Сұйық ортада жасушаларды қолдан өсіру



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Сұйық ортада жасушаларды қолдан өсіру
2.2 Суспензионды жасушаларды алу.
2.3Өсірілген жасушалардың әртектілігі.
2.4 Суспензионды жасушаларды алу
2.5Каллустың түзілуі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Каллюс, каллус (лат. callus - жуан тері, құс) - меристемадағы тірі жасушалардың бөліну мен өсу жолы арқылы пайда болған өсімдіктің сыртқы қабатының дөмбікшіген ұлпасы. Өсімдіктің кез келген мүшесінде өсіп шыға алады. Каллюс деп құс басқан дене мен елеуіш тәрізді түтікшелерді айтады.
Каллус - дифференцияланбаған жасушалардың жинақталып ұлпа түзілуі.Каллус (лат. Callus - тірі тері, мозоль) - өсімдікте жарақаттанудың нәтижесінде пайда болған ұлпаның түрі. Ол жараның орнын қорғайды және қоректік заттар жиналып арнайы қорғаныш қабатын түзеді немесе жараланған мүше қайтадан түзіледі.
Каллусты алу және оны қолдан өсіру. Каллус - жасушаның қалыптаспаған пролиферациясынан пайда болған ұлпа. Пролиферация - жасушаның және ұлпаның бөлінуінен пайда болған жаңа түзілімдер. Каллус (лат. callus - тірі тері, мозоль) - өсімдікте жарақаттанудың нәтижесінде пайда болған ұлпаның ерекше түрі. Ол жараның орнын қорғайды және қоректік заттар жиналып арнайы қорғаныш қабаты түіледі немесе жараланған мүше қайтадан қалыптасады. Мұндай жасушалар ұлпалар мен жасушаларды қолдан өсіру барысында да пайда болады. in vitro каллусының түзілуі және өсуі ауксин мен цитокининмен реттеледі. Каллусты алу және оның ары қарай өсуі стерилбдікті талап етеді. Жақсылап жуылған өсімдік материалы құрамында белсенді хлор (кальций мен натрий гипохлориті, хлорамин, хлорлы әк), сынап (сулема, диоцид), сутегі диоксид, этанол бар әртүрлі заттармен стерилденеді. Осындай мақсатта бромды, күкірт қышқылын, фенолды және ерекше жағдайларда антибиотиктерді сирек қолданады.
Өсімдік клеткаларын қолдан өсіру.Өсімдіктің жеке мүшелерін асептикалық жағдайда жасанд қоректік ортада өсіру.Өсімдік ұлпасының стерилденген кішкене бөлшегін Петри табақшасының немесе пробиканың ішіне агарлы қоректік ортаға орналастырады. Содан кейін ұлпада жасушалар белсенді түрде бөліне бастайды. Жасушалық түзілім тез өсіп каллус түзеді.

2.1Сұйық ортада жасушаларды қолдан өсіру. Сұйық ортада қолдан өсірілген өсімдік жасушысын суспензионды культура деп атайды. Жасушаларды белгілі бір өлшемде сақтау үшін оларды әртүрлі аппараттармен араластырып тұрады. Жасушалардың аэрациямен қамтамасыз етілуі ортаны араластырудың немесе шайқалуының немесе сұйық ортаның таза ауамен желдетуінің әсерінен болуы мүмкін. Жеке эксперименттерде жасушаларды инкубациялау үнемі қоректік ортамен қамтамасыз етіліп тұрмайды, керісінше сұйық ортамен және ауамен біртіндеп қана қарым-қатынас орнатады. Мұндай жағдайда газ алмасу жақсарады.
2.2Суспензионды жасушаларды алу. Әдетте суспензионды жасушаны алу үшін каллусты ұлпалар қолданылады. Сұйық ортаға орналастырылған эксплантты өсімдікті алу мүмкін (мысалы, пыльниктерді). Экплант бетінде пайда болған каллусты жасушалар бөліне алады және ортаға өтіп суспезияның басталуына негіз болады. Бірақ бұл ұзақ әрі нәтижесі төмен процесс. Кейбір зерттеулер үшін қажет жасушаларды ферментті мацерация тәсілімен алады, мысалы: жапырақ мезофилінен, бірақ мұндай суспензияны ұзақ уақыт бойы сақтап қалу мүмкін емес. :: Сұйық ортадағы каллусты ұлпалардың бөліктері араластырудың әсерінен жасушаларға және жасушалық агрегаттарға ыдырап алғашқы суспензияны түзеді. Каллустың ірі қалдықтары мен ірі жасуша агрегаттарынан құтылу үшін 1 -2 қабат марлы немесе нейлон қолданып сүзеді немесе суспензияны тұндыру арқылы алады. Жасушалардың диссоциясына қоректік ортаның құрамы, аэрация және суспензияны араластыруда әсер етеді. Ешқандай әрекеттерге қарамастан суспензия ешқашан жалғыз жасушалардан тұратын бір түрде ғана болмайды.
2.3Өсірілген жасушалардың әртектілігі. Өсірілетін жасушалардың негізгі түрі каллус жасушалары. Каллустық ұлпалар өсу циклінде бөлінуден кейін жасушаға тән онтогенезге өтеді, яғни өсе бастайды, содан кейін ескі каллустық жасушалар сияқты дифференциалданады, қартаяды, тіршілігін жояды. Өсіп келе жатқан каллуста барлық жасушалар бөлінбейді, бұл қою тығыз цитоплазмасы бар және вакуольсіз меристема жасушаларына ұқсас болады. Өсіру жағдайына байланысты популяциядағы жасушалар қатынасы өзгеріп отырады. Мысалы, каллусты жаңа қоректік ортаға жиі көшіріп отырса, олардың ішінде қарқынды бөлінетін майда жасушалар әрдайым басым болады. Каллустық жасушалардың морфологиялық жағынан, биохимиялық құрамы бойынша, физиологиялық жағдайы және генетикалық жағынан айырмашылықтары болады. Каллустық жасушалардық өткен ұлпаның жасушаларынан өлшемі мен пішіні жағынан ерекшеліктері болады, бұларда ядроның саны мен пішіні өзгереді. Ескі каллустық жасушалар ірі болады (500 -1000 мкм), ал жасушалар үсақ болады (15 -30 мкм). Қоректік ортада цитокинин болмаса жасушалардың көлемі ұлғаяды. Жасушалар мен ядролардың қалпы мен көлемдерінің өзгеруі көбінесе плоидтылықтық (хромосомалар саны) өсуіне байланысты. Жасушаларды ұзақ өсіргенде олардың плоидтылығы ұдайы арта береді.
Физиология жағынан жасушалардың әртектілігі олардың ртүрлі физиологиялық күйінде болуына (яғни бөліну, өсу, қартаю, құру) байланысты. Мұндай жасуша популяциясы асинхронды деп аталады. Популяцияны синхронды болғызу, яғги барлық жасушалардың жасуша циклінің бір кезеңінде болуы тіпті мүмкін емес. Себебі, бөлінетін жасушалардың саны 2 -4% амасында болады. бөлінетін жасушалардың санын көбейту жолдары бар. Мысалы, бөлінуді тоқтататын қолайсыз жағдайлар (температура, қоректік ортадан маңызды затарды шығарып тастау) бөлінуге дайын тұрған жасушалардың санын белгілі дәрежеде арттыруға мүмкіндік туғызады. Жасуша циклінің кезеңдерін тежейтін кейбір химиялық заттар да популяцияны синхрондандыруға тиімді келеді. Ең жақсы дегенде, жасушалардың 10 -30% синхрондануы мүмкін, бірақ тез уақытта ол тағы да төмендейді. Бұл жерде мынаны атап өту қажет. Сұйық ортада өсірген жасушалардың физиологиялық айырмашылықтары азырақ болады. себебі, үзбей араластырып тұрған сұйық ортада қоректену жағдайы, аэрациясы және уытты заттардың әкетілуі барлық жасушаларға бірдей болады
In vitro термині (лат.- шыныда, әйнекте) стерильді жасанды
қоршаған ортада өтетін процестердің жағдайларын сипаттау
үшін қолданылады. In vivo (лат. - тіршілікте)организмнің тіршілік процестерінің табиғи ортада өтуі.
Өсімдік-регенерант - асептикалық түрде алынған, тамыры мен өркені қалыптасқан өсімдік, демек in vitro.
Тотипатенттілік (лат. totus - барлық, тұтас, potential - күш) - тұтас организмге дейін дамуын қамтамасыз ететін өзіне тән генетикалық ақпаратты сақтап, үйлестіретін жасушаның қасиеті. Әмбебап тотипатенттілік қасиетке өсімдіктің және жануардың ұрықтанған жұмыртқа жасушасы ие. Ал сомалық жасушалардан тотипатенттілік қасиетке тек қана өсімдік жасушалары ғана ие. Қолдан өсірілеті жануарлар жасушасы тотипатенттілік қасиеттен айырылған. Тотипатенттік қасиет - жасандыжағдайда клетканың өзіне тән
генетикалық информациясын толығымен жүзеге асыруы, соның арқасында дифференциялану процесін және тұтас организмнің дамуын қамтамасыз етуі.
Қызметтік мамандануына байланысты өсімдік ұлпалары мен жасушалары арасындағы физиологиялық және құрылымдық ерекшеліктердің пайда болуы дифференциация процесі деп аталады. Дифференциация ұғымы эмбриондық және меристемалық жасушалардың маманданған жасушаларға айналуын көрсетеді.
Қоректік ортаның құрамы
Минералды тұздар, көмірсулар, витамиңдер, фитогормондар, амин қышкылдары кіреді Көмірсутегі ретінде сахароза немесе глюкоза косылады. Азот коректік ортаға нитрат немесе аммоний түрінде косылады, фосфор - фосфат түрінде, күкірт - сульфат түрінде, темір - хелат немесе әр түрлі түздар түрінде қосылады.
Суспензионды культура
Сұйық ортада қолдан өсірілген өсімдік жасушысын- суспензионды культура деп атайды. Жасушалардың суспензионды культурасы салыстырмалы гомогенді жасушалық популяция болып табылады
Фитогормондар әсері
Өсімдіктер гормондары -- өсімдіктермен өндірілетін және реттеуші функцияларды атқаратын төмен молекулалы органикалық заттар. Ауксиндер - өсімдіктің сабағы мен дәнінің өсуін, күн сәулесі мол жерге бағыттала өсуін, гравитропизм бойынша тамырлардың төменге бағыттала өсуін қадағалайды. Цитокининдер - өсімдіктердің жасушаларының бөлінуі мен басқа физиологиялық процестерге жауап береді. Олар жасушалардың көбеюін, сабақ пен тамырдың морфогенезін, хлоропласттардың пайда болуын реттейді, жасушалардың ретті өсуін, жанама сабақтар мен тамырлардың дамуына жауап береді. Гиббереллиндер - дитерпендік табиғаты бар фитогормондардың тобы. Олар гипокатильдің ұзарып өсуі, гүлдену дәндерінің өсуі мен әртүрлі морфогенетикалық процестерге жауап береді. Кинетин - каллустан жапырақ пен тамырдың пайда болуын қамтамасыз етеді. In vitro жағдайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биотехнологияның мақсаты мен міндеттері
Жасушаларды өсіру жүйелері туралы
Жасанды коректік ортада өсетін жасушалардың биологиясы жайлы ақпарат
Клеткалық селекция және әдістері
Жасанды қоректік ортада өсетін жасушалардың биологиясы туралы мәлімет
Өсімдік жасушаларын өсірудің қысқаша тарихы
Клеткалық инженерия мәселелері
Клеткалық инженерия әдістері
Өсімдік жасушаларын биосинтездік өнеркәсіпте пайдалану жайлы ақпарат
Жануарлар жасушасын культивирлеу
Пәндер