Антигендер



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Антигендер дегеніміз не?
1.1 Антигендердің жіктелуі және қасиеттері
1.2 Антигендердің жүру жолдары
2. Антигендердің түрлері
2.1 Шынайы аутоантигендер
2.2 Патологиялық, немесе екіншілік, аутоантигендер
2.3 Кешендік вирусөндіруші антигендер
2.4Адамның иммунды патологиясында маңызды рөл ақаратындар айқаса әрекеттесстін және кешендік антигендер.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Антигендер -- адам және жануарлар ағзасына түскенде иммундық реакция шақыратын заттар. Олар бөтен ерекшелігі бар биополимерлер немесе олардың жасанды түрлері (аналогтары). Антигенге қарсы ағзада арнайы антидене түзіліп немесе лимфоциттердің сенсибилизациясы болып, айрықша клондары арқылы иммундық реакция жүреді.
Антигеннің үстінде арнайы иммунологиялық реакцияға түсіп, антиденемен байланысатын белсенді орталығы детерминант деп аталады. Иммундық жауабының ерекшелігі детерминантқа байланысты.
Антигендер (antigen; көне грекше: anti -- карсы; көне грекше: genesis -- шығу тегі) - организмге әртүрлі жолдармен енген және оган қарсы жүретін иммундық реакциялар нәтижесінде адам мен жануарлар денелерінде қарсыденелер (антиденелер) түзілетін, табиғаты организмге жат ірі молекулалы протеиндік заттар және полисахаридтер; қанға еніп, ерекше антиденелерді қалыптастыруға қабілеті бар полисахаридті немесе ақуызды заттар. Барлық ақуыздарда өте ауыр дерттен қорғау қасиеті бар. Мысалға адам жұқпалы арулардың қоздырғышымен залалданғанда адам ағзасында оны осы ауру қоздырғыштарынан қорғайтын антиденелер түзіледі.
Антигендер -- гендеp жағынан ерекше бөлек немесе олардың жасанды түрлері. Организмде арнайы иммундық (антидене, немесе әсерленген лимфоцит клеткаларын жасау) жауап туғыза алады. Антигендік қасиет барлық тірі организмдердің макромолекулаларына -- белоктарға, полисахаридтерге, карбогидраттарға, липополисахаридтерге (табиғи антигендер) және бір қатар күрделі жасанды полимерлерге (жасанды антигендер) тән. Барлық табиғи Антигендер белгілі бір б и о л о- гиялық түрге тән, ал өзара олар тәнсіз, яғни әр түрге тән. Физико-химиялық қасиеттеріне қарай олар кор пускулдық (мысалы бактериялар), ерігіштік (мысалы токсиндер мен ферментер) болып бөлінеді. Антигендер қүрамында әрдайым иммундық жауаптың тәндігіне жауапкер детерминанттар болады. Бұл жауапкершілік Т-лимфоциттердің рецепторларына жабысу және қорғаныс жауаптарын тұрақтандырумен байланысты. Көпшілік Антигендер құрамында бірнеше тәнді және тәнсіз детерминанттар болады, сөйтіп олар к ө п немесе бір валентті бола алады. Егер мұндай антигендердің құрамында бөтен заттар болмаса, оларды д а р а Антигендер деп атайды. Антигендердің иммундық жауап туғызуын күшейту үшін оларды кейде минерал майына немесе басқа бір инертті қосымша әсерсіз заттарға қосады (депанентті Антигендер) Антигендердің тағы бір түрі -- белгілі (енді) Антигендер.
Антигендер қасиеттері
Иммуногендігі -- антигеннің иммундық жауап шақыратын қабілеті, ол антигеннiң молекулалық салмағына байланысты. Молекула салмағы жоғары болса,иммуногендігі жоғары. Ол детерминанттардың антиген молекуласындағы санына байланысты.
Генетикалық бөгделігі тым алыс (алшақты) болса, соғұрлым антиген иммуногендігі жоғары.
Антигеннің спецификалық қасиетімен ерекшеленуі.
Антиген валенттілігі молекуладағы детерминанттардың санымен бірдей. Детерминант саны көп жағдайда екеу, иммуногендігі екі есе көп. Жұмыртқа альбуминінің 5 детерминанты бар, күл токсинінде -- 8, тиреоглобулинде -- 40.
Иммуногенді адъюванттар. Адам немесе жануарлар денесіне вакцинамен бір химиялық затты қосып еккенде антигеннің иммуногендігі күшейеді. Аса маңызды адьювантқа жататындар: алюминийдің қосындысы, макромолекуларлық заттар (декстран, метилцеллюлоза), беткей активті заттар, фрейд адьюванты.
Адьюванттар еккенде ұлпада қабынуды қоздырып, еккен жерінде гранулема -- абсцесс береді, соның әсерінен антигендер көп уақыт сол жерде сақталып, иммундық үрдіс қоздыру көпке созылады.
Көптеген антигендер, антигенмен бірге Т -- лимфоциттері болса иммундық реакцияны жақсы қоздырады. Оларға вирустар, белоктар, торшалық антигендер жатады.
Тек қана бактериалдық полисахаридтер, тимусқа тәуелділігі жоқ антигендер өз алдына иммундық реакция шақыра алады.
Эритроциттер антигендері.
Эритроциттердің мембранасында 100-ден артық антигендер бар, олар 19 жүйеге бөлінген. Адам эритроциттерінде III антигеннің әр түрлері кездеседі.
Гетерофильді антигендер көптеген жануарларда және бактерияларда бар.
Бейспецификалық немесе түрлік антигендер (видовые). Мысалы: адамдарда бар, жануарларда жоқ.
Спецификалық немесе топты антигендер. Мысалы, жеке адамдардың бірінде бар, бірінде жоқ. Эритроциттердің барлық антигендері ішінде маңыздысы АВО және Rh (резус).
АВО жүйесі (1901 ж) - 4 топқа бөлінеді
О (I) -- антидене А және В (антиген жоқ)
А (II) -- антиген А -- бар
В (III) -- антиген В -- бар
АВ (IV) -- антиген А және В бар.
А- және В -- антигендері лейкоциттерде де, тромбоциттерде, әр түрлі ұлпада, түкірікте, спермада, көз жасында, зәрде бар, олар -- хрусталикте, жатырда, ликворда (арқа миында) жоқ.
Қан сарысуында антиденелер бар, бiрақ оларға қарсы ағзада антигендер жоқ. Бұл антиденелер сондай антигендер кездескенде эритроциттердің агглютинациясын береді, осыған қарай қан топтарының сәйкестігін анықтап, қан құюмен емдеу жүргізіледі. Сол арқылы сот медицинасында әке-шешесін анықтауда және қан тамшысының кімге жататынын білуге болады.
Rh (резус) антиген жүйесі (1940) ашылған. Макака резус маймылының эритроциттерімен қоянға егіп, алынған сарысу адам эритроциттерін агглютинациялады. Содан маймыл мен адам эритроциттеріне бiрдей антиген ашылып, оны резус антигенi -- деген. Осы антиген Еуропа халықтарының 85% -- де бар. Резус антигеннің 6 түрі табылған. (С, D, Е, с, d, e) Олардың ішінде маңыздысы -- D. Бұл антиген жер жүзі халықтарында бар (тек Қиыр Шығыстың кейбір халықтарында жоқ). Ал шешесінің антиген резусы теріс және резусы оң ұрық кездессе, иммуноконфликт дамып, нәрестеде гемолитикалық ауру пайда болады. Резус антигенін бейтараптау үшін бала туар алдында антирезусты сарысу құяды.
Лейкоциттер антигендері
Безредка (1900) лейкоциттерден отызға жуық антигендер түрлерін тапқан. Бұлар ұлпаларда, лейкоциттерде, тромбоциттерде, фибробласттарда, тері эпителиінде, спермада да табылған. Бұл антигендер -- гистосәйкестікті көрсетеді. Сондықтан оларды трансплантациялық антиген немесе гистосәйкестіктің антигендері дейді.

Трансплантациялық антигенінің химиялық құрылысында липопротеин, гликопротеин немесе белоктар бар. Адамда олар HLА жүйесіне, тышқандарда Н2 жүйесіне жатады.
Антиденелер қасиеттері
Спецификалық қасиеті -- иммуноглобулин тек арнайы антигенмен қарым-қатынасқа түседі. Онда антидене белсенді орталығы -- антидетер­минант (паратоп) антигендер белсенді орталығы -- детерминантпен (эпитоп) байланысады.
Валенттілігі-иммуноглобулин молекуласындағы антидетерми­нант­тың саны, көбінесе бұлар екі валентті, бірақ кейде 5-10 валентті антиденелер кездеседi.
Аффиндігі олардың байланысы өте мықты, (антидене + антиген) антидетерминант + детерминант байланысы.
Авидтігі -- антиген мен антидене байланысы тұрақты, олардың байланысуы жылдам және толық, олар әр түрлі торшалармен бай­ланыс жасай алады:
макрофагтармен байланысып фагоцитозды белсендіреді.
нейтрофилдермен фагоцитозды белсендіреді.
базофилдермен байланысып атопиялық реакция жүріп, медиаторлар бөлініп, жедел жүретін аллергиялық реакцияға әкеледі.
тромбоциттермен байланысып қан ұюын өзгертеді.
Лимфоциттермен-FC рецепторымен (иммуноглобулин G)
Иммуноглобулиндер гетерогенділігімен 3 топқа бөлінеді:
а) изотипті
б) аллотипті
в) идиотипті
Изотиптілігі -- ауыр тізбегі құрылысына байланысты қалыпты жағдайда бір түрдегі жануарларда, адамдарда бірдей. Ал олардың айырмашылығы 4-тізбегіндегі аминоқышқылдармен сипатталады. Сөйтіп иммуноглобулин G1, G2, G3, G4, ал иммуноглобулин А1, А2 болып бөлінеді.
Аллотиптілігі -- әрбір жеке адамның иммуноглобулин айырмашылығын көрсетеді, ол генетикалық маркерлерге байланысты.
Идиотиптілігі -- бұл антигендер спецификалық қасиетіне байланысты тек бір иммуноглобулинге арналған. Қанша арнаулы иммуноглобулин болса, сонша антиген варианттары болады.
Идиотип - антиденелердің өзгермелі бөлігіндегі аминоқышқылдардың орналасуының немесе Т-торшалық антиген танитын рецепторының ерекшелігі. Оларға қарсы антиидиотипті антиденелер өнеді.
Т- және В- лимфоциттердің рецепторлары және антиген тануы әр түрлi. Иммундық жауапқа қатысатын торшалардың әр түрлі популяциясы генетикалық және қызметтік ерекшелігімен сипатталады. Олардың үстіңгi айырмашы липопротеинді маркерлеріне қарай жiктелу классификациясы СД (cluster differentiation) қолданылады. Сүйек миының негізгі қызметі дін торшаларынан иммунокомпетентті торшалар шығару. Барлық лимфоидты торшалардың үстінде липопротеинді маркерлер (жіктелу кластері - СД) бар. Практикада иммунды жауапқа қатысатын торшалардың үстіңгі маркерлерін айыру үшін арнайы моноклоналды антиденелер қолданылады. Барлық лимфоциттер Т- және В- торшаларына, О- (нольдік) - торшаларына бөлінеді.
В-лимфоциттер - сүйек миында құралады. Дін торшаларынан шыға­тын В-лимфоциттер 4 -- 5 тәулік ішінде сүйек миында жетіледі де, шеткері лимфоидты мүше мен ұлпаларға орналасады. Көкбауырда, лимфа бездерінде антигеннің әсерімен, Т-лимфоциттердің және макрофагтар­дың көмегімен жетілген В-лимфоциттер рецепторлары арқылы белсеніп лимфобластқа айналады да, 4 рет бөлінгенде жетілген плазмалық торшаларға айналады. Екінші бөлінуден бастап арнайы антигенге қарсы иммуноглобулиндер шығара бастайды. Жетілген бір В-лимфоциттерден 400- ден артық антиденелер шығаратын торшалар пайда болады. Антигеннің бірінші түсуінде антиденелер 3 тәуліктен кейін шыға бастайды, ал қайталап түскенде - бірінші тәуліктің аяғында.
Антигеннің әсерімен В-лимфоциттер лимфобластқа айналып, одан үлкен және кіші лимфоциттер пайда болады. Бұлар антигенге специфика­лық еске сақтаушы лимфоциттер болып есептеліп, көп өмір сүреді, қан айналым мен шеткері лимфоидты мүшелерге орналасады. Бұл торшалар сол антигенмен қайта кездескенде тез белсеніп, жылдам екіншілік иммундық жауап береді.
Әр түрлі мүшелерде әр түрлі иммуноглобулиндер шығаратын торшалар орналасады. Иммуноглобулин М және G кластарын шығаратындар лимфа бездерінде, көкбауырда, ал иммуноглобулин А және Е- торша­ларын шығаратындар пейер белдемесінде және басқадай шырышты қабатқа орналасқан лимфа бездерінде жиі кездеседі. Антиденелердің эффекторлық механизмі: антидененің торшамен қосыл­ған комплексі белсенді комплементпен лизиске ұшырайды. Егер де антиденелер шамадан тыс көп шықса (антигеннің белсенді орталығы түгел басылған­нан кейін) аллергиялық патология дамиды. В-лимфоциттердің бір бөлігі Т-хелперлердің және цитотоксикалық Т- торшаларына супрессор әсер етіп, олар арқылы В-лимфо­циттердiң пролиферациясы мен дифференциясын басады. В-лимфоциттердің басқа бір бөлігі, керісінше, осы субпопуля­цияларын белсендіреді.
В-лимфоциттердің үстіндегі рецепторлары:
1) Антиген спецификалық рецепторлар немесе торша үстіндегі иммуноглобулиндер (s1g), мономерлер түріндегі 1gM және IgG-ден құрылған. Антигендердің В-торшасының антиген спецификалық рецепторларымен байланысуы В-лимфоциттердiң өзгеруін, антидене шығаратын торша­лардың көбеюімен бірге, В-лимфоциттердiң антигенді есте сақтайтын иммунологиялық естелік торшаларын тудырады.
2) В-лимфоциттерiнде өсу және дифференциялану рецепторлары: В-торшалардың бөлініп көбеюін, иммуноглобулиндердің секрециясын (шы­ғуын) шақырады.
3) FC-рецепторы арнайы детерминанттарды танитын, иммуногло­булин­нің FC фрагментінде орналасқан, иммуноглобулинді байланыстырады. FC-рецепторлары иммундық жауапты реттеуде маңызды рөл атқарады.
4) Комплементті байланыстыратын рецептор (С3). В-торшаларының белсенуінде, толеранттылықтың дамуында, торша кооперациясының кү­шеюінде, торша аралық байланысты жеңілдетуде маңызды.
Т-лимфоциттер - пайда болуы күрделі және көпсатылы. Антигенге тәуелді және антигенге тәуелсіз екі фазасы белгілі.
Антигендердің түрлері
Антигендердің екі негізгі түрлері бар: экзогендік және эндогендік (аутологиялық). Экзогендік антигендер ағзаға сыртқы ортадан түседі.
Эндогендік антигендер деп әртүрлі себептерден туындаған өзіне қарсы иммундық жауапты қалыптастыратын, өзіндік аутологиялық молекулалар (аутоантигендер) немесе олардың күрделі кешендері танылады.

Біріншілік және екіншілік аутоантигендер тобы ажыратылады.
Біріншілік, немесе шынайы аутоантигендер. Біріншілік шынайы аутоантигендер - ол эмбриогенез кезінде иммундық жүйенің қалыптасу үрдісінде және де ересек ағзада иммунды хабарлы жасушалармен жанаспаған, гистогематикалық тосқауылдардың артында орналасқан ағзаның өзіндік қалыпты тіндерінінің антигендері. Тосқауыл артындағы тіндерге ми тіндері, қалқанша маңы безі, көз бұршағы жатады.
Мұндай анатомиялық құрылымдардың ерекшелігі, ондағы лимфа дренажының болуымен, гематогендік (гематоэнцефалдық, гематоокулярлық, гематотестикулярлық) тосқауыл мен аймақтық сұйықтықта, иммундық жүйе жасушалары бөлетін циткокиндердің шығаруын тежейтін заттардың болуына байланысты. Мысалы, алдыңғы көз камерасын толтыратын сұйықтық құрамында, көз құрылымында түзілетін және Т-лимфоциттердің қорғаныс қызметін атқаруға кедергі жасайтын биологиялық белсенді заттар болады. Көздің торлы қабығының субжасушалық құрылымында арнайы компоненттер бар, олар Т-лимфоциттермен әрекеттескенде бағдарланған жасушаның жойылу (апоптоз) механизмдерін тудырады. Бұл үрдістер жиынтығы иммунитеттің тежелуін қамтамасыз етеді. Гистогематикалық тосқауылға әртүрлі зақымдаушы әсер еткенде антигендер жалаңаштанады және иммундық серпілістер шақырады.
Гистогематикалық тосқауылдың бүтіндігі бұзылғанда (мысалы, жұқпалы аурулар, жарақаттану нәтижесінде) біріншілік аутоантигенге қарсы аутоиммундық үрдістерді шақыратын, иммундық жауап пайда болады.
Аутоантигендер ретінде гистогематикалық тосқауылдың артында орналаспаған және де өзгерілмеген ағзаның өзіндік химиялық құрылымдары бола алады. Осы антигенге табиғи иммунологиялық төзімділік бұзылғанда, мысалы, лимфоциттердің тиым салынған клоны, сонымен қатар, супрессорлық механизмі бұзылғанда пайла болады. Нәтижесінде арнайы иммунологиялық серпілістер басталып, ағзаның өзіндік мүшелері мен тіндері зақымданады, себебі олардың құрамында осы аутоантиген болады.
Патологиялық, немесе екіншілік, аутоантигендер. Ағзаның өзіндік жасушалар компоненттері мен тіндері, әртүрлі зақымдаушы факторлар және жұқпалы агенттердің әсер ету нәтижесінде, аутоантигендерге айналады. Жылулық немесе химиялық денатурация кезінде пішіні өзгерген өзіндік нәруыздар ағзаға бөтентекті нәруыздар болып табылады. Екіншілік аутоантигендер бактериалдық уыттар және вирусты нейраминидаза, сонымен қатар, қабыну аймағында рН ортасының өзгеруі және әртүрлі этиологиясы бар некроздар кезінде нәруыздық молекулалардың денатурациясы нәтижесінде түзіледі. Екншілік (патологиялық) аутоантигендерге қарсы ағзадан шығаруға бағытталған иммундық жауап жүреді, патологиялық үрдістің басылуына және де зақымдалған тіндердің қалыптасуына себебін тигізеді. Бірақ та, көптеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антигендер мен антиденелер
Антигендер мен иммуноглобулиндер
Қан топтарының түрлері және сипаттамасы
Макроорганизм
Фагоцитоз құбылысы
Инфекциялық иммунология негіздері.
Ісік жасушалары негізіндегі вакциналар
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы Бруцеллезді серологиялық анықтау жайлы ақпарат
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы туралы
Иммунология және аллергология бойынша дәрістер жинағы
Пәндер