Педагогикалық жүйелерді басқарудың принциптері


Жалпы басқару дегеніміз - қойылған мақсатқа сәйкес шешімдер қабылдау, басқару объектісін ұйымдастыру, бақылау, реттеу, нақты ақпаратқа сүйене отырып талдау және қорытынды шығару. Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару субъектісі болып Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, қалалық, аудандық білім бөлімдері табылады.
Жалпы білім беретін мектеп күрделі әлеуметтік жүйе ретінде мектепішілік басқарудың объектісі болып табылады. Мектепішілік басқару - тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қажет нәтижені алуға бағытталған, оның объективтік заңдылықтарын тану негізіндегі мақсатты саналы өзара іс-әрекеті. Процеске қатысушылардың өзара іс-әрекеті кезекпен, өзара байланысқан әрекеттердің немесе функциялардың (педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу) тізбегі ретінде құралады.
Мектепішілік бақылау туралы дәстүрлі түсінік басқару субъектісінің объектіге мақсатты әсер етуі ретінде қалыптасқан. Кейінгі уақытта әсер ету философиясының орнына өзара әсер ету, өзара әрекет, ынтымақтастық философиясы келді. Педагогикалық менеджмент теориясы оны толықтыра түседі. Менеджмент - басқарушының әлеуметтік мәнін, басқару мен менеджерліктің қоғамдағы орнын ерекшелендіріп көрсететін басқарудың жаңа философиясы″ (Ю. А. Конаржевский) .
Қазіргі жүйе дамуының негізгі ерекшелігінің бірі - білім беру жүйесін мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту. Оның негізгі идеясы - білім проблемаларын шешуде мемлекет пен қоғамның күшін біріктіру, мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға оқу процесінің мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін, мектеп типтерін таңдауда еркіндік беру. Білім жүйесінің мемлекеттік сипаты ҚР Конституциясы мен «Білім туралы» Заңында көрсетілген білім саласындағы бірегей мемлекеттік саясаттан көрінеді. Ол мына принциптердің жиынтығы арқылы бекітілген:
- білімнің жалпыға бірдей қолжетімділігі;
- білімнің зайырлық сипаты;
- білімнің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, тұлғаның еркін дамуының басымдығы;
- ұлттық, мәдени және білім кеңістіктерінің бірлігі;
- білім жүйесін басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты.
Білім беру жүйесін басқару органдары сол сияқты мемлекеттік білім стандарттарын құрып, оның сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Басқару жүйесінің қоғамдық сипаты мемлекеттік органдармен қатар құрамына ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар өкілдері кіретін түрлі деңгейдегі қоғамдық органдардың жұмыс істеуінен байқалады. Олардың басқару процесіне қатысуы мектеп ұжымында жағымды психологиялық климат пен шығармашылық жағдай туғызуға себеп болады.
Педагогикалық жүйелерді басқарудың принциптері
Педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен практикасында бірқатар төмендегі негізгі принциптер бөліп көрсетіледі.
1) Педагогикалық жүйелерді басқаруды демократияландыру және ізгілендіру. Ол ең алдымен жариялылық, мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімдігіне байланысты. Әкімшіліктің жүйелі есеп беруі, мұғалімдердің, оқушылардың шешім қабылдауға қатысуы демократияландырудың көріністері болып табылады.
Субъект-субъектілік қатынастардың қалыптасуы, монологтан диалогқа өту - педагогикалық процесті ізгілендірудің нақты формалары болып табылады. Басқаруды ізгілендіру - бұл тұлғаға бағытталу, адамның адамгершілік сапасын құрметтеу және оған сенім білдіру.
2) Басқарудағы жүйелілік пен тұтастық. Мектепті басқарудағы жүйелілік әдіснамасы басқарушыға мектепті жүйе ретінде, оның негізгі белгілерін терең білуге итермелейді. «Жүйе» түсінігі тұтастық, оның жекелеген бөліктерін немесе компоненттерін жіктеу мүмкіндігі туралы ұғым береді. Интегративтік қасиеттердің тұрақтылығы жүйенің тұтастығымен анықталады.
Басқарудағы жүйелілік пен тұтастық сонымен бірге басқарушы мен педагогикалық ұжым іс-әрекетіндегі басқарушылық функциялардың өзара байланысы мен өзара әрекетін білдіреді. Бұл принцип басқару іс-әрекетінің тізбекті, логикалық құрылымды, өзара пайдалы және оның барлық функцияларының тең дәрежеде маңызды екенін көрсетеді.
3) Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді үйлесуі. Мектеп пен педагогика тарихы шектен тыс орталықтандырудың басқаруды әкімшілдікке ұрындыратынын айқын көрсетті. Ол төмен сатыдағылардың инициативасын іске асыруды шектейді, олар (төмен сатыдағы басшылар, мұғалімдер, оқушылар) өздерінің қатысуынсыз қабылданған шешімдердің орындаушысы болып қалады. Сол сияқты біржақты жүргізілген орталықсыздандыру да педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін төмендетеді, басқарудың және басшының ролін төмендетіп, оның талдау және бақылау функцияларын жоғалтуға алып келеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, «демократия ойыны» ұжымның іс-әрекетінде тоқыраулар тудырып, онда түсінбеушіліктер мен қақтығыстар пайда болады, әкімшілік және қоғамдық органдардың қарсы тұруын туындатады.
Сондықтан тек орталықтандыру мен орталықсыздандырудың үйлесуі ғана әкімшілік пен басқа органдардың ұжым мүддесіне сәйкес қызмет етуін қамтамасыз етеді, басқару шешімдерін жоғары кәсіби деңгейде талқылау мен қабылдауға жағдай туғызады, қайталауды болдырмайды және жүйенің құрылымдық бөліктерінің үйлесімділігін көтереді.
4) Басқарудағы бір бастаулық (единоначалие) пен коллегиалдықтың бірлігі принципі. Бұл принципті іске асыру тұтас педагогикалық процесті басқаруда субъективтілікті, авторитаризмді болдырмауға бағытталған. Басқару іс-әрекетінде әріптестердің тәжірибесі мен біліміне сүйену, оларды шешімдер даярлау мен талқылауға бағыттау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, оларды талдау және қажетті шешім қабылдау өте маңызды. Коллегиалдық сонымен бірге ұжымның әр мүшесінің тапсырылған іске жауапкершілігін жоққа шығармайды.
Басқарудағы бір бастаулық (единоначалие) тәртіпті, педпроцеске қатысушылардың міндеттерін нақты бөлуді қамтамасыз етеді. Егер коллегиалдық шешімді даярлау және талқылау, қабылдау сатысында басымдыққа ие болатын болса, онда бір бастаулық оны жүзеге асыруда өте қажет.
5) Білім беру жүйелерін басқарудағы ақпараттың объективтілігі мен толықтығы принципі. Педагогикалық жүйелерді басқарудың тиімділігі көп жағдайда нақты, шыншыл және қажетті ақпараттың болуымен анықталады. Ақпараттың объективтілігі мен толықтығы дәлсіздікке, таңдаудағы, талдаудағы және қорытудағы үстірттікке қарсы тұрады. Дегенмен, ақпараттың көптігі және ретсіздігі оның мүлде жоқтығы тәрізді шешімдер қабылдауда қиындық келтіреді.
Ақпараттық мәліметтер банктерін, оларды оперативті пайдалану технологияларын құру басқару еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуының деңгейін көтереді.
Мектепішілік басқарудың негізгі функциялары
Білім беру жүйесі басшысының басқарушылық мәдениеті мектеп басқарудағы құндылықтар мен технологияларды меңгеруге, жеткізуге және құруға бағытталған басқару іс-әрекеттерінде басқарушы тұлғасының шығармашылық тұрғыдан өзін көрсетуінің тәсілдері мен шараларын айтамыз. Басқару мәдениеттерінің компоненттері - аксиологиялық (басқаруда мәні бар басқару-педагогикалық құндылықтар жиынтығы), технологиялық (педагогикалық процесті басқарудың тәсілдері мен әдістері) және тұлғалық-шығармашылық (педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық акт ретінде қарастыру) .
Оқу мекемесін басқаруды директор мен оның орынбасарлары жүзеге асырады, олардың функциональдық міндеттері, тағайындау немесе сайлау тәртібі мекеме Жарғысына сәйкес жоғары тұрған органдармен келісімде жүзеге асады. Олардың функциональдық міндеттері жалпылама түрде Білім және ғылым министрлігі бекіткен типтік ережелерде көрініс тапқан, соған сәйкес әр мекеме тиісті құжаттар даярлайды.
Жалпы білім беретін мектептерде директордың оқу-тәрбие және тәрбие, шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарлары болады, инновациялық мектептерде сонымен қоса ғылым ісі жөніндегі орынбасар және менеджер-ақпаратшы штаттары болады.
Директор мемлекет және қоғам алдында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау талаптарының орындалысына жауап береді, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, оның барысы мен нәтижесін бақылайды, оқу мекемесінің жұмыс сапасы мен тиімділігіне жауап береді, тиісті мемлекет органдары алдында мекеме атынан сөйлейді, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды жүргізуге қажетті жағдай жасайды, кадр мәселесін шешеді, мекемеге бөлінген қаржыны тиімді пайдалануды ұйымдастырады, мекеменің қаржылық, шаруашылық жағдайына жауап береді.
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары педагогикалық үрдісті ұйымдастыруға, білім бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандарттарының орындалуына жауап береді; оқушылардың білім сапасына, мұғалімдердің әдістемелік жұмыстарына бақылау жасайды; педагогикалық жүктемені бөліп, сабақ кестесін құрады, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады, т. с. с.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тәрбие процесінің жүргізілуіне жауап береді.
Ғылым ісі жөніндегі орынбасар ғылыми жұмыстардың (мұғалімдер мен оқушылардың) жүргізілуіне, инновациялардың енгізілуіне, эксперимент жұмыстарына, ЖОО-мен байланысқа жауап береді.
Директордың басқару іс-әрекетінің тиімділігі көбіне мектеп әкімшілігі мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің нақты көрсетіліп, міндеттер бөлісудің ашықтығынан тәуелді болады. Қажеттілікке байланысты мектеп директоры нұсқаулық немесе оперативті кеңестер өткізеді, жоспарға сәйкес директор жанындағы мәжіліс, педагогикалық кеңестерді жүргізеді.
Тұтас педагогикалық процесті басқарудың бір функциясы - педагогикалық талдау (анализ) . Ол ерекше орын алады: кез келген цикл талдаудан басталып, талдаумен аяқталады. Оның бірнеше түрі бар (Ю. А. Конаржевский, Т. И. Шамова) : параметрлік талдау (білім процесінің барысы мен нәтижелері туралы күнделікті ақпараттарды зерттеуге, оны бұзатын себептерді анықтауға бағытталған), тақырыптық талдау (педагогикалық процестегі тұрақты, қайталанатын тәуелділіктерді, тенденцияларды қарастыру), қорытынды талдау (кең уақыттық, кеңістіктік және мазмұндық шектерді қамтиды, тоқсан, оқу жылының аяғында жүргізіледі) .
Басқарудың келесі функциясы - мақсат қою және жоспарлау. Кез келген педагогикалық жүйені басқару процесі мақсатсыз және жоспарлаусыз жүзеге асырылмайды. Оны жетілдіру педагогикалық жүйенің үздіксіз даму қажеттігіне байланысты.
Басқару іс-әрекетінің мақсаты - жұмыстың жалпы бағытын, мазмұнын, формалары мен әдістерін анықтайтын бастау. Жоспарлау педагогикалық талдау негізінде мақсатқа байланысты шешімдер қабылдау ретінде қызмет етеді, ол перспективалық (бес жылға), жылдық (оқу жылына арналған), ағымдағы (тоқсандық) түрде болуы мүмкін. Олар бір-бірінен шығады.
Жылдық жоспардың мазмұны:
1) өткен оқу жылының қысқаша талдауы;
2) жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру;
3) педұжымның оқыту процесінің сапасын арттыруға бағытталған іс-әрекеті;
4) тәрбиеге байланысты мектептің, жанұяның, қоғамның, еңбек ұжымдарының біріккен жұмысы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz