Қоректік орталарға сипаттама. Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталардың топтары
Жоспары:
I.Кіріспе бөлім
1.1. Қоректік орталарға сипаттама
II.Негізгі бөлім
2.1.Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталардың топтары
А) Әмбебап қоректік орта
Б)Арнайы орта
С) Элективті немесе таңдамалы орта
Д) Дифференциалды-диагностикалық орта
2.2 М.Бейеринк ұсынған жинақ орта
2.3. Қоректік орталарды жасау принциптері
2.4. Қоректік орталарды дайындау
2.5 Қоректік орталарды залалсыздандыру
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I.Кіріспе бөлім
1.1. Қоректік орталарға сипаттама
Іргелі және қолданбалы микробиологияның дамуы микроорганизмдерді бөліп алу және оларды өсірумен байланысты. Бұл зерттеулер Р.Кохтың бактериялардың таза дақылдарын алу әдісін ұсынған соң мүмкін болды. Таза дақылдар деп бір туысқа және бір түрге жататын клетка шоғырын атайды. Таза дақылдарды алу микроорганизмдерді анықтау, оларды өсіруге қолайлы жағдай жасауға және жан-жақты зерттеуге жол ашты.
Қоректік орта дегеніміз- микроорганизмдерді лабораториялық және өнеркәсіптік жағдайларда өсіруге арналған белгілі бір заттектердің сұйық немесе қатты қоспасы. Қоректік ортаны жануардан немесе өсімдіктен туындаған өнімдерден дайындайды. Қоректік ортада өсу факторының болуы үлкен маңызға ие. Оларды дайындау үшін экономикалық рентабельді тағамдық емес шикізат қолданылады: жарамсыз қалған қан алмастырушылар, жануар қанының гидролизаты, аминопетиферментативті, қан гидролизаты, биотехнология өнімдері -- жем ашытқылары, жемдік лизин, жүзім ұнтағы, ақуыз лизин. Синтетикалық орталардың құрамына химиялық таза заттар- аминқышқылдары, минералды тұздар, көмірсулар, витаминдер және өсіру факторлары кіреді. Консистенциясы бойынша қоректік орталар сұйық, жартылай сұйық, тығыз болып келеді. Құрамы бойынша -- табиғи, синтетикалық және жартылай синтетикалық. Тағайындалуы бойынша негізгі, элективті және дифференциалды -диагностикалы болып бөлінеді.
Қоректік орта компоненттерінің қысқаша сипаттамасы.
Агар-агар кейбір теңіз балдырларын сумен қосып қайнату кезінде пайда болатын экстракт. Судағы пайда болған масса сілікпе тәрізді болады. Жоғарғы сапалы агар-агар ТМД, Жапония және басқа да елдерде қызыл түсті теңіз балдырларынан дайындалады. Құрамына қарай агар-агар өте күрделі органикалық қоспа (70-80% полисахарид) болып табылады. Агар-агар әлсіз сары түсті ұнтақ, пластина және жіп тәрізді болады.
Пептон - қышқыл ортада ферменттердің әсерінен толық ыдырамаған белоктардың өнімі. Оның құрамы микробтардың тіршілігіне қажетті полипептидтер мен амин қышқылдарының қоспасынан тұрады. Пептонды ірі және ұсақ қара малдың үлкен қарнынан алады. Ол суда жақсы ериді, қыздырғанда ұйымайды, тұз ерітінділерін қосқанда тұнбаға түседі.
Желатин - белоктан тұратын жануарлар желімі. Оны шеміршектерді, сүйектерді, сіңірлерді әбден қайнату арқылы алады. Олардың сырт көрінісі ашық қоңыр түсті жапырақшалар тәрізді болып келеді. Иісі, дәмі болмайды, 32-34[0]С температурада балқи бастайды, 16[0]С-та қатады.
II.Негізгі бөлім
2.1. Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталардың топтары
Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталар 4 негізгі топқа бөлінеді:
А) Әмбебап қоректік орта. Бұл орталарда хемогетеротрофты, арнайы органикалық заттарды қажет етпейтін микроорганизмдердің көптеген түрлері өседі.Бұл орталарға бактериялар жақсы өсетін ет-пептонды сорпасы және ашытқы саңырауқұлақтарға лайықты сусло жатады.
Б) Арнайы орта. Ерекше органикалық заттарды қажет ететін және әмбебап ортада өспейтін хемоорганотрофты микроорганизмдерді өсіретін орта. Мысалы, спирохеталарға көмірсутегі мен аминқышқылдардан басқа, ұзын тізбекті майлы қышқылдар қажет. Олар қан сарысуы құрамына кіреді. Сондықтан спирохеталарға арналған қоректік ортаға қан не қан сарысуын қосады. Ал кейбір теңіздерде тіршілік ететін бактериялар, мысалы, Marinomonas туысына жататындар, теңіз суына қажетті болады.
С) Элективті немесе таңдамалы орта. Бұл орта табиғи субстраттардан (топырақ, су, тағамдардан, өсімдік пен жануарлардан) микроорганизмдердің жеке топтарын бөліп алуға арналған. Оларды микробиологияға С.И.Виноградский енгізді. Элективті деп микроорганизмдердің белгілі бір тобының немесе түрінің өсуіне қажетті құрамы ерекше қоректік орталарды атайды. Элективті ортаны жасау барысында микроорганизмдердің физиологиясын және зат алмасуын, олардың қоректік зат көзіне талғамын, ортаның қышқылдылығын, оттектік мөлшерін, температураны және т.б жағдайларды ескеру қажет. (1-кесте)
Мысалы, азот қоспалары жоқ минералды ортада, жарық көзі бар жағдайда, молекулярлы азот сіңіруші көк жасыл балдырлар жақсы өседі. Осы ортаға қосымша органикалық энергия көзін және көміртегі көзін қосып, қараңғы жағдайда аэробты, азот сіңіруші Azotobacter-ді өсіріп алуға болады. Ал осы ортада оттексіз жағдайда тежесе, анаэробты, азот сіңіруші Clostridium дамиды. Құрамы әр түрлі элективті қоректік орталарды пайдаланып, түрлі фототүзуші бактерияларды бөліп алуға болады. Мысалы, күкіртті фотосинтездеуші бактерияларды бөліп алу үшін органикалық заттар жоқ қоректік ортаны пайдаланады. Ол ортада сульфидтің бар-жоғына және оның мөлшеріне байланысты әр түрлі бактерияларды бөліп алуға болады.
1-кесте
Күн сәулесі
Қоректік орта
Органикалық
заттары бар
Органикалық заттары жоқ
Анаэробты жағдай
Сульфидсіз
Сульфидті
Пурпурлық күкіртсіз бактериялар
Цианобактериялар
Көп мөлшерде
Аз мөлшерде
Жасыл күкіртті бактериялар
Пурпурлы күкіртті бактерия
Сонымен, органика және сульфид жоқ ортада азот сіңіретін цианобактериялар өседі. Ал осы ортаға сульфидті қосса, оның мөлшеріне қарай не жасыл, не қара-қошқыл күкіртті бактериялар өседі. Органикалық ортада қара-қошқыл күкіртті бактериялар басым болады.
Д) Дифференциалды-диагностикалық орталар. Бұл орталарды жалпы микробиологияда әр түрлі субстраттардан бөліп алынған бактериялардың физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін анықтап, оларды жіктеу үшін пайдаланады. Ал медициналық және ветеринарлық микробиологияда оларды ауруларды қоздыратын бактерияларды анықтау үшін қолданады. Бұл орталар бактериялардың белгілі бір ферменттерінің, мысалы, каталаза, оксидаза, протеаза, фосфотаза, желатиназа және гемолитикалық ферменттердің бар-жоғын анықтау үшін қажет. Оған қоса, дифференциалды-диагностикалық орталар бактериялардың энергия көзі ретінде қандай заттарды қай жолмен пайдаланатынын анықтауға мүмкіндік береді.
Қоректік орталарды келесі әдіспен стерильдейді:
1) Жоғарғы қысымдағы бу арқылы автоклавта стерильдеу.
2) Кох аппараты және автоклав арқылы ағынды бумен стерильдеу.
3) Механикалық стерильдеу фильтрлеу.
Орталадың стерильдігін бақылау үшін 370С-та 5 тәулікке термостатқа қоямыз. Сұйық қоректік орталар мөлдір болуы тиіс, ал тығыз қоректік орталардың беткейінде өсу белгілерінің болмауы тиіс
Бактерияларды өсіру үшін келесі дақылдау тәсілдерін қолданады:
1. Стационарлы тәсіл: қоректік орталар қалыпты сақталады. Олармен ешқандай қосымша манипуляция жүргізбейміз. Осылай сұйық қоректік орталарда дақылдау тәсілінде биомассаның шығып кетуі шамалы.
2. Тереңге аэрациялық дақылдау әдісі: осы тәсіл арқылы дақылдаған кезде арнайы құрылым реактерді қолданады. Бұл жерде қалыпты температура, оптимальды рН, керекті қоректік заттың мөлшерлі түсуі бір қалыпты болады. Олар әрдайым стерильді ауамен желденіп тұрады, орта әрдайым араласып тұру үшін араластырғыш орналастырылған. Осы ерекшеліктерге байланысты биомассаның максимальды шығуын қамтамасыз етеді.
Анаэростат микроорганизмдерді анаэробты жағдайда өсіруге тағайындалған. Хемостат -- бұл аппаратта әрдайым ерекше резервуардан жаңа қоректік орта қосылып тұрады. Турбистаттың жұмысының принципі аппараттағы бактериальды популяциясының тығыздығын сақтап тұруға негізделген. Осы аппараттарда ортаның өзгермей сақтауының арқасында, үзіліссіз дақыл керекті фазада болып тұрады. Ол маңызды биологиялық қосылыстарының яғни биомассаның максимальды шығуы қамтамасыз етеді.
Анаэробты микрофлораны алу мақсатындағы себулер қатаң анаэробты жағдайда жасалады. Спора түзуші анаэробты бактерияларды бөліп оларды алғашқы себуді 80оС-тық су моншасында 20 минут бойы қыздырады, яғни бөгде микрофлораның вегетативті жасушаларын қояды.
Спора түзуші анаэробты бактерияларды бөліп аларда алғашқы себуді 80оС-тық су моншасында 20 минут бойы қыздырады, яғни бөгде микрофлораның вегетативті жасушаларын жояды.
Бірінші себулерде байыту араларында Китта-Тароцци, тиаглюкол жасайды, сонан соң Петри шынысындағы тығыз орталарға бөлектенген колониялар алу үшін қайта себеді. Қантты қан агарына қантты қоректік тығыз агарының биік бағынасына Виньяль-Вейона, тәсілі бойынша егеміз. Бұл тәсіл анаэроб ағындыларды ауадан механикалық жолмен сақтауға негізделген. Егілген агарды стерильды трубкаға қуыс ортаға сорып алып бітеп тастайды. Осылай қатаң анаэробтарға қолайлы жағдай жасаймыз. Анаэробты бактерияларды дақылдау үшін физикалық және химимялық, биологиялық әдістерді қолданады.
Физикалық әдістер:
1) Редукциялаушы және жеңіл тотығатын заттар бар ортаға егу.
2) Микробты тығыз қоректік ортаның терең қойнауына егу.
3) Түтікшелерден ауаны механикалық жолмен щығару. Түтікшелердегі ауаны қандай да бір интерферентті химиялық газбен пирагален, натрий гидросульфат алмастыру.
Биологиялық әдістер анаэробтарды қатаң аэробтармен бірге өсіруге негізделген. Химиялық әдіс ауаны Na S2O4 сіңірілуге негізделген.
Комбинирленген әдіс физикалық, химиялық, биологиялық тәсілдерді қосып қолданғанға негізделген.
Колониялар. Тығыз қоректік ортада бактериялар колония түзеді. Олардың сыртқы көрінісі қайсыбір бактериялар үшін дифференциалды белгі ретінде қарастырылады. Колониялар өлшемі, пішіні, түсі, консистенциясы, шеттік контуры, құрылымы және беткейлік сипаты бойынша ажыратады.
Колониялар мөлшері бойынша ірі 4-5мм, орташа 2-4мм және ұзақ 1-2мм. Пішіні бойынша домалақ, резетка тәрізді, жапырақ тәріздес болады. Түсі бөлінген пигменттерге байланысты ақ, сары, қызыл т.б. болады.
Консистенция бойынша құрғақ, ылғал, маңызды немесе кілегейлі колония болады. Колониялардың беттері тегіс, әжімді, сызылған, жалпақ, дөнес басылған. Колониялардың ішкі құрылымы аморфты, дәнекті жіптер тәрізді болуы мүмкін. Сұйық қоректік орталарда кейбір бактерия дақылдары мыналармен белгіленеді, диффузды лайлану, кейбіреулері түбіне немесе қабырғаға өсумен, бетінде қабықша пайда болу, кейбіреулері пробирканың түбінде тұнба түзеді.
Бактериялардың биохимиялық қасиеттерін зерттеу: систематикасында классификациясында, идентификациясында, диагностикасында кеңінен қолданады. Дифференциалды диагностикалық орталарда бактериалардың сахаролиттік және протеолиттік ферменттерін анықтау таксономиалық маңызға ие. Сахаролиттік қасиетін анықтау үшін Гисс ортасына егеміз (қысқа және ұзын өшұбарң қатар). Егерде бактериалар көмірсуларды қышқылға дейін ферменттесе ортаның түсі өзгереді, көмірсулар қышқылға дейін ыдырап, газ түзетін болса, түсі өзгеруімен қатар попловокта көпіршіктер пайда болады.
Протеолитикалық ферментті анықтау үшін бактерия дақылын 10-20%- ті желатин, пептонды суы бар бағанаға ине шаншу арқылы егеміз. Желатиндегі егіндіні бірнеше күн бойы 20-22оС- та инкубациялаймыз.
Бактериялардың протеолитикалық ферменттері бар болса желатинді ыдыратып, осы жерде воронка не болмаса шырша тәрізді фигура пайда болады. Пептонды судағы егіндідегі пептон өнімдері ыдырағанан соң 37оС-та 23 тәуліктен кейін аммиакқа, индолға, күкіртті- сутекке, каталазаны табу үшін реакция қояды.
Аммиакқа реакция. Лакмусты қағаздың жіңішке жолағын қоректік ортаға тигізбей пробиркаға бекітеді. Қағаздың көк түске өзгеруі аммиактың түзілуін көрсетеді.
Индолға реакция. Эрлик тәсілі: бактерия дақылы бар пробиркаға 2-3 мл эфирді қосамыз, Эрлих реактивінен біренеше тамшыны тамызып, аралыстырамыз. Индол түзілетін болса түсі бозғылт түске боялады не болмаса бозғылт сақина түседі.
Күкіртті сутекке раекция. Пептонды суы бар пробиркаға темір сульфатына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz