Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан алған әсерім


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Универсиеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Эссе
Тақырыбы: «Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан алған әсерім»
Орындаған: Қуанышбай А. Қ.
1-001 ЖМФ
Тексерген: Нұғман Б. Ғ.
Қарағанды 2016 ж
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан алған әсерім.
Аптаның алғашқы күні - дүйсенбі. Түскі сағат екілер шамасы. Барлығымыз жиналып облыстық мұражайға қарай тарттық.
Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық. Қарағанды облысының тарихымен жақынырақ танысу үшін, әсер алу үшін мұражайға барып барлығын да өз көзімізбен көрмекшіміз.
Жаяулата басып, көңілді әңгімелесіп мұражайға да келіп қалдық. Ғимарат сыртында жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, артқы есігінен кірдік. Мұражай іші кең, әрі жарық, әрі таза. Мұражай қоры өте бай екен. Залдың ортаңғы бөлігінде Қарағанды облысының картасы ілінген, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері де орналастырылған. Мұражай экспозициясы бірнеше тақырыптық залдарға бөлінген. Ең бірінші кірген залымызда Орталық Қазақстанды мекен еткен ежелгі жануарлардың қалдық сүйектері және мүйіздері бар. Сол өңірден табылған қазба байлықтар, химиялық элементтер, сол өңірдің жәндіктері ұсынылған. Екінші бір залында Қарағанды облысын мекендеген құстар мен киелі жануарлар, сүтқоректілердің бірнеше түрлері кездеседі. Енді бір залында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін баяндайтын, соның ішінде көшпелі қазақтың киіз үйдегі тынысын баяндайтын бейне көрініс береді. Киіз үйде кездесетін негізгі жабдықтар, атап айтқанда, құрақ көрпелер, әртүрлі ою-өрнектермен оюланған сандықтар, кебеже, кесеқап түрлері, кілемдер, текемет-тұскиіздер ілініп қойылған.
Менің ерекше қызығушылығымды оятқан, ерте кездегі Қазақстан жерін мекен еткен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін экспонаттар. Жан-жағыңнан қоршаған картинкаларға қарап, әртүрлі ұлттың тыныс-тіршілігіне куә боласың.
Мұражайдың енді бір жерінде көзге таныс, көңілге ыстық, қазақтың ұлттық ер-тұрманы, алдаспан қылыштар, айбалта, ертоқым, сәукеле, қалыңдық көйлегі, қазақ жауынгері қойылған.
Екінші қабатқа көтерілген бойда сақ мәдениетінде болған адамды және оның ең жақын серігі болған «Ер қанаты - ат» дегендей ең жақын серігі атымен ұсынылған. Сақ адамы және оның пырағы алтын әшекейлермен өрнектеліп сәнделген. Археология залында облыс шекарасынан табылған ежелгі адамдардың бас сүйектері және олардың қолданған құрал-саймандары, әшекей-бұйымдары қойылған. Енді бір залында Қарағанды көмір кенінің қалыптасуы мен өндіру тарихы туралы қысқаша көрінісі ұсынылған. Ал ғарыш залында ғарыш станциясының макеті және де Тоқтар Әубәкіровтың фотосуреттері, оның заттары орналасқан. Енді бір келесі залында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі оқиғаларды баяндайтын әртүрлі экспонаттар қойылған.
Қазақстанның, қазақ елінің мемлекет болып қалыптасуына алғышарт болған, қазақ халқының мақтаныштары Алаш зиялылары туралы да кездеседі. Әр қайраткердің өмір жолы туралы оқиғалар, сондай-ақ жер аударылып келгендер тізімі көрсетілген.
Денсаулық саласына арналған зал да кездеседі. Бұл жерде Қарағандыда алғашқы рет адамдарды емдеген емші, тәуіптердің қолданған құралдары, сондай-ақ осы аймақта медицинаның қалыптасуына үлес қосқан, Ресейден көшіп келген Алалыкин отбасы туралы да деректемелер, олар қолданған құралдар бар. Сонымен қатар, Қарағанды өңірінен шыққан, Қазақстан Республикасының мақтаныштарына айналған, әртүрлі спорт жарыстарынан, еліміздің даңқын көкке көтеріп, барлық әлемге танытқан спортшылар туралы да мұражай төрінде орын алып, көрсетілген.
Мұражайды бір сағаттан артық араласақ та, тойымсыз көздерімнің құмары қанбады. Кіріп кетсең әсемдікке жіпсіз байланып, шырмауынан шыға алмайтын тылсым әлем секілді. Әр дәуірдің өзіндік ерекшелітеріне тамсанып, түрлі сезімдерге бөленуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz