Операциялық жүйе. ОЖ-ның жіктелуі



Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Операциялық жүйе
2. Ож-ның жіктеруі
3. WINDOWS обьектілі-бағытталған платформасы
4. Мәлімет алмасуды ұйымдастыру
5. Мәлімет алмасуды үйымдастыру.
III.Қорытынды бөлім
1. Windows Commander программасының мінездемесі.

Кіріспе
Операциялық жүйе - компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын программа. Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен және оның ресурстарымен (оперативті жад, дискіде орынды, т.б.) басқару жұмыстарын, орындауға басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын орындайды. Операциялық жүйе қолданушымен, қолданбалы программалармен және компьютер құрылғыларымен байланыс түрін (интерфейс) орнатуды қамтамасыз етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға, компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.
ОЖ-ның екі негізгі қызметін атап айту керек, олар:
1) Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппаратық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;
2) Әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру;
Компьютерді басқару ОЖ-нің командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, файлдарды баспаға шығару, кез-келген программаны іске қосу, қажетті жұмыс режимін орнату сияқты әр түрлі әрекеттерден тұрады.

ОЖ-ның жіктелуі
Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе бірнеше параметрлер бойынша өзгешеленеді. ОЖ:
Бір қолданушы және көп қолданушылы (жүйемен бір мезгілде жұмыс жасайтын қолданушылар саны);
Бір есепті және көп есепті (ОЖ көмегімен кез-келген мезгілде шешіліп шығарыла алатын есептер саны);
ОЖ-мен қолданушының байланысының базалық түрі (командалар түрінде диалог, меню тілінде диалог, графикалық көріністер түрінде диалог орнату);
Адрестік шинаның разрядтарының саны (16,32 немесе 64);
Ең аз қажетті ресурстар, яғни оперативті және дискілі жадтардың ең аз көлемдері, микропроцессорлар класы қажет.
Көп есепті операциялық жүйе бір мезгілде бірнеше програмаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей параллель жұмыс істейтін болады. Мысалы, бір программа әуен тыңдай отырып дайын құжатты баспаға шығарады, ал екіншісі жаңа құжатты форматтайды. Адрестік шинаның разрядтылығы жад көлемін анықтайды. Дербес компьютерлер үшін 32 разрядтық ОЖ-ні қолданудың үлкен мәні бар:
1) IBM фирмасы үшін OS2;
2) Microsoft фирмасы үшін Windows;
3) Bell Laboratory корпорациясы үшін Unix;

Windows операциялық жүйелері
IBM PС үшін Windows операциялық жүйесі бірінші графикалық операциялық жүйе болып табылады. Windows жүйесінің ерекшеленетін белгілері:
· 32-разрядтілі архитехтурасы;
· Көп есептілігі және көп қолданушылығы;
· Графикалық қолданушы интерфейсі;
· Plag and Play технологиясы бойынша жаңа периферийлі құрылғыларды қосу;
· Виртуальды жадты қолдану;
· Бұрын құрылған программалық қамтамасыз етумен сәйкестілігі;
· Коммуникациялық программалық жабдықтардың бар болуы;
· Мультимедиа жабдықтарының бар болуы;
· Интернет глобальды желімен интеграциясы;
Windows объектілі-бағытталған платформасы
Программалық өнімдерді өңдеудің қазіргі технологиясы обьект ұғымы негіз болатын объектілі-бағытталған программалаудың концепцияларында жұмыс жасайды. Интерактивті режимде жұмыс мүмкіндігі пайдаланушыға көрнекі графикалық саймандарды және әр түрлі көмектерді қолдануды ұсынады. Объектілі-бағыттаушы программалаудың фундаментальды мінездемелері:
· Компьютерлік әлемде объектілермен жұмыс жасайды;
· Компьютердегі есептеу объектілер арасында мәліметтер алмасу жолымен жүзеге асырылады. Объектілер хабарламаларды жіберу және қабылдау арқылы өзара әрекеттеседі.
· Хабар беру - әрекет орындау үшін берілетін сұраныс. Әр объект басқа объектілерден тұратын байланыссыз жадтан тұрады;
· Әр объект өзіне байланысты объектілердің қасиетін көрсететін класс болып саналады;
· Класта объект тәртібі көрсетіледі, сондықтан осы класқа жататын барлық объектілер бірдей әрекеттерді орындайды;
· Барлық кластар иерархиялық құрылымды құрайды.
Windows жүйелік ортасында әрекеттер тізімін орындау үшін:
· объектіні ерекшелеу керек, яғни экранда осы объект белгісінде тышқанның сол жақ батырмасын шерту;
· объект орындайтын әрекеттер тізбегінен меню көмегімен қажеттісін таңдау.
Файл деп ішкі жадыда белгілі атпен облысты алатын немесе программалар тізбегін айтады.
Windows жүйесінде кез-келген файл аты бар объект ретінде қабылданады. Файлға қойылған ат ондағы информациялар мазмұнын ашатын болуы керек. Файл аты ұзын болуы және цифр, орыс және латын алфавитінің әріптерінен, әр түрлі символдардан, нүктелерден тұруы мүмкін. Файл қасиетін көрсететін параметрлер:
· Тип, сақталынған мәліметтердің мазмұнын көрсетеді;
· Файл өлшемі, дискілік кеңістіктен алатын көлемі;
· Файлдың құрылған мезгілі мен уақыты;
· Файлға соңғы өзгертулер енгізілген мезгіл мен уақыт;
· Файл атрибуттары: архивтік, тек оқу үшін, жасырынды, жүйелік;
Файлдармен анықталған әрекеттер тізбегін қолдануға болады:
· Файлды ашу;
· Файлды сақтау;
· Файлды қиып алу;
· Файлды көшіру;
· Дискіден файлды өшіру;
· Файлдың атын өзгерту;
· Файл үшін жарлық құру;
Бума Windows-та құжаттарды сақтауға арналған кәдімгі бума ролін атқарады және құжаттарды сақтауды тәртіпке келтіреді. Бума - объектілерді сақтау қоймасы. Бумаға ат беріледі және ол файл аты сияқты ережелер бойынша жазылады. Бумалар мен файлдарға қолданған әрекеттердің тізбегін қолдануға болады: буманы құру, өшіру, атын өзгерту, көшіру, буманы басқа орынға жылжыту, буманы ашу және жабу.
Жарлық - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын сілтеме. Жарлық арқылы құжаттар мен программаларды тез іске қосуға болады. Windows-те бумалардың бағынышты құрылымы иерархиялық құрылымды құрайды. Жоғары деңгейде Рабочий стол деп аталатын объект орналасады. Екінші деңгейде Рабочий стол-да орналасатын объектілер болады. Стандартты түрдегі мұндай объектілерге Мой компьютер, Мои документы, Корзина және т.б. бумалар жатады. Басқа объектілер иерархия бойынша осы бумалардың ішінде болады.
Windows-те қолданбалы программалар қосымша деп аталады, мысалы: Paint графикалық редакторы, Проводник программасы, дискілермен жұмыс жасау үшін қажетті жұмыс программалары, антивирустік программалар және т.б. қосымшалар болып саналады.
Қосымшалар бір немесе бірнеше файлдардан тұрады және өзіне тән аты бар бумаларда сақталады. Мысалы, ойын-қосымшасы бір файлда, Word текстік процессор қосымшасы өзара байланысқан файлдар кешенінен тұрады. Бұл файлдар арасында жүктеу файлы деп аталатын басты файл болу керек.
Қосымшалар ішінде құрылған объектілер: мәтіндер, кестелер, суреттер, дыбыстар және т.б. болуы мүмкін. Windows ортасында мұндай объектілер құжаттар деп аталады.
Интерфейс - құрылғылар, программалар және адам арасындағы байланысты ұйымдастыратын жабдықтар мен ережелер тізбегі. Дербес компьютер мен қолданушы арасындағы байланысты ұйымдастыратын интерфейс қолданушы интерфейсі деп аталады.
Графикалық қолданушы интерфейсі - адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін қолданылатын графикалық жабдықтар. Графикалық қолданушы интерфейсінің мысалы бұлWindows интерфейсі.
Қолданушының графикалық интерфейсінің негізі - бұл ұйымдастырылған және жақсы ойлап табылған терезелер жүйесі. Терезе - экранда монитордың шектелген төртбұрышты көлемі, онда қосымша (қосымша терезесі), құжат (құжат терезесі), мәлімет (мәлімет терезесі) бейнеленеді. Сол сияқты жүйе параметрлерін көрсету үшін жұмыс жасайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭЕМ-нің қызметі,құрамы және жіктелуі
IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы туралы ақпарат
Утилиттер, олардың типтері. Операциялық жүйе, оның атқаратын негізгі мәселелері. IBM PC типіндегі компьютерлерде қолданылатын операциялық жүйелер. кірістірілген программаларға мысалдар
Операциялық жүйелер. Операциялық жүйенің атқаратын функциялары
Операциялық жүйеге сипаттама
Windows 8 ОЖ жұмыс режимдері
Операциялық жүйе туралы
Операциалық жүйелердің файлдық жүйесі
Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша өндірістік тәжірибе есебі
ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі
Пәндер