Есеп Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Есеп Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне
1. Хамитова интернет дүкенінен ас үйге арналған ыдысқа тапсырыс береді. Белгіленген уақытта оған тапсырысын əкеліп береді. Ыдыстарды ашып тексерген кезде Хамитова тақтайшалар буып-түюсіз салынғанын жəне ыдыстың сынғанын көреді. Наразданған Хамитова дүкен əкімшілігіне хабар беріп, ыдысты ауыстырып беруін сұрайды.
Сұрақ:
Хамитова ыдысты ауыстырып беруін сұрау құқылы ма?
Жауап:
435-бап. Тауарды ыдыссыз және (немесе) буып-түюсiз не тиiстi ыдысқа салмай және (немесе) буып-түймей берудiң салдары
1. Ыдысқа салынуға және (немесе) буып-түйiлуге тиіс тауар сатып алушыға ыдыссыз және (немесе) буып-түюсiз не тиiстi ыдысқа салынбай және (немесе) буып-түйiлмей берiлген жағдайда сатып алушы сатушыдан, егер шарттан, мiндеттеменiң мәнiнен немесе тауардың сипатынан өзгеше туындамаса, тауарды ыдысқа салып және (немесе) буып-түйiп берудi не тиiстi дәрежеде емес ыдысты және (немесе) буып-түйiлген орауышты алмастыруды талап етуге құқылы.
2. Сатушыға осы баптың 1-тармағында аталған талаптар қоюдың орнына, сатып алушы оған тиiстi сапасы жоқ тауар беруден туындайтын өзге де талаптар қоюға құқылы (осы Кодекстiң 428-бабы).

2. Ерлі-зайыпты Есетовтер жиһаз сататын дүкеннен бірнеше зат яғни, компьютерлік үстел, төсек және ұсақ-түйек заттар сатып алды. Сатып алынған заттарды 3 сағаттың ішінде дүкен Есетовтердің үйіне жеткізіп беруді міндеттенді. Тауар жеткізілгеннен кейін Есетова компьютерлік үстелдің түсі дүкенде көргеннен өзгеше екенің байқап, сатушыдан үстелді ауыстырып беруін талап етеді.
Нақты мәселе бойынша сұрақ:
Сатушы тауарды ауыстырып беруге міндетті ме?
Мәселенің шешімі:
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 420-бабына сәйкес егер сату-сатып алу шарты бойынша түрлерiне, үлгiлерiне, мөлшерiне, түстерi мен өзге де белгiлерiне (түр-түрi) қарай белгiленген тауарлар берiлуге тиiс болса, сатушы сатып алушыға тауарларды тараптар келiскен түр-түрi бойынша беруге мiндетті.

3. Есеналиева дүкеннен сүт сатып алды. Бірақ, сатып алған тауардың жарамдылық мерзімін дүкенде қарамай алған болатын. Есеналиева тауарды үйіне алып келген кезде ғана оның жарамдылық мерзімі өтіп кеткенің байқап, дүкен әкімшілігіне жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарды сатқаны үшін наразданады және тауар құнын қайтарып беруін сұрайды.
Нақты мәселе бойынша сұрақ:
Есеналиеваның нараздануы орынды ма?
Мәселенің шешімі:
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 428-бабының 3-тармағына сәйкес тиiстi сапасы жоқ тауарды сатушы оның дайындаушысы болмайтын жағдайда тауарды алмастыру немесе оның кемшiлiктерiн тегiн жою туралы талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкiн.

4. Турсынбекова киім сататын интернет дүкенінен 44-ші өлшемдегі пальто тапсырыс береді. Белгіленген мерзімде оған тауар жеткізіледі. Бірақ, 44-ші өлшемдегі тауарды киіп көрген кезде пальтоның өлшемі сәйкес келмейтінің байқайды. Турсынбекова тауарды қабылдамай дүкенге қайтарып беріп, тауарды ауыстырып беруін сұрайды. Бірақ, дүкен Турсынбекованың өтінішін қабылдамайды.
Нақты мәселе бойынша сұрақ:
Дүкен әкімшілігі тауарды ауыстырып беруге міндетті ме?
Мәселенің шешімі:
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 437-бабының 1-тармағына сәйкес осы тараудың ережелерiне сәйкес тауарды ауыстыруды талап етуге немесе шартты орындаудан бас тартуға өзi құқылы болатын жағдайларды қоспағанда, сатып алушы өзіне сатушы берген тауарды қабылдауға мiндеттi.

5. Сағынтаев шоколад сататын фирмадан 150 дана қорапқа салынған шоколад сатып алады. Тауарды алып кеткеннен кейін екінші күні қорапта 150 дана шокаладтың орнына 138 шоколад салынғанын біліп, фирма əкімшілігіне наразданып, жетіспейтін тауарды беруін сұрайды.
Нақты мәселе бойынша сұрақ:
Сағынтаев жетіспеген тауарды талап етуі заңды ма?
Мәселенің шешімі:
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 465 баптың 1-тармағына сəйкес жеткіліксіз беріліп, орны толтырылуға тиісті тауарлардың түр-түрi тараптардың келiсiмi бойынша айқындалады. Келiсiм болмаған жағдайда тауар берушi жетiспеушiлiкке жол берiлген кезеңге арнап белгiленген түр-түрi бойынша жеткiлiксiз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдарға салынатын салықтарды төлеуден жалтарудың объективті белгілері
Банктік несиені заңсыз алу
Сот бақылауы
Салық жүйесі
Құқықтық қатынастар субъектілері
Валюталық бақылаудың субьектілірі Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары, агенттеріменен Республикасының заңдылықтарына сәйкес орындалуы
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қазіргі жағдайы
Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
Қазақстан Республикасындағы салықты есептеу және төлеу тәртібі
Пәндер