Қоздырғышы Bacillus anthracis



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе

1. Қоздырғышы
2. Эпизоотологиясы
3. Патогенезі және клиникалық белгілері.
4.Паталогоанатомиялық өзгерістер
5.Қорытынды
6.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жұқпалы аурулар табиғатына байланысты жұқпалы еместерден ерекшеленіп,жануарлардың потологиясында ерекше орын алады.Бұл аурулар қоздырғышы-патогенді микроорганизмдер жануар ағзасына енгенде ғана туады.Жұқпалы ауруларға тән бір қасиеті-ауру малдан сау малға жұғу.Бұл инфекция қоздырғышының үздіксіз тасымалдануының потенциялдық мүмкіндігін анықтайды.Осыған байланысты инфекциялық аурулар малшаруашылығына қауіп төндіріп қана қоймай,экономикалық зардап, ал кейбіреулері тіптен адамға да жұғады.
Жұқпалы аурулар организмде болатын өте күрделі иммунологиялық қайта құрылыстармен,өзіне тән клиникалық белгілермен,жалпы морфологиялық өзгерістермен сипатталады.Кейінгі жылдарда кейбір жұқпалы аурулар бүтіндей жайылды(мыс,шын шешек),кейбіреулері(оба)тек белгілі бір табиғи ошақтарда ғана қалды.Сонымен қатар ХХғ.обасы аталған жаңа Адам иммунды тапшылығын қоздыратын вирусты инфекция пайда болды.
Инфекция дамуы үшін организмге жеткілікті мөлшерде зардапты (патогенді) микроорганизмдер түсуі немесе ағзаның өзіндегі инфекцияның (аутоинфекция) қозуы шарт.Эволюцияға байланысты адам және жануарлар организмі көптеген инфекцияға қарсы табиғи төзімділікке(резистенттілік)ие болған.Инфекцияның дамуы иммунды жүйенің әртүрлі бұзылуларына байланысты.Әдетте жұқпалы аурудан кейін организмде иммунитет қалады. Сібір жарасы (қойда - топалаң, жылқыда - жамандат, ірі қарада - караталак, түйеде - ақшелек, қарабез) мал және жабайы жануарлардың бациллус антрацис микробы коздыратын, жіті түрде өтетін аса қауіпті жұқпалы ауруы. Онымен адам да (түйнеме, күйдіргі) ауырады. Сібір жарасы кең тараған ауру.
Топалаң әдетте аса жіті және жіті, сирегірек жітіден төмен өтеді. Созылмалы түрі шошқада кездеседі.
Аса жіті топалаң негізінен қой мен ешкіде, сирегірек жылқы мен сиырда байқалады. Ауырған мал кенеттен, аурудың клиникалык белгісі байқалып үлгермей-ақ, өліп кетеді. Мұндай жағдайда қой ентігіп, дірілдеп-қалшылдап, кейде орнында секіріп барып құлайды да, бірер минуттың ішінде өледі. Мұрны мен аузынан қанды көбік ағады. Жылқы мен сиыр еліріп, одан кейін тез басылады. Ентігіп, солығын баса алмай дем алады, тамыры жиі соғып, кілегейлі қабықтары көкшілденіп, дене қызуы 41-42 °С жетеді.

Қоздырғышы
Қоздырғышы: Bacillus anthracis
Сыртқы ортаға төзімді келетін таяқша тәріздес, грамм әдісімен, аналин бояуларының барлық түрімен боялатын, капсула түзетін аэробты микроб. Жер қыртысында өсіп-өнеді және спора түзеді. Топалан бацилласы вегетативті түрде сыртқы ортаның әсеріне онша төзімді емес, споралы түрі бұған керісінше өте төзімді же ұзак жылдар бойына тіршілік қабілетін сақтайды. Сойылмаған бітеу өлікте ауру қоздырғышы жаз кездері 1-3 тәулік ішінде кұрып бітеді.
Топалаңнан өлген малды сойған кезде оттегінің әсерінен қоздырғышы спораға айналатындықтан мұндай малды жарып көруге қатаң тиым салынады. Спора әр түрлі химиялық заттар мен физикалық құбылыстарға аса төзімді, тіпті ол тікелей түскен күн сәулесінен 4 күнге дейін өлмей, шыдап баска, қайнаған суда 45-60 минутқа, 140 градусқа дейін қызған ауада 3 сағатқа, 1 пайыз формалин мен 10 пайыз күйдіргіш натрий ерітіндісінде 2 сағатқа төзеді. Ол тұздалған теріде де тіршілік ете береді. Ауру қоздырғышы сыртқы ортада сапрофит ретінде өмір сүріп, шаң-тозаң, ағынды су, қан сорғыш кенелер аркылы бір жерден екінші жерге ауысып жаңадан індет ошағын құрайды.
Эпизоотологиясы
Сібір жарасы өте кең тараған ауру. Оған ірі қара, қой, ешкі, жылқы, бұғы, түйе т.б. сондай-ақ жабайы шөпқоректілер шалдығады. Шошқа сирек, ит пен мысық бацилламен өте көп мөлшерде залалданғанда ғана ауырады. Сақа жануарларға карағанда төл індетке біршама жиі шалдығады.
Сібір жарасы - маусымды індет. Ол әсіресе қуаңшылықты жылдары маусым-қыркүйек айларында жиі тарайды.
Ауру қоздырғышы - індетке шалдыққан жануарлардың зәрі және т.б. арқылы тарайды. Бұл індетпен өлген малдың бүкіл органдары ұлпаларында бациллалар өте көп болады. Осы аурудан өлген хайуандарды сойып ішін жаруға болмайды. Өйткені өлген немесе сойылған малдың терісі, еті, жүні т.б. арқылы індеттің ауру қоздырғышы сыртқы ортаға таралады.
Қоздырғыштың таралуына етқоректілер мен жыртқыш құстар да себепкер болады.
Сібір жарасы малға оларды ауру коздырғышымен ластанған жайылымдарға жайып баққанда, шөп, су арқылы тарайды. Індет негізінен жаз айларында өршиді. Малдың ауыз, жұтқыншақ, кілегей қабықшаларындағы жарақаттар немесе ас қорыту жүйесіндегі ақаулар аурудың тарауына негізгі себеп болады. Малдың жалпы күйі төмендегенде (ашығу, витамин жетіспеуі, дене қызуының көтерілуі т.б.) олар ауруға шалдыққыш келеді. Індеттің ауа арқылы таралуы да мүмкін. Сонымен қатар қансорғыш жәндіктердің (маса, шіркей) де ауру таратуы ықтимал.

1-сурет Сібір жарасы бактериясы
Қасиеті-қозғалмайтын, капсула түзетін грам оң таяқша (антифагоцитарлы әсері бар).Сыртқы ортада спора түзеді. Экзотоксин бөледі, оның әсері: тканьдік ісіну, тканьдік тыныс алу процесінің бұзылысы, фагоциттер белсенділігін тежейді.
Эпидемиологиясы
Инфекция көзі болып:жиі ірі және ұсақ малдар, жылқы (60-85%) сирек шошқа, түйе, есе, жабайы жануарлар

Патогенезі және клиникалық белгілері.
Жануарлардың сібір жарасымен зақымдануы алиментарлық жолмен болады,аэрогендік,жарақаттанған тері және кілегей қабаттар арқылы да болуы мүмкін.Ауру қансорғыш буынаяқтылар арқылы да жұғады.Жұғу жолына қарамастан сібір жарасының бациллалары алдымен лимфадан,сосын қаннанда табылады.Індетке бейім келетін организмде қоздырғыш басында енген жерінде көбейеді,онда ол алдымен клеткалық,сосын жергілікті лимфа түйіндерінің тосқауылынан өтіп барып дамиды.Сібір жарасы спора түскен жерде оларға фагоциттермен,макрофагтармен ұсталады.Олардың ішінде спора күйіндегі қоздырғыш ұзаққа шыдайды.Осы клеткалардың көмегімен олар жануар ағзасының лимфа жүйесіне түсіп,сонда өсіп-дамиды.Лимфа түйіндерініңбарьерлік қызметін бұзғаннан кейін бациллдар көп мөлшерде қаннан табылады.Мал өлместен 6 сағат бұрын 84% бациллалар ұлпадан,ал өлген мезетте 72% табылады(енді олар қанда). Әдетте мал өлер алдында жаппай септицемия көрініс табады.
Патологиялық процестің дамуы қоздырғыштың веруленттілігімен,оның капсула түзу және токсин бөліп шығару қабілеттілігімен байланысты.Сібір жарасы токсин осы аурудан өлген малдың қан плазмасынан бөлініп алынған,және де I, II, III. факторлар түрінде белгілі.Қазіргі кезде организмге әсер ету механизмі бойынша факторларісікті,қорғаушы антиген және летальді болып аталған. Сібір жарасы токсин,қантамырларының қабырғасынан өтіп, нәтежиесінде көптеген қанкетулер мен дәнекерұлпалы клетчатканың серрозы-геморрагиялық ошақтары дамиды. Аурудың терминалды сатысында токсин әсерінен гипоталамо-гипофизарлық бүйрек үсті жүйе функциясының дискоординациясы болады. Ауру малда қанның реалогиялық қасиеттері бұзылып,қан көлемінің тез төмендеуі болады. Гемоглабиннің оттегі байланыстырушы қасиетінің сақталуына қарамастан,оның қандағы мөлшері азаяды. Токсиннің бөлек,сібір жарасының қоздырғышы белсенді протеалитикалық фермент түзеді,ол ақуыздың алмасуын бұзып,ұлпалардың бұзылуына әкеледі.Осының барлығы бүйректің жетімсіздігін,орталық нерв жүйесінің бұзылуын, қышқыл-сілтілі тепе-теңдіктің төмендеуіне,қандағы мачевина азотының көбеюін тудырады.
Инкубациялық кезеңі әдетте 1-3 күнге созылып,бактерилдердің мөлшері мен вируленттілігіне, сондай-ақ организм резистенттілігіне байланысты. Аурудың өтуі өте жіті,жіті,жітілеу және созылмалы. Залалдану жолына байланысты және инфекция процесінің оқшауланған жеріне қарай аурудың терілік (карбункелезді) формасын-қоздырғыш тері арқылы енсе (жарақат, шағатын бунақденелер), антигенозды формасын тек қана шошқаларда, өкпелік-қоздырғыш тыныс алу жолдарына ауамен бірге өткенде, ішекті-инфекцияланған азық пен су қабылдағанда, антипиялық және септикалық формасын ажыратады.
Өте жіті өткенде (аноплексиялық формасы) (грек apoplexo-есінен тандырамын) ауру кенеттен басталып,ауыр өтеді. Жануарларда қозу, тіс қайырау, әрлі-берлі қозғалу, талмалар, тыныс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сібір жарасы (инфекциялық ауру)
Ет микрофлорасы
Сібір жарасы туралы
Сібір жарасын зертханалық жануарға жұқтыру
Сібір жарасы бактериясы
Құтырық ауруы
Өсімдіктердің аурулары. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Микробиология пәні және тапсырмалары. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Микроорганизмдерді жүйелеу принциптері. Бактериальды клетканың морфологиясы, қүрылысы және химиялық қүрамы
Жануарлардың ауруын бақылау
Биологиялық қару туралы
Пәндер