САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ



Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4
1. САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ 6
1.1 Салық төлеушіде басқа  да салықтар бойынша қаржылық  8
және салық есебін ұйымдастыру 
1.2 Жер салығы бойынша  бюджетпен есеп айырысу 10
Мүлікке салық салу бойынша бюджетпен есеп айырысу
Көлік құралдарына  салық салу бойынша бюджетпен  есеп айырысу
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ МҰНАЙ СЕКТОРЫНЫҢ 13
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3 17
3.1.Техникалық құралдар кешеніне кеткен шығындар 17
3.2.Алгоритмді өңдеуге кеткен шығындарды есептеу 17
3.3.Бағдарламаны жазуға және жөндеуге кеткен шығындарды есептеу 18
3.4.Бағдарламаны енгізуге кеткен шығындарды есептеу 18
3.5 Жылдық эксплуатациялық шығындарды үнемдеудің есебі. 19
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24

КІРІСПЕ

Кез-келген өркениетті елдің  экономикалық-әлеуметтік дамуында салықтар
мен міндетті төлемдердің алатын орны өте жоғары. Салықтар мемлекеттік
бюджеттің негізгі кіріс көзі бола отырып, ол халықшаруашылығы саласының,
экономиканың, жалпы қоғамның тұрақты болуына және оның барған сайын
дамуында қозғаушы күш ретінде қызмет атқарады. Еліміздің салық салу жүйесі
Қазақстан Республикасы экономикасының ынталандырушы және реттеуші жүйесінің
бiрi болып табылады.
Еліміздегі  үрдіс  пен нарықтық  қатынастар  жүйесі  жылдан  жылға 
қарқынды дамып  келеді. Нарықтық  экономиканы  ары  қарай  жетілдіру  мен 
дамыту  экономикалық  қатынастарға  түсуші  жақтарды ақпараттар жүйесімен 
қамтамасыз  ету,  жан жақты  талдау  қызметтерін  жүргізу,  экономикалық 
тиімді  шешім қабылдау  үрдісіндегі  бухгалтерлік  есептің  атқаратын ролі 
зор.  Аралық  шаруашылық қатынастарды  қағазға  түсіру  заманынан бастап 
қалыптасқан  бухгалтерлік  есептің  атқаратын рөлі  мен  маңызы  осы 
заманда  өз мағынасын  жоғалтпай,  ой мен санаға  сиярлық  жолдармен  дамып
келеді.
Бухгалтерлік  есепке  тән  негізгі  принциптердің  мәні мен  маңызын 
түсінбей  тұрып,  кәсіпорын  қызметін  басқару  мен ұйымдастыру  жөнінде 
шешім  қабылдау  мүмкін  емес.  Сондықтан  экономикалық қатынастарда
маңызды орын алатын мемлекеттік бюджетпен ұйымдардың есеп айырысу
операцияларын жеделдету және оны күшейту, салықтар мен міндетті төлемдердің
ашықтығын, түсініктілігін кеңейту мақсатында есеп пен талдаудың және оған
қоса аудиттің алатын орнын ерекше көрсетуге болады.
Бұл күндері  экономикалық  қатынастардың  мәні  мен  маңызын  түсіну, 
бизнесті   жүргізу  мен  басқару,  ақпараттарды  реттеу  және  тиімді 
шешімдер  қабылдау үлкен  мәселеге  айналды. Еліміздегі  бизнесті  дамыту 
қаржылық  қатынастардың  теориялық  және  қолданбалы  негізін  білу, 
құқықтық  жүйедегі  заңдылықтарды  білу,  қаржы мен басқару үрдісіндегі
көрсеткіштерді  жан-жақты талдау,  тиімді  шешім қабылдау  қызметінде 
бухгалтерлік  есептің  атқаратын  рөлін  барған сайын күшейте түсуде.
Сондықтан бұл курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі мен 
маңыздылығында ешбір күмән жоқ.
Салық – мемлекеттік бюджетке заңды  және жеке тұлғалардан белгілі бір
мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік
бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын
экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы
қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық
жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір
мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын
көрсетеді.
Салық ұғымымен салық жүйесі ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте
алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің,
салық органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық
жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір
күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Жер салығы – тұрақты не уақытша пайдалануға берілген жер
телімі үшін заң жүзінде бюджетке тө ленетін міндетті ақшалай төлемдер.
Мүліктер салығы – меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика
жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің
дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты
едәуір орын алады..
Көлік құралдары салығы - меншік кұқығында салық, салу объектілері
бар жеке тұлғалардан және меншік, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды
басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалардан, олардың
құрылымдық бөлімшелерінен алынатын салық Қазақстан
Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткізілуге тиіс және есепте тұрған
көлік кұралдары, тіркемелерді қоспағанда, салық салу объектілері болып
табылады.
Сауда ұйымдардың ЖЖТ барлық табыс түрлерін қамтиды: тауарды сатудан
түскен табыс, тозуға жатпайтын ғимараттарды, құрылысты, активті сату
кезінде оның құн өсімінен түскен табыс, күмәнді міндеттемелер бойынша
табыс, мүлікті жалға беруден түскен табыс, қайтарымсыз активтер, жасалған
жұмыстар, көрсетілген қызметтер, дивидендтер, сыйақы, оң курстық айырма:
ЖЖТ-ты түзету салық кодексінің 91 бабына сәйкес жүргізіледі.

1. САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

Қазіргі нарықтық экономика  жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор.
Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар
әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде
көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты
қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады.
Ұйымдық – құқықтық жағынан  салықтар – бұл мемлекет біржақты
тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде
бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай
төлемдер болып табылады.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар
мемлекетпен бірге пайда болды  және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі
болып табылады.
Адамзат дамуының бүкіл  тарихы бойына салық нысандары мен  әдістері
өзгерді, игерілді, мемлекеттің  қажеттіліктері мен сұрау салуларына
бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып,
олар –  дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбід і. Мемлекет құрылымының өзгеруі,
өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса
жүреді.
Салық салудың мынадай  принциптері бар:
-салық бар игіліктерге пропорционал ды түрде қоғам мүддесіне сай алынад ы; 
- салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады.
Сонымен, салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке
тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер
болып табылады.
Салық төлеуші (субъект) - салықты және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға. Қазақстан
Республикасының салық төлеушілері:
1)Резидент және резидент емес заңды тұлғалар;
2)Қазақстан Республикасының  азаматтары, шетел азаматтары және 
азаматтығы жоқ адамдар болып  жіктеледі. 
Салық объектісі – заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын
табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және тағы да басқа
көптеген тауарлық – материалдық игіліктер.
Салық көзі – салық  салынатын табыс. Салық салынатын  табыс жылдық
жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.
Салықты төлеуді бақылау  – салық заңдарының орындалуын, мемлекетке
түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығын және
олардың уақытылы төлену мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларды
тексеру. Салықты төлеуді басқаруды тек қана салық қызметі органдары жүзеге
асырады.
Қазақстан Республикасында  мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық
түсімдердің төмендегідей түрлері  бар:
1. Табыс салығы. Салық төлеушiнiң табыстарына 10 проценттiк ставка
бойынша салық салынады.
Қазақстан Республикасындағы  және одан тысқары жерлердегі көздерден 
алынған дивидендтер түрiндегi табыстарға 5 проценттiк ставка бойынша салық 
салынады.
Төлем көзінен салық  салынатын табыстардың мынадай түрлері: 
- қызметкердің табысы;
- жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары;
- жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;
- дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;
- стипендиялар;
- жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс төлем көзінен салық
салынатын табыстарға жатады. Жиынтық жылдық табысқа салықтық жылда алынған
ақшалай немесе табиғи формалардағы табыстарының барлық түрлерi жатады.
Салық ставкасы (жеке тұлғалар үшін - 5-40%, заңды тұлғалар үшін - 30%)
салық салынған табыстың өсімін есептей отырып.
2. Төлемдер, жерді пайдалану  салығы. Оған геологиялық жұмыстарды 
жүргізу құқығына бонус – төлемдер  жатады, Роялти -
кен орындарын пайдалану  және жоғарғы пайдаға салықтық  төлем.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы Қазақстан
Республикасы 100-IV-Заңына сәйкес Қосылған құн салығы 12 %.
Акциздер. Сатылатын тауардың бағасына қосылатын, сатып алушы төлейтін
салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан
Республикасының аумағында шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының
аумағына импортталған тауар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері,
құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын
басқа да бұйымдар жатады.
3.Мүлік салығы. Мүлік салығы меншікке салынатын салықтар қатарына
жатады. Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет
иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік
қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады.
Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.
Мүлікке салынатын салық  тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері
мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады.
Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады. Бұл заңды тұлғалар
пайдалануға не жалға берілген салық салу объектілері бойынша 1%.
Жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін 
қолданушы заңды тұлғалар салық  салу объектілерінің орташа жылдық құнының
0,5%;
4. Жер салығы. ҚР-ның Жер кодексінің 9 бабына сәйкес Қазақстанда жерді
иелену және жерді пайдалануға ақы төленеді; жер үшін ақы жер учаскесінің
сапасына, орналасуына және сумен қамтамасыз етуіне байланысты анықталатын
жер салығы нысанында алынады.
Жер салығы – меншікке салынатын салықтардың ішіндегі ең негізгі,
ауқымды, маңызы жағынан ерекшесі. Жер салығы жер иеленушілер мен жер
пайдаланушылар төлейтін тікелей, оның ішінде нақты салықтардың қатарына
жатады. Ол жергілікті бюджеттің бекітілген салықтарының бірі. Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде жер салығы көбінесе дербес салық ретінде
қарастырылмайды, тек жер құны (баланстық құны) мүлікке салынатын салықтың
жалпы сомасына енеді.

1.1Салық төлеушіде басқа да салықта р бойынша қаржылық 
және салық есебін ұйымдастыру. 

2009 жылы  Салық кодексіне  еңгізілген жаңалық – Салықтық 
есеп саясаты 10баб. – салық  есебін жүргізу тәртібімен ережелері  
көрсетілген салықтөлеушінің құжатты, онда ережелермен қоса осы сала
(бюджетке міндетті төлемдер, салықтар) бойынша жаңа өзгерістерді еңгізу
мақсатында ескі немесе енді керек емес (ставкалар, салыққа салу объектілер)
шаралар (әрекеттерді) алып тастаудың жиынтық әрекеттері көрсетіледі.
Салық есебі (56 баб.) - бұл  салық төлеушінің бюджет алдында  салықтар
бойынша міндеттемелеріне есеп беру үшін салыққа салынатын объектілердің,
салық есептемелердің, төлемдердің жүйелі құжаттық рәсімдеуі. Ал салықтарды
дұрыс есептеп, қажет қаржылық ақпараттарды жинақтап, тіркеп (белгілеп
жазу), өңдеп және беру үшін салықтөлеушілер Салық кодексін жетік білу
керек.
Салық есебінің негізгі  мақсаты – салық міндеттемелерінің 
туындау кезі мен мөлшерін дұрыс  анықтау, есепті кезеңдерге кірістер мен
шегерімдерді дұрыс жеткізу және ең соңында, заңмен белгіленген мерзімде
бюджетке төленуі тиіс соманы алу болып саналады.
Салық есебінің объектілеріне  салық салынатын көрсеткіштердің 
мынадай үш тобын жатқызуға болады:
1.мүлік (ұзақ мерзімді активтер);
2.кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірістер (барлық түрлері);
3.активтер құнын бағалаудағы айырма.
Салық есебінің функцияларына  жатады: фискалдық; ақпараттық;
бақылау.Салық есебі бюджетке бекітілген типтік формалармен тапсырылады.
Салықтық формалар –  салық есептіліктері, салықтық өтініштер және
регистрлер. Есептік құжаттар деген, ол бухгалтерлік құжаттар, салықтық
формалар, салықтық есеп саясаты және басқада салықтық объектілерін
анықтайтын құжаттар. Салықтық есеп бухгалтерлік есеп негізінде жасалады.
Салық кодексі бойынша  жалпы мемлекеттік салықтарға жататындар:
1. Жеке табыс салығы (СК 6 бөлімі 18тарау, 153- 192 бабтар);
2. ҚҚС (қосымша құн  салығы) (СК 8 бөлімі 28тарау,228-276 бабтар);
3. Акциздер (СК 9 бөлімі 38тарау,277-299 бабтар);
4. Әлеуметтік салық  (СК 12 бөлімі 47тарау, 355-364 бабтар);
5. Жер салығы (СК 14 бөлімі 53тарау, 372- 393 бабтар);
6. Занды және жеке  тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық(СК 15 бөлімі
57тарау, 394- 410 бабтар);
7. Көлік құралдарына салынатын салық(СК 13 бөлімі 50тарау, 365-371 бабтар);
8. Ойыналатын бизнестің  салығы (СК 16 бөлімі 59тарау,411-418 бабтар);
9. Тиісті салықтар (бильярдтық  столдар, ұтымсыз автоматтар, боулинг, (СК
17 бөлімі 60 тарау, 419-425 бабтар);
10. Корпоративтік табыс  салығы (СК 4 бөлімі 10тарау, 81-152 бабтар);
Бұдан басқа СК – пен  бюджетке міндетті төлемдермен алымдар  бар,
олар:
1.Кәсіпкерлік қызметпен  айналысатын жеке тұлғалар мен заңды  тұлғаларды
тіркегені үшін алым;
2.Қызметтің жекелеген  түрлерімен айналысу құқығы үшін алым;
3.Акциондық сатудан алынатын алым;
4.Лицензиондық алымдар;
5.Қоршаған ортаны дастаған үшін төлем;
6.Автокөлік құралдарының ҚР аймағында жүрген үшін төлем;
7.Радиожүйелік спекторын  пайдаланған үшін тқлем; және т.б. салық кодексі
бойынша.
Осылардың ішінде салық төлеушілерге  ең керекті салық түрі ҚҚС. ҚҚС 
–тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өндірісі мен айналым 
процесінде қосылған құн өсімі бөлігіндегі  бюджетке аударылатын жанама
салық. Бюджетке төленуге тиіс ҚҚС өткізілген тауар, жұмыстар, қызметтер
үшін көрсетілген ҚҚС сомасы мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер
үшін төленуге тиіс ҚҚС сомалары арасындағы айырма ретінде анықталады.
ҚҚС ставкасы салық салынатын  айналымның 12 % құрайды. Нөлдік ставка
бойынша салық салынатын айналымдар да бар. Есепке алуға қабылданатын ҚҚС
активтер 1420- ҚҚС шотында ескеріледі.Сатып алынған құндылықтар,
орындалған жұмыстар және көрсетілген  қызметтер үшін төленуге келісім
берілген шоттар бойынша ҚҚС сомасына Д-т 1420 К-т 3310.
Мысалы:
Өнім үшін салықтық шот-фактурасы  ұсынылды 210 мың теңге,
ҚҚС есептелді – 24 мың теңге,
Барлық құн – 235 200 теңге.
Өткізілген өнімнің  нақты өзіндік құны – 195 000 теңге.
Өткізілген өнімнің  нақты өзіндік құны Д-т 7010 К-т 1320 – 195 000 теңге;
Өнімнің келісім құнына (ҚҚС-сыз) Д-т 1210 К-т 6010 – 210 000 теңге;
ҚҚС сомасына Д-т 1210 К-т 3130 – 25 200 теңге;
Бюджетке ҚҚС төленген Д-т 3130 К-т 1030 – 25 200 теңге;
Сатып алушылардың шоты төленді Д-т 1030, 1010 К-т 1210 – 235 200 теңге;
Жыл сонында:
а) шығыстар Д-т 5610 К-т 7010 – 195 000 теңге;
ә) кірістер Д-т 6010 К-т 5610 – 235 200 теңге. Д-т 5610 К-т 5510 – 15 000
теңге. Таза табыс 15 000 теңге құрады.
Есептік мерзімде жеткізушілерден  алынған активтердің ҚҚС сома жиыны
340000тг. құрады, сатылған өнімдер, тауарлардың ҚҚС сома жиыны 525000тг.
құрады, бұл жерде кәсіпкерлік ұйым бюджетке 185000тг. ҚҚС-ті аударады
немесе берешек болады.
Ал, керсінше, сатылған өнімдер, тауарлардың ҚҚС сома жиыны 340000тг.
болып, кіріске алынған активтердің  ҚҚС сома жиыны 525000тг. құраса
кәсіпкерлік ұйым бюджетке ҚҚС төлемейді, бұл жерде берешек жағдай
туындамайды, кіріске алынған активтердің ҚҚС 1420 Д-де көрсетілді, сатылған
өнімдер, тауарлардың ҚҚС 3130шоттың К-де көрсетілді, әр есептік мерзімнің
аяғында осы шоттар жабылады Д3130 К1420 болып, сонда 3130 қалдық қалатын
болса бюджетке берешек туындайды, 1420 қалдық қалатын болса берешек деген
жағдай туындамайды. І,ІІ бөлімдер шоттар активті шоттар кіріске алынады,
ІІІ,ІУ,У бөлімдердің шоттары пассивті шоттар жазылады міндеттемелер
туындайды.

1.2 Жер салығы бойынша  бюджетпен есеп айырысу

Қазақстан Республикасының  Президентінің Жарлығына сәйкес жергілікті
салықтарға төмендегі салықтар жатады:
1.Жер;
2.Жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3.Көлік құралдарына салынатын салық;
4.Кәсіпкерлік қызмет айналысатын тұлғалар мен заңды тұлғаларды тіркеу үшін
жиындар;
5.Жеке қызмет түрлерімен айналысу үшін жиындар;
6.Аукциондық сатудан жиындар.
Жоғарыда айтылған салықтар Қазақстан аумағында алынады. Сонымен 
қатар осы салықтарға нақты ставкалар  жергілікті басқарудың құқықтық актіер
мен заңнамалармен анықталады. Жергілікті салықтарға аймақтық және
қалалық органдар мемлекеттік биліктің өкілеттіліктерінің шешімімен
бекітілетін салықтар мен жиындар (- жарнамаға салық, көлік сатуға салынатын
салық және т.б.).
ҚР-ның Жер кодексінің 9 бабына сәйкес Қазақстанда жерді  иелену және
жерді пайдалануға ақы  төленеді; жер үшін ақы жер учаскесінің сапасына,
орналасуына және сумен қамтамасыз етуіне байланысты анықталатын жер салығы
нысанында алынады.
Жер салығы – меншікке салынатын салықтардың ішіндегі ең негізгі,
ауқымды, маңызы жағынан  ерекшесі. Жер салығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтар, салық салу және мемлекеттің салық жүйесі жайында
Салық салу механизмі
Мүлікке салынатын салық. Қосылған қүнға салынатын салық
Қазақстандағы салық түрлері және салық реформалары
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы
Салық салудың міндеттілігі принципі
Қазақстан Республикасының салық жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының салықтық жүйесінің құрылымы
Салықтар және салық салу механизмі. Салық түрлері
Пәндер