Вирус .Вирустардың табиғатта тіршілік етуі



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Вирустар дегеніміз не
1.1Вирустардың табиғатта тіршілік етуі
1.2Вирустардың негізгі ерекшеліктері
2.Вирустардың құрылысы
2.1Вирустардың маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Оларды 1892 жылы Д. И. Ивановский ашқан болатын. Ол зақымдалған темекінің жапырақтарын әбден езіп, әдеттегі бактериялар өтпейтін сүзгіден өткізгенде оның сүзіндімен бірге кететінін байкады. Өсы сүзіндіні сау темекіге жүқтырса, қайтадан ауруға шалдығатыны анықталдь Бұл организмдерді Д. И. Ивановский латынша вирустар, яғни у деп атады Қазір бірнеше мық есе ұлғайтып көрсететін микроскоптардың құрастырылуы вирустарды же;те зерттеуге мүмкіндік туғыздыл. Олардың 200-ден астам түрлері анықталды.Сондықтан вирустар микробиологияда жеке класс ретінде қарастырылады, сөйтіп оларды вирусология ғылымы зерттейді
Вирустарда ядро, цитоплазма, клетка қабығы өз ара жекеленбеген Олардың мөлшері 10-нан 350 т(і-ға дейін барады. Мәселен, аусыл вирусының шамасы -- 10 т\і, құтыру вирусы -- 100 -- 150 т\і, темекі мозаикасы -- 15 т\і болады.
Вирустардың негізгі қасиеттері олардың микробтардан да өте ұсақтығы; соның салдарынан бактериялар өтпейтін арнаулы сүзгілерден өтетіндігі; лабораторияда қолдан жасалған қоректік орталарда өсіп дамымайтындығы; тек тірі клеткада ғана тіршілік ететіндігі; түрлі тірі немеое структурасы алдын ала бұзылып, ұнтақталған тканьдерде, тауық жүмыртқасында өніп-өсе алатын қабілеттілігі; кейбір вирустардың кристалл түзетін де қасиеті бар^
Вирустар тіршілік жағдайларына сәйкес езгергіш келеді.Олардың осы қасиетін ескере отырып, қазіргі кезде аса тиімді шипалық қасиеті бар вакциналарды жасайды.
Төменгі температурада вирустар тіршілігін жоймайды. Ал температура +55 -- 60°-қа кетерілгенде олардың кейбіреулері бір сағаттың ішінде, ал кепшілігі -90о-та қырылып бітеді. Вирустар қүрғатуға да төзімді, олардың тіршілігі жойылмайды. Ультракүлгін сәулелер де бүларға күшті әсер етеді. Көптеген химиялық заттар: этил, метил спирттері, эфир және хлороформ, вирустарды қырып жібереді. Мәселен,'құтырма вирусына формалин, сулема және карбол қыиғқылымен әсер еткенде олар тез өледі. Қазіргі кезде ғылым вирустарды одан әрі зерттеуде.

Вирус дегеніміз не?
Вирус (лат. vīrus - у) - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.
1.1Вирустардың табиғатта тіршілік етуі
Табиғатта вирустар бірнеше жағдайда тіршілік етеді.
1. Клеткалардың ішінде кездесетін вегетациялық немесе көбею түрлері. Мұндай вирустарға вирус -- клетка кешені деген синоним қолданылады.
2. Клетканың сыртындағы көбеймей, жай тұрған түрі. Бұл жағдайда вирион деген ұғым қолданылады. Вирустар тек қана клетка ішінде өсіп жетілетін арамтамақтар және бір иеден екінші иеге ауысып отырады. Вирустар тек клетка ішінде ғана өсіп-өнеді.
Вирустардың тек клеткада ғана өсетін себебі не?
Себебі вирустардың құрамы өте қарапайым: нуклеин қышқылы, белок, қант және май, тек кейбір күрделі вирустардың ғана ферменттері болады.
Осындай құрамы қарапайым вирустар көбею үшін клетканың материалдарын пайдалануға мәжбүр болады. Олар: рибосомалар, клетка мембранасы, ферменттер, энергия тудыратын жүйелер. Вирустарда ядро да, клеткаға тән заттар да жоқ. Дегенмен, вирустардың көбеюіне әсер ететін клетканың заттары қажет. Бұл жағдай қарақшылар басып алған кеме секілді. Өйткені, вирустар өз дегенін істету үшін байланыс органдарын қолына алып өз үкімін жүргізеді.
Демек, вирустар өздеріне қоректі заттарды өздері құрамай тек қана нұсқау арқылы торшаны өзіне бағындырып, жұмыс істетеді. Ол нұсқауды вирустың нуклеин қышқылы береді. Вирустар табиғаттағы барлық жаны бар заттардан ерекше болады.
1.2Вирустардың негізгі ерекшеліктері
Вирустардың негізгі ерекшеліктері
1. Вирустың қүрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ (рибонуклеин қышқылы) немесе ДНҚ (дезо-ксирибонуклеин қышқылы). Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді. Ең негізгісі РНҚ-лы бар вирустардың барлық генетикалық ақпараты осы РНҚ-да. Мұндай жағдай биологияда тіпті де кездеспейді.
2. Вирустар тек клетка ішінде ғана тіршілік ететін арамтамақтар, демек тек клетка ішінде ғана көбейеді.
3. Вирустардың көбею ерекшеліктерін дисьюнктивтік түрге жатқызады. Себебі барлық жанды дүние екіге бөліну, бүршіктену, спора арқылы көбейсе, вирустардың өсіп-өнуі одан да ерекше.
Вирустар клетка ішінде болады да жоғалып кетеді. Себебі вирус бөлшектерін, серологиялық не микроскоп әдістері арқылы клетка ішінен кездестіре алмаймыз, клетка ішінде белок пен нуклеин қышқылына бөлініп кетеді. Ал болашақ вирустың компоненттері клетканың әр жерінде пайда болады: нуклеин қышқылы -- ядрода, цитоплазмада, белоктары -- цитоплазмада, содан кейін барып вириондар кұралады.
Күрделі вирустардың өсіп-жетілуі бұдан көп ерекше. Олар уақыт және кеңістікте бірнеше сатыға бөлінеді. Себебі олардың, көбеюі де бірнеше сатыдан тұрады.
4. Вирустардың белок құрайтын жүйесі -- рибосомдары жоқ. Демек вирустар өздері белок құрай алмайды.
5. Вирустар -- генетикалық деңгейдегі арамтамақтар. Вирустар жасанды орталарда (ЕПА, ЕПС) өспейді. Себебі оларда ассимиляция, диссимиляция, тыныс алу деген жоқ, қоректенбейді, ештеңе бөлмейді. Вирустардың көбеюі үшін тек қана тірі клетка керек, тек клетканың ішінде ғана, клетка материалдарын пайдаланып қана көбейе алады. Вирустар өзінің геномымен (РНҚ не ДНҚ) клетка геномына әсер етіп белгілі бір байланысқа түседі. Осылайша клетка бірге жұмыс істейтін күйге түседі, мысалы, рак ауруының вирустары. Осының салдарынан торшаның өлуі де мүмкін, себебі торша геномы зақымдалады, сондықтан торшалық РНҚ-лы құралмай, вирус геномы рибосомға еніп, оны жеңіп шығуы мүмкін.
Осындай зақымға ұшыраған клеткаларда вирустар көбейе бастайды. Демек вирустар клетканың генетикалық аппаратына өз дегенін істетіп көндіреді.
6. Вирустардың ендігі бір ерекшелігі ол өте ұсақ. Олар нанометрмен өлшенеді. 1 нм -- метрдің миллиардтан бір бөлігі 11000000000 м. Демек 1 метрде -- 1 000 000 000 нм, ал 1 мм -- 1 000 000 нм, 1 мкм -- 1 000 нм, 1 нм -- 10 А°.
Мысалы, ең ірі деген шешек ауруы вирусының мөлшері жөнінен бактерияға жақындайды. Үлкендігі 250 -- 350 нм. Ең кіші вирустың ірілігі (мысалы, аусыл ауруын қоздыратын вирус) 20 -- 30 нм. Осындай өте ұсақ вирусты тек электрондық микроскоппен ғана көруге болады. Себебі ондай микроскоп 200000 -- 500000, не 1 -- 2 млн рет үлкейтіп көрсетеді. Вирустардың осындай ұсақ болуына байланысты оларды зерттеу үшін сүзгіден өткізу тәсілдері қолданылады. Сондықтан да уақытында Сүзгіден өтетін вирус деген ұғым пайда болды. Қазіргі кезде Вирус деген ұғым ғана қолданылады.
7. Вирустардың тағы бір ерекшелігі -- олар кристалл ретінде де кездеседі. Мұндай қасиет тек өлі дүниеде ғана болады (минералдарда). Темекі жапырақтарының ауруын қоздыратын вирусты кристалл түріндегі вирусты американдық ғалым -- биохимик, вирусолог Уэнделл Стенли алған еді. Оған сол еңбегі үшін Нобель сыйлығы берілді.
1955 жылы полиомиелит (балалардың сал ауруы) вирусының кристалл түрі алынды. Вирустардың кристалл түрін жай микроскоппен де көруге болады. Бір кристалда бірнеше миллион вирус болады. Кристалдар оншақты жыл бойы сақталуы мүмкін. Дегенмен кез келген уақытта олардың өсіп-өніп миллиондап көбейіп кетуі де мүмкін.
8. Вирустардың кейбір түрлері торша ішінде денешіктер, қосылыстар ретінде кездесуі мүмкін және олар торшада өздері өсіп көбейген жерде ғана болады. Мысалы: құтырық жұқтыратын вирус -- цитоплазмада, аденовирустар -- ядрода болады.
Вирустардың тағы бір айта кететін ерекше қасиеті бар -- ол тек белгілі органдар клеткаларында және клетка ішіндегі органеллаларда өніп-өседі. Демек, вирустар клетка ішіндегі ядрода, ядрошықтар мен рибосомдарда, митохондрияларда кездеседі.
Осы айтқандардан нендей шешімге келуге болады? Вирус дегендер қандай заттар? Оларды тірі организмге жатқызуға бола ма немесе олардың табиғаты қандай?
Вирустардың пайда болу табиғаты
Вирустарды жай, майда торша ретінде қарауға болмайды. Вирустар -- клеткаға дейін пайда болған нәрселер. Оларды организм ретінде де қарауға болмайды. Себебі организм дегеніміз (А. Львовтың айтуы бойынша) -- өзімен-өзі байланысып жатқан кейбір ерекше құрамдар мен қозғалыстар. Мысалы, ит -- жүгіреді, үреді, тірі; құрбақа -- секіреді, құрылдайды, тірі. Олардың денесі өзара байланысқан құрама қозғалыстардан тұрады. Бұл -- организмдер. Бір торшадан тұратын қарапайымдылар (амебалар) -- организмге жатады, ал торша ішіндегі органеллалар (хромосомдар, митохондриялар) организмге жатпайды. Себебі олар өздігінше тіршілік ете алмайды. Демек, вирустарды организм деуге болмайды. Өйткені, олар өздігінен тіршілік етпейді, олардың өсіп-өнуіне торша керек. Сонда вирустарды қайда жатқызуға болады: жануарлар әлеміне ме немесе жансыздар әлеміне ме?
Вирустардың табиғаты ерекше. Оларда әрі тірі жануар дүниесінің қасиеттері бар, яғни көбейеді, нәсілдік және өзгеру ерекшеліктері тағы бар. Ал сонымен бірге вирустарда тірі жандар дүниесінде жоқ қасиеттер де кездеседі: вирустардың кристалл ретінде болуы, кебеюінің ерекшеліктері (дисьюнктивті түрі), нуклеин қышқылының бір түрінің ғана кездесуі. Тіпті вирустар қоректенбейді, қозғалмайды, тыныс алмайды, ештеңе бөлмейді. Осының бәрі вирустардың өлі және тірі дүние арасында тұратынын дәлелдейді. Вирустарды тірі дүниеге жатқызуға 1915-1917 жылдардағы бактериофагтың -- бактериялар вирусының ашылуы әсер етті (ағылшын ғалымы бактериолог Туорт пен канадалық микробиолог Д'Эррель).
Демек бактерия клеткасының ішінде тіршілік ететін тірі арамтамақ бар екені дәлелденді. Содан соң да көптеген деректер белгілі болды. Сөйтіп, вирус қоздыратын темекі ауруының бар екені, бактерияны құртатын бактериофаттың ашылуы, адам және жануарлар дүниесіндегі жұқпалы аурулардың қоздырушылары -- вирустармен байланысты екені анықталды.
Вирустарды өсімдіктер вирустары; жануарлар вирустары; бактериялар вирустары -- деп үш топқа бөлуге болады.
Осы вирустардың бәрін бір категорияға жинап, Урга әлемі деп атауға болады. Себебі олардың планетада алатын орны ерекше. Демек, вирустар организмдер емес, тіршіліктің ерекше бір түрі және олар жер бетіндегі органикалық дүниенің эволюция заңына бағынады.
2.Вирустардың құрылысы
Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.
У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.
Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі - басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал құйрығының ұзындығы 20-22 нм-ге тең. Құйрығының ұшы - нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.
Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д'Эрелль (Ф. д'Эрелль) байқаған.
Вириондардың икосаэдрикалық құрылымы
А. Липидты қабықшасы жоқ вирус (мысалы, пикорнавирустар).
B. Қабыұшасы бар вирусвирус(мысалы, герпесвирустар).
Белгілер: (1) капсид, (2) геномнды нуклеин қышқылы, (3) капсомер, (4) нуклеокапсид, (5) вирион, (6) липидты қабықша, (7) қабықшаның мембраналық ақуыздары.
Зерттеушілер осындай көзге көрінбейтін бактериялардың паразитін егжей-тегжей зерттеп жазды да, оларды бактерия жеушілер немесе жалмаушылар деп атады.
Бұдан кейінгі зерттеушілер басқа бактерияларды ерітіп жіберетін табиғатта көптеген бактериофагтардың бар екендігін анықтаған болатын. Олар ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жоймай, пайдалы түрлерін де жояды. Бактериофагтар өндіріске, тамақ өнеркәсібіне және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың жалпы қасиеттері
Вирустар
«Микробиология және вирусология» пәні бойынша дәрістер жинағы
Вирустар, бактериялар және мтднқ геномдары. днқ-лы вирустар және рнқ-лы вирустар
ДНҚ және РНҚ вирустар
Вирустардың органимге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Вирус
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары туралы ақпарат
Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Табиғатта және адамның іс-әрекетінде өсімдік ауру қоздырғыштарының (фитопатогендердің) маңызы
Пәндер