HTML тілі. Гипермәтін және гипермедиа
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
HTML тілі
Жоспар:
1. Гипермәтін және гипермедиа;
2. Белгілеу тілі туралы түсінік;
3. HTML тілі жайлы;
4. Нұсқалар, даму тарихы;
5. HTML құрылымы, негізгі тегтер;
Гипермәтін және гипермедиа. Компьютер немесе басқа да электронды құрылғыларда оқылатын мəтіндер гипермәтін деп аталады. Гипермәтінді оқу барысында оқырман тінтуір (mouse) немесе батырма (клавиш) басу арқылы жедел түрде мәтіндерді ауыстыра алады. Оның қарапайым мәтіннен айырмашылығы - гипермәтінде кесте, сурет және басқа да элементтер болады. Гипермәтіндер интернет құрылымының негізін құраушы болып есептеледі. Себебі бұндай форматты интернетте пайдалану оңай əрі ыңғайлы.
Гипермəтін сөзіндегі гипер сөзі грек тілінен үстінде, жоғарыда деп аударылып, ағылшын тіліндегі "super" cөзінің мағынасына сәйкес келеді.
Гипермəтін және гипермедиа терминдерін америкалық əлеуметтанушы, философ, АТ (ақпараттық технология) саласын алғашқы зерттеушілердің бірі Тед Нельсон 1963 жылы айналымға енгізді және 1965 жылы кең қолданысқа ие болды. Автор 1992 жылы шыққан "Literary Machines" кітабында бұл екі терминге мынадай түсініктеме береді: Қазіргі таңда гипермәтін сөзі мәтінді тармақтандыру және оған жауап беру ретінде қабылданып, сәйкесінше гипермедиа сөзі график, аудио- видеоларды тарату мен хабарласу жиынтығы болып есептеледі. Бірақ оның орнына ақылға қонбайтын интерактивті мультимедиа сөзін қолданады, бұл жерде төрт буын артық және ол гипермәтін сөзінің кеңейтілген мағынасын бере алмайды.
Сурет 1. Тед Нельсон
Гипермәтіннің даму тарихына қысқаша тоқтала кетейік. 1963 жылы Тед Нельсон алғаш рет сілтемелері бар контентті енгізу мен қолдану үшін гипермәтін, гипермедиа терминдерін қолданды. Ол кейінірек 1967 жылы Браун университетінде Андриес ван Дам деген информатика ғылымының профессорымен бірігіп, мәтін редакциялаушы Hypertext Editing System (аудармасы Гипермəтін Редакциялаушы Жүйе) жобасын жасайды.
Ал 1977 жылы шыққан ең алғашқы гипермедиа қосымшасы - Aspen Movie Map қаладағы жер қыртыстарының виртуалды картасын қамтиды және оның көмегімен қолданушылар көлікпен жүрер жолдарды таңдай алды.
Белгілеу тілі туралы түсінік. Белгілеу тілі - бағдарламалау тілдер қатарына емес, компьютерлік тіл қатарына кіреді. Белгілеу тілі - символдар мен жүйеліліктер жиынтығы, ол қарапайым мәтіннен синтаксисі жағынан өзгешелеу болып келеді. Белгілеу тілінде жазылған мәтіндік құжат тек қана мәтіннен емес, сондай-ақ тізім, ерекшеленген сөздер немесе тақырыптардан құралады.
Белгілеу (ағылшынша markup) термині ағылшын тіліндегі marking up сөз тіркесінен туған, белгілеу, белгілеп қою дегенді білдіреді. Белгілеу сөзі сонау дәстүрлі баспахана тәжірибесінде қолданылып, баспаға жібермес бұрын арнайы шартты белгілер мен таңбалар арқылы қолжазбаға түзетулер енгізуді білдірген. Осылай белгілеушілер (markup men) мəтіннің әрбір бөлігіне шрифтердің гарнитурасын, стилін, өлшемін көрсетіп отырған. Ал қазіргі кезде бұл қызметті редакторлар, корректорлар, графикалық дизайнерлер, сондай-ақ авторлардың өздері атқарады. Белгілеу тілін компьютерлік мəтіндерді өңдеуде қолдануды алғаш рет 1967 жылғы Конференцияда Уильям Танниклифф ұсынды. Ол өз жаңалығын әмбебап кодтау (ағылшынша generic coding) деп атады. Форматталған мəтінге қатысты барлық қажет жерде өзіндік белгілеу тілдері қолданылады: типографияда (SGML, TeX, PostScript, PDF), компьютердің қолданушы интерфейстерінде (Microsoft Word, OpenOffice), әлемдік желіде (HTML, XHTML, XML, WML, VML, PGML, SVG, XBRL).
HTML тілі жайлы. Гипермәтінді белгілеу тілі (HyperText Markup Language - HTML) - веб браузерде веб-беттерді жəне басқа да ақпараттарды шығару үшін қолданылатын ең басты белгілеу тілі болып есептеледі.
Бұрышты жақшалар арқылы ашылып жабылатын тег (мысалы html) деп аталушы HTML элементтерінен құралған HTML тілі веб-бет контентін тудырады. Тегтер сыңарлы жəне сыңарсыз болып бөлінеді.
Сыңарлы тегтерге мыналар жатады: htmlhtml, h1h1, pp және т.б. Ал сыңарсыз тегтерге br, hr, img сияқты тегтер жатады. Сыңарлы тегтерде алғашқы тұрған h1 тегі бастаушы, ал екінші тұрған h2 тегі аяқтаушы деп аталады. Сондай-ақ оларды ашылушы және жабылушы деп те атайды. Осы тегтердің көмегімен веб-дизайнерлер мәтін, пікір және контентте кездесетін басқа да мәтінге ұқсас нәрселер жаза алады.
Сурет 2. HTML тілінің тарихи логотипі
Веб браузердің мақсаты - осы HTML тілінде жазылған құжаттарды оқып, веб-беттерде оқуға ыңғайлы, оқырманға көрінетіндей етіп шығарып беру. Браузерлер HTML тегтерін шығармайды, алайда сол тегтерді беттің контентін интерпретациялауда қолданады.
HTML элементтер кез келген веб-сайттардың негізгі құрушы блоктары болып табылады. HTML суреттер мен объектілерді қойып, оларды интерактивті формаларға айналдыра алады.
Тақырып, азатжол, тізім, дəйексөз сияқты мәтіннің құрылымдық семантикасын білдіріп, құрылымдық құжаттар құрады. Веб-беттердің жұмысынан әсер ететін JavaScript сияқты тілдердің скрипттерін қояды.
Веб-браузерлер контенттің сыртқы көрінісін, мәтіндердің және басқа да материалдардың орналасуын анықтау үшін каскадтық стильді кестелерді (Cascading Style Sheets - CSS) де қолданады. HTML және CSS стандарттарын қадалаушы W3C ұйымы (World Wide Web Consortium (W3C) халықаралық World Wide Web (қысқаша WWW немесе W3) стандарттау ұйымы) HTML белгілеу тіліне CSS қосып пайдаланса, көрнектілеу болатынын айтады.
Нұсқалар, даму тарихы. HTML тілінің пайда болуы сонау 1986 жылғы Халықаралық Стандарттау ұйымының (ISO) Standard Generalized Markup Language (SGML) деп аталатын ISO-8879 стандартын қабылдауынан басталады. Осы SGML тілі сол кезде мәтіннің құрылымдық (логикалық) белгілеуі болып, құжаттың сыртқы көрінісінің кішкене ғана сипаттамасына дейін түсінбеуші еді. Сондықтан SGML тілінде кегіл (кегель) сипаттамасы мен шрифт өлшемі сол кездегі стандартқа қайшы келіп, берілген құжаттың кросс-браузерлік және кросс- платформалық талаптарын орындай алмады. Негізі стандартты белгілеудегі мақсат - осы талаптарға жауап беру болатын. Дегенмен SGML мәтіннің белгілеу тіліне дайын жүйе болып табылмайтын және белгілі жағдайда қолданатын тілдің құрылымдық элементтерін білмейтұғын. Бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz