Лабораториялық жануарларға сипаттама



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
I.Кіріспе бөлім
1.1. Лабораториялық жануарларға сипаттама
II.Негізгі бөлім
2.1. Лабораториялық жануарлардың генетикалық сипаттамалары.
2.2. Лабораториялық жануарларды пайдалану
2.3. Лабораториялық жануарлардың аурулары.
2.4. Инвазиялық аурулар.
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I.Кіріспе бөлім
1.1. Лабораториялық жануарларға сипаттама
Лабораториялық жануарлар - биологияда, медицинада, ветеринарияда және ауыл шаруашылығында ғылыми жұмыстарды жүргізу мақсатында пайдаланылатын жануарлар. Зертханалық жануарларға жүргізілетін ғылыми тәжірибелер мақсаты мен міндеттеріне қарай таңдалып алынады. Зерттеу жұмысының тиімді де жақсы нәтиже беруі үшін таңдап алған түрдің тек биологиялық ерекшеліктері ғана емес, олардың мінез-құлықтары да ескеріліп, жануарлардың өніп-өсуіне және тіршілігіне қолайлы жағдай жасалуы қажет. Зертханалық жануарлардың қатарына мамандардың ғылыми ізденістеріне қажетті жануарлардың барлық тобы (қарапайымдардан сүтқоректілерге дейін) жатады: тәжірибе, негізінен, омыртқалылардан - бақа, тышқан (бұлар зертханалық жануарлардың 70%-ын құрайды), егеуқұйрық, ит, мысық, қоян, маймыл, сонымен қатар тасбақалар мен құстарға да, ал омыртқасыздардан - дрозофила шыбыны, кене, құрттарға, т.б. жүргізіледі. Тәжірибелік мақсатта, негізінен, арнайы шығарылған инбредті (жақын туыс дарабастарды шағылыстырудан шығарылған) және таза тұқымды зертханалық жануарлар, сондай-ақ гнотобиоттар (микробсыз жануарлар) пайдаланылады. Зертханалық жануарларды виварияларда (тәжірибе жүргізілетін жануарларды арнайы ұстайтын орын) ұстайды.
Лабораториялық жануарларды пайдалану мақсатына байланысты бірнеше бағытты анықтауға болады:
1. Ауруларды анықтау бағыты. Адамдардан немесе малдардан алынған зерттеу материалдарын лабораториялық жануарларға егу арқылы тексеру. Мысал ретінде туберкулез бен бруцеллезге тексеру үшін сүтті теңіз шошқаларына егуді келтіруге болады.
2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған арнайы бағыт. Әртүрлі теориялық зерттеулерден бастап жаңа препараттардың улылығын, фармакологиялық және емдік қасиеттерін анықтау үшін жүргізілетін күнделікті жұмыстарды жатқызуға болады.
3. Онкологиялық зерттеу бағыты. Бұл бағытта тышқандар мен егеуқұйрықтар көптеп пайдаланылады. Олардың көбі инбридті, қасиеттері жақсы зерттелген қатарларға жатады. Ондай қатарлардың онкология үшін қажеттігі ғылымның басқа салаларына қарағанда әлдеқайда ертерек анықталған.
4. Студенттерді оқытуға қолдану бағыты. Оқу орындарының қаржыларының тапшылығы студенттерге қажетті тәжірибені жүргізетін материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіншілік бере бермейтіндіктен ол мақсатта лабораториялық жануарлардың көптеген түрлері пайдаланылады.
5. Биопроба бағыты. Көптеген дәрілер мен дәрілік заттар клиникада қолдануға ұсынылуы үшін тексеруден өтулері керек. Ондай тексерулер лабораториялық жануарларға жүргізіледі. Иммундық сары суларда қарсы денелердің титрлерін, ертінділердегі белсенді заттарды, вакциналардың белсенділігін анықтау тағы басқа да көрсеткіштер үшін. Мұндай биопробалардың көбі стандартталған, оларды жүргізу фармакология мен фармацептикалық ережелерде көрсетілген.
Ғылым мен техниканың қазіргі талаптарына сай қажетті мөлшерде сапалы лабораториялық жануарлармен қамтамасыз ету технологиялық проблемаға айналуда. Әсіресе ондай жануарлар көп мөлшерде онкологиялық, радиобиологиялық және фармакологиялық зерттеулерде қажет.
Жануарлардың ешбір түрін адамның көшірмесі деп қарауға болмайтындықтан, тәжірибеде лабораториялық жануарларды қолдану арқылы алынған нәтижелерді, белгілі бір мөлшерде эксперименттің жасанды түрі деп қарау керек. Мысалы, сапасын арттыру үшін аган препараты қолданылған бидай ұнында түзілетін зат күшіктер мен үй қояндарына өте улы, ал теңіз шошқаларына ондай улылығы жоқ. Адамдарға ондай улылығы бар ма, жоқ па белгісіз. Қалай болғанда да ол препаратты ұн өндіру өнеркәсібінде қолданбайды.
II.Негізгі бөлім
2.1.Лабораториялық жануарлардың генетикалық сипаттамалары.
Лабораториялық жануарларды көбейткенде бақылауда ұстайтын жағдайлар:
1. Жануардың денсаулығы;
2. Генетикалық көрсеткіштері;
3. Экологиялық көрсеткіштері;
4. Морфологиялық көрсеткіштері.
Оларды генетикалық жағынан сызықты (гомозиготты) және сызықты емес (гетерозиготты) деп бөледі. Сызықты емес жануарлар кездейсоқ будандастырудың салдарынан туындайды, сондықтан да олар жоғарғы деңгейде гетерозиготты. Бұл топтағы жануарларда инбридинг (жақын туыстық будандастыру) 1 %-дан аспауы керек.
Сызықты (линейные) жануарларда жоқ дегенде 20 ұрпағы жақын туыстық будандастырылған. Ондай жануарлар биологияда, медицинада экспериментальды тәжірибеде пайдаланылады. Биологиялық, физикалық және химиялық факторларға жауап реакциялары тексеріледі. Сызықты емес жануарлардан айырмашылығы олардың гомозиготтығы және генетика жағынан бір туындылығы. Олардың белгілі бір биологиялық қасиеттері ұрпақтан ұрпаққа берілуінде.
Жануарлардың ішінде бактерия, вирус агенттеріне, радиацияға, химиялық қосылыстарға жоғарғы сезімтал немесе төзімді линиялары бар. Сызықты жануарлардың ішінде конгенді және мутанты линиялар бөлінген. Конгенді линия - тек бір локуста ғана ерекшеленетін жануарлардың инбридті линиясы. Оларда бір немесе ген арқылы тығыз байланыстағы бір топтың тиімділігін тексеруге болады. Мутанты линия - организмнің әртүрлі аномалиясын тудыратын гендері бар линия.
Қазірде тышқандардың 700-ге жуық, егеуқұйрықтардың 170, теңіз шошқаларының 20, атжалманның 70, песчаноктардың 6 инбриндті, конгенді, мутагенді линиялары белгілі. Олардың гомозиготтығын 2 жылда бір рет тері трансплантация әдісі арқылы тексеріп отырады. Транспланттардың 100 % оң нәтиже беруі линияның гомозиготтығының дәлелі болып саналады. Биохимиялық және цитогенетикалық зерттеулер тексерудің қосымша әдістеріне жатады. Линияның генетикалық стандартын қалпына келтіру үшін гетерогенді белгілері бар жануарларды жояды немесе барлық жануарларды басқа орталықтан алынған жануарлармен алмастырады.
Сызықты жануарлар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына өте сезімтал, өмір сүрулері қысқарақ болып келеді. Ұзақ уақытқа созылатын эксперименттер қойғанда оны ескеру керек.
Сонымен, генетикалық тұрғыдан алып қарағанда жануарлардың 3 классын ажыратуға болады:
1. Инбридті емес, гетерозиготты, гендері жағынан әртүрлі ;
2. Инбридті, гомозиготты гендері жағынан бірыңғай;
3. Бірінші тұқымның гибридтері, гетерозиготты, бірақ гендері жағынан бірыңғай.
Бірінші топтың жануарлары өміршең, төзімді. Бірақ фенотиптік белгілерінің өзгергіштігіне байланысты зерттеуге қолайсыз. Екінші топтың жануарларының төзімділігі төмендеу және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына өте сезімтал. Ал үшінші топтың жануарларында екі топтың да қасиеттері бар.
Инбридинг - ауылшаруашылық малдарының кейбір жақсы асыл тұқымды түрлерін алуға жақсы әсер етті. Бірақ оны кеңінен қолдану малдың өсіміне, өніміне, конституциясына кері әсерін тигізеді. Малдарды қолдан ұрықтандыру, әсіресе ірі қара малының ішінде, инбридингтің тарауына жол ашады.
Қазақтардағы жеті атаға дейін қыз алып, қыз берісуге тиым салуы осы заңдылыққа сәйкес келеді.
Америкада, Францияда, Японияда, Швецияда XX ғасырдың 20-50-ші жылдары жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде екі атадан қосылған ағайындылардың ұрпақтарының ішінде өлі туғандар мен ерте өмірден озғандар, физикалық және психикалық дефектілермен туғандар саны 1,5 - 3,5 есе жоғары болған.
Лабораториялық жануарларды көбейтудің негізі.
Қажетті жануарлардың конституциясы талапқа сай, белгілі бір жаста болуы керек. Тұқымды аз және сапасыз беретін аналық жануарлар аласталады. Тұқымдыққа іріктеп алынған жануар жөндеу тобына ауыстырылып, ерекше күтімге алынады. Олар арнайы жұрналдарға тіркеліп, карточка ашылады.
Үй қояндары. Еркек, ұрғашыларын жеке-жеке, 2-3 бастан әр клеткада ұстайды. Еркектері мен ұрғашыларының ара қатынасы 1:8 - 1:10 қатынасындай болуы керек. Бірінші рет шағылыстыру ұрғашылары 6 айға толғанда жүргізіледі. Буаздық уақыты 28-32 күнге созылады. Буаз аналығы жеке клеткада бір-бірден ұсталады. 1 аналықтан 1-12 көжек алынады. Енесінің сүттілігіне қарай бір басқа 6-8 көжек қалтыруға болады. Көжектері туғанда соқыр, он күннен кейін ғана жетіле бастайды. Оларды 20 күндей енесінің сүтімен асырайды да, содан кейін азық бере бастайды. Анасынан бір айдан кейін бөледі де, 2-3 бастан әр клеткаға орналастырады. Келесі шағылыстыру туғаннан кейін 1-1,5 айдан кейін жүргізіледі. Тұқымдық жұмыс 2-3 жылға созылады.
Теңіз шошқасы. Шағылыстыруға 9 айда жіберіледі, еркін түрде. Бос торшаға алдымен еркегін орналастырады да, бір күннен кейін онда төрт ұрғашысын қосады. Аналықтарының буаздығы анық білінгенге дейін оларды бірге ұстайды. Одан кейін аналықтарын бір-бірден жеке орналатырады, буаздығы екі айға созылады, сүт бөлу уақыты бір ай. Көздері ашық 2-3 балапан дүниеге келеді. Олар 2-3 күннен кейін жүгіре бастайды. Төлдерді 30 күндік жастан 4-6 бастан жеке торшаларға отырғызады. Олар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімсіз келетіндіктен өте сақтықпен күтіп-бағады. Жылына 3-5 рет төл алынады. Тұқымдық жұмыс 2, сирек 3 жылға созылады.
Ақ егеуқұйрықтар мен тышқандар. Тұқымдық тышқандар 5-6 ұрғашысы, 1 еркегі бірге бір торшада ұсталады. Сол жерде шағысады, төлдерін өсіреді. Егеуқұйрықтардың да еркегі мен ұрғашысы бірге, бір торшада 10-12 аналық пен 2-3 еркегі болады. Аналығының буаздығы білінісімен еркегі басқа торшаға ауыстырылады. Аналықтарын екіден бір торшаға орналастырады. Олар сонда туады, төлдерін өсіреді. Олардан 5-6 ұрпақ алғаннан кейін шығысқа шығарады. Тышқандардың буаздығы 18-25 күнге, ал егеуқұйрықтардікі - 16-22 күнге созылады. Оларды аналарынан 25-30 күнге толғанда бөледі де, 20-25 бастан әр торшаға орналастырады.
Жануарларды ауық-ауық клиникалық тексеруден өткізіп отырады. Олардың салмағын, тік ішек арқылы дене қызуын анықтайды. Ауруы бар шаруашылықтан алынған жануарларды екі жұма карантинге ұстап барып жалпы топқа қосады.
Лабораториялық жануарларды азықтандыру.
Ең негізгі мақсат лабораториялық жануарлардың түрлеріне қарай оларға берілетін азықтың мөлшері мен құнарлылығын анықтау. Олар жабайы жануарларға қарағанда өздеріне қажетті заттарды өздіктерінен тауып жей алмайды. Жануарлардағы бар инстинкт - өз баласын өзі жеу (егеуқұйрықтар), нәжісін жеу - капрофагии (үй қояндары) және т.б. ондай қажеттілікті өтей алмайды. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, әртүрлі жануар ерекше азықтандыру режімін қажет етеді. Олардың жылдам өсуі, буаздығы, ұрпақтарын сүтімен азықтандыруы, кейде сыртқы ортаның температурасының өзгеруі де азықтандыруды күшейтуді талап етеді. Егерде азықтың құрамында қажетті ингредиенті жеткіліксіз болса, онда жануарла әртүрлі ауруларға шалдығады. Азықтың мөлшерінің аз болуы олардың өсіп-өнуін тежейді. Ондай жануарлардың организмінің резистенттілігі төмендейді.
Сүтқоректі лабораториялық жануарлардың диеталық азықтарының құрамында дәнді дақылдар, бұршақты өсімдіктер, жапырақтар, көк шөп, сүт өнімдері, майлы өсімдіктердің тұқымдары, балық, ет, сүйек, ашытқы, әртүрлі экстрактылар, витаминдер, минеральды заттар және су болуы қажет. Бұл ингредиенттердің өзара сиымдылығын, бірінің қасиетін бірінің жоймауын ескерген жөн. Таза емес азық кейбір індетті аурулардың көзі болуының мүмкіндігін де ескеру керек. Сүт және сүт өнімдері әсіресе тышқандарға, ал ет және ет өнімдері егеуқұйрықтарға қажет. Рационда ет өнімдері жетіспегенде егеуқұйрықтардың бірін-бірі жеуі байқалады. Егеуқұйрықтардың рационындағы ет өнімдерінің мөлшерін экспериментте қолданылған, індетті аурулардан таза мысық, үй қояндары т.б. сияқты жануарлардың еттерімен толықтыруға да болады.
Дәнді дақылдардан дайындалған қоспасының құрамы, жуықтап алғанда, төмендегідей болғаны жөн: сұлы - 50 %, тары - 20 %, арпа - 15 %, бидай - 10 %, күнбағыс немесе кендір 5 %. Балық майын нанмен немесе дәнді дақылдан дайындалған азықтарға қосып береді. Сәбізді тартып берген жөн. Борды кесек түрінде, ал тұзды ботқаға қосады. Сүтті таза түрінде немесе қайнатылған сумен сұйылтып қолданады. Витаминді, тамырлы азықтар қыста қажет. Ал жазда оларды көкпен толықтырады.
Егеуқұйрықтар үшін дайындалған жемде 70 % сұлы, 30 % кебек немесе сығынды болғаны дұрыс. Оларға етті пісіріп береді.
Теңіз шошқаларына қызанақ шырынын немесе қышқыл капустаны балық майының орнына береді. Себебі балық майында С витамині болмайды. Оларға беретін жемнің құрамында 50 % сұлы,10 % арпа, 25 % кебек, 15 % сығынды болғаны жөн. Кебектіңжелінуін жақсарту үшін оны ыстық сумен буландырып барып берген дұрыс.
Ұнтақ ингредиенттерден ертерек дайындап қойып берер алдында сумен араластырып паста түрінде беретін де әдіс бар. Оларды ластанбаулары үшін арнайы астаушаларға салып берген дұрыс. Құрғақ пасталарды да қолдануға болады. Паста бактериялардың өсуіне жақсы орта және тез ашығыш.
Тауықтар мен егеуқұйрықтарды ұнтақ немесе ұнмен де азықтандыруға болады. Басқа жануарларға беру үшін оларды салатын ыдыстар дайындау қиынға түседі.
Әртүрлі көлемді тығыздалған брикеттерді қолданудың келешегі бар.
Лабораториялық жануарларды күтіп-бағу.
Лабораториялық жануарлардың көптеген түрлерінің (әсіресе тышқандар) жақсы үйренетіндіктері сонша, олар кез келген жағдайда өсіп-өне береді.
Лабораториялық жануарларға арналған бөлмелерді саларда олардың көлемі мен пішініне және микроклиматтық жағдайға көңіл бөлу керек.
Вивариялар мен питомниктерде жартысы жануарларға, ал қалған жартысы әтүрлі зерттеулер жүргізуге арналады.
Виварий (лат. Vivarium - аңдар қорығы) - малдәрігерлік және денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеу мақсатында тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін қолданылатын лабораториялық жануарларды күтіп-бағып және оларды көбейтетін жер.
Лабораториялық тәжірибеде екі ұғым бар:
1. Виварий - тәжірибеге қолданылатын жануарларды тиісті жағдайда ұстайтын жай;
2. Питомник - жануарларды тәжірибеге дейін ұстайтын және көбейтетін жай.
Сондай-ақ арнайы және жалпы немесе комплексті типті виварийлерді ажыратады. Оларда аквариумдер, терраримдер (амфибийлер мен рептилийлерге), вольерлер мен торшалар құстар үшін және тағы басқа да қолдануға қолайлы әртүрлі бөлмелер болады. Қыстық, жаздық, тұрақты, уақытша бөлмелер деп те бөлінеді. Міндетті түрде карантин бөлмесі, изолятор, клиника, санитарлық жұмыс жүргізуге арналған, өлген жануарларды соятын және өлекселерді сақтайтын, басқа да өндіріске қажетті бөлмелері анықталады.
Виварийді желдету мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Едені тастан немесе цементтен, қабырғалары кафельмен қапталуы керек.
Виварийде төрт секция болғаны дұрыс:
1. Сау жануарларға арналған секция;
2. Тәжірибеге қолданылатын жануарларға арналған секция;
3. Азық, төсеніш, таза қордағы торшалар және құрал-саймандар сақталатын секция;
4. Торшаларды, кір төсеніштерді тазалайтын, өлексені аластайтын секция.
Бөлмелерде екі есік болуы керек. Біреуі арқылы таза заттар еңгізіледі, ал екіншісі арқылы қолданылған кір заттар шығарылады.
Лабораториялық жануарларға арналған торшалар, жатқызғыштар
және басқа да құрал-саймандар.
Қазіргі кезде көлемі әртүрлі, бірнеше түрлі материалдардан жасалған, конструкциялары да сан қилы торшалар баршылық.
Жатқызғыштардың қандай түрлері болмасын: төбеге ілінетін, қабырғаға жапсырылатын, дөңгелекке орналастырылатын - барлығына қойылатын негізгі талап - олардағы жатқызғыштардың (полкалардың) жылжымалы болуы және оңай ауыстырылуы. Қазірде кең орын алған жылжымайтын полкалы жатқызғыштар ертеңгі күннің талабына сай болмай қалулары әбден мүмкін.
Торшалардың көлемі туралы әртүрлі пікірлер бар. Қалай дегенмен де қарапайым конструкция торшалары арзан, тазалағанға да қолайлы; ұзақ уақыт пайдалануға болады. Оларды жасайтын материалдардың ішінде ең қолайлысы ағаш. Көп жағдайларда пластмассалар жиі қолданылып жүр. Олардың кемшіліктері: тозығы жеткен торшалардың шеткергі жақтарында шыны талшықтары пайда болады да, олар жануарлардың терісінің қабынуын - дерматит ауруын тудырады; тығыз емес пластмассалар жылулықтың әсерінен деформацияға ұшырайды; кейбір кеміргіштер олардың шеттерін кеміріп, тесіп те жібереді. Темірден, болаттан жасалған торшалар қымбат және тез арада өзгертіп отыруға қолайсыз.
Иттерге арнайы торшалар темірден жасалады. Олардың үлкен (100х80х100 см) және кабиналы (2м*) түрлері болады.
Мысықтар тар жерде өмір сүре алмайды. Оларға үлкен вольерлер керек (350х700 см, оданда үлкен), онда 15-20 мысықтарды ұстауға болады. Вольердің ішінде әрбір мысыққа ұйықтауға арналған кабина-дупло (40х40х30 см) ұйымдастырылады. Вольерге үгіндіге толтырылған ящик, инфрақызыл сәулелі лампа қойылады.
Үй қояндарының торшаларының көлемі 50-70х40-50 см-ден кем болмауы керек. Арнайы жатқызғыштар үш этаж етіп орналастырылады. Торшаны да, жатқызғышты да металлдан жасаған жуып тазалауға, дезинфекция жүргізуге қолайлы.
Теңіз шоқаларын үй қояндарының торшаларында ұстауға болады.
Бір торшада 15 тышқан, 10 егеуқұйрық, 1 үй қоянын, 5 теңіз шошқасын және 5 қалтаауыз ұстауға болады. Олардың санын одан арттырмаған жөн.
Бақаларға аса терең емес цементтелген бассеиндер немесе ванналар қолайлы. Онда төсеніш немесе құмнан аралша істеп қойған дұрыс.
Аквариумды ұйымдастыру үшін аквариум туралы нұсқауларға сүйену керек.
Рептилийлерге арналған террариумдарда температура, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауру белгілері
Жеке клиникалық микробиологияның мақсаттары мен міндеттері
Аймақта құтырық ауруының ақырғы рет орын алған уақыты
Актиномицеттер. Актиномикоз қоздырғышы. Адам мен жануар үшін патогенділігі. Ағзада шоғырлануы. Иммунитет. Актиномикоздың лабораториялық анықтауы. Алдын алуы мен емдеу
Клавицепстоксикоз қоздырғышының спораларының морфологиясы және ерекшеліктері, қоздырғыш қандай қоректік ортада өседі
Қой шешегі кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Семей аймағында құтырық ауруының байқалуы және оны болдырмау шаралары
Жұқпалы ауруларды сауықтыру шаралары
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Балдырларға жалпы сипаттама
Пәндер