Жазалар жүйесі ұғымы және оның маңызы



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1) Кіріспе
2) Жазалар жүйесі ұғымы және оның маңызы
3) Негізгі жазалар
a) Түзеу жұмыстары
b) Әскери қызмет бойынша шектеу
c) Бас бостандығын шектеу
d) Қамауға алу
e) Тәртіптік әскери бөлімде ұстау
f) Бас бостандығынан айыру
g) Өлім жазасы
4) Қосымша жазалар
a. Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру
a. Мүлікті тәркілеу
5) Қорытынды
6) Пайдаланған әдебиеттер

Жазаның жүйесі
Кіріспе
Жазалар жүйесі дегеніміз-қылмыстық заңда бекімін тапқан, өздерінің салыстырмалы ауырлығы ескеріліп белгілі бір тәртіпте орналасқан жазалар түрлерінің соттар үшін толық жеткілікті және міндетті тізбесі. Жазалар жүйесі Қылмыстық кодекстің 39-бабында келтірілген.
Кезінде профессор Н.С.Таганцев жазалар жүйесін ерекше жазалар сатысы деп қарастыран, оны кодекстегі жазалау шараларының жиынтығы және олардың өзара бағыныштылығы немесе ара қатынасы деп түсінген.
Әділ сот мәселесін шешуде жазалар жүйесін белгілеудің методикалық және практикалық маңызы бар. Методикалық маңыздылығы сонда, жазалардың әрқайсысының қолдану шарты, дәл шегі және тәртібі көрсетіліп, олардың толық тізбесінің берілуі соттардың қылмыскерлікпен, құқық бұзушылықпен күресудегі жазалау саясатына бірізділік береді. Ал, оның практикалық маңыздылығы сонда, жаза түрлері ең жеңілден ең ауырға дейін біртіндеп ретпен аталып шығады. Бұл соттың айыпталушының жеке басын, жаза мен жаупкершілікті ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайларды, ғылыми ұсыныстарды ескеріп, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталғанның түзелуіне, оның отбасына, отбасындағы оның қолына қарап отырған адамдардың тұрмыс жағдайына ықпалын тигізер әсерін есепке алып сотталғанға ықпал етудің әртүрлі шараларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Жазалардың заңмен белгіленген жүйесінің арқасында қай жазаның қатаңдау, қай жазаның жеңілдеу екендігін анықтауға болады. Бұл тек жаза тағайындалғанда ғана емес, жазаның қатаңдау, қай жазаның жеңілдеу түріне ауыстырғанда да керек.
Жаза түрлерінің жалпы жүйесінде және жазаның әрбір түрінде сотталған адамға ықпал етудің кешенді тәсілдері бар, ол соттың ең тиімдісін таңдауына мүмкіндік береді. Ал, сот жасаған қылмыстың да, қылмыскердің де қоғамға қаншалықты қауіпті екендігін ескере отырып әділ жаза тағайындай алады, ол өз кезегінде алдыға қойылған мақсатқа қол жеткізуге септігін тигізеді.
Жазаның түрлері мен жүйесі, сонымен қатар, қылмыскерлікпен күресу тәсіліне және қылмыскердің өзіне деген қоғамда қалыптасқан пікірді көрсетеді. Тарихта жазаның сансыз көп формалары мен түрлері болған. Адамның өмірі, денесі, бостандығы, ар-намысы, оның мүлкі жаза объектісі болды, ал жазаны қолданудың нәтижесінде адам өлімге ұшырады, жарақат алды, күйзелді, қудаланды, мүлкінен айырылды. Жаза әрқашан да, мемлекет атынан беріледі.
Қазақстандық қылмыстық заңның жазалар жүйесінде адамның ар-намысын қорлайтын жазалар жоқ. Қазақстан Республикасының Конституциясының 17-бабында былай делінген:
1. Адамның қадір қасетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадыр-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
Сондықтан да заңда кәмелетке толмағандарға, екі қабат әйелдерге, жас сәбилері бар әйелдерге жаза қолданғанда бірқатар шектеулер көзделген.
Жазаның барлық түрлері тағайындалу тәртібіне қарай Қылмыстық кодексінің 39-бабына сәйкес
* негізгі,
* қосымша,
* жазалардың негізгі де қосымша түріне жататындар болып бөлінеді.
Жаза тек негізгі түр ретінде қолданылатындар:
* Түзеу жұмыстары.
* Әскери қызмет бойынша шектеу.
* Бостандықты шектеу.
* Қамау.
* Тәртіптік әскери бөлімде ұстау.
* Бас бостандығынан айыру.
* Өлім жазасы.
Жазаның бұл түрлерінің негізгі деп аталу себебі - олар жазалау алдында тұрған мақсатқа қол жеткізудегі негізгі басты міндеттерді өздерінің сипаттары мен мазмұны бойынша орындауға тиіс. Олар басқа бір жазаларға қосылып емес, өздерінше дербес тағайындалады. Сотталғанға бірден екі негізгі жаза тағайындалмайды.
Жазалардың қосымша түрлері ретінде тек арнаулы,
* әскери немесе құрметті атақтан,
* сыныптық шеннен,
* дипломатиялық дәрежеден,
* біліктілік сыныптан
* мемлекеттік наградалардан айыру
* мүлікті тәркілеу ғана қолданылады.
Бұл екі түрдің қосымша деп аталу себебі, олар алға қойған мақсатқа жетуде қосалқы, жанама рөл атқарады, сонымен қатар олар өзінше дербес емес, жазаның негізгі түріне қосымша тағайындалады.
Негізгі жазалар
Түзеу жұмыстары
Түзеу жұмыстары кеңестік кезеңде кең қолданылды, бұл жазаның сотталғанды қоғамнан оқшаулуды көздемейтін түрі.
Мысалы:
* 1988 жылы барлық сотталғандардың 25,5%-ы
* 1995 жылы - 18649 адам (20,0)
* 1996 жылы - 10532 (12,4)
* 2001 жылы - 621 (0,9)
* 2002 жылы - 534 (0,8)
* 2003 жылы - 474 (0,9)
Түзеу жұмыстарының ерекшелігі сонда - сотталған адам өзінің негізгі жұмысын ары қарай жалғастыра береді, бірақ табысының белгілі мемлекет пайдасына аударылып отырады.
Түзеу жұмыстарын қолданғанда алға қойған мақсатқа үш тәсілмен қол жеткізуге болады: міндетті түрде еңбекке тарту; еңбек және өзге құқықтарды біршама шектеу; материалдық сипаттағы ықпал - жалақысының бір бөлігін ұстап қалу.
ҚК-нің Ерекше бөлімінің тиісті нормасының санкциясында көзделген болса, түзеу жұмыстары тек негізгі жаза ретінде қолданылады. Сонымен қатар, ол мына жағдайларда да қолданылуы мүмкін:
1) сол іс-әрекет үшін көзделгенге қарағанда жеңілірек жаза тағайындағанда (ҚК -- нің 55-бабы)
2) жазаның өтелмеген бөлігін жазаның жеңілірек түріне ауыстырғанда (ҚК-нің 71-бабы)
3) айыппұл төлеуден ұдайы жалтаруы себепті оны ауыстырғанда (ҚК-нің 40-бабы)
Заңда көзделген жағдайларда түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындағанда сот шартты соттауды қолдануға құқылы (ҚК-нің 63-бабы)
Сот жазаның бұл түрін дұрыс қолдану үшін маңызды болып табылатын мән-жайларды (еңбекке қабілеттілікті, отбасы жағдайын, балаларының бар-жоғын) мұқият айқындауға тиіс. Соттаушының мұндай жазаны өтеуіне кедергі болатын мән-жай болса, онда сот оған жазаның басқа түрін қолданады.
Заңда түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайтын адамдар тізбесі берілген, оларға жататындар:
* еңбекке қабілетсіз деп танылғандар
* тұрақты жұмысы жоқтар
* оқу орнында өндірістен қол үзіп оқитындар
Практикада бұл жаза екі қабат әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге де қолданылмайды.
Әскери қызмет бойынша шектеу
Әскери қызмет бойынша шектеу - жазаның әскери қызмет өткеріп жүріп сотталған әскери қызметкелеріне ғана қолданылатын ерекше түрі.
Оның мәнісі сонда, бұл жерде сендіру және мәжбүрлеу әдістері сәтті үйлескен. Жазаның бұл түріне сотталған әскери қызметші өзінің кәсіби әскери міндетін ары қарай атқара береді, бірақ, сонымен қатар, оның құқығы шектеледі, ол қандай да бір материалдық шығынға ұшырайды.
Әскери қызмет бойынша шектеу екі жағдайда ғана негізгі жаза ретінде тағайындалады:
1) егер әскери қызметті келісімшарт бойынша өткеруші әскери қызметші не әскери қызметті шақыру бойынша өткеріп жүрген офицер әскери қызметіне қарсы қылмыс жасап, ҚК-нің оған қолданылатын бабының санкциясында ҚК-нің оған қолданылатын бабының санкциясында осындай жаза көзделген болса, онда әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалады.
Мысалы, ҚК-нің 381-бабы бойынша екі жылға дейінгі мерзімге әскери қызмет бойынша шектеу, не алты айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін;
2) санкциясында түзеу жұмыстары түріндегі жаза көзделген қылмысты жасағаны үшін сотталған, әскери қызметті келісімшарт бойынша өткеріп жүрген әскери қызметшіге түзеу жұмыстарының орнына әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалады.
Басқа бір шектеу - сотталған адам жаза тағайындалған мерзімде қызмет бабымен де, әскери атақ бойынша да көтеріле алмайды.
Үшінші шектеу - жаза өтеген кезең кезекті әскери атақ алу үшін қажетті еңбек сіңірген жылдарға есептелмейді.
Бас бостандығын шектеу
Бас бостандығынан шектегенде сот сотталғанға оның бостандығын шектейтін қандайда бір міндеттер жүктейді, оны ол мамандандырылған органның қадағалауымен, қоғамнан оқшауланған органның қадағалауымен, қоғамнан оқшаулатылмай, өзінің тұрған жерінде өтейді.
Бостандықты шектеудің жазалаушылық сипаты сотталған белгілі бір міндеттерді орындауды жүктеуден көрініс табады. Мазмұнына қарай олар екі топқа бөлінеді: бас бостандығын тікелей шектейтін міндеттер және бас бостандығын шектеуге сотталғандардың барлығына таралатын өзге міндеттер.
Бірінші топқа жататын міндеттер: мамандандырылған органды хабарда етпей тұрғылықты тұратын орынды, жұмысты және оқуды өзгертпеу, белгілі бір органдарға бармау, оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты тұрған жерден кетпеу, мамандандырылған органның рұқсатынсыз тұрған жерден ешқайда шықпау. Бұл міндеттердің орындалуы жазаның осы түрі қолданылатын барлық үкімдерде көрсетілуге тиіс. Шектеудің екінші тобына мыналарды жатқызуға болады: маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулардан емдеу курсын өту, отбасына материалдық көмек көрсету. Міндеттердің екінші тобын орындауды сот сотталғанға міндеттей алады,бірақ орындатуға міндетті емес.
Бас бостандығын шектеу тек негізгі жаза болып табылады, ол айыпты сотталатын баптың санкциясында көзделген жағдайда ғана тағайындалады. Және де бостандықты шектеу жазаның өтелмеген бөлігін ауыстырғанда жеңілдеу жаза ретінде қолданылуы мүмкін (ҚК - нің 71 - бабы).
Бас бостандығынан шектеу бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Қоғамдық жұмыстар ға немесе түзеу жұмыстарына тарту бас бостандығын шектеумен алмастырылған жағдайда, ол бір жылдан аз мерзімге тайындалуы мүмкін. ЕгероасOостандығын шектеуге сотталған адам үкім мзаңды күшіне енген ше қамауда ұсталса, онда қамауда ұсталған бір күн бостандығын шектеудің екі күніне есептеледі (ҚК нің 62 - бабының 3 - бөлігі). Сонымен қатар, үкім заңды күшіне енгенше үйде қамауда ұстаудың бір күні бостандықты шектеудің бір күніне есептеледі.
Бас бостандығын шектеу ауыр және аса ауыр қыл мыс жасағаны үшін соттылығы бар адамдарға, әскери қызметшілерге, сондай - ақ тұрғылықты тұратын мекені жоқ адамдарға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының 21 желтоқсан 2002 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық - атқарушылық кодекстері - не өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы ҚК - нің 79 - бабының 1 - бөлігін кәмелетке толмағандарға с бостандығын шектеуді қолдану көзделген Г - 1 тармақпен. толықтырды Соған байланысты ҚК нің - бабы 5 - 1 - бөлікпен толықтырылды. Кәмелетке - толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейін мерзімге тағайындалады.
Cонымен, заң шығарушы бұл жазаның қолдану аясын кеңейтті. Бұл шара бұдан былай кәмелетке толмағандарға да, қанша жасқа келгеніне қарамастан әйелдерге де, еркектерге де қолданылады.
Бас бостандығын шектеу қылмыстық - орындаушы лық инспекцияның қадағалауымен сол сотталған адам ның тұрғылықты орнында өтеледі (ҚАК - нің 43 - бабы).
Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеумен алмастырғанда сотталған адам жаза өтейтін орынға мемлекет есебінен өзі бара ды. Түзеу мекемесінің әкімшілігі жаза өтейтін орынға бару жөнінде міндеттеу тапсырады, онда жүретін жолы және қылмыстық есепке тұруы үшін атқарушылық инспекцияға келетін күні көрсетіледі (қАК - нің 44 бабы).
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушіге қылмыстық - атқарушылық заңнамамен анықталған мін. деттер жүктеледі (ҚАК - нің 46 - бабы)
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушілерге өзінің тұрған жеріндегі, сондай - ақ Қылмыстық - атқарушылық Испекцияның рұқсатымен басқа жерлердегі жоғары және арнаулы орта оқу орын дарында оқуға рұқсат етіледі (ҚАК - нің 46 - бабының 2 бөлігі).
Жұмыс немесе тұратын орнын өзOетімен тастап кету, ішімдікті неше қайтара қолдану және есірткі заттарды емделу мақсатынсыз қолдану қылмыстық атқарушылық инспекция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас бостандығын тартубас шектеу түріндегі жазаны өтеуден әдейі жалтарғандық болып саналады (ҚАК - нің 52 - бабы).
Бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айы. румен алмастыру мәселесін шешу үшін қылмыстық атқарушылық инспекция әкімшілігі сотқа жазаны өтеуден әдейі жалтарып жүргендерге қатысты матери алдар өткізеді. (ҚАК - нің 50 - бабының 2 - бөлігі).
Қамауға алу
Бұрынғы қылмыстық заңнамада қамау жазаның түріне жатады, себебі көптеген мамандар оны қысқа мерзімге бас бостандығынан айыру деп қабылдады.
Бірак өркениетті елдерде оған үлкен мән береді, оны бас бостандығынан айыруды біршама жеңілдететін жаза деп санайды.
Қамау пенитенциарияда қолданылатын шаралардың естен тандыратыны . Жазаның бұл түрін қолданудағы мақсат -- кейбір сотталғандарға күшті психологиялық әсер етіп, олардың есін шығару. Қоғамға аса қауіпті емес адамдарды қамауда ұстаудың өзі (аз уақытқа болса да) адамға қатты әсер етеді, оның барынша қысқа мер змде түзелуіне әкеп соғады.
Қамауды бас бостандығынан айыруға немесе бас бостандыкты шектеуге балама ретінде кіргізу өте орынды. Ауыр немесе аса ауыр болып табылмайтын қылмысты әдейі жасағандардың бәріне, олардың жа сына, денсаулық жағдайына немесе еңбекке қабілетіне байланысты бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындала бермейді Осы негіздерде, балама ретін де, түзеу болмайды. жұмыстарында тағайындауға Айыппұл қолдану да жеткіліксіз. Сол себепті соттар жазаны колонияда өтейтіндей етіп қысқа мерзімге бас Індығынан айыруды тағайындауға мәжбүр болар еді. Бірақ, көптеген зерттеулер практикасы Терментүзеу көрсетіп отырғандай, жазаның мұндай түрін қолдану мсіз. Қысқа мерзімге бас бостандығынан айыруды теп шыққандар арасындағы рецидив жалпы режим дегі колониядан босанған адамдар санының 40 % - ына жетіп отыр.
Қамау өзінің мазмұны жағынан бас бостандығынан айыруға жакын жаза, себебі қатаң адам оқшауланады, оның жүріп - тұру бостандығы шектеледі. Сотталған жазаның барлық мерзімін қатаң оқшауланған жағдайда өтейді (ҚК - нің 46 - бабының 1 - бөлігі).
Бұл жазалау шарасы жазалардың басқа түрлеріне ба лама ретінде Ерекше бөлім нормаларының 213 санкци ясында бар (33, 7 %)
Қатаң оқшаулау жазасын түрмеде (жалпы режим тәртібі бойынша) өтеуші, бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін белгіленген ұстау жағдайы қамауға сотталғандарға да тарайтындығын білдіреді. Түрмеде ұстаудың мәні - сотталғанның камера типтес жай. (жалпы немесе жеке) тұрақты болуы. Оқшауланып және бөлек - бөлек орналасатындар : сотталған еркектер, әйелдер, кәмелетке толмағандар, сондай - ақ бұрын түзеу мекемелерінде жазасын өтегендер және соттылығы барлар.
Қамауда отырғандарға адвокаттардан және заңдық көмек көрсетуге өзге құқығы бар адамдардан басқалармен жолығуға рұқсат етілмейді, аса қажетті заттар мен маусымдық киім - кешектерден басқа зат тарды алуға болмайды. Жалпы және кәсіби білім беру кәсіби даярлық жүргізілмейді, айдауылсыз жүруге болмайды.
Сотталғандар ай сайын белгілі бір сомаға азық - түлік және аса қажетті нәрселер ала алады. Ересектер кемін де бір сағат, кәмелетке толмағандар бір жарым сағат күнделікті серуенге шығады. Соңғыларға ата - аналары мен немесе оларды алмастыратын адамдармен айына бір рет үш сағаттай жолығуға мүмкіндік беріледі
Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғандық үшін сотталғанға немесе он тәулікке дейін айыптық сөгснем қапаста ұстау түріндегі жазалау шарасы қолданылады. Жақсы жүріс - тұрысы үшін алғыс, бұрын берілген жаза Hы мерзімінен бұрын алу немесе телефонмен сөйлесуге рұқсат түріндегі мадақтау қарастырылған.
Қамау, тек негізгі жаза ретінде, бір айдан алты айға дейінгі мерзімге сот үкімімен қолданылады. Қамау бір аидан да аз мерзімге, онымен айыппұлды, қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе түзеу жұмыстарын алмас тыру тәртібінде тағайындалуы мүмкін.
Жазаның бұл түрін қолдану мүмкіндігі адамдардың белгілі бір шеңберімен шектеледі.
1) үкім шыққан кезде он сегізге толмаған адамдарға,
2) екіқабат әйелдерге ;
3) жас сәбиі бар әйелдерге қамау тағайындалмайды.
Қамауды қай жерде өтеу керектігі Қылмыстық кодексте айтылмаған. Тек әскери қызметшілердің қамауды гаупвахтада өтейтіндігі ғана ҚК - нің 46 бабының 4 - бөлігінде көрсетілген. ҚАК - нің 63 - бабының 1 - бөлігінде қамауға сотталған адамдар жазасын өздері сотталған жердегі қамайтын үйлерде өтеидделінген.
Қамау қолданылған әскери қызметшілердің қандай да бір құқығын шектеу жайында қылмыстық заңда айтылмаған.
Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық аткарушылық кодексінде көзделген. Мысалы, қамау түріндеп жазаны өтеу уақыты әскери қызметтің жалпы мерзіміне және кезекті әскери атақ беруге қажетті еңбек сіңірген жылдарға есептелмейді. Жазаны өтеу кезінде сотталған кезекті әскери атақOеруге ұсынылмайди, жоғарғы қызметке тағайындалмайды, жаңа қызмет ор нына ауыстырылмайды және, егер денсаулығына бай. ланысты қызметке жарамсыз деп танылмаса, әскери кызметтен босатылмайды. Жазаны өтеу кезінде қаражат үлесі төленбейді (ҚАК - нің 149 - бабы).
Әскери қызметшіге қамауды қолданудың ерекшелігі сол - оларға қатысты соттылық жаза іс жүзінде өтелген бойда жойылады, ол басқа сотталғандарда - жаза өтелген соң бір жылдан кейін жойылады (ҚК - нің 77. бабы 2 - бөлігінің б , в тармақтары).
Тәртіптік әскери бөлімде ұстау
Тәртіптік әскери бөлімде ұстау ҚК - нің Ерекше бөлімінің әскери қызметке қарсы қылмыс үшін жауап кершілік белгілейтін баптарының санкцияларында ті. келей көзделген жағдайларда тек негізгі жаза ретінде тағайындалады. Сот істің мән - жайын және айыптының жеке басын ескеріп, екі жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыруды жазаның осы түрімен сол Иерзімге алмастыру мүмкін деп тапса, тәртіптік әскери бөлімде ұстау қолданылады
И. Я. Казаченко мен Г. А. Алексеева жазаның бұл түрінің жазалайтын элементі жайында айта келе : бұл каза с жүзінде әскери қызмет мерзімін ұзартудан және соттаушыға оның қызмет еткеруі кезінде бірқатар шектеулер қоюдан тұрады (күзетке алынуы, әскери бөлімнен сыртқа шықпауы, т б.)
Тәртіптік әскери бөлімде ұстау бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жаза өтеген адамға (соттылығының жойылған - жойылмағандығына қарамастан), сондай ақ сот үкім шығарған кезде шақыру бойынша қызметтің белгіленген мерзімін өткерген адамға қолданылмайды. Денсаулығына байланысты Әскери қызметті ары қарай жалғастыра алмайтындарға да бұл жаза тағайындалмайды.
Тәртіптік әскери бөлімде жаза өтеуші адамдар Қарулы Күштер қатарында қала береді, оларға барлық әскери жарғылардың күші тарайды, бірақ жазасын өтеу уақыты әскери қызметті өткеру мерзіміне есептелмей.
Тәртіптік әскери бөлімде жаза өтеуші Шадам әскери қызметте қалып қоятындықтан оның тәртіптік әскери бөлімнен немесе айдауыл алып келе жатқанда қашуы бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқыннан немесе қамаудан қашу (ҚК - нің 358 - бабы) емес, әскери қылмыс бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастапк кету (ҚК - нің 372 - бабы) деп қарастырылады.
Тәртіптік әскери бөлімде ұстау әскери қызметшілер дің екі санатына ғана қолданылады : әскери қызметті шақыру бойынша өткеріп жүрген әскери қызметшілер ге және әскери қызметті қатардағы және сержант құ рамдарының қызметінде келісімшарт бойынша өткеріп жүрген әскери қызметшілерге.
Жазаның мерзімі Ерекше бөлімнің қолданылатын бабының санкциясы шегінде анықталады, не бас бостандығынан айыруды онымен алмастырғанда, сол бапта қарастырылған шекте, яғни үш айдан екі жылға дейін деп белгіленеді.
Бас бостандығынан айыру тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен ауыстырылса, тәртіптік әскери бөлімде ұстау мерзімінің бір күні бас бостандығынан айырудың бір күніне жатады (ҚК - нің 47 - бабының 2 - бөлігі).
Қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстау қолданылған әскери қызметші бас бостандығынан айыруға сотталған деп саналмайды, ҚК - нің 77 - бабы 2 бөлігінің б тармағында көзделген ереже оған да та райды, яғни жазасын тәртіптік әскери бөлімде өтеген адам соттығы жоқ деп саналады.
Бас бостандығынан айыру
Бас бостандығынан айыру сотталушыны колония қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына орналастыру немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады (ҚК - нің 48 - бабының 1 бөлігі). Негізгі жаза ретінде бас бостандығынан айыру, оны қабылдаған кезге алғанда, Ерекше бөлім нормаларының 559 санкциясында көзделген (88, 5 %).
Кез келген жаза -- белгілі бір субъект үшін қандай да бір өмір игілігінен айырылу, күйзеліске түсу бо лып табылады. Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда қоғамның басқа мүшелеріне қарағанда сотталғанның құқықтық жағдайы едәуір шектеледі Атап айтсақ, оның саяси, еңбек, отбасы және басқа құқықтары шектеледі, ол заңда көзделген жағдайларда мәжбүрлеудің ерекше шараларына ұшырауы мүмкін. Бас бостандығынан айыру жазаның ең қатаңы, себебі Қазіргі кезде өлім жазасы қолданылмайды. Қоғам үшін едәуір қауіпті қылмыс жасалып, оны жасаған адамды қоғамнан оқшауламаи түзеу мүмкін емес жағдайда ғана басоостандығынан айыру қолданылады. Қолданылуының жиілігі жағынан жазаның бұл түрі басқалардың алдында келеді. Бас бостандығынан айырудың Қазақстан Республикасының соттары та ғайындаған жазалардың жалпы құрылымындағы өзіндік үлесі 1996 жылы -- 44, 4 %, 1997 - 39, 8 %, 1998 45 1999, 3 %, - 50, 6 %, 2000 - 51, 3 %, 2001 -- , 9, 47 % 2002 жылы -- 41, 7 %, 2003 жылы -- 43, 9 % болды.
ҚК - нің 48 - бабы бас бостандығынан айырудың екі түрін белгілейді -- белгілі бір мерзімге бас бостандығы нан айыру ( мерзімді ) және өмір бойы бас бостандығы нан айыру ( мерзімсіз ).
ҚК - де көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бел гілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру мына шек терде тағайындалады :
- бас бостандығынан айырудың ең аз мерзімі - алты ай.
- қоғамдық жұмыстарға тартуды, түзеу жұмыстарын немесе бостандықты шектеуді бас бостандығынан айын румен алмастырған жағдайда бұл жаза алты айдан аз мерзімге тағайындалуы мүмкін ;
- бас айырудың жалпы ең көп бостандығынан мер зімі он бес жыл, абайсыз қылмыс үшін - он жыл ; адам өміріне қастандық жасайтын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай - ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жиырма жылға дейін тағайындалуы мүмкін,
- мерзімдерді қылмыстардың жиынтығы бойынша ішінара немесе толықтай қосқан жағдайда және ҚК - нің 49 - бабының 3 - бөлігінде (өлім жазасын кешірім жасау тәртібінде алмастыру, - 69 бабының ҚК нің - бөлігінде - 5 (жасалған қылмыс жазасы тағайындалуы үшін өлім мүмкін мерзімін сот мүмкін адамға ескіру қолдануды емес деп тапса, ҚК - нің 75 - бабының 4 - бөлігінде (өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамға ес кру сот мүмкін деп) мерзімін қолдануды емес тапса көзделген жағдайларда - бас бостандығынан айыру жиырма бес жылға дейінгі шекте тағайындалуы мүмкін. ал мерзімдерді үкімдердің жиынтығы бойынша ішінара немесе толықтай қосқан жағдайда - отыз жылға дейін.
Бас бостандығынан айырудың мерзімдері жылдар мен және айлармен есептелінеді жазаларды ауысты, ру немесе қосу кезінде, сондай - ақ жазаны есепке алу кезінде мерзім күндермен есептелуі мүмкін (ҚК - нің 62 бабы).
Үкім занды күшіне енгенше адамды қамауда ұстау сондай - ақүйдеқамауда ұстау уақытыбасбостандығынан айырудың мерзіміне кіреді (ҚК - нің 62 - бабының 3 және 3 - 1 - бөліктері).
Қылмыс жасағаннан кейін психикалық ауру мен науқастанған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған уақыт жаза мерзімі - не есептеледі (ҚК - нің 62 - бабының 6 - бөлігі)
Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жаза мер зімі өтелгеннен кейін және заңда белгіленген басқа негіздер бойынша жазадан босатылады. Егер бас Oостандығынан айыру түріндегі жазаның мерзімде малыс немесе мереке күндері аяқталса, сотталған адам сол күндердің алдындағы күні босатылады.
Бас бостандығынан айырудың мерзімсіз түрі, яғни өмір бойы бас бостандығынан айыру - жазаның жаңа түрі, ол мына жағдайларда ғана тағайындалады :
а) өмірге қастандық жасайтын аса ауыр қылмыс үшін тағайындалатын өлім жазасының баламасы ретінде және ол сот өлім жазасын қолдануға болады деп шешкен жағдайда (ҚК - нің 48 - бабының 4 - бөлігі), сондай - ақ ҚК нің 49 - бабының 1 - бөлігінде көрсетілген қылмыстарды жасағандық үшін тағайындалуы мүмкін. Бұл жайында ҚК - нің 48 - бабының 3 - бөлігінде айтылған
б) өлім жазасын кешірім жасау тәртібінде ауыстырған жағдайда (ҚК - нің 49 - бабының 3 - бөлігі ;
в) жасаған қылмысы үшін өлім жазасы тағайындалуы мүмкін, не өлім жазасына сотталған адамға ескіру мер зімін қолдану мүмкін емес жағдайда (ҚК - нің 69, 75. баптары)
ҚК - нің 48 - бабы 3 - бөлігінің мәніне қарасақ, өмір бойы бас бостандығынан айыру белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру жеткіліксіз, ал өлім жазасы артықтау деп саналған жағдайда тағайындалалы екен. Жазаның бұл түрі бұрыннан бері соттар тағайындап келген өлім жазасының санын едәуір азайтады.
Өмір бойы бас бостандығынан айыру сотталғанды босатудың іс жүзінде мүмкін еместігімен байланысты. Дегенмен сот, егер бұл жазаны өтеп жүрген адам оны, одан әрі өтеуді қажет етпейді деп санаса және кемін де жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, оның мерзімінен бұрын -- шартты түрде босатылуы мүмкін (ҚК - нің 70 - бабының 5 - бөлігі).
Бас бостандығынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жазаның ұғымы
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Жазаның мақсаттары мынадай
Әскери қызмет бойынша шектеу
Жазаның ұғымы
Жаза қылмыстық құқықта қылмыс сияқты әлеуметтік - құқықтық құбылыс
Қылмыстық жауаптылық босату түрлері
Қылмыстық құқықтағы айыппұл
Абайсызда жасалған қылмыстар үшін жазалардың тиімділігі
«Жаза ұғымы және оның мақсаттарының тиімділігі»
Пәндер