Жиі кездесетін әлеуметтік аурулар



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Жиі кездесетін әлеуметтік ауруларға: тұмау, қызамық, қызылша,
дифтерия, тырысқақ, сарыауру, сарып және т.б. аурулар жатады.
Тұмау.Тұмау- мұрынның кілегей қабығының қабынуы. Тұмау өте
жұқпалы ауру. Тұмау жоғарғы тыныс алу органдарының ауруға шалдығуының,
гриптің асқынуы, кілегей қабығының жарақаттануы т.б. инфекциялы аурулардың
белгісі ретінде байқалуы мүмкін. Тұмаудың жедел,созылмалы және аллергиялық
түрі бар. Жедел тұмау қыста салқын күндері жиі, ыстықта сирек кездеседі.
Ауру қоздырғышы- стрептококк, стафилококк, пневмококк микробтары және
вирустар. Бұл қоздырғыштар жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ
науқас адамның орамалы, ыдысы, кітабы т.б. арқылы таралады. Бұл микробтар
мен вирустар мұрынның кілегей қабығында өсіп-өнеді.
Жедел тұмау уақтылы емделсе 3-5 күнде сауығады. Асқынғанда
созылмалы тұмауға айналады. Созылмалы түрінде мұрын су ағып, адамның
иіс,дәм сезу қабілеті кемиді. Кейде құлаққа, көзге т.б. органдарға әсер
етуі мүмкін. Аллергиялық тұмау тыныс органдарына түрлі шаң-тозаңның әсер
етуінен болады. Бұл түріне адам әсіресе, өсімдіктердің гүлденуі. Тозаңдануы
кезінде жиі ұшырайды. Аллергиялық түрі ұстамалы болады. Ауру ұстаған кезде
мұрын қышып, адамды мазасыздандырады. Тұмау кезінде науқас тәбеті
нашарлайды, дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буыны
сырқырайды, мұрны бітіп, даусы қарлығып жөтеледі, тамағы қызарып жұтыны да
ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Тұмаумен бір рет ауырған адам 1-2 жылға
дейін қайталамайды.
Қызамық. Қызамық- жедел тарлатын өте жұқпалы ауру. Аурудың
қоздырғышы А тобындағы гемолитикалық стрептококк. Қызамықпен ересек
адамдардан гөрі балалар, әсіресе 3-9 жас аралығында жиі ауырады. Ауру
науқас адамнан сау адамға жөтелгенде, сөйлегенде қақырық, түкірік арқылы
жұғады. Сондай-ақ науқас баланың ойыншығы,ыдыс-аяқ орамал, баланы күтуші
адам арқылы да таралады. Бұл ауру күз және қыс айларында жиі кездеседі.
Қызамықпен бір рет ауырған бала 2-рет ауырмайды. Аурудың жасырын кезеңі 2-
12 күн. Бұдан кейін баланың дене қызуы 38-39 градусқа көтеріледі. Басы,
тамағы ауырып, сақа тәбеті шаппайды, құсады. Аурудың 2-күні денеге, бетке,
әсіресе қолтық, шапқа көп қызғылт бөртпе шығады. Науқас баланың екі беті,
көмекейі қызарады, бадамша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СПИД ауруының таралу белгілері
Зат алмасудың тұқым қуалаушылық аурулар
Тұқым қуалайтын аурулардың алдын-алу, медициналық генетика
Тұқым қуалайтын аурулар
Тұқым қуалайтын аурулардың диагностикасы
Павлодар қаласының экологиялық жағдайына байланысты балаларда кездесетін аллергиялық аурулар
Аурухана ішілік инфекциялар, себептері және олармен күрес
Орфандық аурулар
Аутогемотерапия қолдану жағдайлары
Тұқым қуалайтын аурулардың түрлері
Пәндер