ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . ҚР Конституциясының 83 бабына сәйкес "прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Зандылықтың кез келген заң бүзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республиканың Конституциясы мен зандарына қайшы келетін зандарға, өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды. Прокуратура сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңцармен белгіленген тәртіп пен шекте қьшмыстық қудалауды жүзеге асырады".
Үлкен энциклопедиялық сөздікке сәйкес прокурор француз тіліндегі ргосіеиг деген, латын тілінің забучусь деген сөздерінен шыққан - ол прокуратура органының лауазымды адамы. Сотта ол мемлекет мүддесін білдіреді.
ҚР Конституциясы және "Прокуратура туралы" ҚР Заңы прокуратураны мемлекеттік органдар арасындағы дербес жүйе ретінде, ал прокурорлық қадағалауды прокуратура органы ретінде анықтады.
ҚР Конституциясының 4-белімінің 3-бабына сәйкес республикадағы мемлекеттік билік біртұтас. Ол Конституция мен зандар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау кағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Прокуратураға қатысты ережелер ҚР Конституциясының "Соттар және сот төрелігі" бөліміне енгізілген Бірақ, бұл жерде прокуратура соттармен қатар сот билігіне ие болады дегенді білдірмейді. Прокуратура органдарының міндеттері мен функцияларының сипаттамасы прокуратураны биліктің сот тармағына, сондай-ақ басқа атқарушы мен заң шығарушы тармақтарына жатпайтынына ешқандай күмән келтірмейді.
Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функциональды байланысты болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік қүрылымдағы прокуратураның мүндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың езгешелігі туады.
Біріншіден, прокурорлық қадағалау - бүл прокуратурадан басқа мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе езге үйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, ерекше түрі.
Екіншіден, прокурорлық қадағалау Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, қүқық бүзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жергілікті өзін-өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.
Үшіншіден, прокурорлық қадағалау - мемлекеттік қызметтің езіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі ҚР Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге де қүқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген қүралдардың көмегімен анықталған қүқық бүзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмүнымен анықталады.
Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің басқа нысандарынан, ең алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен ерекшеленеді.
Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана қүрайды: мемлекеттік басқару органдары үшін - бүл атқару және бөлу қызметі; сот органдары үшін - сот әділдігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар. Прокуратурада қадағалауды іске асыру кезінде, занда аталғандарды коспағанда, басқа органдардың шешімдерін өзінің шешімдерімен ауыстырмайды, қүқық бүзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше қүзыретті органдардың, лауазымды адамдардың, үйымдардың заң бүзушылықты жоюын талап етеді. Атап айтқанда, прокурорлық шара колдану жолымен мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне араласпай заң бүзушылыктарды жою бойынша шаралар крлданады. Зандардың және жарлықтардың дәл әрі бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалаудың субъектісі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар болып табылады.
Осыған байланысты, прокурорлық қадағалауды заң бұзушылықтарды анықтау және жою үшін шаралар қолдану, кінәлі адамдарды жауапқа тарту, қылмыстық қудалауды іске асыру жолымен заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды іске асыруды қамтамасыз ететін арнаулы өкілетті адамдардың-прокурорлардың қызметтері мемлекет атынан іске асырылатын мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде сипаттауға болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты сотта прокуратураның іс жүргізу қағидаларын зерттеу болып табылады. Қойылған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер алға тартылды:
- Прокуратура органдарының қызметінің мәні, маңыздылығы және қызметінің негізгі бағыттары зерттелді;
- Прокуратура органдарының шет мемлекеттердің құзіретті мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау шаралары талданды.
Зерттеу тақырыбының объектісі Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары болса, зерттеу пәні - олардың заңдылық-құқықтық негіздері болып табылады.
Ғылыми жұмыстың ақпараттық негізін Қазақстан Республикасының Заңдары, нормативтік - құқықтық актілері, сонымен қатар ғалымдардың еңбектері құрады.
Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
- ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
1. 1 Прокуратура органдарының қызметінің мәні, маңызы және міндетттері
Қазіргі күнгі Қазақстан Республикасы прокуратурасының негіздері 1995 жылғы Конституциясымен айқындалған, оның 83-бабында прокуратураның мемлекет атынан заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асыруға қатысты негізгі ережелер бекітілген. Ол заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайларда, тәртіпте және шеңберінде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Прокуратураға алғаш рет конституция мен республиканың заңдарына қайшы келетін заңдарға наразылық білдіру құқығы берілді. Прокуратураның құқық қорғау ролін күшейтуге акцент жасалды, ал алдын-ала тергеу функциясы мен тиістілігі басқа құқық қорғау органдарына берілді. Дәл осы уақыттан бастап прокуратура заңдылықтың гаранты ретінде тек қана Қазақстан Республикасының Президентіне ғана бағынатын болды.
Алдымен қазіргі күнгі біздің мемлекеттің құқықтық жүйесіндегі прокуратура институтын, кейіннен прокуратураның азаматтық сот ісін жүргізу кезіндегі соттағы прокуратураның ролін қарастырайық
Барлық осы шаралар кез-келген басқа мемлекеттік органнан тәуелсіз заңдылықты қамтамасыз ету бойынша прокуратураның объективті қызметінің қажетті кепілдемелерін құрады. Бұл қорытындыны ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Конституция күніне арналған 1996 жылғы 29 тамыздағы салтанатты отырысында атап өтті: «Бүгінгі күні прокуратура мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың мәртебесіне қарамастан өзінің күшін елдегі заңдылықтың сақталуына жұмсайды. Бұл туралы прокуратураның, үкіметтің де шешімдеріне наразылық келтіретін фактілері куәландырады. Тоталитарлық мемлекет жағдайында бұл туралы армандауға да мүмкіндік болмаған» [2, 56б] .
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің анықтамасы бойынша «жоғарғы қадағалау ретіндегі прокурорлық қадағалаудың конституциялық сипаттамасы басқалармен қатар, прокуратура органдары өз құзыреттерінің шеңберінде басқа мемлекеттік, оның ішінде қадағалау функциялары бар органдар (мысалы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау немесе кедендік бақылау органдары) шығарған шешімдердің, әрекеттер мен қабылданған шешімдердің заңдылығын тексере алатындығында, олар заңсыз болған жағдайда прокурорлық қадағалау шараларын қабылдай алатындығымен қамтылған» [3, 187б] .
Прокуратураның әлеуметтік маңыздылығы мен экономикалық және әкімшілік реформалардың процесінде заңдылықты қамтамасыз ету тұрғысынан пайдалылығы бүгінгі күні прокурорлық қызметтегі нақты нәтижелермен, олардың аталған реформалардың іске асыру процесіне әсерімен айқындалады, сондықтан оны күшейту бойынша заңнамалық сипаттағы кейінгі шаралар да түсінікті.
Мәселен прокурорлардың заңдарды сақтау бойынша актілері мен талаптарын орындаудың міндеттілігін белгілеген, сондай-ақ прокурорлық қадағалаудың заңды талаптары мен актілерін орындамауы үшін лауазымды тұлғалары мен азаматтарының қатаңырақ жауапкершілігін белгілеген «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 9 тамыздағы Заңы қабылданды [4, 9б] . Заңға прокурордың құқық қорғау функцияларын күшейтуге бағытталған тұжырымдамалық сипаттағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Биліктің бөліну жүйесінде және қарама-қайшылықтар механизмінде Қазақстан Республикасының прокуратурасы Конституция гарантының функцияларын, заңдылықты адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды тікелей және күнделікті қамтамасыз ету бойынша Елбасының құқықтық құралы ретінде шығады. Бұл мақсатта оған тән құқықтық әдістермен және құралдармен прокуратура елбасының биліктің барлық салаларындағы органдары қызметінің заңдылығына бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл мағынада ҚР прокуратурасы мемлекеттік билік салаларының бөліну және өзара іс-қимыл жүйесіндегі ерекше орган болып табылады. Бірақ, мемлекеттік биліктің барлық органдары тәжірибеде заңдылықтың сақталуы мен қамтамасыз етілуіне мүдделі. Сондықтан олар заңның негізінде өз қызметінің нәтижелерін оңтайландыруда прокуратураның әлеуетін пайдалануға объективті түрде мүдделі.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 5 тамыздағы №5 қаулысында көрсетілгендей прокурорлар қолданылатын шаралар «Конституция мен заңдар, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерi сақталуының қосымша кепiлi болады, бұл Конституция талаптарына, оның негiзгi ережелерi мен принциптерiне сәйкес келедi», «өзiнiң өкiлеттiгiн iске асыру кезiнде прокуратураның тәуелсiздiгiн, азаматтардың, мемлекет пен ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған», «Прокуратура Конституцияның, заңдардың, Республика Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтау және жою жөнiнде шаралар қолдану жөнiндегi өзiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн тиiмдi әрi пәрмендi құқықтық құралдар жиынтығына ие болуға тиiс, бұл Конституцияның 83-бабы 1-тармағы нормасының мазмұнынан келiп туындайды» [5, 28б] .
Сонымен прокуратураның мемлекеттік орган ретіндегі ерекшелігі, ол өзінің міндеттері жұмыс істеу құзыреттілігі мен қағидаттары бойынша ерекшелігі, ол өзінің жұмыс істеу міндеттері, құзыреттілігі мен қағидаттары бойынша мемлекеттік биліктің заңнамалық, атқарушылық, соттық салаларының қосымшасы болып табылады. Ол оған ұсынылған билік өкілеттіктерін өз атынан емес тұтастай мемлекеттің атынан іске асырады [6, 54б] . Прокурорлар өз қызметінің процесінде қандай да бір өзінің мақсатына ұмтылмайды, халықтың басымды көпшілігінің еркін білдіретін Конституциямен және басқа да заңнамалық актілермен белгіленген тәртіппен қабылданған, заңдарды нақты сақтау мақсаттарын басшылыққа алады. Осының бәрі мемлекеттің прокурорлық қадағалауды қоғамда және мемлекетте маңыздылығын тануы туралы куәландырады.
Сонымен, басқа елдердің көп түрлі құқықтық жүйелерінің тиімді элементтерін қамтыған Қазақстанның мемлекеттілік жүйесінде прокуратураның бірегей көп функциялы мемлекеттік құқық қорғау ұйымы ретінде қазіргі заманғы моделі қалыптасты. Прокуратураның нақты осы қасиеті Қазақстанның демократиялық, зиялы және құқықты мемлекет ретінде дамуын қалыптастыру мен қамтамасыз етудің қажетті және ажырамас конституциялық элементі ретінде көрсетеді және прокуратура институтын дәстүрлі түсінуге жаңа көзқарасты талап етеді.
Прокуратураның, мемлекеттік орган ретіндегі ерекшелігі биліктің барлық үш саласымен тығыз байланысты, бірақ ол іске асыратын тосқауылдар мен қарама-қайшылықтардың механизмі ретінде мемлекет басшысының және Конституция мен заңдылықтың гаранты ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық статусына кіретін Қазақстан Республикасының уәкілетті органы ретінде қамтылатын ерекшелік. Тек Елбасына бағынышты бола отырып, прокуратура мемлекеттің бірлігін қамтамасыз етуге қатысады, бұл ретте оны заң шығарушылық, атқарушылық және сот салаларына бөлу принципіне сәйкес тосқауылдар мен қарама-қайшылықтар жүйесінің қажетті элементі болып табылады [7, 68б] .
Бұл жағдайларда басқа органдардың, оның ішінде соттың ролін төмендетпей және кемсітпей нақты прокуратура Елбасына елдегі заңдылық жағдайының тиісті деңгейін жанама қолдау шараларымен қатар, оның ішінде билік органдары қызметінің заңды сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін орган болып табылады.
А. К. Котов және А. А. Котов белгілегендей, прокуратура институты мемлекетке қажет, ал оның Басшысына - конституциялық құрылысты, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылықты қадағалау үшін функционалды құрал ретінде қажет. Бұл идеяны барлық құқықтық модельдерден прокуратура ең бастысы Конституцияның сақталуына қадағалауды жүзеге асыратындығын нақты көрсете отырып, академик, профессор Г. С. Сапарғалиев «оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі ролі мен орнын жеткілікті бағаламау нәтижесінде қоғамның құқықтық жағдайына әсер етеді» деп белгілейді. Осыған ұқсас аспектілер мен бағалауларды көптеген басқа да теоретиктер мен практиктер ашып көрсетеді[8, 25б] .
Жоғарыда жазылғандардың барлығы прокуратура бөлінген биліктердің тосқауылдары мен қарама қайшылықтары механизмінің дұрыс, жүйе қалыптастырушы элементі, олардың үйлесімдігі мен өзара іс-қимылын құқықтық қамтамасыз етуші бола отырып, ешқайсысының құрамына кірмеу қажет, бұл оның өзінің басты мақсатын - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды орындаудың басты шарты болып табылады.
“Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы”. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында тікелей айтылғандай Қазақстан Республикасының судьялары сот билігінің өкілдері болып табылса мемлекеттік билік жүйесінде прокуратураның статусын түсіндірудегі бастапқы ережелерінің бірі Қазақстан Конституциясының 83-бабына сәйкес прокуратура Конституцияның, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің сақталуына мемлекеттің бірыңғай еркін білдіретін биліктің жиынтық органы ретінде шығады. Бірыңғай мемлекеттік билікті білдіруші және интегратор ретінде прокуратура көріністерінің бірі - прокурор заңмен белгіленген құзыреттің шеңберінде мемлекетті сотта, барлық сот сатыларында және соттық іс жүргізудің барлық түрлерінде білдіретін уәкілетті лауазымды тұлға болып табылатындығы Қазақстан Конституциясының тұжырымдамалық ережесі болып табылады [9] .
Прокурорлар сот билігімен соттық іс жүргізудің сол немесе өзге түрлерінің бастамашылары, олардың шешіміне соттық іс жүргізуді дамыту мен аяқтау, әділдікті орнату тәуелді болып табылатын деңгейде ынтымақтастық етеді. Бұл жерде аргумент прокуратураның Қазақстан Конституциясының 83-бабына «Соттар және сот төрелігі» деген 7-тарауына енгізілгенде ғана емес. Прокурор түрлі деңгейлердегі барлық соттық іс жүргізулердің өзгеріссіз қатысушысы болып табылады. «Прокуратура сотта мемлекеттің мүдделерін білдіреді» (ҚР Конституциясы 83-бабының 1-тармағы) . Бұл осы заманғы қазақстандық құқықтық жүйенің тағы да бір ерекшелігі. Қоғамдағы құқықтық мәдениеттің, азаматтардың құқықтық түсінігін, тұтас мемлекеттің, тұлғалардың анықталмаған шеңберінің мүдделерін білдіру қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік құқық қорғаушы ретінде прокурор азаматтардың жеке топтары, қоғам мен сот салалары арасында тұрақты байланыс етуші болуы тиіс.
Жоғарыда белгіленгендей, Негізгі Заңның 83-бабының ережелеріне сәйкес прокурор сот өндірісінің кез-келген нысандарына және барлық сот сатыларына қатысады. Прокурордың сотта мемлекеттің мүдделерін қауымды, жарыс принципіне негізделген өкілеттік етуі - бұл елде заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған прокуратура органдарының басымды және маңызды функциялары. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабында айқындалған сотта мемлекеттің мүдделерін білдіру бойынша прокуратураның функциясы прокурордың кез-келген сот өндірісінің нысандарына қатысуын болжайды. Оның үстіне Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі өзінің 1997 жылғы 6 наурыздағы №3 қаулысында мемлекеттің мүдделерін сотта білдіру - бұл тек қана прокурордың (прокуратураның) қызметінің конституциялық айқындалған бағыты.
Азаматтық іс жүргізу заңнамасының ережелерін дамыту үшін азаматтық сот өндірісінде прокурорлық қадағалаудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, ҚР Бас прокурорының 2006 жылғы 27 маусымдағы № 37 бұйрығымен «Азаматтық iстер бойынша сот актiлерiнiң заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулық» бекітілген, оның талаптары ұйымдастырушылық-реттеу және ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етуден басқа прокурорлардың өздерінің қызметінде заңдылықты сақтау шарттарын жасауға бағытталған.
Осы Нұсқулыққа сәйкес осы саладағы сот актілерінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру бойынша қызметті басқаруды ҚР Бас прокуратурасының тиісті департаменті жүзеге асырады.
Азаматтық сот өндірісінде қадағалаудың барысында прокуратура тарапының ерекше назарын талап ететін негізгі аспектілер болып мыналар айқындалған: прокурор міндетті түрде заңда көзделген, сот немесе жоғары тұрған прокурорлар қажет деп тапқан, прокурордың бастамасы бойынша қозғалған, мемлекеттің мүддесіне қатысты, денесі мен ақыл-есінің кемістігінен өзінің мүддесін сот арқылы қорғау құқығын жүзеге асыра алмайтын азаматтардың, кәмелетке толмағандардың (алимент өндіру туралы істерді қоспағанда) құқықтары мен мүдделеріне қатысты, мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздану, азаматты тұрғын үйден басқа үй-жай берместен шығару, жұмысқа қайта орналастыру, азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы сотта қаралатын істер бойынша іс жүргізуге қатысып, қорытынды береді.
Прокурордың сотқа қатысуы сот өндірісі шеңберінде «тараптардың іс жүзіндегі теңсіздігінің» орнын толтыра отырып әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға өзінің құқықтары мен мүдделері үшін күресте көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Прокурор мемлекеттік мүдделерге негізделе отырып материалдық және іс жүргізу құқығының нормалары талаптарының сотпен қатар іске қатысатын басқа да тұлғалардың - тараптардың, үшінші тұлғалардың, сарапшылардың және т. б. сақталуын қадағалайды[10] .
Қазіргі күнгі кезеңдегі азаматтық сот өндірісіндегі прокурорлардың міндеттерін айқындай отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры бағынысты прокурорларға, Конституция және басқа да заңдарының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарымен қорғалуына, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру және заңдылықты бұзушылықтарды жоюды жүзеге асыру кезінде құқықтық режимінің сақталуына аса назар аударуға тапсырма береді. Азаматтардың азаматтық іс жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығын қамтамасыз ету мемлекеттің демократиялық және құқықтық жұмыс істеуінің шарттарының бірі болып табылады. Осы контекстте заңдылықты, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мақсатында заңнамада нақты жазылған белгілі негіздер бар болған кезде прокуратура органдарына маңызды роль бөлінеді.
Сотта мемлекеттің мүдделерін білдіру - прокуратураның негізгі лауазымдық міндеттерінің бірі.
М. В. Гордон былай деп жазған: «Барлық жерде прокурор мемлекеттің өкілі ретінде әрекет етеді. Прокурор арқылы мемлекеттің өзі әрекет етеді». Мұндай пікірді мынадай ғалымдар бөліседі: М. А. Викут, А. Ф. Клейнман, С. Ю. Кац, Ю. И. Лутченко, В. М. Перфильев, Н. А. Чечина, К. С. Юдельсон және т. б « . . . прокурор қатысу нысанына қарамастан процесте мемлекет өкілі ретінде ерекше орын алады . . . Прокурордың процесуалдық жағдайы және оның азаматтық іске қатысу табиғаты туралы қорытындылар . . . прокуратураның барлық жерде заңдардың нақты орындалуына қадағалауды жүзеге асырудағы мәніне негізделу қажет» [11, 64б] .
Прокурорлардың талап арыздары мен арыздары бойынша қозғалған істер бойынша бірінші сатыдағы сотқа қатысуды қайсының бастамасы бойынша іс қозғалды сол бөлімшенің жұмысшылары қамтамасыз етеді. Көрсетілген санаттың істері бойынша апелляциялық мерзімдерде заңсыз сот шешімдеріне наразылық келтіру үшін жауапкершілік осы қызметкерлерге жүктеледі.
Істер апелляциялық тәртіппен істерді қараған кезде прокурорлар барлық істер бойынша қатысуды қамтамасыз етеді (ҚР АК-ның 350-бабының 2-тармағы) . Прокурор апелляциялық сатыдағы сотқа қатыса отырып заңдардың нақты және біркелкі пайдалануымен қатар, соттың құрамына, сот отырысының қатысушыларына қадағалауды жүзеге асырады. ҚР АК-ның 356-бабына сәйкес прокурор апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі бойынша өзінің пікірін білдіреді. Жалпы іс бойынша, тек қана наразылық пен шағым шеңберінде қорытынды береді. Егер бұл ретте материалдық немесе іс жүргізу құқығының нормаларын бұзушылықтар анықталатын болса прокурор наразылықта немесе шағымда осы бұзушылықтар туралы нұсқаулар бар жоқтығына қарамастан шешімнің күшін жою туралы қорытынды береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz