Карбон қышқылдары Физикалық қасиеттері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: «Карбон қышқылдары»
Орындаған:АН-13 топ студенті
Қосаева Г
Тексерген: Уразгалиева Н
Орал 2017
Карбон қышқылдары
"Карбон қышқылы"
Физикалық қасиеттері. Қаныққан карбон қышқылының алғашқы үш мүшесі: құмырсқа, сірке және пропион қышқылдары өткір иісті, сұйық заттар, суда ерімейді. Май қышқылының жағымсыз иісі бар, суда нашар ериді, жоғарғы карбон қышқылдары С 10 -нан бастап қатты заттар. Гомологтық қатарда молекулалық массаларының өсуіне қарай суда ерігіштігі кемиді, қайнау температуралары өседі. Құрамында бірдей көміртек атомдары бар спирттер мен карбон кышқылдарының қайнау температураларын салыстырайық. Спирттерге қарағанда сәйкес карбон қышқылдарының қайнау температуралары едәуір жоғары. Олардың қайнау температураларының жоғары болу себебі, екі карбон қышқылы арасында молекулааралық сутектік байланыс түзіліп, димерленеді. Карбон қышқылы молекулалары арасында біреуінің оттек атомы мен екіншісінің гидроксил тобындағы сутек атомының арасында екі сутектік байланыс түзіледі.
Химиялық қасиеттері
Карбон қышқылы
Сірке қышқылының химиялық қасиеттері бейорганикалық қышқылдардың қасиеттеріне ұқсас. Сірке қышқылының молекуласы сулы :СН 3 СООН → → СН 3 СОО - +Н +
Сірке қышқылы әлсіз қышқылдарға жататындықтан, көк лакмусты ақшыл қызғылт түске боялады. Сірке қышқылының қышқылдық сипаты карбоксил тобының (-СООН) құрамындағы сутек атомына байланысты болады.
Сірке қышқылы белсенді металдармен әрекеттескенде, карбоксил тобы құрамындағы сутек атомы бөлініп шығады. Мысалы, сірке қышқылының магниймен реакциясы нәтижесінде сірке қышқылдымагний тұзы түзіледі:
2СН 3 СООН+Мg→(CH 3 COO) 2 Mg + H 2 ↑
Сірке қышқылының тұздары ацетаттар деп аталады. Срке қышқылының қалдығы - ацетат анионының СН 3 СОО - жалпы валенттігі бірге тең.
КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ЖЕКЕ ӨКІЛДЕРІ
... жалғасыҚұмырсқа қышқылы НСООН өткір иісті, суда жақсы еритін, түссіз сұйық зат.
Құмырсқалардың бездерінен бөлінетін күйдіргіш зат, сонымен қатар ол шырша жапырақтарында, қалақайда болады. Қалақайдың денеге тигенде ашытуы құмырсқа қышқылының әсеріне байланысты.
39-суретте құмырсқа қышқылы молекуласының масштабты моделі берілген.
Өнеркәсіпте құмырсқа қышқылын алу үшін әуелі көміртек (ІІ) оксиді мен натрий гидроксидін әрекеттестіріп, алдымен нартий формиатын алады. Алынған тұзды күкірт қышқылымен әрекеттестіргенде, құмырсқа қышқыл түзіледі:
![]()
Бұл жерде біз бейорганикалық заттардың органикалық заттарға ауысуының тағы да бір мысалын көреміз.
Бірнегізді қаныққан карбон қышқылдарының ішіндегі салыстырмалы түрде күштісі - құмырсқа қышқылы, ол индикатордың түсін өзгертеді. Метан қышқылының басқа карбон қышқылдарынан ерекше қасиеті құрылысына байланысты. Құмырсқа қышқылы құрамында альдегид тобы да болғандықтан, альдегидтерге тән реакцияларға түсіп, күшті тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді:
Құмырсқа қышқылының 1, 25%-тік спирттегі ерітіндісі ревматизм ауруларын емдеу үшін медицинада қолданылады. Күшті тотықтырғыш қасиетіне байланысты өнеркәсіпте хош иісті заттар мен еріткіштер ретінде пайдаланылатын күрделі эфирлер алу үшін, тері өңдеуде, тоқыма өнеркәсібінде қолданылады.
![]()
Сірке қышқылы СН 3 СООН өткір иісті, суда жақсы еритін, түссіз сұйық зат. Сірке қышқылы өсімдіктерден, жануарлардан бөлініп шығатын әртүрлі заттардың құрамында кездеседі. Көптеген органикалық заттар тотыққанда, шірігенде, тағам өнімдері, шарап ашығанда сірке қышқылының сұйытылған ерітіндісі түзіледі.
Сусыз сірке қышқылын мұзды сірке қышқылы деп атайды, себебі 16С-та ол қатып, мұзға ұқсас кристалл түзеді.
Сірке қышқылының 70-80%-тік ерітіндісі сірке эссенциясы, ал 6-9%-тік сулы ерітіндісі асханалық сірке суы деп аталады. Ол әртүрлі тағамдық заттарды тұздап, консервілеу үшін қолданылады.
Сірке қышқылы - құмырсқа қышқылына қарағанда әлсіз қышқыл. Индикатордың түсін әлсіз өзгертеді. Құмырсқа қышқылы сияқты тотықсыздандырғыш қасиет көрсетпейді.
Сірке қышқылы техникада ағашты термиялық айыру арқылы және құрамында спирті бар заттарды ашыту арқылы алынады.
Химия өнеркәсібінде синтездік жолмен сірке қышқылын алу үшін әртүрлі әдіс пайдаланылады. Мысалы, этиленнен және ацетиленнен түзілген сірке альдегидін, бутанды тотықтырып және метанолды карбонилдеп алады:
![]()
Сірке қышқылы бояу өнеркәсібінде, медицинада дәрі-дәрмек жасауда, жасанды талшық - ацетат жібегін алу үшін және тамақ өнеркәсібңнде қолданылады (21-сызбанұсқа) . Сірке қышқылының тұздары мен күрделі эфирлері еріткіштер, хош иісті заттар, бояулар, ауыл шаруашылығында арамшөптерге қарсы күресетін гербицидтер ретінде кеңінен пайдаланылады.
![]()
Пальметин қышқылы С 15 Н 31 СООН және стеарин қышқылы С 17 Н 35 СООН. Иіссіз, суда ерімейтін қатты заттар. Құрамында 10-нан астам көміртек атомдары болатын, түзу тізбекті жоғары карбон қышқылдары.
Бұл қышқылдар өсімдіктер мен жануыарлар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz