ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ТАНУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕР ЕСЕБІ



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4
1. ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ТАНУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕР ЕСЕБІ 7
1.1 Сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік 10
құнын есепке алу
1.2 Мемлекеттік кірістердің жіктелуі 11
1.3 Мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік-экономикалық мәні  13
2 ШИМ-ШАК НС ЖШС КӨЛІКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ 15
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3 21
3.1.Техникалық құралдар кешеніне кеткен шығындар 21
3.2.Алгоритмді өңдеуге кеткен шығындарды есептеу 21
3.3.Бағдарламаны жазуға және жөндеуге кеткен шығындарды есептеу 22
3.4.Бағдарламаны енгізуге кеткен шығындарды есептеу 22
3.5 Жылдық эксплуатациялық шығындарды үнемдеудің есебі. 23
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29

КІРІСПЕ

Кез-келген өркениетті елдің  экономикалық-әлеуметтік дамуында табыстар
мен шығыстардың алатын орны өте жоғары. Табыстар мемлекеттік бюджеттің
негізгі кіріс көзі бола отырып, ол халықшаруашылығы саласының,
экономиканың, жалпы қоғамның тұрақты болуына және оның барған сайын
дамуында қозғаушы күш ретінде қызмет атқарады. Еліміздің табыстары мен
шығыстары Қазақстан Республикасы экономикасының ынталандырушы және
реттеуші жүйесінің бiрi болып табылады.
Еліміздегі  үрдіс  пен нарықтық  қатынастар  жүйесі  жылдан  жылға 
қарқынды дамып  келеді. Нарықтық  экономиканы  ары  қарай  жетілдіру  мен 
дамыту  экономикалық  қатынастарға  түсуші  жақтарды ақпараттар жүйесімен 
қамтамасыз  ету,  жан жақты  талдау  қызметтерін  жүргізу,  экономикалық 
тиімді  шешім қабылдау  үрдісіндегі  бухгалтерлік  есептің  атқаратын ролі 
зор.  Аралық  шаруашылық қатынастарды  қағазға  түсіру  заманынан бастап 
қалыптасқан  бухгалтерлік  есептің  атқаратын рөлі  мен  маңызы  осы 
заманда  өз мағынасын  жоғалтпай,  ой мен санаға  сиярлық  жолдармен  дамып
келеді.
Бухгалтерлік  есепке  тән  негізгі  принциптердің  мәні мен  маңызын 
түсінбей  тұрып,  кәсіпорын  қызметін  басқару  мен ұйымдастыру  жөнінде 
шешім  қабылдау  мүмкін  емес.  Сондықтан  экономикалық қатынастарда
маңызды орын алатын мемлекеттік бюджетпен ұйымдардың есеп айырысу
операцияларын жеделдету және оны күшейту, салықтар мен міндетті төлемдердің
ашықтығын, түсініктілігін кеңейту мақсатында есеп пен талдаудың және оған
қоса аудиттің алатын орнын ерекше көрсетуге болады.
Бұл күндері  экономикалық  қатынастардың  мәні  мен  маңызын  түсіну, 
бизнесті   жүргізу  мен  басқару,  ақпараттарды  реттеу  және  тиімді 
шешімдер  қабылдау үлкен  мәселеге  айналды. Еліміздегі  бизнесті  дамыту 
қаржылық  қатынастардың  теориялық  және  қолданбалы  негізін  білу, 
құқықтық  жүйедегі  заңдылықтарды  білу,  қаржы мен басқару үрдісіндегі
көрсеткіштерді  жан-жақты талдау,  тиімді  шешім қабылдау  қызметінде 
бухгалтерлік  есептің  атқаратын  рөлін  барған сайын күшейте түсуде.
Бірінші үрдіс-мемлекеттік кірістердің көрінісін беретін болса,
екіншісі-шығындар көрінісін баяндайды. Мемлекеттік кірістер дегеніміз-бұл
экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады және бұл қатынастардың
нәтижесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін 
мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Кірістер- бұл қаржылармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын күрделі
экономикалық категория. Кірістер бұл өндіріс шығындарындарымен байланысты
белгілі бір қызметтің, өндірістің және коммерциялық, делдалдық және басқа
да мақсатты қызметтің нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік кірістер  бұл
мемлекеттің және мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағындағы қаржы
ресурстарын қалыптастырумен байланысты қаржылық қатынастырдың бір бөлігі
болып табылады. Мемлекеттік кірістердің құрамында мемлекеттік бюджеттің 
алатын орны зор.
Мемлекеттік кірістердің басым бөлігінің әр түрлі деңгейдегі бюджетте
орталықтануы  біртекті қаржы саясатын жүргізуге және халық шаруашылығының
салаларын дамыту мақсатында бөлістіруді қамтамасыз  етуге мүмкіндік береді.
Орталықтандырылған мемлекеттік кірістерге мемлекеттік бюджеттіктен басқа
бюджеттік емес қорларының (әлеуметтік, зейнетақы қорларының, халықты
еңбекпен қамту қорларының және т.б. қорлардың)  қаржы ресурстары кіреді.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлістіру нәтижесінде мемлекеттің, жеке
кәсіпорындардың, шаруашылық субъектлердің, ұйымдардың және халықтың
бастапқы кірістері қалыптасады.
Мемлекеттік кірістердің қалыптасуы мемлекеттің белсенді қатынасуы
арқылы жүзеге асырылады: мемлекет бюджеттегі орталықтандырылған
қаржаттарды, шаруашылық субъектлерінің қаржыларын және қоғамның таза
кірісінің үлесін бекітеді және халықтың жеке табысы мен қоғамның басқада
қаражаттарын шоғырландырады. Мемлекеттік кірістер ұлттық табысты құрайды,
ал қаржы ресурстары жиынтық қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлістіру мен
қайта бөлістіру жағдайында қалыптасып, шоғырланады. Мемлекеттік шығындарды
қаржыландыру мемлекеттің барлық қаржы ресурстарын бөлістіру арқылы жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік кірістер мен мемлекеттік бюдеттік кірістері
түсініктері жиынтық мемлекеттік кірістердің құрамдас бөлігі болғанымен, әр
түрлі ұғымды білдіреді. Сонымен қатар мемлекеттік  кірістер барлық
мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің жиынтық табыстарының құрамына кіреді, 
ал мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамына тек таза кірістің бөлігі
ғана кіреді. Мемлекеттік кірістердің барлық көздері 2 топтан тұрады: - ішкі-
сыртқы
Мемлекеттік кірістердің ішкі көздеріне мемлекет ішінде қалыптасатын
ұлттық кіріс пен  ұлттық байлық кіреді. Сыртқы көздерге – ұлттық байлық,
кейбір жағдайларда басқа мемлекеттің мемлекеттік займ түріндегі ұлттық
байлығы кіреді.
Бухгалтерлік  есепке  тән  негізгі  принциптердің  мәні мен  маңызын 
түсінбей  тұрып,  кәсіпорын  қызметін  басқару  мен ұйымдастыру  жөнінде 
шешім  қабылдау  мүмкін  емес.  Сондықтан  экономикалық қатынастарда
маңызды орын алатын мемлекеттік бюджетпен ұйымдардың есеп айырысу
операцияларын жеделдету және оны күшейту, салықтар мен міндетті төлемдердің
ашықтығын, түсініктілігін кеңейту мақсатында есеп пен талдаудың және оған
қоса аудиттің алатын орнын ерекше көрсетуге болады.
Бұл күндері  экономикалық  қатынастардың  мәні  мен  маңызын  түсіну, 
бизнесті   жүргізу  мен  басқару,  ақпараттарды  реттеу  және  тиімді 
шешімдер  қабылдау үлкен  мәселеге  айналды. Еліміздегі  бизнесті  дамыту 
қаржылық  қатынастардың  теориялық  және  қолданбалы  негізін  білу, 
құқықтық  жүйедегі  заңдылықтарды  білу,  қаржы мен басқару үрдісіндегі
көрсеткіштерді  жан-жақты талдау,  тиімді  шешім қабылдау  қызметінде 
бухгалтерлік  есептің  атқаратын  рөлін  барған сайын күшейте түсуде.

1. ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ТАНУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕР ЕСЕБІ

Табыс- бұл есепті кезеңде активтердің көбеюі немесе міндеттемелердің
азаюы. Негізгі және көмекші қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық
табысты құрайды. Табыс сондай-ақ тауарлы – материалдық запастарды
сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға
беруден, пайыздардан және дивиденттерден алынуға мүмкін.
Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен
қызметтерден алынады: олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім
шартта анықталады. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасы
сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде,тараптар өздерінің келісім
шарттарында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі:
есептеу,шығындық алаламау, яғни, екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау
т.б. Тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайда сақтаған кезде
танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда яғни бұл
сатушының сатқан тауары үшін келісім-шартта көрсетілген соманы сатып
алушының төлейтіндігі туралы сенім білдіреді. 
Негізгі қызметтен түскен табыстар есебі: дайын өнім жұмыс және
қызметтерді сату, сатып алынған тауарларды сату жалға беру, байланыс
ұйымдардың қызметі және басқада негізгі қызметтің табыстары.
Негізгі емес қызметтен түскен табыстардың есебі: материалдық емес
активтерді сату; негізгі құрналдарды сату, құнды қағаздарды сату; акция
бойынша дивидендтер; курстық айырымынан алынған т.б. табыс есебі. Сыйақылар
шығыстардың есебі. Корпоративтік табыс салығының шығыстарының
есебі.Шоттардың жабылуы.
Кәсіпорындардағы әрбір қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен
қызметкерлерге табельдік нөмір беріледі.
Бұл нөмір-еңбекақы бойынша есеп айырысу құжаттарында көрсетіледі.
Белгілі бір кезеңдегі яғни, уақыттағы ұйымның жұмысшылар мен
қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен
қызметкерлердің қүнделікті сандық есебін жүргізу қажет. Ол үшін жұмысшылар
мен қызметкерлердің тізімдегі саны әрбір жұмыс күні сайын жұмысшылар мен
қызметкерлердің, жұмысқа алу, басқа қызметке ауысу бұйрықтары негізінде
анықталып отырады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті тізімдегі саны
қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебінде табелінің деректеріне
сәйкес келуі тиіс. Есеп беретін айдағы ұйымның жұмысшылар мен
қызметкерлердің орташа саны сол айдағы күнтізбенің (календардың) әрбір
күніндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі санын қосып, яғни 1-нен
30-на дейін немесе 1-нен 31-не дейін (ақпан айында 1-нен 28-не дейін немесе
1-нен 29-на дейін) мейрам және қызмет істемейтін, демалыс күндерін қоса
алғандағы қосынды санды сандық күнтізбенің (календарьлық) күніне бөлу
арқылы табады. Демалыс немесе мейрам күні, сондай-ақ, басқа да жұмыс
істемейтін күндері екі немесе одан да көп қатар болса, жұмыскерлердің
тізімдегі саны ол күндердің, әрқайсысына демалыс немесе мейрам күндерінің
сондай-ақ жұмыс істемейтін күндерінің алдыңғы жұмыс күніндегі тізімдегі
санына теңеліп алынады.
Толық ай жұмыс істемеген ұйымдарда (құрылыс ұйымдарында, жаңадан іске
қосылған ұйымдарда, сондай-ақ маусым мен жұмыс істейтін ұйымдарда)
жұмысшылар мен қызметкерлердің ай бойы орташа саны есеп беретін айдағы
кәсіпорынның жұмыс істеген күндеріндегі (демалыс және мейрам күндерін қоса
есептегенде) жұмысшылар мен қызметкерлердің санының қосындысын сол айдағы
күнтізбелік (календарьлық) күн санына бөлу арқылы алынады.
ҚЕХС (IAS) 18 Түсім Сатудан алынған табыс стандарт мынадай
операциялар және жағдайлардан пайда болатын түсімді есептеуде қолданылуы
керек:
(а) тауарларды сатудан;
(b) қызметтерді көрсетулерден; және
(с) пайыз, лицензияланған төлемдер және дивидендтер әкелетін компания
активтерін басқа жақтарымен пайдаланудан.
Түсім алынған немесе алынуға тиіс қарама-қарсы ұсыну әділ құны бойынша
бағалануы тиіс. Операциядан пайда болатын түсім сомасы, әдетте, компания
және сатып алушы немесе акцияны пайдаланушы арасындағы шартпен анықталады.
Ол компаниямен ұсынылатын қандай да бір сауда жеңілдігінің сомасы немесе
санға жеңілдіктерді ескере отырып, алынған немесе алынуға тиіс қарама-қарсы
ұсыну әділ құн бойынша бағаланады.
Компаниялар мынадай ақпаратты ашып көрсетуі керек:
(а) түсімді тану үшін қабылданған есеп саясатын, соның ішінде,
қызметтерді көрсетумен байланысты операциялардың аяқталу сатысын анықтау
үшін пайдаланылатын әдістерді;
(b) кезең ішінде танылған түсімнің әрбір маңызды санаты сомасын, соның
ішінде, мыналардан:
- тауарларды сатудан;
- қызмет көрсетуден;
- пайыздардан;
- лицензиялық төлемдерден;
- дивидендтерден келетін түсімдерді; және
- түсімнің әрбір маңызды санатына қосылған тауарларды немесе
қызметтерді айырбастаудан келетін түсім сомасын.
Табыстар –бұл активтердің келуі мен өсуі жолымен немесе субъектінің
қызметі нәтижесінде иіндеттемелердің азаю жолымен экономикалық ресурстардың
көбеюі. Шығындар – бұл активтердің азаюы не басқа да қызметтерді жүзеге
асыруда , тауарларды өндіру не жеткізу салдарынан қарыздардың пайда болуы,
яғни міндеттемелердің көбеюі. Басқаша айтқанда , шығындар – бұл табыс табу
мақсатында таурларды өндіруге не қызметтер көрсетуге кеткен шығындар.
Пайда- бұл кәсіпорынға қатысты негізгі және негізгі емес қызмет
нәтижесінде капиталдың өсуі, бұған акционерлік капиталға жарна жатпайды.
Зияндар- бұл кәсіпорынға қатысты жағдайлардан капиталдың азаюы.
Тану – кәсіпорынның қаржылық есебінде баптарды енгізу процесі. Тану
есептің жиынтық көрсеткіштеріне сомаларды бейнелеуден тұрады. Танудың төрт
критерийі : анықтау, бағалау, мерзімділік, сенімділік.
Табыс- кәсіпорынның өзінің сатып алушыларына қандай да бір уақыт
кезеңі ағымында берген қызметтері немесе өнімдерінің жиынтығын ақшалай
бейнелеу.
Табыстар есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының,
басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндететмелердің
азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда
табуды айтады. Мұндай табыстарға : дайын өнімдер мен тауарларды сатудан
алынатын табыстар; қызмет көрсетуден алынатын табыстар; дивидендтер, роялти
және процент түрінде алынатын және т.б. табыстар жатады.
Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына
байланысты негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен алынған табыстар
болып бөлінеді. Негізгі қызметтен алынған табыстар мен негізгі емес
қызметтен алынған табыстардың қосындысы оның жиынтық табысын құрайды.
Қызметтерді көрсетуден табыстарды танудың төрт әдісі бар:
- нақты орындау;
- пропорциональді орындау;
- аяқталған орындау;
- инкассация.
Шаруашыық субъектісінің негізгі емес қызметтен алынатын табыстары- деп
кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан,
көрсеткен қызметтерден , сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан
табыстары саналады. Субъектінің негізгі қызметтен алынатын табыстарының
есебі 6010 Дайын өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан түскен табыс шотында
жүргізіледі. Бұл шотта негізгі қызметтерден алынған табыстары туралы
ақпараттарды жинақтап, қорытынды жасайды. Бұл шот пассивті шот, сондықтан
кәсіпорынның қызметтері барысында алатын табыстарына 1210 Стаып алушылар
мен тапсырыс берушілердің дебиторлық қарызы, 1220 Еншілес (тәуелді)
серіктестіктердің дебиторлық қарызы ,1280 Басқа да дебиторлық қарыздар,
1030 Есеп айырысу шотындағы ақшалар, 1010 Кассадағы ақша қаражаттары
бөлімшелерінің тиісті шоттары дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі.
Табыс бухгалтерлік есеп шоттарында 6-бөлімде көрсетіледі
6010- өнімді өткізуден, кызмет көрсетуден түскен түсім
6110- қаржыландырудан түскен түсім
6210- басқа да кірістер
6310- қысқарылатын қызметпен байланысты кірістер
6410- үлестік қатысу әдісі бойынша кірістер

1.1 Сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын
есепке алу.

Сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын
есепке алуға 7010 Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік
құны шотында жүргізіледі. Бұл шот бойынша өнім өндіретін, жұмыстар
істейтін және қызметтер көрсететін материалдық өндіріс салаларында
қолданылады және босатылған өнімдердің , орындалған жұмыстардың,
көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын есепке алуға арналған. 7010
шоттың дебетінде сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің
өзіндік құны есепке алынады да, есепті кезеңнің аяғында осы шоттың
кредитінен 5610 шоттың дебетіне жазылады.
7010 Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны
шоты бойынша талдау есебі сатылатын бұйымдардың, жұмыстардың және
қызметтердің түрлері бойынша ұйымдастырылады. Талдау есебі үшін
машинограммалар не ведомостар пайдаланылады, оларда бір айдағы және жыл
басынан бергі өнімнің, жұмыстың және қызметтердің саны мен өзіндік құны
көрсетілуі тиіс.
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты жұмсалған
шығындарды есепке алуға 7110 шот арналған. Бұл шотта сату бойынша жұмсалған
кәсіпорын қоймасындағы өнім ыдыстарына және өнімдерді орауға жұмсалған
шығындар көрсетіледі. Егер өнімдерді ыдысқа салу өнім қоймаға тапсырылғанға
дейін өндіріс технологиясына сәйкес жүзеге асырылса, ыдыстардың құнын
өнімнің өндірістік өзіндік құнына енгізеді, өнімді жөнелтетін станцияға
дейін тасымалдау, оны көлік құралдарына рату бойынша жұмсалатын шығындар;
комиссиялық алымдар немесе шарт бойынша өткізуші ұйымдарға өнімді өткізгені
үшін төленетін шығындар; өнімді өткезген жерлерде қойманың
ұсталуы;сатушылардың және басқа қызметкерлердің еңбек ақысы мен аударымдар;
жарнамаға және өткізуге арналған шығындар; өткізушіге және делдалдық
ұйымдарға төленетін комиссиялық алымдар; өнімдерді өткізумен байланысты
басқа да шығындар.
Сатылған тауарлардың қайтарылуы, сату және баға шегерімдері туралы
ақпаратты жинақтау үшін 6000 бөлімшенің шоттары арналған: 6020 Сатылған
тауарлардың қайтарылуы, 6030 Баға шегерімдері.
6020 шотта тауарларды сатып алушылардың қайтаруы туралы ақпараттарды
жинауға арналған. 6030 шотта сату шегерімдерінің есебі жүргізіледі.
Нарықтық қатынастар дамыған елдердегі есеп айырысулардың қалыптасқан
тәжірибесінде сату шегерімдерінің келесідей түрлерін жатқызуға болады:
-нақты төлем үшін шегерім шотты нақты ақшалай сатып алатын сатып
алушыларға жасалады.
-сконто шегерімдері бағалық шегерулер шартта немесе жабдықтаушы
шотында көрсетілетінмерзімнен бұрын төлеген сатып алушыларға жасалады.
-дилерлік шегерімдер тауарларды ұйымдастыратын агенттерге және
делдалдарға жасалады.
-жабық шегерулер тұйықталған экономикалық бірлестіктерде айналыста
болатын , өнімнің сатылған көлемінен шығатын тауарларды сатқанда жасалады.
Қызмет барысындағы шегерулер өндіруші тауарларды сату , тасымалдау, сақтау,
күзету, есепке алу қызметтеріне жасайды.
Сатып алушыларға жасалған сату шегерімдерінің барлық түрі шартта және
басқа да құжаттарда айтылып, есеп айырысу-төлем құжаттарында көрсетілуі
керек. 6030 шот бойынша жыл басынан жасалған айналымдар жинақталған
тізімдемеде немесе машинограммаларда шегерімнің түрлеріне қарай талдау
жүргізіледі. Жыл аяғында бұл шот жабылады, онда қалдық қалмауы керек.
6030 шот баға шегерімдерінің есебін жүргізуге арналған. Жеңілдіктер
тауар бағасының жалпы немесе ұйғарымды бағасына қарағанда төмендетілуі
болып табылады. Жеңілдіктер процент түрінде немесе белгілі бір сомада
болады.
Шегерімдердің іс жүзінде келесідей түрлері қолданылады:
- алынатын тауарлардың санына байланысты баға жеңілдігі тауарды 1
жылға ұйғарымды көлеміне қарағанда көбірек сатып алушылар үшін жасалады;
- уақытпен байланысты жасалатын жеңілдіктер негізінен маусымдық сипаты
көпшілік сұранысы бар өнім сауда саласында қолданылатын баға жеңілдіктері;
- сандық жеңілдік тапсырыстың көлеміне және саласына байланысты баға
жеңілдігі;
- арнайы жеңілдік белгілі бір жабдықтаушымен көптен бері байланысы бар
және басқа ерекше қатынастағы сатып алушыларға жасалатын баға жеңілдігі.
6030 шот бойынша сатып алушыларға жасалған жеңілдіктерінің түрлеріне
қарай талдау жасалады. Талдау есебі үшін тізімдеме немесе машинограмма
жүргізіледі, онда жыл басынан жасалған жеңілдіктердің түрлеріне дебеттік
айналымдары бойынша жинақталады. Жыл аяғында 6030 шот жабылады.

1.2 Мемлекеттік кірістердің жіктелуі

Мемлекеттік кірістердің жіктелуі  олардың экономикалық мағынасын,
құрамын, мақсатты бағытылығын, қалыптасу қағидаларын яғни мемлекеттік
кірістердің бүкіл жүйесін  тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Меншік нысандарын ұйымдық –құқықтық рәсімдеуге қарай мемлекеттік кірістер 
мыналардан тұрады:
1)Мемлекеттік кірістер мен ұйымдардың кірістері
2)Жеке кәсіпкерлік сектордың салықтық түсімдері
3)Қоғамдық ұйымдардың салықтық түсімдері
4)Халықтың салықтық төлемдері
5) Коперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың  салықтық түсімдерінен.
Жасалу аясына (сферасына) байланысты мемлекеттік кірістер келесі түрлерге
жіктеледі:
1) материалдық өндіріс аясында қалыптасатын кірістер;
2) өндірістік емес аясында қалыптасатын кірістер.
Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттік кірістер келесі түрлерге
жіктеледі:
1) Салықтық
2) Салықтық емес. Қоғамның таза табысы (кірісі) ақша нысанында қосымша
өнімнің құнын білдіреді, яғни өткізу кезінде  қосымша өнім таза табыстың
нысанында болады. Қосымша өнімнің  және тиісінше  таза табыстың аса маңызды
бөлігі  шаруашылық жүргізуші субъектлердің таза табысы болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік кірістерді жұмылдырудың негізгі
әдістеріне: салықтар, мемлекеттік қарыздар (займдар) және эмиссиялар
жатады.Бұл әдістер арасындағы арасалмақ әлі күнге дейін  әртүлі болып
отыр   және олар  қаржылық саясаттың мазмұнымен, әлеуметтік экономикалық
жағдаймен және шаруашылық жағдаймен анықталады.
Мемлекеттік кірістердің жүйесіндегі  басты орынды салықтар алады. Олар
бюджеттік және бюджеттік емес қорлардың қалыптасуы жағдайында қаржы
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз етеді. Салықтардың  фискалдық,
экономикалық және әлеуметтік маңызы зор. Фискалдық маңызы бойынша екінші
әдіс мемлекеттік қарыздар (займдар) болып табылады. Ол бюджет тапшылығын
жабуға емес, соныменбірге әр түрлі күрделі шығындарды, әсіресе,
экономиканың мемлекеттік секторындағы қаражаттарды инвестициялауды
қамтамасыз етуге пайданылады.Қарыздар мемлекет қаржыларының әр түрлі
буындарында, республикалық және жергілікті бюджеттерде, мемлекеттік
тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отыр. 
Қарыздар соынымен қатар мемлекеттің  бюджетінің тапшылығын жабуда
қолданылады. Сонымен қатар қаржылық нарықтың қалыптасуы, қарыздарды
мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін пайдалануға мүмкіндік
береді. Қарыздарды жабудың қаржылық базасына  салықтар пайдаланылады.
Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісіне эмиссия – қағаз ақша
эмиссиясы ғана емес, сонымен қатар кредит эмиссиясы жатады.  Эмиссияны
мемлекет  салық және қарыз түсімдері  мемлекеттің өсіп отырған шығындарын
жабуды қамтамасыз ете алмағанда, оның үстіне қаржы нарығында жаңа
қарыздарды шығаруға қолайсыз жағдай туындағанда қолданады. Қағаз-ақша
эмиссиясы да, несие эмиссиясы да егер олар шаруашылық айналымының
қажеттілігіне баййланысты болмай, бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен
байланысты болса,  экономикада инфляциялық процестепрдің күшеюіне әкеліп
соғады. Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекеттер несие эмиссиясын
қолданбастан бұрын, оны қарызбен алмастыруды жиі қолданады.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың жоғарыда сипатталған әдістері
мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейіндегі бюджеттік қорларды
қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қорлар  салықтар мен
салықтық емес түсімдер негізінде қолданылады,  ал эмиссия бұл жерде
қолданылмайды.Орталықтандырылмаған ақша қорларын жасау барысында
аударымдар, түрлі жарналар, ерікті түсімдержәне т.б. әдістер қолданылады.

3. Мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік-экономикалық мәні 

Мемлекеттік шығыстар бұл мемлекеттің өз қызметтерін жүзеге асыруымен
байланысты ақшалай шығындарды айтамыз. Экономикалық категория ретінде
мемлекеттік шығындар қоғамдық өндірісті дамыту, жетілдіру, қоғамның сан
алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір
бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты. Мемлекеттік шығыстар – бұл
мемлекеттің орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін
пайдаланумен байланысты қаржылық қатынастарының бір бөлігі. Мемлекеттік
шығыстары бюджеттік және бюджеттік емес қорлар, мемлекеттік кәсіпорындардың
шығындар жүйесі арқылы жүзеге асырылатын тікелей шығындардан тұрады.
Шығындар ұғымы жоғарыда келтірілген кірістер түсінігіндегі жіктелуге
өте ұқсас. Сонымен қатар шығындар ұғымының екі мағынасы бар:
1) Ақша қаражаттарын олардың мақсатты бағытталуы юойынша пайдалану,
яғни ақша қаржаттарын айырбас процесінде тікелей қолдану. Бұл жағдайда
шығыстардың құрамына түпкіліктітабыстардың есебінен жүзеге асырлатын
өндірістік және өндірістік емес аядағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, және
халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру
қорына қорлану және тұтыну қорына бөлінеді.
2) Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлістірілетін
шығыстарды ажырата білу қажет, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпы
мемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын масатты
бағытталу бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлқ шаруашылық жүргізуші
субъектлердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізгі болып табылады.
Бұл екі аспект шығыстар ұғымының оның шығындар ұғымына түрленген
кездегі қарама-қайшылық пен күрделіліктің туындауына әкеледі: егер
шығыстар соңғы тұтынуды білдіретін болса, шығындар келешекте табысты
немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді
және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге
бағытталады. Бағытталуы мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық
түрлерінің жиынтығы мемлекеттік шығыстардың жиынтығын құрайды. Мемлекеттің
шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен
қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
Сондықтанда мемлекеттік шығындарды ұйымдастырудың негізгі қағидаларының
бірі –жоспарлылық болып табылады.
Мемлекеттік шығыстарды қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің
қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның
негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда
үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогрессті
айқындайтын неғұрлым дамыған және дамушы салаларға бөлу және аса маңызды
әлеуметтік мәселелерді шешу қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің шығыстарын
қаржыландырудың қайтарусыз сипаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табыстар мен шығындар есебі
Аралық қаржылық есептілік
Шығындар мен табыстар есептерінің аудиті
Аудиттің теориялық негізі мен ерекшеліктері
Инвестициялық қызметтен табыс
Қаржы нәтижелерінің түсінігі және теориялық аспектілері
Кәсіпорын қаржылық нәтижесінің қалыптасуы
Қаржы нәтижелер есебін ұйымдастыру
Табыстармен шығыстардың аудиті
Жұмыстар мен қызметтер
Пәндер