Жеткіншек жас кезеңнің психологиялық ерекшеліктері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Жеткіншек жас кезеңнің психологиялық ерекшеліктері

Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңдегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең» «қиын жас», «проблемалы» т. б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамының бір сатысының екінші сатысына өтіп, бұл әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.

Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрыннан қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалармен және құбылыстар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кезең болғандықтан, көптеген екі жақтылық орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін, қарым- қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туындаған бұл уайым-шегін өз орнын іздейді.

Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызады, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасындағы тікетірестік орын алуы мүмкін.

Жеткіншектердің дене мүшелерінің дамуында да үлкен үлеспеушілік орын алады. Мәселен, олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеуделерінің өсуі, бұлшық еттерінің ұзаруы кешеуліндейді. Дене мүшелерінің бір келкі дамуы салдарынан жеткіншекте «өзін жарым-жан сезінуі» деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп немесе бір жағына қисайып жүреді.

Жеткіншек жас кезінде баланың эндокринологиялық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гормондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншектік жастық өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс гормондарының тітіркендірілуіне әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп мәселелердің байбына үңіліп жатпайды, сөзі аяғына дейін тыңдап болмаса морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.

Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуация байқалу ерекшеліктерін Леонград жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар осы жас кезеңінде, мазасыздану да бала өмірінде едәуір орын алады.

Осы жас кезеңнің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі басқа де жетекшілердің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімділік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.

Жеткіншек жастардың ерекшеліктері:

  • барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі;
  • үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан, өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысу;
  • үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқан сынап-мінеп кей-кезде өріскелік мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан әлі болса, ол талап қою жағынан ерекше, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезіну.

Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. Олар:

  1. балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы;
  2. радио-, теледидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі;
  3. өзінен үлкен балалармен танысып, солардың жағымсыз әрекеттеріне еліктейтіндігі;
  4. күні түні фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттерді оқып, ондағы кейіпкерлерге еліктеуі;
  5. акцентуациялардың көрінісін беруі;
  6. агрессияның анық байқалуы.

Психологтардың жеткіншек жас кезеңдегілермен жүргізілетін жұмыстарының міндеттері мен мазмұны осы ерекшеліктерден туады. Барлық іс-шаралар жеткіншектердің жасымен байланысты проблемаларын ескере отырып, олардың шешу немесе шешуге көмектесетін жолдарын табуға бағытталады. Сонымен қатар осы жас кезеңінде баланың интеллектуалдық дамуына үлкен көңіл бөлу қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Жасөспірімдік кезеңнің зерттелу тарихы
Жеткіншек жас аралығындағы психологиялық мінез-құлық ерекшеліктері
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінез ауытқулары және оларға көмек көрсету жолдары
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым - қатынастың рөлін зерттеу
Дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогикалық-психологиялық жұмыс
Жеткіншектердің арасындағы қарым - қатынас
Даму психологиясы
Жеткіншектердің өзара қарым-қатынасы мен өзін-өзі бағалауының психологиялық ерекшеліктері
Психология ғылымындағы жеткіншек шақ туралы ғалымдардың теориялары.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz