Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы


Шартты белгілер мен қысқартулар:
КЕАҚ - Коммерциялық емес акционерлік қоғам
ЭЦҚ - Электронды цифрлық қолтаңба
ҰҚО - Ұлттық куәләндіруші орталығы
ЖСН - Жеке сәйкестендіру нөмірі
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ЭҮП - Электрондық үкімет порталы
ЭҮШ - «электрондық үкімет» шлюзі
ЖТ МДҚ - «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры
АКТ - ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында алдағы онжылдықтарға басымды мақсаттар мен міндеттер белгілеген 2050 жылға дейінгі ұлттық жаңа саяси бағытын айқындайды.
Өзге де мәселелермен қатар Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударады. Мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, халыққа мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсету негізгі міндеттердің бірі ретінде айқындалды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларын және барлық кезеңін қамтиды. Азамат өмірге келген сәттен бастап өмір бойы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу арқылы мемлекетпен өзара әрекеттеседі.
Осылайша, туу туралы куәлік алу, арнайы әлеуметтік жәрдемақылар алу әр азамат үшін алғашқы мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады; есейген кезде азамат жеке куәлік құжаттарын алады; білім және медициналық қызмет көрсетуді алады; кәсіпкерлік қызмет жүргізу барысында рұқсат және тағы басқа құжаттарын алады.
Осы салаға жоғары қызығушылықтың оң үрдісі оны заңнамалық деңгейде реттеудің табиғи қажеттігіне алып келді. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2013 жылғы 15 сәуірде күшіне енген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі[1] .
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы мемлекеттік қызметтерді жаңа сапалы деңгейде көрсету арқылы халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Электрондық үкімет тұжырымдамасы билік органдарының ісін неғұрлым жеңілдетіп, азаматтарға пайдалануға ыңғайлы болуы үшін құру қажеттігі туындады. Бұған дейін, әрбір мемлекеттік органның басқа органдармен байланысы болмай, оқшауланып тұрды. Азаматтарға әр түрлі құжаттар, анықтамаларды және озге де қағаздарды жинауы үшін көптеген инстанцияларды өтуге тура келетін. Осы себепті, бір қызметті пайдалану үшін көптеген мекемелерден өту қажет болатын. Қазіргі таңда бүл жағдай электрондық үкімет жобасының арқасында түбегейлі өзгерді.
Электрондық үкімет - дамыған ақпараттық техналогиялардың көмегімен азаматтар мен мемлекет арасындағы, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың арасындағы өзара қатынасты қамтамасыз ететін бірыңғай механизм болып табылады. Мемлекеттік органдардағы кезектер қысқарып, анықтама, куәлік және тағы басқа құжаттарды алу үрдісін жеңілдетіп әрі жылдамдатуына да мүмкіндік тудырған осы механизм.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен Халыққа қызмет көрсету орталығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы болып тіркелді.
Мемлекеттік корпорация «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызметін жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты . Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы құжат айналымын оңтайландыру жолдарын талдау.
Белгіленген мақсатқа сәйкес міндеттер :
- Халыққа қызмет көрсету орталығымен көрсетілетін қызмет түрлерін айқындау;
- Еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсету саласының дамуына баға беру;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасына талдау жасау;
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясындағы құжат айналымын оңтайландыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу жұмысының объектісі - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы. Зерттеу тақырыбының пәні - еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсету саласы.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қортыныдыдан тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде, Халыққы қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы, даму кезеңдері зерттеліп, қызметі сараланды.
Екінші бөлімде, еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсету саласының дамуы, оны реттеудегі заңнамалар талданды.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде - мемлкеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары қарастырылып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құжат айналымын оңтайландыру бойынша ұсыныстар жасалды.
- Халыққа қызмет көрсету орталығының тарихы
Қазіргі заман талабына сай дені сау, жақсы жұмыспен қамтылған, қамсыз тірлікте өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасалған қоғамның ажырамас бөлігі мемлекет болып табылады. Азаматтардың қамын ойлайтын және әлеуетін неғұрлым арттыруға мүмкіндік тудыратын да мемлекет. Олардың заңды құқықтарының қорғалуына және сақталып қалуына кепілдік беретін де мемлекет болып табылады. Сондықтан да мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынас қарапайым, түсінікті, қолжетімді және азаматтардың қажеттілігіне бағдарланған болуы керек.
Еліміздегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, осы пікірлерді негізге ала отырып құрылып, әлі де даму үстінде екндігіне кепілдік бере алады. Яғни, азаматтар мен мемлекет арасындағы әрекеттестіктің қарапайым, пайдалануға ыңғайлы және қолжетімді болуы үшін электрондық үкімет тұжырымдамасы әзірленді[1] .
Халыққа қызмет көрсету орталықтар 2007 жылы төрешілдік пен әкімшілік кедергілерді жою мақсатында қазақстандықтарға бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құрылды.
Барлығы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, түрлі органдардың құжаттарын дайындау жөніндегі қызметтерді бір жерде алу мүмкіндігін жасау, сондай-ақ құжаттарды орындаушы мен азаматтардың арасында тікелей байланысты болдырмау Халыққа қызмет көрсету орталықтарының басты оң қасиеттеріне айналды.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының тиімділігін арттыру үшін 2011 жылы оларды электрондық үкіметтің инфрақұрылымымен біріктіру, ал кейін толық жаңғырту жүргізілді, нәтижесінде клиенттерге қызметтер көрсету уақыты қысқарды, қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалау жүйесі енгізілді, сондай-ақ орталыққа бару уақытын электрондық үкімет порталы арқылы броньдау мүмкіндігі іске асырылды.
Бұдан басқа, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуы үшін қажетті жағдайлар жасауға баса назар аударылды, әр Халыққа қызмет көрсету орталықтары оларға арналып құжаттарды қабылдау үшін жеке жұмыс орындары бөлінді, пандустар мен шақыру батырмалары орнатылды.
Елбасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қалың жұртшылыққа, шалғай елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындау аясында барлық облыстарда пилоттық режимде 14 мобильдік Халыққа қызмет көрсету орталықтары іске қосылды, ал 2012 жылы 56 баламалы қосымша Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша қазірдің өзінде 70 мобильдік Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасауда.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа жұмыс нысандарына көшу халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруға, сондай-ақ оларды мониторингілеу мен сапасын бақылау құралдарын жасауға мүмкіндік берді. Осылайша, Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметін бақылауды жетілдіру және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету үшін Ахуалдық орталығы құрылды, ол on-line режимінде барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметіне бейне-мониторингілеу жүргізуде. Осындай орталықты ашу жұмыс барысында орын алатын қателіктерге, оның ішінде қандай да бір көрсетілетін қызметті алу кезінде кезектердің туындауы жағдайында жедел түрде әрекет етуге мүмкіндік берді[2] .
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен Халыққа қызмет көрсету орталығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы болып тіркелді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидалары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам қызметінің тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік корпорация Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің акттілерімен көзделген өкілеттіктерді және қызметтер түрін жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация қызметінің тәртібі өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру. Мемлекеттік корпорациямен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі бекітілген Мемлекеттік көрсетілген қызметтер тізілімімен айқындалады.
Мемлекеттік корпорациямен мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі Заңға сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдармен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен және регламенттерімен айқындалады. Құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру электронды кезек тәртібінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын сәйкестендіруді Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік корпорация «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңына және Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтерді сақтайтын, ақпараттық жүйелерден мәлеметтер бар болған кезде оларды алады. Мемлекеттік корпорация қызметкерлері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Заңмен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде сақталатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді ұсыну Заңға сәйкес жүзеге асырылады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен және регламенттерімен реттеледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті электронды нысанда көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жазбаша рұқсаты негізінде оның электронды құжат нысанындағы сұрануы Мемлекеттік корпорация қызметкерінің оған қызметтік мақсатта пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Мемлекеттік корпорация қызметті көрсету, мемлекеттік қызметті алу туралы азаматтарды ақпараттандыру, сондай-ақ мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорция өзіне-өзі қызмет көрсету секторының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, онда «электрондық үкіметтің» веб-порталы сервистерін пайдалану және электрондық цифрлық қол таңбалы пайдалану мәселелері бойынша консультация беру, сондай-ақ, азаматтарға «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетілетін өзіне-өзі мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі беріледі.
Мемлекеттік корпорация:
- мелекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыға қол жетімді нысанда, оның ішінде, көзі және естуі бұзұлған адамдарға қол жетімділікті ескере отырып ақпараттандыруды қамтамасыз етеді;
- Мемлекеттік корпорация қызметкерлерін мүгедектермен икемді тілдесу үшін оқытулар жүргізеді;
- мүгедектердің кедергісіз теңдей мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу шараларын қабылдайды.
Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызмет алушының өтінішін Заңға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін жүгінген кезде онда құжаттардың толық пакеті бар болған кезде қабылдайды.
- Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде алдын-ала толықтыру іске асырылған (өтініштің автоматты қалыптастыруы) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді, бланктерді толтырудың толықтығын тексерді;
- өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын сәйкестендіреді;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарынде белгіленген, тиісті міндетті төлемдерді бюджетке енгізгенін растайтын, құжаттардың бар болуын және реквизиттерін тексереді;
- өтініш беруші туралы тиісті ақпаратты және тапсырылған құжаттардың тізімін мемлекеттік ақпараттар жүйесіне енгізеді;
- өтініш берушіден қабылданған құжаттарды тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілетін тиісті құжаттарды қабылдау туралы мемлекеттік ақпараттар жүйесінде иеленген штрих-кодымен қолхатты береді;
- көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдауды бас тартады және жоқ құжатты көрсете отырып, қолхат береді;
- қолхатта көрсетілген мерзімде өтініш берушілерге құжаттарды береді;
- Мемлекеттік корпорация басшылығын, Мемлекеттік корпорацияның тиісті филиалдарының аумағында өзіне белгілі болған тәртіп пен заңның барлық бұзушылықтары туралы хабардар етеді;
- Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде уәкілетті органдарға құжаттарды тапсыру, уәкілетті органдардан қабылдау, құжаттарды беру секторына тапсыру және өтініш берушіге құжаттарды беру бойынша іс-қимылдарды (штрих-кодты сканерлеу әдісімен) белгілейді.
Өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен өтініш берушінің ниеті бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Алдын ала, құжаттарды тапсырғанға дейін, Мемлекеттік корпорация консультанттары өтініш берушілерге құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, қызметтерді көрсету талаптарымен таныстырады, қажетті құжаттар топтамасын қалыптастыруға көмек көрсетеді және өтініштердің бланкілердің дұрыс толтырылуын тексереді. Өтініш берушілердің ниеті бойынша Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде көрсетілетін қызметтерді алуға қажетті құжаттардың тізбесі басып шығарылады.
Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша Мемлекеттік корпорация кызметкері көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарынде көзделген жағдайда, ұсыналған құжаттың түпнұсқасы бар құжатты электрондық көшірмесін куәландырады.
Операциялық залдан қабылданған құжаттарды жинауды кестеде белгіленген уақытта жинақтау секторының қызметкері жүзеге асырады. Жинақтау секторына келіп түскен өтініштер бағыттары бойынша қалыптастырылады, қолхаттағы штрих-кодты сканерлеу жолымен Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде белгіленеді. Мемлекеттік корпорация өтініш берушілірдің Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде белгіленген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Дайын құжаттарды беруді Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес, қолхаттың негізінде алу, белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырылады. Өтініш берушінің өкілі Азаматтық кодекске сәйкес оның өкілеттігін растайтын сенімхатты қосымша ұсынады[3] .
Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге қабылданған шешімдер туралы, зейнетақы төлемдері, жәрдемақылар, бір реттік және өзге де төлемдер туралы sms-хабарлар беру арқылы ұялы телефонға хабарлайды. Өтініш беруші жүгінбеуіне байланысты уақтылы берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады, аталған мерзім аяқталған соң зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, бір реттік және өзге де төлемдерді, сондай-ақ 18 жасқа толмаған балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, мекенжайлық әлеуметтік көмекті тағайындауға арналған құжаттардан басқа, алынбаған құжат ретінде көрсетілетін қызметті беру қайтарылады.
Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттарын, жеке куәліктерін бір жыл ішінде сақтауды, уақытша куәліктерді мерзімі аяқталғанша дейін сақтауды. Мемлекеттік корпорация кызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдауға және дайын құжаттарды беруге байланысты әрекеттері Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде тіркеледі. Көрсетілетін қызмет берушімен іс-қимыл Мемлекеттік ақпараттар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қызмет алушының ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды сұратып алуы рұқсат етілмейді. Мемлекеттік корпорациямен мемлекеттік қызметті көрсету процесінде белгіні болған азаматтардың дербес деректерін «Дербес деректер және оны қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үшінші тұлғаларға жария етуге рұксат етілмейді[4] .
Өздерінің функционалдық міндеттерін жүзеге асыру барысында, зейнетақы жинақтары мен әлеуметтік аударымдардың құпиясын кұрайтын мәліметтерге қолжетімділік алған, Мемлекеттік корпорация кызметкерлері зейнетақы жинақтарының және шартты зейнетақы шоттардың құпиясын құрайтын мәліметтерді жария етпейді.
Мемлекеттік корпорация Жарғыға сәйкес мемлекеттік және өзге қызметтерді ақылы түрде көрсете алады. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті органдармен өзара іс-қимылы мемлекеттік қызметті көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Өтініш берушінің Мемлекеттік корпорацияға берген өтінімінің орындалу қозғалысы мен кезеңінің бағытына мониторинг МАЖ көмегімен жүргізіледі. Тиісті уәкілетті органдарға ұсынылатын құжаттардың тізілімі МАЖ-да қалыптасады. Ұсынылатын құжаттардың тізілімі екі данада басылады.
Тізілімнің екі данасымен қалыптастырылған өтініштер кестеге сәйкес курьерлік және пошталық байланыс, және ақпараттық жүйе арқылы уәкілетті органға жіберіледі. Тізілімнің екінші данасы уәкілетті органның қабылдағаны туралы белгісі бар Мемлекеттік корпорацияға кері қайтарылады. Тиісті уәкілетті органға қоса берілген құжаттарымен бірге қабылданған өтініштерді жеткізуді және кері қайтаруды аталған өтініштерді қабылдаған күні екі реттен кем емес жүзеге асырады. Алдын ала, дайын құжаттарды бергенге дейін Мемлекеттік корпорация мен уәкілетті орган берілетін құжаттардың тізілімін құрайды, онда тізімін алғанда берілетін құжаттар туралы толық ақпарат жинақталады.
Тізімнің екі дана қосымшасымен қағаз/электрондық тасығышта ресімделген, беруге дайын құжаттар тиісті уәкілетті органға курьерлік, пошта байланысы және ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі өткенге дейін бір тәуліктер кешіктірмей жеткізіледі. Қолхатқа сәйкес келесі жұмыс күні берілетін құжаттар кешкі поштамен немесе бұрын келеді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның жауапты қызметкері тиісті уәкілетті органдармен ұсынылатын тізілімге сәйкес құжаттардың толықтығын тексереді. Тізілімнің екінші данасы, тізілімде көрсетілген барлық құжаттардың бар болған жағдайда, ғана алғандығы туралы белгісімен уәкілетті органға қайтарылады. Құжаттар тізімге сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органға қабылдаудан бас тарту туралы актісі қоса беріліп қайтарылады. Қандай да бір себептер бойынша тиісті мемлекеттік органдар орындаудан бас тартқан көрсетілетін қызметті берушілердің өтініштері Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көрсетілген мерзімде тиісті тізіліммен кері қайтарылады. Мемлекеттік корпорация филиалдарымен тиісті уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерімен ай сайынғы негізде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны және сапасы бойынша жүргізілген салыстырулар жүргізіледі, олардың нәтижелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлінісінде есептер жасалады.
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша есеп тиісті уәкілетті органға есептік айдан кейінгі айдың 3 күніне дейін ұсынылады. Мемлекеттік қызметті көрсету саны мен сапасы бойынша жүргізілген салыстыру нәтижелері бойынша акты есептік айдан кейінгі айдын 15 күніне дейін жасалады. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін орталық атқарушы органдармен салыстыру актілері Мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратымен жасалады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz