1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс туралы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

«1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс»

20 ғасырдың басында яғни 1ші Дүниежүзілік соғыс кезінде Ресей үшін Қазақстан жері шикізат көзіне айналған болатын. Бәсекелес әскери-саяси блоктар- Үштік одақ пен Антанта тартысы Бірінші дүниежүзілік соғысқа әкеліп соқтырды. Ресей империясының талай езгісіне шыдаған Қазақстан үшін бұл соғыс оңайға соқпады. Осыған байланысты: «Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды құрбан етуді талап етсе, бұған қарсы шығудың керегі жоқ»- деп Санкт-Петербург газеті жазған болса, 1913 жылдың өзінде «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»-деп өз өкінішін А. Байтұрсынов білдірген еді.

Тарихқа үңілетін болсақ 1916 жылы бұратана халықтарды тыл жұмысына алу жөнінде патша жарлығы шықты. Негізінен 1916 жылғы ұлт азаттық соғыстың туындауына желеу болған да осы себеп «19-дан 43 жасқа дейінгі адамдарды қара жұмысқа алу» туралы 1916 жылы 25-маусымда шыққан патша жарлығы болатын. Мұндағы негізгі мақсат- Түркістан мен Дала өлкесінен 500мың қара жұмысшы алу. Бұл көтеріліс ауқымдылығы сондай, Қазақстанды ғана емес Орта Азия аумағын қамтыды. Жығылғанға жұдырық болған тағы бір себепті атап кететін болсам, 1916 жылғы оқиғалар қарсаңында Қазақстан аумағына «Әр үйден алынатын соғыс салығы» енгізілді және қатаң түрде ауыр тұрмыстағы қазақ ауылдарынан күштеу арқылы салық жиналды. Мұны Міржақып Дулатұлының: « . . . халық сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылды»- деген сөздерінен аңғара аламыз. Ұлт азаттық көтеріліске кішігірім сипаттама келтіріп кететін болсам, көтерілістің негізгі қозғаушы күші- халық бұқарасы, негізгі сипаты- отаршылдыққа қарсы. Және көтеріліске қатысушылардың ең бірінші жасаған іс әрекеті- отарлауға дейінгі басқару жүйесін қалпына келтірген болатын. Осы қарсаңда Байтұрсынов, Бөкейханов және Дулатов секілді ұлт зиялылары халықты бейбітшілікке шақырып, «Тыңдаңыздар, қан төкпеңдер, қарсыласпаңдар!»- деп Үндеу хат жолдады. Сонымен қатар А. Байтұрсыновтың «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз» деген сөзінен өр мінезді батыр бабаларымыздың намысты қолға бермес айбаттылығын аңғарамыз.

Котеріліс ошақтары күн санап ұлғая берді. Мәмбетов, Саурықов, Қосанов және Әшікеев сынды тұлғалар билік басына қарақшы кейпінде сипатталса, қара халықтың мақтанышы мен рухын жани түскен бейне мен үміт бөлшегі іспеттес еді. 1916 жылғы көтерілістің негізгі ошағы Торғай және Жетісу аймақтары. Қозғалыс кезеңінде Жетісу көтерілісшілері Қырғыз және үйғыр шаруаларымен күш біріктірді. Көп ұзамай 10 мыңнан астам қазақ-қырғыз көтерілісшілері Тоқмақ бекінісін басып алды. Патша режиміне күремке бел байлағандардың ірі ошағы болған Қарқара жәрмеңкесін 1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алды. Орынбор-Ташкент бойындағы теміржол жұмысшылары да бұл көтерілістен шет қалған жоқ. Сонымен қатар жүйелі әрә ұйымдасқан тәртіппен жұмыс жасай отырып, табанды қарсылығымен Торғай облысы көзге түскен еді. Торғай өңірінің сардарбегі Амангелді Иманов және оның сенімді серігі Кейкі батыр өзіндік ерліктерімен халық жадында алтын әріппен қалды. Бұл өңірден 20мың адам көтеріліске қатысса соның 3 мыңы патша жарлығымен жазаланды.

Ұлт азаттық жылдары көп қандастарымыз Қытайға жер ауып кеткен болса, Қазақстан жерінде жарты миллионға жуық адам санынан айрылған екенбіз. Әрине мұның барі сай-сүйекті сырқыратып қана қоймай, әттең бұл зұлмат болмағанда ғой деген небір ойларға жетелеп, санам кейде шым-шытырық болады. Дегенмен салиқалы халқымыздың көңілінің кеңдігі секілді, төзімі де ұшан теңіз ғой, шіркін. «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді» -деп Әлихан Бөкейхан намысшыл ұлттың тағы бір толқып терьелер күнін сезгендей еді . . . Қан төгілді, құрбандар көп болды, жан аямай күресті . . . Текке күреспеді, міне, соның айқын дәлелі біз- Тәуелсіз Ұрпақ!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің шығу себептері
Қарқара көтерілісі
Ұлт азаттық көтерілісі жылдарындағы өлең, жырлар
1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс қарсаңындағы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Түрікшілдік және ұлт - азаттық көтеріліс қазақ баспасөзі беттерінде
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт - азаттық қозғалыс
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыстың басталуы, сипаты және себептері
Халық көтерілістерінің әдебиетте бейнеленуі
1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс
1916 жылғы Сыр өңірі қазақтарының ұлт - азаттық көтерілісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz