Клетканың бөлінуі. Митоз және меиоз



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграртық университеті

Реферат

Тақырыбы:
Клетканың бөлінуі. Митоз және меиоз.

Тексерген: Асылова Р.Н.
Орындаган: Нұрсахан С.Н.

Алматы 2015
Клетканың бөліну түрлері.
Митоз және мейоз.

Эволюциялық процестің барысында ядро шамасы хромосомалардың нуклиотидтерден жетілуіне байланысты пайда болса керек. Сөйтіп ол келешегінде цитоплазмадан мембранасы арқылы бөлінген. Бірақта онтогенез процесінің барысында ядро тек ядродан пайда болады.
Ядроның бөлінуі барлық уақытта клетканың бөлінуімен аяқталады. Бөліну процесінің тууына себепкер болатын нәрселер алуан түрлі болады: 1) ядро мен цитоплазманың көлемінің дүрыс қалыптасқан тепе-теңдігінің бұзылуы,кейде цитоплазманың көлемінің ұлғаятындығы сонша ядро клеткада жүретін тіршілік процестерін реттеп отыру мүмкіндігінен айырылады; 2) клетканын көлемінен клетка қабықшасының жалпы көлемінің тепе теңдігінің бұзылуы; 3) әртүрлі симуляторлардың әсері (гормондардың клетканың ыдыраған өнімдерінің және т.б.).
Клетканың бөлінуінің үш түрлі жолы бар: митоз, амитоз, мейоз.
Митоз. Саматикалық клаткалардың бөлінуінің ең универсалды (жанжақты) жолы. Ол эволюциялық дамудың қай деңгейндегі болмасын, қалыптасқан ядросы бар организмдердің барлығына тән. Клеткада болатын бір бөліністен екіншісіне дейінгі аралықта, өзін-өзі реттейтін процестердің жиынтығын митотикалык цикл деп атайды. Митотикалық цикл бір-бірімен тығыз байланыста болатын интерфазадан және митоздан тұрады; оның ұзақтығы шамамен 10-20 сағатқа созылады.
Интерфаза-митотикалық циклдың ең ұзақ бөлігі. Ядросы біршама үлкен, оның айқын байқалатын 1-2 ядрошығы болады, ал структурасы нашар байқалатын дән тәрізді болып келеді. Хромосомдары спиральдік қалыптан қатты өзгеріп, спиральсыз формаға келеді және бояғанның өзіндеде оларды аңғару қиынға түседі.
Бұл фазада клетканы бөлінуге дайындайтын өте маңызды биохимиялық процестер жүреді. Интефаза үш кезеңнен тұрады: синтезге дейнгі кезең (G1), жаңа пайда болған клеткалар өседі, цитоплазманың структурасы қайта түзіледі, РНК мен белок синтезделеді, энергия жиналады; синтездік кезең (S) - ДНК-ның молекуласы қайтадан қалпына келеді, екі хромотид түзіледі; синтезден кеінгі кезең (G2)- белок синтезделеді, энергия жиналады.
Митоз өз кезегінде төрт фазадан тұрады: профаза, метофаза, анафаза, телофаза. Митоздың ұзақтығы 1-2 сағатқа созылады.
Профазаның бас кезінде ядроның колемі ұлғаяды және онда түйдектеліп матасқан хромосомдардың спиральдана бастағаны да айқын көрінеді. Профазаның соңында хромосомдар қысқарады, кейде олардын екі хромотидтер туратындығы байқалады. Бұл кезде, әдетте ядрошық жайылады, ядроның қабықшасы эндоплазматикалық тордың (ретикулум) элементтерінің айырмашылығы болмайтын, кішілеу жекелеген бөліктерге (фрагменттерге) бөлінеді. Нуклеоплазма гиалоплазмамен қосылады. Клетканың полюстерінен орталыққа қарай өскен белоктік жіпшелер пайда болады. Профаза митоздың ең ұзақ фазасы.
Метофазаның бастапқы кезінде хромосомдар спиральданудың ең жоғарғы деңгейіне жетеді және олар клетканың экводориальды пластинкасына қарай жылжып жақындайды. Олар оптикалық микроскоппен жақсы көрінеді. Митотикалық хромосоманың саны, формасы, мөлшері және орналасу ерекшелігі әрбір өсімдік түріне тән және тұрақты болады (кариотип). Олардың графиг түріндегі көрінісі түрдің идиограмасын түзеді. Хромосомдардың жиынтығы диплоидты болып келген жағдайда, олардың структурасы бірдей болады. Мұндай хромосомдарды гомологты деп атайды. Хромосомдардың жиынтығы гаплоидты болып келген жағдайда, олардың гомологты хромосомаларды бір-бірден ғана болады.
Метофазада хромотидтер бір-бірінен ажырайды олардың арасындағы байланыстар тек центромерлергеғана саөталады. Жіпшелерден митотикалық(ахромотиново) ұрыөша пайда болады. Ол тіректік және тартылып керілген жіпшелерден тұрады. Тіректік жіпшелер клетканың бір полюсінен екінші полюсіне экваториалдық пластинка арқылы өтеді, ал тартылып кірілген жіпшелер хромосоманың митотикалық ұршықшаның жіпшелері барлық уақытта көріне бермейді, өйткені ядроны бояйтын бояу оларды боямайды. Метофазада хромосомдар центромер арқылы ұрықша жіпшелеріне клетканың экваторлық бөлігінде бекінеді.
Анафазада уентромерлер ажырайда және хромотидтер тартылып керірген жіпшелердің қысқаруынабайланысты полюстерге қарай жылжиды. Әрбір хромотиж келешегінде дербес хромосомға айналады. Сондықтанда әрбір полюсте алғашқы клеткада қанша хромосом болса, сонша хромосомнан жиналады. Анафаза ең қысқа фаза.
Телефазада профазаға қарама қарсы процестер жүреді: хромосомдар спиральсыз қалыпқа келеді, митотикалық ұршықша (веретено) жойлады, ядроның қабықшасымен ядрошықтар түзіледі. Телефазаның бастапқы кезінде клетканың экваториялдық бөлігінен, оған перпендикуляр орналасқан талшықтар (фрагмопласт) пайда болады. Фрагмопласттын ортасына Гольджи копіршіктері жиналады, оларда пектинді заттар болады. Голджи копіршектері клетка табақшасына (пластинкасына) бастама береді. Осы клетка табақшасы орталықтан шетке қарай ұлғайып өсіп және фрагмопласты ығыстырып, аналық клетканың қабықшасына дейн жетеді. Сонымен цитокенез процесі жүреді ол митозды аяқтайды. Кейндеу клетка табақшасының екі жағынан бірдей алғашқы қабықша пайда болады.
Митотикалық циклдің нәтижесінде екі клетка пайда болады. Бұл клеткалардың хромосомдары формасы, мөлшері, саны және ДНК-сының структурасы жағынан аналық клетканыңхромосомдарына ұқсас болады. Яғни жаңа пайда болған жас клеткалардың аналық клеткалармен тұқым қуалаушылық тұрғысынан біртектестігі қалыптасты.
Амитоз бұл соматикалық клеткалардың бөлінуінің басқа жолы. Оның мәні мынада,клетканын ядросы алдын ала қандайда бір структурлық өзгеріске ұшырамастан екіге немесе оданда көп бөліктерге бөлінеді. Ядронын қайта түзілуінен кейін цитоплазманың бөлінуі жүреді. Амитожда жаңа пайда болған жас клеткаларға хромосомдар теңдей бөлінбейді, сондықтанда олар биологиялықтұрғыдан бірдей болмайды. Бірақта жаңа пайда болған клеткалар өзінің структуралык құрлымын жоғалтпайды. Амитоз жас , жақсы жетілген клеткаларда, мысалы пияздың баданасының түбіршегінде (доце(, тамырдың ұлпаларында байқалады. Ядроның бөлінуінің бұл түрі әсіресе жоғары дифференцияланған клеткаларда және біршама ескі ұлпаларда жиі кездеседі.
Мейозда - митоз секілді ядроның бөлінуінің универсалды түрі,бірақта ол клеткалардың аздаған тобына тін, ділірек айтқанда жыныстық клеткаларында жүретін процесс.мейоздың мәніхромосомдардың редукцияға ұшырап (қысқырып), санының екі есе азаюы болып табылады. Бұл процестің биологиялықмәнінің ашылғанына көп уақыттар болды. Гаплоидты жыныс клеткалары - гаметалар (n) жыныстық проццестің нәтижесінде бір-бірімен өосылып зигота зигота түзеді. Бұл жағдайда хромосомдардың саны екі есе артады (2n), ал зигота ұрпаққа берілетін мәліметтерді (информацияны) гаметалардың екеуінен де алады . сонымен, көбею кезенде мейоз арқылы хромосомдардың санының тұраңтылығы сақталып отыр. Мейоз бірінен сон бірі тұрақты түрде жүріп отыратын екі бөлінүден тұрады. Олардың әр қайсында төрт фаза болады, бірақ бұлардың принциптік айырмашылығы бар. Алғашқы бөлінуі әрі күрделі, әрі ерекше болып келеді және хромосомдарының санының қысқаруымен жалғасады. Оны гетеротипті деп атайды. Бұл бөлінудің профазасында гомолокты хромосомдарадың арасында хромотидреддіңбөліктерімен (учаскілерімен) алмасу жүруі мүмкін. Анафазада клетканың полюстеріне митоздағыдай хроматидтер емес, гомологты хромосомдар ажырайды. Екінші реттік бөлінуі гомотипті деп аталынады және ол митоздағыдай болып жүреді. Нәтижесінде бір диплоидты клеткадан хромосомдар саны гаплоидты төрт (тетрада) жас клетка түзіледі. Олардың хромосомаларының жиынтығының әрқилы болуы, түрдің эволюциясының негізі болып саналатын келесі ұрпақтарының белгілерінің әртүрлі болғандығын көрсетеді.
Кейбір жағдайларды жыныс клеткасы түзілгенде олардың хромосомдарының саны редукцияға ұшырайды және диплоидты қалпында қалып отырады. Нәтижесінде зиготадан пайда болған өсімдікте хромосомдардың 3-4, кейде оданда көп жиынтығы болады. Мұндай клеткалады және одан пайда болған өсімдіктерді полиплоидты деп атайды. Полиплоидты өсімдіктердің мөлшері (размері) үлкен болады. Помидардын, жүгерінің, бидайдын және көптеген екпелі (мәдени) өсімдіктердің түсімділігі жоғары сорттары полиплоидты болып келеди. Полиплоидияны рентген сәулесімен, әртүрлі химиялық заттармен және басқалармен әсер ете отырып қолдан туғызуға болады.
Клеткалардың формасы мен мөлшері алуан түрлі болып келеді болып келеді және олар орналасуы мен атқаратын қызметтеріне тікелей байланысты болады. Клеткалардың формасы негізінен көп қырлы денешіктер түрінде болып келеді. Олардың формасының бұлай болып қалыптасуы, жақын орналасқан клеткалардың бір-біріне қысым түсіруімен тікелей байланысты болады. Еркін өсетін клеткалардың формасы шар, жұлдызша, цилиндр тәрізді және тағы басқаша болып келеді. Клеткаладың алуан түрлі формаларын перенхималық және прозенхималық деп екі топңа бөлуге болады. Паренхималық клеткалардың ұзындығы енімен бірдей немесе одан 2-3 еседен артық болмайды, ал прозенхималықклеткалардың ұзындығыенінен бірнеше есе артық болады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің клеткаларының орташа ұзындығы 10-100 мк-ге тең. Ең үлкен паренхималық клеткалардың ұзындығы бірнеше миллиметрге жетеді және жай көзге көрінеді. Оларға қарбыздың,лимонның жемістерінің және картоптың түйнегінің клеткалары мысал болады. Әсіресе зығырдың, қалақайдың, раманың сабактарының прозенхималық клеткалары үлкен ұзындыққа жетеді. Бірақта бактерияның клеткаларының кішкентай болатындығы сонша ( 0.5-5мкм),оларды оптикалық микроскоптың ең үлкен үлкейткішінің өзімен зоға көруге болады.
Өсімдіктің толық жетіліп қалыптасқан клеткасын оптикалық микроскоппен қарағанда, оның мынандай компонеттерден: қатты өабыөшадан, клетканың ортаңғы бөлігін алып жататын бір үлкен, немесе 2-3 кішілеу вакуольден, вакуоль мен клетка қабықшасының арасын алып жататын цитоплазмадан және цитоплазмада болатын ядродан тұратындығын байқауға болады. Ядро мен цитоплазма клетканың тірі бөлігі жіне олар бірігіп протопласты түзеді. Қабыөша мен вакуолбдер клетканың өлі бөлігі, олар протопластың тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда болған.
Клетканы фазалық контраст тәсілінің көмегімен және электронды микроскоппен карап зерттергенде цитоплазма мен ядроның көптеген органелдерден (органойдтардан) тұратын аса күрделі құрылысты системалар екендігі анықталды.
Органелдерді көп жағдайда оптикалық микроскоппен көрінетін және тек электронды микроскоппен көрінетін деп екі топқа бөлінеді.
Әрбір топтағы органелдерді екі мембраналы және мембранасыз деп бөледі.
Протопластың пластидтерде басқа компонеттерінің барлығы әдетте туссіз болып келеді. Ал пластидтердің түсі жасыл немесе қызғыш сары болады.
Клетканы түзетін заттар алуан түрлі болады. Клетка ең коп мушелерде болатын зат су (60-90%), ол зат алмасу реакциясының дұрыс жүруіне аса қажет. Химиялық қосылыстардың қалған бөлігінің негізін органикалық емес заттардың мүшелері көп болмайды (құрғақ заттардың 2-6%).
Органикалық заттарды коституциялық және эргастикалық деп екіге бөледі. Конституциялық заттарға белоктар, липидрет, нуклеин қышқылдары және углевоттар жатады.

Операциялық жүйе - компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын программа. Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен және оның ресурстарымен (оперативті жад, дискіде орынды, т.б.) басқару жұмыстарын, орындауға басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын орындайды. Операциялық жүйе қолданушымен, қолданбалы программалармен және компьютер құрылғыларымен байланыс түрін (интерфейс) орнатуды қамтамасыз етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға, компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.
ОЖ-ның екі негізгі қызметін атап айту керек, олар:
1) Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппаратық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;
2) Әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру;
Компьютерді басқару ОЖ-нің командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, файлдарды баспаға шығару, кез-келген программаны іске қосу, қажетті жұмыс режимін орнату сияқты әр түрлі әрекеттерден тұрады.

ОЖ-ның жіктелуі
Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе бірнеше параметрлер бойынша өзгешеленеді. ОЖ:
Бір қолданушы және көп қолданушылы (жүйемен бір мезгілде жұмыс жасайтын қолданушылар саны);
Бір есепті және көп есепті (ОЖ көмегімен кез-келген мезгілде шешіліп шығарыла алатын есептер саны);
ОЖ-мен қолданушының байланысының базалық түрі (командалар түрінде диалог, меню тілінде диалог, графикалық көріністер түрінде диалог орнату);
Адрестік шинаның разрядтарының саны (16,32 немесе 64);
Ең аз қажетті ресурстар, яғни оперативті және дискілі жадтардың ең аз көлемдері, микропроцессорлар класы қажет.
Көп есепті операциялық жүйе бір мезгілде бірнеше програмаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей параллель жұмыс істейтін болады. Мысалы, бір программа әуен тыңдай отырып дайын құжатты баспаға шығарады, ал екіншісі жаңа құжатты форматтайды. Адрестік шинаның разрядтылығы жад көлемін анықтайды. Дербес компьютерлер үшін 32 разрядтық ОЖ-ні қолданудың үлкен мәні бар:
1) IBM фирмасы үшін OS2;
2) Microsoft фирмасы үшін Windows;
3) Bell Laboratory корпорациясы үшін Unix;

Windows операциялық жүйелері
IBM PС үшін Windows операциялық жүйесі бірінші графикалық операциялық жүйе болып табылады. Windows жүйесінің ерекшеленетін белгілері:
· 32-разрядтілі архитехтурасы;
· Көп есептілігі және көп қолданушылығы;
· Графикалық қолданушы интерфейсі;
· Plag and Play технологиясы бойынша жаңа периферийлі құрылғыларды қосу;
· Виртуальды жадты қолдану;
· Бұрын құрылған программалық қамтамасыз етумен сәйкестілігі;
· Коммуникациялық программалық жабдықтардың бар болуы;
· Мультимедиа жабдықтарының бар болуы;
· Интернет глобальды желімен интеграциясы;
Windows объектілі-бағытталған платформасы
Программалық өнімдерді өңдеудің қазіргі технологиясы обьект ұғымы негіз болатын объектілі-бағытталған программалаудың концепцияларында жұмыс жасайды. Интерактивті режимде жұмыс мүмкіндігі пайдаланушыға көрнекі графикалық саймандарды және әр түрлі көмектерді қолдануды ұсынады. Объектілі-бағыттаушы программалаудың фундаментальды мінездемелері:
· Компьютерлік әлемде объектілермен жұмыс жасайды;
· Компьютердегі есептеу объектілер арасында мәліметтер алмасу жолымен жүзеге асырылады. Объектілер хабарламаларды жіберу және қабылдау арқылы өзара әрекеттеседі.
· Хабар беру - әрекет орындау үшін берілетін сұраныс. Әр объект басқа объектілерден тұратын байланыссыз жадтан тұрады;
· Әр объект өзіне байланысты объектілердің қасиетін көрсететін класс болып саналады;
· Класта объект тәртібі көрсетіледі, сондықтан осы класқа жататын барлық объектілер бірдей әрекеттерді орындайды;
· Барлық кластар иерархиялық құрылымды құрайды.
Windows жүйелік ортасында әрекеттер тізімін орындау үшін:
· объектіні ерекшелеу керек, яғни экранда осы объект белгісінде тышқанның сол жақ батырмасын шерту;
· объект орындайтын әрекеттер тізбегінен меню көмегімен қажеттісін таңдау.
Файл деп ішкі жадыда белгілі атпен облысты алатын немесе программалар тізбегін айтады.
Windows жүйесінде кез-келген файл аты бар объект ретінде қабылданады. Файлға қойылған ат ондағы информациялар мазмұнын ашатын болуы керек. Файл аты ұзын болуы және цифр, орыс және латын алфавитінің әріптерінен, әр түрлі символдардан, нүктелерден тұруы мүмкін. Файл қасиетін көрсететін параметрлер:
· Тип, сақталынған мәліметтердің мазмұнын көрсетеді;
· Файл өлшемі, дискілік кеңістіктен алатын көлемі;
· Файлдың құрылған мезгілі мен уақыты;
· Файлға соңғы өзгертулер енгізілген мезгіл мен уақыт;
· Файл атрибуттары: архивтік, тек оқу үшін, жасырынды, жүйелік;
Файлдармен анықталған әрекеттер тізбегін қолдануға болады:
· Файлды ашу;
· Файлды сақтау;
· Файлды қиып алу;
· Файлды көшіру;
· Дискіден файлды өшіру;
· Файлдың атын өзгерту;
· Файл үшін жарлық құру;
Бума Windows-та құжаттарды сақтауға арналған кәдімгі бума ролін атқарады және құжаттарды сақтауды тәртіпке келтіреді. Бума - объектілерді сақтау қоймасы. Бумаға ат беріледі және ол файл аты сияқты ережелер бойынша жазылады. Бумалар мен файлдарға қолданған әрекеттердің тізбегін қолдануға болады: буманы құру, өшіру, атын өзгерту, көшіру, буманы басқа орынға жылжыту, буманы ашу және жабу.
Жарлық - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын сілтеме. Жарлық арқылы құжаттар мен программаларды тез іске қосуға болады. Windows-те бумалардың бағынышты құрылымы иерархиялық құрылымды құрайды. Жоғары деңгейде Рабочий стол деп аталатын объект орналасады. Екінші деңгейде Рабочий стол-да орналасатын объектілер болады. Стандартты түрдегі мұндай объектілерге Мой компьютер, Мои документы, Корзина және т.б. бумалар жатады. Басқа объектілер иерархия бойынша осы бумалардың ішінде болады.
Windows-те қолданбалы программалар қосымша деп аталады, мысалы: Paint графикалық редакторы, Проводник программасы, дискілермен жұмыс жасау үшін қажетті жұмыс программалары, антивирустік программалар және т.б. қосымшалар болып саналады.
Қосымшалар бір немесе бірнеше файлдардан тұрады және өзіне тән аты бар бумаларда сақталады. Мысалы, ойын-қосымшасы бір файлда, Word текстік процессор қосымшасы өзара байланысқан файлдар кешенінен тұрады. Бұл файлдар арасында жүктеу файлы деп аталатын басты файл болу керек.
Қосымшалар ішінде құрылған объектілер: мәтіндер, кестелер, суреттер, дыбыстар және т.б. болуы мүмкін. Windows ортасында мұндай объектілер құжаттар деп аталады.
Интерфейс - құрылғылар, программалар және адам арасындағы байланысты ұйымдастыратын жабдықтар мен ережелер тізбегі. Дербес компьютер мен қолданушы арасындағы байланысты ұйымдастыратын интерфейс қолданушы интерфейсі деп аталады.
Графикалық қолданушы интерфейсі - адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін қолданылатын графикалық жабдықтар. Графикалық қолданушы интерфейсінің мысалы бұлWindows интерфейсі.
Қолданушының графикалық интерфейсінің негізі - бұл ұйымдастырылған және жақсы ойлап табылған терезелер жүйесі. Терезе - экранда монитордың шектелген төртбұрышты көлемі, онда қосымша (қосымша терезесі), құжат (құжат терезесі), мәлімет (мәлімет терезесі) бейнеленеді. Сол сияқты жүйе параметрлерін көрсету үшін жұмыс жасайтын сұхбат терезелері болады.
Екінші графикалық объектіге тышқан көрсеткіші жатады. Экранның көлеміне байланысты тышқан көрсеткішінің түрі өзгеріп отырады: меню көлемінде бір түр, текстті енгізу көлемінде екінші бір түр, суреттер көлемінде үшінші бір түр және т.б. Ол, сонымен қатар, жүйе тәртібін көрсетеді: бос емес немесе бос.

Мәлімет алмасуды үйымдастыру.
Мәлімет алмасу - бір объектіден екіншісіне мәлімет апару. Windows-те мәлімет алмасуды берілгендерді бір объектіден екіншісіне апару деп түсінеді. Осы процесс нәтижесінде объектілер өзгереді, бір немесе бірнеше бар объектілерден жаңа объектілер құрылады.
Windows ортасында мәлімет алмасу тышқан көмегімен объектіні "алып бару" және алмастыру буфері OLE технологиясы арқылы жүргізіледі. Windows-те жұмыс жасағанда объектілерді көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады. Объектілерді көшіргенде объект бұрынғы орында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналасады. Қанша қажет болса, сонша көшірме алуға болады. Объектіні жылжытқанда ол жаңа орынға орналасады, бұрынғы орыннан өшеді. Көптеген қосымшаларда мәлімет алмасу тышқан көмегімен "алып бару" әдісі арқылы орындалады. Осы әдіспен көшіру және жылжыту әрекеттерін де орындауға болады.
Алмасу буфері - жылжытылатын немесе көшірілетін мәліметтерді сақтап тұруға арналған жадының арнайы бір бөлігі. Тышқан көмегімен "алып бару" әрекетін экранда нұсқа қабылдаушыға алыс емес жерде орналасқан кезде қолдануға болады. Ол үшін қосымшалар терезесін жақын орналастыру қажет. Тышқан көмегімен жылжыту төмендегідей көрсетілген бойынша жүргізіледі:
· Жылжыту керек объектіге тышқан көрсеткішін орнатып таңдайды. Тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап бірнеше объектілер тобын да таңдауға болады (мысалы, мәтін бөлігін);
· Сол жақ батырма басулы күйінде ерекшелінген объектіні таңдаған орынға жылжытады. Көшіру, жылжыту тәрізді орындалады, сол пернесін басулы күйінде ұстау керек. Бұл жағдайда жылжытылатын объект қосымша + таңбасы арқылы белгіленеді.
Алмастыру буфері көмегімен мәлімет алмасу төмендегі көрсеткен негізінде орындалады:
· Жылжытуға немесе көшіруге қажетті объект ерекшеленеді;
· Правка--Копировать немесе Правка--Вырезать командалары көмегімен объект алмасу буферіне орналасады;
· Объект орналасатын орынды тышқан көрсеткіші көмегімен көрсетеді;
· Объект көрсетілген орынға Правка--Вставить немесе Правка--Специальная вставкакомандалары көмегімен орындалады.

Windows программалық жабдықтары
Windows программалық жабдықтарына:
· Проводник программасы - ДК жергілікті және желілік ресурстарын көру-программасы, осы программа көмегімен қолданушы файлдық жүйеден кез-келген объектіні (бума немесе файл) іздейді және олармен қажетті әрекетті орындайды;
· Windows-тың басқару саймандары - Панель управления бумасында орналасады. Бұл бумаПуск--Настройка--Панель управления командасы бойынша іске қосылады.
· Қолданбалы мазмұндағы стандартты қосымшалар - Paint графикалық редакторы, WordPad мәтіндік редакторы, Блокнот, Калькулятор, Мультимедия, Связь комплекс программалары;
Стандартты қосымшалар дегеніміз - дискіні тазалау, дискіні тексеру, дискіні дефрагментациялау, дискімен жұмыс жасау мастері және т.б.

Windows Commander программасының мінездемесі.
Windows Commander - бұл файлдық менеджер, яғни программа Windows ортасында файл мен жұмыс жасау үшін арналған. Өз мүмкіншілігіне қарай ол Сілтеуіш программасындағы файлдық менеджерден жақсырақ тұрғызылған және оның сыртқы көрінісі мен интерфейсі Norton Commander-дағы MS-DOS программасына ұқсас, осы программаның ең жақсыларын қосып атқарады.
Windows Commander-дың мүмкіншілігі:
· Windows Commander көп командаларын қарапайым пернелерді басу арқылы орындауға болады, Norton Commander-ге ұқсас;
· Drag & Drop қолдауы, сілтемеге ұқсас (бар объектіні тышқан сілтемесі арқылы апару);
· көшірімді кеңейту, ауыстырушылық, атын өзгерту және файл мен ағаш каталогын жою;
· файлдық архивпен жай директория сияқты жұмыс жасау, файлды тез арада архивке көшіруге болады немесе архивті дискке және файлды архивтен жоюға болады (ішіндегі архивті модификациялау);
· Windows Commander меню командасына өз программасын жіберіп қосуға болады;
· программа жіберу үшін командалық жолға MS DOS-тағыдай әр түрлі параметрлер көрсетіледі;
· файл іздеудегі функцияның кеңеюі;
· текстегі файл тұрғызуын қарау (F3 пернесімен шақырылады) және он алтылық форматтағы DOS кодының мүмкіншілігін Windows-тағыдай;
· ZIP форматындағы файлды орамдау;
· сыртқы программа жіберу үшін панель аспабын күйге келтіру және Windows Commander-дың орындалуы;
· Windows Commander программасындағы негізгі меню ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клетканың бөлінуі
Жасушаның алуан түрлілігі
Протопласт. Цитоплазма
Цитология және гистология пәні бойынша құрылған электронды оқулық
Клетканың бөлінуі. Митоз. Мейоз. Ұрпақ алмасу
Өсімдіктер клеткасының жалпы құрылымдық ерекшеліктері
Ағзалардың көбею
Цитология лекция тест және бақылау сұрақтары глоссарий оқу құралы
Клетканың органикалық заттары
Клетканың морфологиялық құрылысы
Пәндер