Өрт қауіпсіздігі. Эвакуациялық жоспарлау және оның бөлімдері



Мазмұны

1. Кіріспе
2. Өрт қауіпсіздігі және өрттің алдын алу шаралары.
3. Эвакуациялық жоспарлау және оның бөлімдері.
4. Белсенді өрт қорғанысы. Өрт шыққанын білгенде.
5. Өрт сөндіру тәсілдері.
6. Қорытынды.
7. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Тілсіз келіп, тұтқиылдан тап беретін жаулардың бірі - өрт. Дүние жүзінде 1 жылдың ішінде 5 миллионнан көп өрт болады. Он мың адам өрттің салдарынан қаза табады. Өрт үлкен материалды шығындпрды қажет етеді. Өрттің себептерін социалдық жағы нақты қадағалайды. Өндірістердің өрт қауіпсіздігі өрт болдырмау системасымен қамтамасыз етілуі керек. Өртті болдырмау системасы мен өрт қауіпсіздігі өрттің қауіпті факторлары адамдарға әсерін тигізбейтіндігін қамтамасыз ету қажет. Адамға әсер ететін өрттің қауіпті формалары мыналар: ашық от және от ұшқын, ауа температурасының көбеюі, газ қышқылының концентрациясының төмендеуі,түтін, т.б.
Өрт- бұл арнайы жасалмаған, материалдық шығындарымен қатар жүретін, кейде адам өлімі болуы мүмкін, бақылана алмайтын ощақ көзі.Өрт - бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.
Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.
Өрт факторларының әрекеттері.
Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:
-жанғыш заттың отқа тікелей әсері;
-сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері;
-жану зонасында иісті газбен улану;
-жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;
-құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.

Өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіпсіздігі - бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы - бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.
Өрттің алдын алу шаралары:
1. Құрылыстық-жобалау;
2. Техникалық;,
3. Ұйымдастырушылық;
Құрылыстық-жобалау шаралары - ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз - бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялауүшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.
Техникалық шаралары:
өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;
әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралар - құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіре

Эвакуациялық жоспарлау және оның бөлімдері

Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) қабатта бір мезгілде 10-нан астам адам болған кезде өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуциялау жоспарлары әзірленеді. Эвакуациялау жоспарлары графикалық және мәтіндік бөлімдерден тұрады.
Графикалық бөлім ғимаратты немесе құрылысты эвакуациялық шығу жолдарын (саты торларын, сыртқы ашық сатыларды, тікелей сыртқа шығу жолдарын), көрермендер мен қызмет көрсетуші персоналдың қозғалыс маршруттарын, сондай-ақ қол өрт хабарлағыштары түймелерінің, телефон аппараттарының, өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіру крандарының, өрт сөндіргіштердің) орналасқан орындарын көрсете отырып, әр қабатты (әр секторды) жоспарлауды қамтиды.
Мәтіндік бөлімде адамдарды эвакуациялаудың тәртібі мен реті, қызмет көрсетуші персоналдың міндеттері, сондай-ақ жарыстарға немесе мәдени ойын-сауық іс-шараларына өрт туралы хабарлау және адамдарын эвакуациялық шығу жолдарына қозғалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі күштерін жұмылдыру жазылады. Эвакуациялау жоспарын әзірлегенде өрттің пайда болуы аса ықтимал жерлерге, оның дамуы ықтимал сипатына, құрылыстың көрермендермен толықтығына және жарыстар мен мәдени-сауықтыру іс-шараларын жүргізу үшін жұмылдырылған қосымша күштердің болуына қарай адамдарды эвакуациялаудың бірнеше (3-5) түрі көзделеді. Эвакуациялау жоспарларының мәтіндік бөлімде әрбір нұсқа бойынша мыналар: өрт туралы адамдарға хабарлау жүйесін ұйымдастыру (эвакуациялау қажеттілігі, хабарландыру аймағы мен хабарландыру әдістері, хабарландыру құрамы туралы кім шешім қабылдайды); қызмет көрсету персоналының тұлғалар санын, сондай-ақ эвакуациялауға жұмылдырылған қосымша күштерді (оларды жинау тәртібі, жинау орындары, аймақтар мен секторлар бойынша жауаптылар, жинау дабылдары); эвакуациялау жолдары (олардың ұзақтылығы мен бағыты, эвакуациялау жолына жауаптылар, эвакуация кезінде қозғалыс тәртібі, қызмет көрсету персоналының және эвакуациялау үрдісіне қатысудағы қосымша күштердің міндеттері); эвакуациялау жолының соңғы пункттері (эвакуацияланғандарды бөліп жайғастыру тәртібі, қажет болса, оларға медициналық қызмет көрсету); көрермендерді эвакуациялау үшін қосалқы шығу орындарын қолдану, арнайы жабдықты қолдану мүмкіндігі, сондай-ақ эвакуациялауды ұйымдастыруға және оны ойдағыдай өткізуге арналған әртүрлі техника мен инженерлік жүйелерді (түтін жою жүйесін, автоматты өрт сөндіру қондырғыларын, ішкі телефон және радио байланысын) қолдану көзделеді. Жоспардың графикалық бөлімінде эвакуациялауда адамдардың қозғалу жолдары эвакуациялық шығу бағытына қарай көрсеткіштері бар жасыл түсті тұтас сызықпен) көрсетіледі. Құрылыс ішінде адамдар жаппай жиналған болса, жоспарларда бұл аймақтарды эвакуациялау бағыттары көрсетілген, түрлі түсті реңктермен белгіленген эвакуациялық жолдарды қарастыру керек.
Эвакуациялау жоспарында қосалқы эвакуациялау жолдары (жасыл түсті ирек жолмен) көрсетіледі. Эвакуациялау жоспары (графикалық және мәтіндік бөлімдері) көрнекті рәсімделіп, өрт сөндіру бекеттері мен қызмет көрсету персоналының тәулік бойы кезекшілігі бар басқа да үй-жайда, сондай-ақ объекттің басшылығында көзге көрінетін жерде тұрады.
Графикалық бөлімдегі белгілердің толық жазылуы эвакуациялау жоспарының астында мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі. Жалпы құрылыс үшін жалпы эвакуациялау жоспарынан басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эвакуациялық жолдар мен шығулар
Көп қабатты үйлердегі өрт қауіпсіздігі
Апаттар кезінде халықты емдеу-көшіруді, жайғастыруды қамтамасыз ету
Электр құрылғыларын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары
Азаматтық қорғаныстың ұлт қауіпсіздігіндегі рөлі
Сауда орталығындағы өртті сөндіруді ұйымдастыру және өрт сөндіру тактикасын қолдану
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
Эвакуациялау жолдарына қойылатын өртке қарсы талаптар
Ток шектейтін реакторлардың түрлері
Пәндер