Платонның қоғамдық,саяси және әлеуметтік көзқарастары



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
1.Платонның саяси ой-пікірлері
1.1Платонның қоғамдық,саяси және әлеуметтік көзқарастары
1.2Платон философиясы
1.3 Платонның қоғам туралы ілімі
2. Әл-Фарабидің қоғамдық философиялық және педагогикалық ғылыми көзқарасы
2.1 Фарабидің философиялық көзқарастары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Платон өзінің еңбектері мен шығармаларында ұлы ойшыл абсолюттік идеализмді жақтады. Оның айтуынша, әрбір идея жеке жеке заттың немесе барша заттың абсолюттік мәнін білдіретін ерекше идеялар әлемін құрайды, яғни идеялар мәңгілік,олар жоғалып кетпейді, жаңадан пайда болмайды.Бүкіл әлем, табиғат пен қоғам - сол идеялардың жүзеге асқан бейнесі.Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркәмнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен лоардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту мүмкіндігін жоққа шығармайды.Платон иделды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де, адамдық қасиетке зорлық-зомбылық қасиеттері де қосылды. Сондықтан да мемлекеттіак құрылым келеді.Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетіндігі туралы (аристократия, демократия, олигархия, тимократия және тирания) айтады. Олардың әрқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептелінеді. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания - мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі.
Әл-Фараби қоғамды мемлекеттен бөлiп қарамайды. Қоғамның өзi адамның ағзасы сияқты Қайырымды қала дене мүшелерiнiң бәрi де тiршiлiк иесiнiң өмiрiн сақтау, оны анағұрлым толыққанды ету үшiн бiр-бiрiн толықтырып тұратын адамның сау тәнi секiлдi көрiнедi. Өйткенi, қоғам да оның толыққанды мүшелерiнен тұрады және олар да бiр-бiрiн қажетсiнедi. Адамдардың әлеуметтiк теңсiздiгi туралы айтқан әл-Фараби адамдардың әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман әрекеттер де әуел бастан жаратылысынан дарымайды олар адамдардың бiр-бiрiне деген үстемдiк құруға ұмтылысынан пайда болған деген ой түйедi.

1.1 Платонның қоғамдық,саяси және әлеуметтік көзқарастары
Платон (көне грекше: Πλάτων, б.з.д. 427 -- 347) -- ежелгі грек философы, математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан "жалпақ", "кең" деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі -- Аристокл.
Платон философиялық ізденістің алғашқы нұсқасының бірегей өкілі болды. Әсіресе классикалық философия Платонды өз арқау дәстүрі етіп қалыптасқаны белгілі. Платонның Афина қаласында құрған Академиясы адамзат мәдениетіндегі ең алғашқы жоғары оқу орынының таңдаулысы есептеледі. Платон және ұстазы Сократ және шәкірті Аристотель үштігі шығыс (мұсылман әлемі) пен батыс (христиан әлемі) тарихында философия мен ғылымның алғашқы негізін қалаған ойшылдар есептеледі.
Платон өз шығармашылығында түрлі жазушылық үлгісін кең пайдаланған, әсіресе ойшыл-ғұламалар ортасындағы философиялық сұхбатты негіз еткен Платон диалогтары үлгісі негізгі орында тұрады. Платон диалогтары философияны, этиканы, риториканы, дін және математиканы қамтыған ғылым-білім үйретудің және тәрбие берудің күрделі жүйесін құрайды. Әдетте, Платонға қатысты "Платонша махаббат", "идея туралы теория", "тума білім", "Платон коммунизмі" қатарлы ұғымдар көбірек айтылады. Оның басты теориясы дерексіз объект - нақты өмір сүретін нәрселердің артында тұратын біртұтас идеяның өзгеше шындығы туралы болып, ол әдетте платонизм деген атаумен сипатталады.
Платон аристократиялық мемлекет құрлысы туралы:"Мемлекет", "Саясаткер", "Заңдар еңбектерінің мазмұны".
Өзінің еңбектері мен шығармаларында ұлы ойшыл абсолюттік идеализмді жақтады. Оның айтуынша, әрбір идея жеке жеке заттың немесе барша заттың абсолюттік мәнін білдіретін ерекше идеялар әлемін құрайды, яғни идеялар мәңгілік,олар жоғалып кетпейді, жаңадан пайда болмайды.Бүкіл әлем, табиғат пен қоғам - сол идеялардың жүзеге асқан бейнесі.
Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркәмнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен лоардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Платон иделды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де, адамдық қасиетке зорлық-зомбылық қасиеттері де қосылды. Сондықтан да мемлекеттіак құрылым келеді.
Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетіндігі туралы (аристократия, демократия, олигархия, тимократия және тирания) айтады. Олардың әрқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептелінеді. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания - мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі.
Заң деген шығармасында Платон мемлекеттік құрылымның екінші жобасын ұсынады. Екінші мемлекеттің бірінші мемлекеттен басты айырмашылығы оның 5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскелерін алады. Бұл дер оларға жеке меншік түрінде емес, пайдалану құқығы ретінде ғана беріледі де, мемлекеттің жалпы меншігі болып саналады. Мүлік санына қарай барлық азаматтар тқрт топқа бөлінеді. Қайыршылық пен байлықтың заң шеңберіндегі шегі анықталады. Жеке меншік иелерінің ешқайсысы да алтынға немесе күміске ие бола алмайды. Азаматтар қатарына (5040) құлдар мен шет елдіктер жатқызылмайды.
Тұтыну теңдігін жақтаған Платон құлдар мен шет жерлерден басқаларында мүлік артықшылығы болмауы тиіс деп санайды. Жеке отбасылар мойындалғанымен, тәрбие ісі түгелдей заңдастырылған арнайы лауазымды адамдар қолына берілді. Әйелдер ерлермен тең құқылы болғанымен, олар жоғары билік қатарына ене алмады.
Платон мемлекеттің басында көп сатылы сайлау жолымен сайланған 37 билеуші тұрды. Билеушілер жасы 50-ден 70-ке дейін шектелді. Билік басында бір билеушінің 20 жыл тұруға мүмкіндігі болды. 360 мүшеден тұратын (әр топтан 90 адамнан) сайланбалы кеңес едәуір билікке ие бола алды. Халық жиналысына бірінші және екінші топ азаматтарының қатысыуы міндетті еді, ал үшінші және төртінші топ азаматтарының халық жиналысына қатысуы міндетті болмады. Заңдылықтың сақталуына әділ сот жауап берді, жекелеген және қатал заңдар азаматтарының бұқаралық және жеке өмірін реттеп отырды. Сотта қаралған істерді қорғау мүмкіндігі қарастырылды.
1.2Платон философиясы
Платон Сократ ілімін ары қарай жалғастырды. Заттарды тек эмпирикалық тұрғыдан қарастыруға болмайды дейді Платон. Әр заттың өз идеясы, мәні болады. Дүние заттардан және олардың идеяларынан тұрады. Заттар мен идеялар екі түрлі байланыста болады. Заттан идеяға өту, идеядан затқа өту. "Идеялар адамсыз өмір сүре алады" дейді Платон. Идеялар космоста өмір сүреді. Олар затқа қонады, әрі заттарды тастап кете алады. Платон жалпылық туралы ілімін идеалистік тұрғыдан шешті. Жалпылық өз бетінше өмір сүреді дейді. Платон - объективті идеалист. Таным - бұл объективті идеялардың бұрынғы өмірін еске алу.
Платон әлемнің толық суреттемесі болатын концепция түзді. Тимей атты шығармасында: Дүниеде идея, материя және құдай бар дейді. Құдайды шебер жаратушы дейді. Идея мен материя қоспасынан демиург құдай әлемдік рухты жаратып, кеңістікке таратады. Әлемдік рух өзінің бастапқы күйінде стихияларға бөлінеді: от,ауа, жер. "Космос - ақылды тірі жан", - деп түсінеді. Әлемнің құрылымы мынадай:
Құдыретті ақыл (демиург);
Әлемдік рух;
Әлемдік дене. Болмыстағының бәрі мәңгіліктің көлеңкесі, идеялар дүниесінің бейнесі. Шынайы болмыс - тек идеялар әлемі.
1.3 Платонның қоғам туралы ілімі
Платонның ойынша қажеттілік мемлекетті тудырады. Себебі, біреу егіншілікпен, біреуі мал шаруашылығымен, енді біреу қолөнермен айналысады. Кейін өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас жасайды. Халық тек бірігіп қана өмір сүре алады деген. Платон адамдарды үш топқа бөлген:
1.Әкімдер.
2.Қорғаушылар.
3.Өндірушілер.
Әкімдер - табиғи жаратылысынан шындықты, ақиқатты,танып біле алатын адамдар болуы керек деген.
Қорғаушылар - мемлекетті қорғайды.
Өндірушілер - мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Бір таптың екінші тапқа өтуіне болмайды. Әркім өз міндетін атқарады. Ешкім бай-кедей болмағанын қалады деген. Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті қолдады. Ал жеке меншіктің болуы; талас-тартыс туғызады деп түсінді. Мұнда әкімдер мен қорғаушылардың мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін адал еңбек етеді деп айтқан, яғни барлығының ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет қорғайды деп түсінген.
Платон мемлекеттік құрылысты беске бөлді:
1.Аристрократия - мемлекетті ақсүйектер билейді.
2.Тимократия - мемлекеттік билік бір адам қолында болады.
3.Олигархия - мемлекет азғантай топ қолында болады.
4.Демократия - мемлекет халықтың қолында болады.
5.Тирания - мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.
Платонның ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі - аристократиялық мемлекет түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп саналады.
Әл-Фарабидің қоғамдық философиялық және педагогикалық ғылыми көзқарасы
Отырар ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшhүрі - Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, Шығыстың Аристотелі атанған ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби. Оның толық аты жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Мұхамед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби. Яғни, әл-Фарабидің өз аты Әбу Насыр Мұхамед, әкесінің ныспысы да Мұхамед, бабасының есімі Тархан, арғы атасы - Ұзлағ. Түрік оқымыстыларының Әбу Насыр ныспысының соңына кейде әл-түрки деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі. Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб қаласында әскербасының отбасында дүниеге келген.
Әл-Фараби - өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халиланың айтуына қарағанда Әбу Насыр Аристотельдің Метафизикасын, Жан туралы еңбегін жүз, ал Риторикасын екі жүз рет оқып шыққан сияқты. Осындай ыждағаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген. Оның фәлсафалық еңбектерінің басым көпшілігі грек ғылымдарының, әсіресе, Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған.
Әбу Насыр Аристотельдің Категория, Бірінші және екінші Аналитика сияқты фәлсафалық және логикалық шығармаларына түсіндірмелер жазған.
Сондай-ақ өзі де Кемеңгерлік меруерті, Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы, Мәселелердің түп мазмұны, Ғылымдардың шығуы, Бақытқа жету сияқты т.б. көптеген трактаттар туындатқан. Бұл еңбектерінде ол дүние, қоғам, мемлекет және адамдардың өзара қарым- қатынасы туралы өз заманы үшін ой-пікірлерін айтады. Орта ғасырдың өзінде-ақ Әбу Насыр қанаусыз, зорлықсыз бақытты қоғам орнату жөнінде батыл болжам жасаған. Мұндай қоғамның тууын ол мемлекет басшысының ақылымен, білімімен, адамгершілігімен байланыстырған.
Фарабидің қоғамдық-философиялық, жаратылыстану туралы ғылыми көзқарастары орта ғасырлардағы Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі мәдениет, философиялық және ғылыми ой-пікірлердің даму нәтижесі болып табылады. Ұзаққа созылған жаулаушылық саясаттың нәтижесінде құрылған жаңа мемлекет Араб халифаты тек қана жерлерді, елдерді, территорияларды қосып қана қоймай мемлекеттік дін дәрежесіне көтерілген ислам идеологиясы біріктірген әртүрлі мәдениеттерді қосып, жаңа қоспа мәдениет туғызды. ІX-X ғасырларда саяси, философиялық ойдың дамуы таптың және діни ағым қайшылықтардың көрінісі болған әртүрлі ағымдар мен кешендердің осы шиеленіскен идеологиялық күресі жағдайында жүрді. Мұндай жағдай философияда айқын көрініс болып табылады.
Фараби өз еңбектерінде құдай бар деп мойындайды. Алайда, ол Аристотельдің ізімен құдай дүниесі бар етуші, қозғалысқа келтіруші тек бірінші себеп - алғашқы түрткі ғана, одан кейін табиғат (материя) өз бетімен, өз дайындылығымен құдайға тәуелсіз даму жолына түскен деген идеяны қуаттайды. Керітартпа дін басшылары мен оларды қолдаушы философтар осы сияқты күпірліктері, қателіктері үшін Әбу Насырды қудалаған кездері болған деседі кейбір зерттеушілер.
Фараби ақиқат біреу-ақ, оған әржақтан, әртүрлі деңгейден қарауға болады, сондықтан ол туралы түрліше балама қорытындылар жасау мүмкін, - деп санайды. Ол дәуірде материалистік философия жүйесі ашық қалыптаса қойған жоқ болатын. Сондықтан орта ғасырлар заманында философиялық ойдың дамуы құдайды дәріптейтін діни-теологиялық сипат алды. Демек, Фарабидің философиялық ілімі - негізінен дүниені бір құдай жаратты деген қағиданы басшылыққа алған идеалистік ілім. Фарабидің философиялық жүйесінде идеализм мен материализм арасындағы ауытқулар байқалады. Ол бүкіл орта ғасырлар философиясындағы проблемаларды қамтиды. Олар: болмыс жөніндегі ілім, материя және оның дамуы туралы мәселе, адамның тану әрекеті проблемасы, логика мәселелері, ақыл және адамның қоғамдық іс-әрекетіндегі алатын орны, этика, эстетика мәселелері, натурфилософия және ғылымдар методологиясы проблемалары т.б.
Әл-Фарабидің философиясын зерттеушілер оның бұл саладағы трактатын терең талдай келіп, Фарабидің философиялық мұрасында үш басты жайтты атап көрсетеді: дүниенің мәңгілігін тану, детерминизді зерттеу принципі, яғни себептілік сыр-сипатын ашу ғылымы - білімнің қайнар көзі, адам жанының өшпейтіндігін теріске шығарған ақыл туралы ілім. Бұл үш принцип - Фараби философиясының биік шоқтығы және ерекшеліктері болып саналады.
Ақыл туралы ілім Фараби философиядағы ірі жетістіктер санатына қосылады. Мұндағы ақыл ұғымына кең, бүкіл әлемдік мағынада қарастырылып, оның космологиясына тірек болды. Ең жоғарғы сатысы түпкі себепті - Алла иемденеді. Алладан кейінгі екінші сатыны - аспан денелері, болмыстың үшінші сатысы әрекеттегі ақыл және оған сай төрт элементтен (топырақ, су, ауа, от) тұратын ай асты әлемі. Болмыстың төртінші сатысы - адамның жаны. Ең төменгі бесінші сатысын форма мен материя алып жатыр. Бұл схемада бір жағынан әлемнің, аспан мен жердің алшақтығы жайлы ресми мұсылман дінінің қағидаларына сәйкес келсе, екінші жағынан дүниеге материалистік, эволюциялық даму тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді. Фарабидің философиялық жүйесінде материяға көп көңіл бөлінеді. Ол ай астындағы дүниенің шын мәнінде бар екенін, оның айдан жоғары орналасқан дүниемен, яғни аспан әлемімен бірлікте болатынын мойындайды. Біздің, яғни айдан төмен жер бетінде орналасқан дүниеде материя мен формадан тұратын заттар, нәрселер - ақиқат. Олар негізгі бастапқы материя болып табылатын төрт элементтердің сан алуан әртүрлі қосылыстарынан тұрады.
Фараби өзінің дүниеге деген көзқарасын социология, этика және эстетика мәселелерін қамти отырып жүйелендіре, нақтылай түседі. Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы, Бақытқа жету туралы трактаттарында ол адам қоғамының шығуы, оның өмір сүру формалары, адамның мінез-құлқы, әділетті әкімнің бейнесі туралы ой толғайды. Ол ең әуелі өмір сүріп отырған қоғамның құрылымын талдайды. Адамдар қауымы өмір сүру ортасы ретінде қала халқын алады. Қалаларды жік-жікке бөле келіп, ол кемел де үлгілі құрылым ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы социологиялық ойлардың қалыптасуы мен даму тарихы
Ежелгі Қытай еліндегі саяси ойларды қарастыру
Платон мен Аристотель
Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі
Ежелгі Грекия мен Римдегі саяси идеялар туралы
Ежелгі Грекия мен Римдегі саяси идеялар
Саясаттану ғылым және оқу пәні
Әл – Фарабидің көзқарастарының қалыптасуының әлеуметтік және идеялық алғышарттары
Аристотельдің „саясат” еңбегіндегі саяси көқарастары
Ежелгі грек ғұламалары – Платон мен Аристотель
Пәндер