Антиоксиданттар


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Антиоксиданттар (грекше: antі - қарсы және oxіs - қышқыл) - тотығуға қарсы және оны тежеу үшін қолданылатын заттар, ағзаның қартаюын бәсеңдететін қышқылдану процестерін баяулататын химиялық заттар тобы. Олар ағза үшін зиянды, ағзаға бұзушы әсер ететін бос радикалдарды бейтараптандырады.

А дәрумені - ағзаның өсуіне және дамып, жетілуіне әсерін тигізеді. Ол организмнің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады.

Витамин A

E дәрумені - маңызды антиоксидант болып табылатын дәрумен. Табиғатта биологиялық белсенділігі мен ағзадағы атқаратын қызметіне байланысты сегіз түрлі формада (изомер) кездеседі. Антиоксидант ретінде ағзаны уланудан сақтайды, мысалы сүт қышқылынан.

https://www.bensprostate.com/wp-content/uploads/2015/09/VitaminE.png

C дәрумені (аскорбин қышқылы) - ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тістің мықтылығын жақсартады. Цитрустық жемістерде, кивиде, қызанақта, брюссель қырыққабаты, қызыл бұрышта, саумалдықта, қарақатта, жабайы раушанда және құлпынайда бар.

http://konspekta.net/vikidalka/baza1/501818030.files/image286.gif

Селен - қатерлі жүрек аурудың (кардиомиопатия) алдын алады. А, С және Е витаминдердің үйлесуімен онкологиялық аурулардың пайда болуынан сақтайды, артрит кезінде көмектеседі, жүрек бұлшық етіне оттегінің келуінен ағзаның, төзімділігін арттырады. Бауырдың, қалқанша безінің, ұйқы безінің, жүйке жүйесінің қалыпты жұмысын нығайтады.

Флавоноидтар фенилаланиннен және малолнил-А-коэнзимiнен пайда болатын әртүрлi ароматикалық қосылыстар болып табылады. Олар көп өсiмдiк түрлерiнде кездесетiн төмендегi топтарға бөлiнедi - катехиндер, халкондар, флавондар, флавонолдар, флавандиолдар, антоцианиндер, танниндер және аурондар. Катехиндер 300-ге жуық өсiмдiктер түрлерiнен табылған және олар флвоноидтардың iшiндегi ең жоғары деңгейде тотықсызданған қосылыстар болып табылады. Катехиндердiң тотығу өзгерiстерiшай мен какао өндiрiсiнде маңызды роль атқарады.

https://studref.com/im/28/5676/941715-210.jpg https://studref.com/im/28/5676/941715-211.jpg

кверцетин дигидрокверцетин

https://studref.com/im/28/5676/941715-212.jpg https://studref.com/im/28/5676/941715-212.jpg

кемпферол

Танниндер. Олар өсімдіктердің полифенолдарына жатады. Оларды теріні өңдеуге қолданады. Танниндердің фенол топтары пептидтің -NH-топтарымен сутектік байланыстар арқылы белоктармен тығыз байланысады және оны ыдыратушы ферменттер үзе алмайды. Танниндердің пайда болу процесінде таннин терінің коллагенімен байланысып, кәдімгі тері дүниеге келеді. Солай пайда болған тері микроорганизмдердің шабуылына төзімді болып шығады. Танниндердің дәмі өте жағымсыз. Сондықтан жануарлар ондай өсімдіктерді жеуден бас тартады. Оның үстіне таннинмен байланысқан өсімдік белоктары нашар қорытылады. Осыларға байланысты танниндер өсімдіктер үшін қуатты қорғаныс құралы болып табылады.

http://studbooks.net/imag_/14/122782/image003.png

Антиоксиданттардың әсер ету механизмі

Бос радикалдар - сыртқы орбиталь қабатында жұптаспаған электрондары бар және реакцияға түсу қабілеті жоғары молекулалар. Радикалдарды ЭПР, хемилюминесценция, ингибиторларды қолдану арқылы зерттеуге болады.

Өсімдіктерден бөлінген антиоксидантты комплекстердің артықшылықтары:

  • Антиоксиданттық қасиетпен қатар басқа да пайдалы қасиеттерге ие (полифункционалды препараттар алуға болады) өсімдіктердің кең спектрі бар;
  • Жануартектес шикізаттарға қарағанда, өсімдіктерді қолдану барысында ешқандай инфекционды аурулар жұқтыру қаупі жоқ;
  • Өсімдік шикізатының қолжетімділігі.

Қорытындылай келгенде, антиоксиданттардың арқасында денсаулық пен сұлулықты ұзақ жылдар бойы сақтауға болады. Күнделікті табиғи антиоксиданттарды қолдану организмде балансты сақтауға және көптеген ауруларының пайда болу қаупін азайтуға көмектеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәнді бұршақ дақылдарынан биологиялық және нәрлілігі жоғары тағам түрлерінің технологиясын жетілдіру
Липидтік қос қабаттың асқын тотығуы
Оттектің улы түрі. Антиоксидатты қорғау жүйесі.
Оттегі қадағасы
Антиоксидантты ферменттер
Сүт безі секреторлы клеткасының құрылысы
Қартаю – биологиялық процесс
Майлы қышқыл құрамын анықтау әдісі
Адам ұлпаларының маңызды липидтері және олардың қызметтері
Биологиялық белсенді заттарды стандарттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz