Жаза түсінігі және мақсаттары


Жоспар:
- Жаза түсінігі және мақсаттары
Кіріспе
- Жазаның түсінігі
- Жазаның мақсаттары
- Жазалар жүйесі ұғымы және оның маңызы
- Айыппұл
- Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру
- Қоғамдық жұмыстарға тарту
- Түзеу жұмыстары
- Әскери қызмет бойынша шектеу
- Бас бастандығын шектеу
- Қамау
- Тәртіптік әскери бөлімде ұстау
- Бас бостандығынан айыру
- Өлім жазасы
- Арнаулы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру
- Мүлікті тәркілеу
- Пайдаланған әдебиеттер
I. ЖАЗА ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ
Кіріспе
Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азамат тық, әкімшілік немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тар тумен де ұштастырылуы мүмкін.
Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәлау. дың дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасы на және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына келей байланысты болады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығы нан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге занда көрсетілген негізде ерекше жаза - өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сот талған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табы лады
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шарала рынан ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайлар да қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе сот талғандық атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін колонияның түрін белгілеу үшін ма ңызды мәнге ие болады. Сонымен, қылмыстық жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға қылмыстық заң мен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану болып табылады.
1. Жазаның түсінгі
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қыл мысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолда нуда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қар сы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономи калық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылык сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асыры лады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шара сы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарасты рылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу ша ралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қыл мыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.
Біріншіден, қылмыстық шара - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодекс те жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыс тық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шық пай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауға құқылы.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыс тық кодекстің 38-бабында»жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы», - делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар ар қылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адам ды полиция бастығы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан бұлтарушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны қолдану - тек қана соттың құзыреті
Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотгалған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана ра қымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату неме се жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституция сына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін көрсетеді
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық тағайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар соттағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым мекеме, лауазымды және жай адамдардың орын дауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыс тық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жаса ған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адам ның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық-құқылық зар. дабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда»адам өз Кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті», - делінген. Сондай-ақ әрбір істелген қылмысқа жаза тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мынада : егер тергеу жүргізген немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруімен байланысты кінәлінің істеген қылмысының қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға енді қауіпті емес деп танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға (68-бап) болады.
Қылмыстық жазаның әкімшілік құқық бұзушылық үшін қол данылатын жазадан айырмашылығы мынадай : біріншіден, қыл мыстық жаза бұл істелген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға жаттеріс әрекет тер үшін ғана тағайындалады.
Екіншіден, қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан та ғайындалады. Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауа зым адамдары немесе судья тағайындайды. Үшіншіден, қылмыс тық жазаның әкімшілік жазадан ерекшелігі сол сот үкімі бойын ша тағайындаған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атақ береді, ол әкімшілік жазаға тартылғандар үшін мұндайда құқылық зардап болмайды.
2. Жазаның мақсаттары
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты - әлеуметтік әділеттілікті қалпы на келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сот талғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындау дың басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қыл мысқа әділ құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет
Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заң ның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауапты лық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады, қылмыс істеген адамдарға қолданылуға тиісті жазамен өзге де қылмыс Гық-құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді
Арнаулы сақтандырудың иелері болып, қылмыс істеп соттал ғандар танылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің орын алмауын көздеуі болып табылады. Жазаның осы көздеген мақсатына жетуінің құралы сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық көзқарасын өзгертіп қылмысты құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз күн көріске деген пиғылдарын, жа задан қорыкса да өзгертіп дұрыс жолға салу болып табылады
Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын Қалт жібермей мүлтіксіз орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты - басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Бұл қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып, биморальдық күйге түсіп жүрген, қылмыс істеуі мүмкін, тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табыла ды. Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функ циясының бір көрінісі болып табылады. Қылмыстық құқық қалыпттарының жеке түрлерінің санкцияларында көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға, олардың психологиялық сана-сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеу меттік әділеттілікті, адам өмірінің қорғалуының, құқық тәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастарының қалыптасуы на жағдайлар туғызады.
Сол сияқты жаза - қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершілік принципі болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы Заң ның қалпының өзінде қарама-қайшылық жоқ па екен деген заң ды сұрақ туындайды. Жаза сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына шек қою арқылы, сөз жоқ, оның жанынқинай ды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде қарама-қайшылық ты жою үшін жазаның мақсатын және құрамын, мазмұнын дұрыс айыра білген жөн. Жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп қорлау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына заңда көрсетілген шекті қою жазаның мазмұнын, ал арнаулы және жалпы сақтандыруды жүзеге асыру жазаның мақсатына жету құралын құрайды. Сотталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын өтеуі, әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері болып табылады.
II. Жазалар жүйесі ұғымы және оның маңызы
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заң да белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлы ғына қарай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті бо лып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі Республика аумағында қыл мысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айыру дың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді :
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар : қоғамдық жұмыстарға тарту, арнау лы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипло матиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградадан айыру,
2. Сотталған адамныңқұқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері : белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланыс ты жазалар : түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері : өлім жазасы, бас бостанды ғынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топ қа бөлінеді : Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жаза лар дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретіңде, жазаның мақ сатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз
Кылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жа залар :
а) айыппұл салу ;
б) белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту ;
г) түзеу жұмыстары ;
д) әскери қызмет бойынша шектеу ;
е) бас бостандығынан шектеу ;
ж) қамау ;
з) тәртіптік әскери бөлімде ұстау ;
и) бас бостандығынан айыру ;
к) өлім жазасы қолданылуы мүмкін
(39-бап, 1 - бөлігі)
Екінші топқа қосымша жазалар жатады :
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындала тын, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші рөл атқа ратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының»Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заң дылықты сақтауы туралы»1999 жылғы 30 сәуірдегі б 1 нормативтік қаулысының 25, 26-тармақтарында»Негізгі және қосым ша жазаларды дұрыс үйлестіре білу, оны даралап көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі, осыған байланысты соттар үкім шығарған кезде әр іс бойынша, әсіресе, ауыр, аса ауыр, сыбайлас жемқор лық қылмыстар жасаған адамдарға қосымша жаза қолдану қажеттілігі мәселесін қараған жөн.
Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қабыл данған шешімнің дәлеллерін үкімнің дәлелдеу бөлігінде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда бұл туралы үкімнің қорытынды бөлімінде ондай сілтеме жасал майды. Кінәліні соттаған кезде қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп табылса, сот оны ҚК-нің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана ҚК-нің 55-бабына сілтеме жасай отырып қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде келтіре отырып, қолданбауы мүмкін.
Соттардың назары мынаған аударылсын : қосымша жазаның айыппұл, мүлікті тәркілеуі сияқты түрлері қосымша жаза ретінде тек егер олар сотталушыны кінәлі деп таныған ҚК бабтарының диспозицияларында қосымша жаза ретінде көзделген болса ғана қолданылуы мүмкін. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кызметпен айналысу құқынан айыру, арнайы, әскери немесе Құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәре жесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалары нан айыру қосымша жаза ретінде ҚК-нің Ерекше бөлімінің қыл мысты саралаған бабында жаза ретінде көзделмесе де тағайын далуы мүмкін. Бұндай жазаны қолдану туралы шешім қабылдан ғанда, үкімнің қорытынды бөлігінде ҚК-нің тиісінше 41 немесе 50-бабына сілтеме жасалынуы керек. Ауыр немесе аса ауыр кыл мыс үшін сотталған кезде, сот үкіммен бірге ҚК-нің 50-бабы 2-бөлігінің негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің аты на сотталушыны мемлекеттік наградалардан немесе Қазақстан Республикасы Президенті тағайындаған құрметті, әскери, арнайы атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыру туралы тиісті ұсыныс енгізу туралы мәселесін қарауы тиіс.
Қосымша жазалар сотталушыны кінәлі деп таныған заң бап тарында көрсетілген шекте тағайындалады. Егер қосымша жаза : ҚК-нің 41 немесе 50-баптарының негізінде қолданылса, оның (ерзімі заң бойынша жазаның осы түріне белгілеген шектен аспауы керек», - делінген. Сондықтан да қылмыстық заңның бап тарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолда нылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасалмайды. Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде індетті түрде көрсете отырып, оған қосымша жазаны қолдан бауы мүмкін.
Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі азаға қосылып тағайындалады
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар :
а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру ;
б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін (39-бап, 2-бөлігі) .
Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданыла тын жазалар жатады. Оларға жататындар : айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту. Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға заңда белгіленген ретгерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін. Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны мен мәні әр түрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану - қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шарты болып табылады. Енді осы жаза ның жекеленген түрлеріне сипаттама береміз.
1. Айыппұл
Қылмыстық кодекстің 40-бабы бойынша :»Айыппұл - осы Кодексте көрсетілген шекте, заңмен белгіленген және жаза та ғайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адам Hың жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өңдіріп алу»(40-бап, 1-бөлігі) .
Қылмыстық кодекстің 40-бабында көрсетілгендей айыппұл негізгі немесе қосымша жаза қатарында қолданылуы мүмкін. Қылмыстық жаза шарасы ретінде айыппұл төлеуге сотталған адам белгілі бір материалдық қиындыққа тап болады. Айы 1ұлдың жазалау қасиеті дәл осындай жағдайда көрініс табады. Кінәлі адам нан үкiм бойынша ақшалай өндіру сотталған адам және басқалар үшін тәрбиелік мәні зор және мұның өзі қылмыстан сақтанды руда ерекше рөл атқарады. Айыппұл негізгі және қосымша жаза ретінде тек қана занда көрсетілген ретте және соның шегіңде ғана қолданылады
Егер айыппұл қылмыс сараланған баптың санкциясында көрсетілмеген болса, онда ол негізгі немесе қосымша жаза ретінде қолдануға жатпайды. Тек қана мұндай жағдайда айыппұлды Қыл мыстық кодекстің 55-бабы бойынша заңда көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға негіз болғанда ғана қолданады. Айыппұл Қазақстан Республикасының зандарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz