Жазалар жүйесі туралы



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жазалар жүйесі
Жазалар жүйесі дегеніміз - қылмыстық заңмен белгіленген және сот үшін міндетті болатын жазалардың салыстырмалы ауырлығын есепке ала отырып белгілі тәртіппен (барынша қатаңнан неғұрлым төмен қатаңдыққа қарай) орналасқан жаза түрлерінің толық тізімдемесі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жазалар жүйесі 39-баптың 1-бөлімі анықталған.
Жоғарыда аталған анықтаманы талдау келесі негізгі сәттерді бөліп қарасытыру мүмкіндігін береді:
1) жазалар жүйесі қылмыстық заңмен көзделген;
2) сот құқық қолдану тәжірибесінде аталаған тізімді қатаң орындауға міндетті;
3) жазалар жүйесі - бұл жаза түрлерінің толық тізімі және сот одан басқа жазаларды қолдана алмайды.
4) Жазалардың түрлерінің тізімі олардың ауырлығына байланысты орналасқан.
Жалпы алғандағы жазалар жүйесі және жазаның әрбір жеке түрі сотқа сотталған адамды түзету үшін неғұрлым мақсатқа лайықты шараларын таңдау мүмкіндігін беретін кінәліге ықпал етудің құралдарынан тұрады. Осы жүйеге сәйкес, соттар ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдармен қатар, неғұрлым аз қауіпті қылмыстар жасаған тұлғалара да ауырлығы бойынша алуан түрлі жазаларды қолдануға құқылы.
Осылайша, жаза түрлерінің алуан түрлілігі қылмыстың да, қылмыскердің де қоғамдық қауіптіліген ескеру және жаза мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізетін әділ жазаны тағайындау мүмкіндігін береді.
Заң шығарушы жазаның түрлерін неғұрлым аздан барынша көпке қарай принципі бойынша орналастырды. Мұндай тәртіп жеке қылмыстық әрекеттердің олардың маңыздылығына қарай жазаны таңдауды жеңілдетеді, ал сотқа жазалаушылықты нақты қылмыстың жағдайларымен және осы қылмысты жасаған кінәлінің ерекшеліктерімен салыстырып шамалау мүмкіндігін берді.
Жазалар жүйесі құқық қолдану қызметі үшін айтарлықтай маңызға ие. Осылайша, жазалардың түрлерінің олардың әрқайсысын қолданудың нақты шектері мен қолданылуының тәртібі белгіленген толық тізімі сот қызметіндегі заңдылық пен объективтілік принциптерін сақтауға себін тигізеді.
Оған қоса, қолданылып отырған жазалар жүйесі соттарды нақты істің және кінәлінің тұлғасының ерекшеліктерінен шыға келе жаза түрін жеке таңдау мүмкіндігіне бағыттайды.
Жазаны мемлекеттік күштеу шарасы ретінде жоққа шығармастан, ақыр аяғында, адамға, оның сезімдері мен ойларына, идеяларына және көзқарастарына, оның өзінің жеке мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етудің әдісі ретіндегі мақсатқа бағытталған тәрбие ғана оның тұрақты көзқарастарын, дағдылары мен құқықтық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ете алатындығын атап өткен жөн.
Қоғамдық өмірдің қазіргі реалийлері жазаның құдіретіне сенімнің жойылуымен сипатталатындағын және осыған байланысты ғалымдар орын алған жағдайдан шығудың жолдарын іздеп жатқандығын ескерген жөн. Бұдан күштеу мен мәжбүрлеу принциптеріне емес, сендіру және мәжбүрлеудің үйлесуіне негізделетін жазалау теориясы ерекше маңызға ие бола бастайды. Бұл теорияға сәйкес, жаза, қылмыскерлікпен күресудің маңызды және әлі қажетті құралы бола отырып, сонымен бірге жалғыз емес, және басты емес, тек қосалқы шарасы болып табылады.
Қоғамның әлеуметтік өміріндегі жазаның рөлі жоғары гуманизммен және адамға деген қамқорлықпен анықталуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде бұл ережелер ескерілген, және жазалардың түрлерінің тізімі бұрын қолданылған заңнамамен салыстырғанда, айтарлықтай өзгерді. Жазаның бір түрлері сақталды, ал басқаларынан заң шығарушы бас тартты. Оған қоса, жүйеге қылмыстық жазаның жаңа түрлері негізделген түрде енгізілді: қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу және т.б. Жазаның кейбір түрлерінің атаулары өзертілді, және сәйкесінше олардың мазмұны да өзгерді. Мысалы, тәртіптік батальонға бағыттау түріндегі жаза тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен алмастырылды.
Төмен тиімділігі мен мақсатқа сәйкессізділігінің себебінен Қылмыстық кодексте 1959 жылдың Қылмыстық кодексінде орын алған қоғамдық ұялту, жасалған зиянды жою міндеттерін арту, жер аудару, көшіру, қызметтен босату, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаза жүйесі жайлы
Қылмыстық жазаның ұғымы
Қылмыстық құқықтағы айыппұл
ҚОСЫМША ЖАЗАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жазалар жүйесі ұғымы және оның маңызы
«Жаза ұғымы және оның мақсаттарының тиімділігі»
Әскери қызмет бойынша шектеу
Қазіргі қылмыстық құқықтағы айыппұл
Жазаның мақсаттары мынадай
Жаза және оның мақсаты туралы
Пәндер