Лабораториялық жануарлар
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Омыртқалыларға және омыртқасыздарға жататын лабораториялық жануарлар.
3. Лабораториялық жануарлардың аурулары.
4. Бактериялар тудыратын аурулар.
5. Қарапайымдылар тудыратын аурулар.
6. Қорытынды
1.Кіріспе
Лабораториялық жануарлар - лабораториялық жағдайда, питомниктерде эксперимент немесе өндірістік тәжірибе жүргізу мақсатымен арнайы өсірілетін жануарлардың әртүрлі түрлері. Оларды ауруларды анықтау, әртүрлі физиологиялық және патологиялық жағдайларды кескіндеу, аурулардан емдеу-сақтандыру және химиялық факторларды зерттеу мақсаттарында; биологиялық препараттар - ауруларға қарсы қолданылатын сары сулар, вакциналар, культуралар, тіндер және т.б. өндіру үшін қолданылады.
Олардың қатарында әртүрлі систематикалық топтарға жататын жануарлар - қарапайымдылар, құрттар, буынаяқтылар, инетерілілер, амфибиялар, құстар, сүтқоректілер болады.
Лабораториялық жануарларды көбінесе омыртқалылар және омыртқасыздар деп бөледі.
2.Омыртқалыларға және омыртқасыздарға жататын лабораториялық жануарлар.
Омыртқалыларға жататын лабораториялық жануарлар.
Жануарларды ғылыми мақсатта пайдалану біздің эрамызға дейінгі V ғасырдан басталады. Бастапқы кезде сирек және кездейсоқ жағдайда, көбінесе үй жануарлары пайдаланылды. Кейіннен жануарларды тірі организмнің әртүрлі ағзаларының құрылысын және функцияларын зерттеу үшін пайдалана бастады. Мысалы, ерте ғасырдағы Греция табиғат зерттеушісі Диогеннің (б.э. дейінгі V ғасыр) малдың өлексесін сою арқылы жүректің алдыңғы қарыншақтарының қызметтерін анықтағаны белгілі. XV ғасырда Аз Жәнібек ханның тапсырмасы бойынша қазақтың зерттеушісі Өтеубойдақтың малдарды сойып тексеру арқылы жүргізген зерттеулері бізге келіп жеткен. Кейіннен жануарлар арқылы Аристотель, К.Гален, У.Гарвей т.б. анатомияны, физиологияны зерттеген. Бірақта XVII ғасырда кең өріс алған экспериментті биология, XIX ғасырға дейін тоқырауда болып, өз жалғасын таба алмады.
Осыдан 100 жылдай бұрын зерттеу тәжірибелері үй жануарларына және оңай ұстауға болатын тағы жануарларға жүргізіле бастады. Ол кезде жануарлардың түрлерін таңдау аз және кездейсоқ жағдайларда жүргізілді. Тіпті лабораториялық жануарлар деген ұғым да болмады. Ондай ұғым тек XIX ғасырдың аяғында ғана қалыптаса бастады. Биология сызба, жазба түрінен экспериментті түріне айналды. Үй жануарларынан басқа тағы жануарлардың түрлері: егеуқұйрықтар мен тышқандар, одан кейін үй қояндары мен теңіз шошқалары экспериментте кең орын ала бастады.
Әсіресе егеуқұйрықтар мен тышқандар үй жағдайында көбейтуге және биологқа керекті бағытта қасиеттерін өзгерту үшін өте қолайлы жануарларға айналды. Олар табиғи жағдайда кез келген тамаққа бейім, өміршең және тез өсімтал; көлемі кішкене, тағылықтан ажыратқаннан кейін бірнеше ұрпақтан соң қолға үйреншікті болып шыға келеді. Сондықтан оларды ұстау арзан және қолайлы. Олардың өздері жандары үшін лабораторияның есігін қағуға мәжбір болды. Адамдарға қажетті зерттеулерді жүргізу үшін өте пайдалы.
Ал теңіз шошқаларын лабораториялық жануарға айналдыру тарихы басқаша жағдайда жүргізілді. Олардың отаны Оңтүстік Америкада олар нағыз үй жануарлары ретінде өмір сүрді. Олардың физиологиялық қасиеттері де егеуқұйрықтар мен тышқандарға қарағанда ерекше. Кейбір қасиеттері адамдарға жуық деуге де болады. Мысалы, олар туберкулез, бруцеллез ауруларын тез жұқтырады; аскорбин қышқылына бейімділігі жоғары.
Үй қояндарының лабораториялық істе кеңінен қолданылуы олардың көп тарауына, шөп қоректілігіне, өсімталдығына тікелей байланысты болды. Олар мех және ет өнімдері үшін өте арзан және оңай табылатын жануарлар.
Лабораториялық жануарлардың жаңа түрлерін еңгізудің өз қиыншылықтары бар. Оларды үйрендіру үшін, негізгі көрсеткіштерінң сипаттамасын білу үшін алдын ала көптеген жұмыстар жүргізу қажет.
Сондықтан да жоғарыда аталған лабораториялық жануарлар барлық жер жүзі мемлекеттерінің зерттеу жұмыстарында негізгі орын алады. Олардың ішінде омыртқалы лабораториялық жануарлардың 70 %-ы тышқандар, 15 %-ы егеуқұйрықтар, 9 %-ы теңіз шошқалары, 3 %-ы құстар, 2 %-ы үй қояндары, 1 %-ы басқа жануарлар.
Олардың ішінде кеміргіштердің ерекшеліктері олардың бірнеше айлық өмірінде адамда бірнеше жылда болатын барлық процесстерді байқаюға болады. Ақ тышқандардың орташа өмір сүруі 1,5-2; егеуқұйрықтардікі 2-2,5; теңіз шошқаларынікі 6-8; үй қояндарынікі 4-9 жыл деп есептеледі.
Жалпы биологиялық зерттеулерде 250-ге дейін жануарлардың түрлері пайдаланылады. Олардың ішінде лабораторияларда, питомниктерде өсірілетін ақ тышқандар, ақ егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары, үй қояндары, атжалмандар, иттер, маймылдар т.б. бар. Басқаларын аулау арқылы әр кезде ұстайды: дала тышқандары, құмдықтар, саршұнақтар, амфибиялар, балықтар т.б. Лабораториялық құстардың тобы бар: тауықтар, көгершіндер, бөденелер т.б. Ауылшаруашылық малдарынан: қойлар, шошқалар, ірі қара, жылқылар, түйелер және т.б. пайдаланылады.
Лабораториялық жануарларды пайдалану мақсатына байланысты бірнеше бағытты анықтауға болады:
1. Ауруларды анықтау бағыты. Адамдардан немесе малдардан алынған зерттеу материалдарын лабораториялық жануарларға егу арқылы тексеру. Мысал ретінде туберкулез бен бруцеллезге тексеру үшін сүтті теңіз шошқаларына егуді келтіруге болады.
2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған арнайы бағыт. Әртүрлі теориялық зерттеулерден бастап жаңа препараттардың улылығын, фармакологиялық және емдік қасиеттерін анықтау үшін жүргізілетін күнделікті жұмыстарды жатқызуға болады.
3. Онкологиялық зерттеу бағыты. Бұл бағытта тышқандар мен егеуқұйрықтар көптеп пайдаланылады. Олардың көбі инбридті, қасиеттері жақсы зерттелген қатарларға жатады. Ондай қатарлардың онкология үшін қажеттігі ғылымның басқа салаларына қарағанда әлдеқайда ертерек анықталған.
4. Студенттерді оқытуға қолдану бағыты. Оқу орындарының қаржыларының тапшылығы студенттерге қажетті тәжірибені жүргізетін материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіншілік бере бермейтіндіктен ол мақсатта лабораториялық жануарлардың көптеген түрлері пайдаланылады.
5. Биопроба бағыты. Көптеген дәрілер мен дәрілік заттар клиникада қолдануға ұсынылуы үшін тексеруден өтулері керек. Ондай тексерулер лабораториялық жануарларға жүргізіледі. Иммундық сары суларда қарсы денелердің титрлерін, ертінділердегі белсенді заттарды, вакциналардың белсенділігін анықтау тағы басқа да көрсеткіштер үшін. Мұндай биопробалардың көбі стандартталған, оларды жүргізу фармакология мен фармацептикалық ережелерде көрсетілген.
Ғылым мен техниканың қазіргі талаптарына сай қажетті мөлшерде сапалы лабораториялық жануарлармен қамтамасыз ету технологиялық проблемаға айналуда. Әсіресе ондай жануарлар көп мөлшерде онкологиялық, радиобиологиялық және фармакологиялық зерттеулерде қажет.
Жануарлардың ешбір түрін адамның көшірмесі деп қарауға болмайтындықтан, тәжірибеде лабораториялық жануарларды қолдану арқылы алынған нәтижелерді, белгілі бір мөлшерде эксперименттің жасанды түрі деп қарау керек. Мысалы, сапасын арттыру үшін аган препараты қолданылған бидай ұнында түзілетін зат күшіктер мен үй қояндарына өте улы, ал теңіз шошқаларына ондай улылығы жоқ. Адамдарға ондай улылығы бар ма, жоқ па белгісіз. Қалай болғанда да ол препаратты ұн өндіру өнеркәсібінде қолданбайды.
Омыртқасыздарға жататын лабораториялық жануарлар.
Омыртқасыз жануарлардың ішінде қарапайымдылар, құрттар, буынаяқтылар - шыбын-шіркей, кенелер т.б. жиі қолданылады.
Оларды қолдану мақсаты мен әдістері де әртүрлі болып келеді. Қарапайымдылар жылдам көбейетіндіктен, кішкентайлығынан, лабораториялық жағдайда ұстаудың қолайлылығынан өте ертеден арзан экспериментті модель ретінде қолданыс табуда. Оларды қатырып ұзақ уақыт сақтау әдісін қолдануға болады. Олардың көбі жыныссыз көбейетіндіктен таза линиясын - клондарын алу мүмкіншілігі бар. Ондай жағдай генетикада, иммунологияда т.б. зерттеулерге өте қажет. Оларды экспериментте қолданғанда оларға сыртқы ортаның биотикалық және абиотикалық жағдайларын ескеріп отыру керек.
Лабораториялық жануарлар ретінде тоғышар амебалар (адамдарда кездесетін амебиоз ауруының қоздырғыштары), бос өмір сүретін амебалар кеңінен қолданылады.
Амебаның ірі түрлері (Ameba proteus, Chaos, Pelo myxa және т.б.) цитогенетикалық зерттеулерде, әсіресе тұқым қуалаушылық өзгергіштікті, мутацияның пайда болуы мен жиілігін зерттеулерде пайдаланылады. Микрохирургиялық тәжірибелерде ядролық цитоплазматикалық гибридтер - гетерокариондар алынған. Олар арқылы трансплантациялық бірікпеушілікті, эпигенетикалық өзгергіштік құбылыстарын зерттейді. Иондаушы және ультракүлгін сәлелерінің, химиялых мутагенездің әсерлерін бақылау жүргізіледі.
Паразит жібшелері - трихомонад, лямблий, трипаносом, лейшмандарды пайдалану арқылы әртүрлі зерттеулер жүргізіледі. Оларды қолдану арқылы нуклеин қышқылдарының, басқа да органеллалардың құрамын зерттейді; паразиттер мен олардың иелерінің ара қатынастарын зерттеу моделі ретінде қолданады. Адамдардың малерия ауруына қарсы вакцина дайындауға мүмкіншілік туды. Кеміргіштер мен құстардың малерия ауруларының қоздырғыштарын зерттеу эксперименттері жүргізілуде.
Инфузориялардың әр түрлері де лабораториялық жануарлар қатарына еңгізілуде. Балатидиоз ауруының қоздырғышы биохимиялық, физиологиялық, цитологиялық, экологиялық, радиациялық зерттеулерде қолданылады. Олар өзгергіштік пен тұқым қуушылықты зерттеуде генетикалық анализ жүргізуде классикалық объект. Инфузорийлардың кейбір түрлері молекулалық биологияның гендік инженерия саласында қолданыс табуда.
Паразит құрттар - гельминттерді қолдану арқылы олардың биологияларына байланысты химиотерапевтикалық препараттардың әсерлерін зерттейді. Әсіресе адамдар мен жануарларда бірдей кездесетін тоғышарларды зерттеудің маңызы бар. Оларды иелерінің организмінен бөліп алып,арнайы ыдыстарда жағдай туғызып, өсіріп-сақтап барып зерттейді.
Дүние жүзінің көптеген лабораторияларында лабораториялық жануарлар ретінде буынаяқтылардың түрлері пайдаланылады. Шыбындар, қандала, қан сорғыш жәндіктер, кенелер т.б. түрлері паразитологиялық лабораторияларда кеңінен орын алған. Олардың ішінде қан сорғыш жәндіктер көптеген трансмиссивті індеттерді таратушылар ретінде белгілі.
Лаборатория инсекторияларында қан сорғыш жәндіктерді арнайы колбаларда, пробиркаларда, отырғызғыштарда ұстайды. Аргасты және иксод кенелерін спирохеттердің, риккетсиоздардың, арбовирусты индеттердің қоздырғыштарын ұзақ уақыт сақтау үшін пайдаланады.
Лабораториялық жануарлардың генетикалық сипаттамалары.
Лабораториялық жануарларды көбейткенде бақылауда ұстайтын жағдайлар:
1. Жануардың денсаулығы;
2. Генетикалық көрсеткіштері;
3. Экологиялық көрсеткіштері;
4. Морфологиялық көрсеткіштері.
Оларды генетикалық жағынан сызықты (гомозиготты) және сызықты емес (гетерозиготты) деп бөледі. Сызықты емес жануарлар кездейсоқ будандастырудың салдарынан туындайды, сондықтан да олар жоғарғы деңгейде гетерозиготты. Бұл топтағы жануарларда инбридинг (жақын туыстық будандастыру) 1 %-дан аспауы керек.
Сызықты (линейные) жануарларда жоқ дегенде 20 ұрпағы жақын туыстық будандастырылған. Ондай жануарлар биологияда, медицинада экспериментальды тәжірибеде пайдаланылады. Биологиялық, физикалық және химиялық факторларға жауап реакциялары тексеріледі. Сызықты емес жануарлардан айырмашылығы олардың гомозиготтығы және генетика жағынан бір туындылығы. Олардың белгілі бір биологиялық қасиеттері ұрпақтан ұрпаққа берілуінде.
Жануарлардың ішінде бактерия, вирус агенттеріне, радиацияға, химиялық қосылыстарға жоғарғы сезімтал немесе төзімді линиялары бар. Сызықты жануарлардың ішінде конгенді және мутанты линиялар бөлінген. Конгенді линия - тек бір локуста ғана ерекшеленетін жануарлардың инбридті линиясы. Оларда бір немесе ген арқылы тығыз байланыстағы бір топтың тиімділігін тексеруге болады. Мутанты линия - организмнің әртүрлі аномалиясын тудыратын гендері бар линия.
Қазірде тышқандардың 700-ге жуық, егеуқұйрықтардың 170, теңіз шошқаларының 20, атжалманның 70, песчаноктардың 6 инбриндті, конгенді, мутагенді линиялары белгілі. Олардың гомозиготтығын 2 жылда бір рет тері трансплантация әдісі арқылы тексеріп отырады. Транспланттардың 100 % оң нәтиже беруі линияның гомозиготтығының дәлелі болып саналады. Биохимиялық және цитогенетикалық зерттеулер тексерудің қосымша әдістеріне жатады. Линияның генетикалық стандартын қалпына келтіру үшін гетерогенді белгілері бар жануарларды жояды немесе барлық жануарларды басқа орталықтан алынған жануарлармен алмастырады.
Сызықты жануарлар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына өте сезімтал, өмір сүрулері қысқарақ болып келеді. Ұзақ уақытқа созылатын эксперименттер қойғанда оны ескеру керек.
Сонымен, генетикалық тұрғыдан алып қарағанда жануарлардың 3 классын ажыратуға болады:
1. Инбридті емес, гетерозиготты, гендері жағынан әртүрлі ;
2. Инбридті, гомозиготты гендері жағынан бірыңғай;
3. Бірінші тұқымның гибридтері, гетерозиготты, бірақ гендері жағынан бірыңғай.
Бірінші топтың жануарлары өміршең, төзімді. Бірақ фенотиптік белгілерінің өзгергіштігіне байланысты зерттеуге қолайсыз. Екінші топтың жануарларының төзімділігі төмендеу және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына өте сезімтал. Ал үшінші топтың жануарларында екі топтың да қасиеттері бар.
Инбридинг - ауылшаруашылық малдарының кейбір жақсы асыл тұқымды түрлерін алуға жақсы әсер етті. Бірақ оны кеңінен қолдану малдың өсіміне, өніміне, конституциясына кері әсерін тигізеді. Малдарды қолдан ұрықтандыру, әсіресе ірі қара малының ішінде, инбридингтің тарауына жол ашады.
Қазақтардағы жеті атаға дейін қыз алып, қыз берісуге тиым салуы осы заңдылыққа сәйкес келеді.
Америкада, Францияда, Японияда, Швецияда XX ғасырдың 20-50-ші жылдары жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде екі атадан қосылған ағайындылардың ұрпақтарының ішінде өлі туғандар мен ерте өмірден озғандар, физикалық және психикалық дефектілермен туғандар саны 1,5 - 3,5 есе жоғары болған.
Лабораториялық жануарларды азықтандыру.
Ең негізгі мақсат лабораториялық жануарлардың түрлеріне қарай оларға берілетін азықтың мөлшері мен құнарлылығын анықтау. Олар жабайы жануарларға қарағанда өздеріне қажетті заттарды өздіктерінен тауып жей алмайды. Жануарлардағы бар инстинкт - өз баласын өзі жеу (егеуқұйрықтар), нәжісін жеу - капрофагии (үй қояндары) және т.б. ондай қажеттілікті өтей алмайды. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, әртүрлі жануар ерекше азықтандыру режімін қажет етеді. Олардың жылдам өсуі, буаздығы, ұрпақтарын сүтімен азықтандыруы, кейде сыртқы ортаның температурасының өзгеруі де азықтандыруды күшейтуді талап етеді. Егерде азықтың құрамында қажетті ингредиенті жеткіліксіз болса, онда жануарла әртүрлі ауруларға шалдығады. Азықтың мөлшерінің аз болуы олардың өсіп-өнуін тежейді. Ондай жануарлардың организмінің резистенттілігі төмендейді.
Сүтқоректі лабораториялық жануарлардың диеталық азықтарының құрамында дәнді дақылдар, бұршақты өсімдіктер, жапырақтар, көк шөп, сүт өнімдері, майлы өсімдіктердің тұқымдары, балық, ет, сүйек, ашытқы, әртүрлі экстрактылар, витаминдер, минеральды заттар және су болуы қажет. Бұл ингредиенттердің өзара сиымдылығын, бірінің қасиетін бірінің жоймауын ескерген жөн. Таза емес азық кейбір індетті аурулардың көзі болуының мүмкіндігін де ескеру керек. Сүт және сүт өнімдері әсіресе тышқандарға, ал ет және ет өнімдері егеуқұйрықтарға қажет. Рационда ет өнімдері жетіспегенде егеуқұйрықтардың бірін-бірі жеуі байқалады. Егеуқұйрықтардың рационындағы ет өнімдерінің мөлшерін экспериментте қолданылған, індетті аурулардан таза мысық, үй қояндары т.б. сияқты жануарлардың еттерімен толықтыруға да болады.
Дәнді дақылдардан дайындалған қоспасының құрамы, жуықтап алғанда, төмендегідей болғаны жөн: сұлы - 50 %, тары - 20 %, арпа - 15 %, бидай - 10 %, күнбағыс немесе кендір 5 %. Балық майын нанмен немесе дәнді дақылдан дайындалған азықтарға қосып береді. Сәбізді тартып берген жөн. Борды кесек түрінде, ал тұзды ботқаға қосады. Сүтті таза түрінде немесе қайнатылған сумен сұйылтып қолданады. Витаминді, тамырлы азықтар қыста қажет. Ал жазда оларды көкпен толықтырады.
Егеуқұйрықтар үшін дайындалған жемде 70 % сұлы, 30 % кебек немесе сығынды болғаны дұрыс. Оларға етті пісіріп береді.
Теңіз шошқаларына қызанақ шырынын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz