскемен 2017 ж.
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Өрт және оның түрлері 4
1.1 Баспанадағы өрт 4
2 Өрт кезiндегi тәртiп. Адамдарды көп қабатты үйлерден эвакуация жасаудың әдiстерi 6
2.1 Өрт сөндіру құралдары туралы түсінік 6
2.2 Өрттi көбiкпен, газбен және бумен сөндiру 8
2.3 Судың өртті сөндіру қасиеті 9
2.4 Қолмен сөндіруге арналған өрт сөндіргіштер 9
2.5 Өрт байланысы және дабыл беру 13
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16
Кіріспе

Өндіріс объектілерінің өртке қарсы қорғанысы - жаңа мекемелерді жобалағанда инженерлі-техникалық және ұйдымдастырушылық шаралар кешені болып табылады. Осылайша, өндірістегі өрттік қауіпсіздік, өрттің алдын алу шараларымен және өрттің шығу ошағынан белсенді қорғану әрекеттері арқылы жүзеге асады.
Еліміздегі халық шаруашылығының белсенді дамуы, өнеркәсіптің жаңа салаларының және материалдардың пайда болуы, өрт қауіпсіздігінің алдына көптеген жаңа талаптарды қойды, сонымен қатар, жаңа өртке қарсы техникалардың пайда болуына үлес қосты.
Соңғы жылдары өрт қауіпсіздігі саласы жаңа, осы заманға сай жабдықтармен (автоцистерналар, автоcорғыштар, көпіршік генераторлары, мотопомпалар, өрт сөндіру құралдары және т.б.) қамтамасыз етілді. Автоматтық өрт сөндіру құралдары мен дабылдары қолданылып жүр.

1 Өрт және оның түрлері

1.1 Баспанадағы өрт

Үлкен қалаларда баспананың негiзгi түрi болып, көп қабатты үйлердегi пәтерлер саналады. Бұндай пәтерлер сумен, жылумен, электр қуатымен, өмiр-тiршiлiк өнiмдерiн әкету жүйесiмен, байланыс және ақпарат жүйесiмен қамтамасыз етiлген. Әрине, тұрғындардың өмiрi және оның қауiпсiздiгi осы жүйелердiң қызметiне де байланысты. Қазiргi заманғы құрылысты көптеп салу жүйесi баспананың сапасын ылғи да қамтамасыз ете бермейдi: панелдердiң, есiктер мен терезелердiң қиылысында жылу кететiн, кемiргiштер кiретiн саңылаулар болуы мүмкiн. Квартиралар бiр-бiрiмен ұштасып жатқандықтан бiр жерден шыққан өрт екiншi жерге таралып кету қаупi әр уақытта да бар. Улы түтін желдеткіштер арқылы көп қабатты үйдің көбіне тарап кетуі де ғажап емес және т.с.с. Сондықтан кішкене төтенше жағдай бүкіл көп қабатты үйдің мәселесіне айналып, зардап шегушілердің қатары көбеюі мүмкін.
Баспана үшiн әрi зардабы зор ең қауiптiсi - өрт.
Үйлерде өрт өндiрiс орындарына қарағанда жиi болады. Өрттiң себебi барлық уақытта бiрдей-ақ:
- отты, оның барлық түрлерінде, дұрыс пайдаланбау;
- тұрмыста қолданылатын қыздыру приборларының бұзылуы;
- электр сымдарын және электр жүйесiн пайдаланудағы өрт қауiпсiздiгiнiң ережесiн бұзу;
- теледидарлардың, радиоапаратуралардың жануы;
- пештiң, оның құбырының дұрыс салынбауы және бұзылғандығы;
- балалардың отпен ойнауы.
Темекiнi абайсыз шегудiң зардабына ерекше тоқтап кету керек. Темекi шегушiлер әзiрге өте көп, сондықтан өрт болуға себеп те жеткiлiктi, сонымен қатар, оны себеп ретiнде дөп басу ажырату қиын. Кейбiр темекi шегетiн адамдар сiрiңкелерiн, темекiнiң тұқылын қалай болса солай лақтыра салады, рұқсат етiлмейтiн жерлерде темекi шегедi, темекiнiң тұқылын ағаштан жасалған заттардың үстiне, тез тұтанатын заттардың қасына қоя салады. Негiзiнде өшпей қалған темекiнiң тұқылынан шыққан өрт ең көп таралған өрттiң түрi болып саналады.
Синтетикалық заттардың жану ерекшелiктерi. Құрылыстың отқа төзiмдiлiгi. Бұл тақырыптың маңыздылығы қазiргi заманда үйлерде, квартираларда синтетикадан жасалған бұйымдар көптеп кездеседi.
Пластмассадан және полимерден жасалған бұйымдардың, құрылыс материалдарының өртке ұшырауы, оның зардабын бiрнеше есе ұлғайтады әрi адам өмiрiне үлкен қауiп-қатер туғызады.
Поролон пайдаланылған жұмсақ жиһаз, синтетика кiлем, палас, полимерi бар түсқағаз (обой) едендегі линолеум, пластик жиһаз, полимер ыдыстар, киiмдер, перделер - осының бәрi тез тұтанғыш әрi жанған кезде улы затты газды ерекше бөлетiн бұйымдар болып есептеледi. Жанған кездегi бөлiнетiн газдың құрамына хлор, көмiртегiнiң тотығы, цианистiк қосылыстар, хлорлы сутегi, синильдiк қышқыл, азоттың тотығы сияқты уландыратын заттар кiредi. Полимердiң барлық түрi жанғанда улы газдар бөледi. Жүн жанғанда негiзiнен полиуретаннан гөрi цианидтi көп бөледi. Бiрақ жүн жай тұтанып, полиулетаннан жайырақ жанатындықтан өртке себеп болу жағынан онша қауiптi емес.
Өрт болу қаупiн үй, ғимарат салғанда, әрқашанда ескеру қажет. Құрылыс материалдары жоғарғы температураға төзетiндей, сенiмдi болғаны дұрыс.

2 Өрт кезiндегi тәртiп. Адамдарды көп қабатты үйлерден эвакуация жасаудың әдiстерi

2.1 Өрт байланысы және дабыл беру

Дабыл беру және өрт байланысы өртті автоматты анықтауға, ол туралы өрт сөндіру құрылымындарына дер кезінде хабарлауға арналған.
Оған телефон, радиобайланыс, автоматты және қолмен басқаратын өрт дабыл беру құрылғысы, электр сиренасы, қоңырау, т.б. жатады.
Өртке қауіпті объектілерде өрт хабарлаушы датчиктер орналастырылады. Олар өрт болған кезде сым арқылы (немесе сымсыз) қабылдаушы аппараттарға дабыл береді. Бұл автоматты өрт дабыл беру құрылғысы деп аталады. Автоматты өрт дабыл беру құрылғысы сәулелік және шеңберлі сұлбалар бойынша орналастырылады. Қолданылатын датчиктерге байланысты олар жылулық, түтіндік, күзетілмелі және аралас болып бөлінеді.
Өртке қарсы дабыл беру құрылғылары өртке қарсы және өртке қарсы күзетілмелі болып екіге бөлінеді. Күзетілмелі өртке қарсы дабыл беру құнды заттар сақталатын қоймаларда, адам көп жиналатын ғимараттарда және тұрғын үйлерде кеңінен қолданылады.
Негізгі өрт элементтері мен өрт бақылаушы дабыл беруге өрт хабарлаушы, қабылдағыш станция, байланыс сызығы, қор жинау көздері жатады.
Сигналды өрт жылу құрылғысы СТПУ-1 СТ-5 деп аталатын 5 сәулелік қабылдағыш станциядан және 25 ПТИМ-1 хабарлағыштан тұрады. Станцияға 220 В айналмалы ток беріліп тұрады. Ол -100С мен +350С температурада жұмыс істейді. Ал ауа ылғалдылығы 80 % дейін. Бақыланған аймақ 750 м2 жоғары болмауы керек.
Дабылды түтінді өрт СДПУ-1 құрылғысы өртті анықтауға, автоматты дабыл беруге (ол өрт туралы мәлемет береді) арналған. Ол СДПУ-1 өрт сөндіру құралдарының автоматты қосылуына арналған және әр бір сәулеге параллельді 10 өрт сөндіргіш аралас КИ-1 типті хабар берушілермен ДИ-1 типті түтіндік хабар берушілерге есептелген.
Құрылғы 220 В кернеулі айналмалы токтың келуімен немесе 24 В аккумулятордан қоректенеді. Құрылғы - 100С мен +350С температуралы диапазонда салыстырмалы ылғалдылықтың 80 % -ға жеткеннен кейін жұмыс істейді.
Кешенді СКПУ-1 дабыл беру құрылғы түтін, жылу, ашық өртті анықтауға арналған және СИ-1, КИ-1, ИО-1 инфрақызыл хабарлағышпен хабарлайды. Өртке қарсы дабыл беру көлемі 50 сәуледен тұрады (әр бір блок 10 хабар берушіден құралған). Өнеркәсіп өртті хабарлағыштардан тәуелсіз қабылдағыш аппараттарды шығаруда. Олар хабарлағыштардың күйін автоматты бақылап отырады және сәулелікпен дыбысты дабыл берумен бірге оларды белгіленген жеріне жеткізеді. Өрт хабарлаушы құрылғы хабарлағышпен жұмыс істейді, ол жоғары температураға әсер етеді.

2.2 Өрт сөндіру құралдары туралы түсінік

Өрттiң уақытында өшiрiлуi - негiзiнен, өрт сөндiрушiлердiң дер кезiнде шақыруылуына көп байланысты. Сол сияқты, адамдарды жанып жатқан ғимараттан тез шығарудың да маңызы зор.
Осындай жағдайда келесi мәлiметтерге аса көңiл аудару қажет:
1. Өрт туралы хабарлама беру. Өрттi байқаған сәтте ғимараттағы адамдарға тез хабар беру керек, өрттiң көлемiне, жану қуатына қарамай өрт сөндiрушiлердi 01 телефоны арқылы хабардар еткен жөн. Әдетте өрт туралы хабар телефонмен берiледi. Сондықтан әр отбасы мүшесi телефонның тұрған орнын жақсы бiлгені дұрыс. Өрт сөндiрушiлердiң келу жылдамдығына көп нәрсе байланысты, тез келсе, өрт тез сөндіріліп, оның зардабының көлемі аз болады, қауіпті аймақтардағы адамдарға тез арада көмек көрсетіліп, құтқаруға мүмкіндік туады.
Өрт туралы телефонмен хабар бергенде, келесi тәртiптi сақтаған жөн:
- өрт туралы хабар беру;
- өрт болып жатқан ғимараттың нөмiрiн, қабатын, көшенiң атын анық және дұрыс айту;
- өртке қысқаша сипаттама беру: не жанып жатыр, қай жерде жанып жатыр және т.с.с.
- өрттiң сыртқы көрiнiсiнен хабардар ету;
- адамдарға төнген қауiптiң белгілерінен хабардар ету;
- өрт машинасы қалай кiре алатындығы жайлы айту.
2. Адамдарды құтқаруға әрекет жасау. Өрт сөндiрушiлердi шақырумен қатар оны сөндiруге әрекет ету қажет, ал егер адамдарға тiкелей қауiп төнсе, оларды көшiруге қимыл жасау керек.
Егер өрт ағаштан тұрғызылған ғимаратта басталса, онда өрттiң орнына, көлемiне қарамастан адамдарды жедел эвакуация жасаған жөн. Эвакуация кезiнде сабыр сақтап, әрi дәл қимылдаудың маңызы зор.
Өртте іс-қимыл және құтқару жұмысын сол жердегі беделді, сабырлы адам қлоға алғаны дұрыс.
Бiрiншi кезекте балаларды құтқаруға әрекет жасаған жөн, себебi өрттен қорыққан олар, төсектiң, столдың астына, шкафтың iшiне, көрпеге тығылады, шақырғанда дыбыс бермеуi де мүмкiн. Сондықтан неғұрлым тез арада оларды құтқаруға кiрiседi, сол құрлы тәуір нәтижеге жетуге болады. Өрт болып жатқан баспанадан ересектердi iздестiргенде дауыстап дыбыс берген жөн. Оларды терезенiң, есiктiң, дәлiзден iздеу керек.
Адамдарды мансардтың немесе жоғарғы қабаттан құтқару кезiнде iшкi баспалдақты түтiн басқан болса, онда сол маңайдағы терезелердi сындырып, таза ауаның кiруiне жол беру керек. Түтiн басқа бөлмелерден кiрiп тұрса, онда ол бөлменiң (пәтердің) есiгiн жауып, саңылауларын тығындап тастаған дұрыс.
Егер iшкi баспалдақ өртенiп жатса немесе түтiн қалың болса, онда адамдарды саты қойылған терезе арқылы шығарады. Жанып жатқан жерге ауа кiрмес үшiн, осы жердегi терезе, есiктiң барлығын толық жауып тастайды. Саңлауларды мата, киiм, шүберектерді сулап, тығындап тастаған дұрыс.
Түтiн басқан бөлмелерден, баспалдақтардан еңкейiп не еңбектеп шығады, себебi түтiн көбiне жоғарыға көтерiледi. Қатты түтінденген бөлмелерге кiргенде қабырғаны жағалай жүрiп, жолдағы кездескен заттарды есте сақтап отыру керек.
Түтiнде қалып, тұншыққан адамдарды тапқаннан кейiн, оған алдымен тыныс жүйелерi арқылы уланбас үшiн, ылғал шүберектен байлама жасап беру керек. Осындай ылғал байламаның бiрнешеуiн құтқарушы өзiмен ала жүруі керек.
Құтқару жұмыстары аяқталғанда, ғимараттан адамдар тегiс шығарылды ма, соған көз жеткiзу қажет. Ол үшiн барлық бөлмелердi аралап қарап шыққан дұрыс. Кейбiр уақытта ересек адамдар бағдар жасай алмай, құжаттарын алуға, т.с.с. себептермен отқа қайта кiрiп кетуi мүмкiн. Өрт болып жатқан жерге жедел жәрдем машиналарында шақырған жөн.
3. Заттар мен жан-жануарларды эвакуация жасау. Заттардың құрып кету қаупi туған кезде, оларды өрттен шығара бастауға адамдарды құтқарған соң кiрiседi және бұл iс-әрекет өрт сөндiрушiлердiң жұмысына кесiрiн тигiзбеуi қажет.
Мүлікті құтқаруды басқышты, дәлiздердi кептеп қалуы мүмкiн көлемдi үлкен заттарды шығарудан бастамаған дұрыс. Заттарды шығару өрт сөндiруге де залалын тигiзбегені жөн.
Өрт секілді жүрек ұшырар жағдайды көрген кейбір адамдар есi шығып, көрiнген, қажет емес заттарды шығарып әлекке түседi.
Өтетін жерді бөгеп тастағандықтан заттарды шығаруда, адамдарды құтқаруда, отты сөндіруде айтарлықтай қиындық туғызады. Сондықтан заттардың, жан-жануарлардың эвакуациясын ұйымдасқан түрде жасауға әрекет етуге қам жасау керек.
Өрт сөндіру машиналарының жүріс-тұрысына кесірін тигізбеуі үшін, оттан шығарылған заттар, бұйымдар алысырақ жерлерге жинақталуы керек.
4. Өрттi өшiру. Өрт сөндiру құралдары, онымен жұмыс iстеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрамның және зат қасиеттердің бақылауы мен сигнализациясы
Күзет сигнализациясы жүйесін құру қағидаттары
Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидалары
TrancoJezz ЖШС-де өткен тәжірибе есебі
Ішкі істер органдарының арнайы күзет қызметі туралы
Автотұрақ схемасы
Магистралды мұнай құбырларының сорапты станцияларын автоматты басқару жүйесін құру
Шлагбаумдарға қосылатын шығыстардың типтері
Мұнай қоймасының сипаттамасы
Мұнай эмульсия түрлері
Пәндер