Бағдарламаларды қорғаудың қазіргі әдістері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Бағдарламаларды қорғаудың қазіргі әдістері.
Жоспар:
- Антивирустық бағдарламалар.
- Антивирустық бағдарламалардың классификациясы (жіктелуі)
Аталмыш бағдарламаны негізгі бес топқа жіктеуге болады: фильтрлер, детекторлар, ревизорлар, доктор және вакцинаторлар.
Фильтр-антивирустар - бұл пайдаланушының қандай да бір бағдарламаны дискіге жазуға жасап жатқан барлық әрекеттерін, оның үстіне форматталғанда, сондай-ақ басқа да күмәнді әрекеттерін (мәселен, CMOS қондырғысын өзгертуге әрекет етсе) ескертетін резидентті бағдарламалар. Мұнымен бірге аталмыш әрекетке рұхсат еткені немесе тиым салғаны туралы сұрау салынады. Бұл бағдарламаның жұмыс істеу принципі үзіліс векторларына сәйкес ұстап қалуға негізделген. Бұл топқа жататын бағдарламалардың детектор-бағдарламалармен салыстырғанда ерекшеліктері белгілі вирустарға да, белгісіз вирустарға да әмбебап жағдайда қарайды, сондықтан нақты, белгілі сәттерді бағдарламашыға көрініп тұрып жазылады. Бұл әсіресе қазіргі тұрақты коды жоқ мутант-вирустар көбейген кезде өте маңызды болып табылады. Алайда, фильтр-бағдарламалар вирустардың ізіне түсе алмайды. DOS-ты қосудың алғашқы сатысындағы антивирусты іске қоспаған кезде BIOS-қа, сондай-ақ, BOOT-вирустарға міндетті түрде көңіл аударған дұрыс. Қандай да бір операцияларды жүзеге асырғанда біртіндеп болса да сұрау сала беру пайдаланушының көп уақытын алады және де жүйкесіне де тиюі мүмкін, мұны да кемшіліктерге жатқызу керек. Кейбір фильтр-антивирустарды орнату кезінде үзілісті пайдаланып, жұмысты жай тоқтатып қоятын басқа резидентті бағдарламалармен келіспеушілік туындауы мүмкін.
Біздің елімізде барынша кеңінен тараған, нақтырақ айтсақ, өзінде детектор мен докторды біріктірген детектор-бағдарламалар. Бұл топтың ең белгілі өкілдері - Aidstest, Doktor Web, MicroSoft AntiVirus-қа бұдан әрі кеңінен тоқталатын боламыз. Детектор-антивирустар нақты вирустарға есептелген және тексерілген бағдарламалардың кодымен вирус бойындағы кодты салыстыруға негізделген. Көптеген детектор-бағдарламалар зақымдалған файлды немесе дискіні «емдеу» барысында олардың вирустарын (әрине, белгілі детектор-бағдарламада емдеу тек вирустар үшін жүргізіледі) жойып отырады. Мұндай бағдарламаларды үнемі жаңалап отыру керек, әйтпесе олар тез ескіріп, вирустардың жаңа түрін анықтауға күші жетпей жатады.
Ревизорлар - бұл бағдарламар файлдар мен дискіның жүйелік аумағының ағымдағы жағдайын талдап, аталмыш ревизордағы бұрыннан сақталған файлдардың бірін ақпараттармен салыстырады. Сонымен бірге ВООТ-сектордың жағдайын, FAT кестесін, сондай-ақ, файлдардың ұзындығын, атрибудтарын, бақылау сомасын (мөлшерін) тексереді. Пайдаланушы ревизор-бағдарламаның хабарламаларын талдай отырып, өзгерістің (вирустан ба, әлде басқа нәрседен бе) неден екенін шеше алады. Мұндай бағытта хабарлама берілуі еш үрей туғызбауы керек, өйткені бұл өзгерістің себебі, мәселен, бағдарламаның ұзындығы вирустан болмайды.
Соңғы топқа ең тиімсіз антивирустар - вакционаторлар жатады. Олар нақты вирустардың белгілерін вакционерлік бағдарламада жазады, бұл вируспен зақымдалып үлгерген кез болады.
Kaspersky Anti-Virus
Қазақстанда көп қолданылып жүрген антивирустық бағдарламалардың бірі Kaspersky Anti-Virus бағдарламасы. Онда мыңдаған вирус сипатталады. Kaspersky Anti-Virus Personal бағдарламалық пакеті Windows операциялық жүйесімен істейтін компьютерлер үшін арналған. Бұл бағдарлама арқылы өз компьютеріңіздің қорғанысын жақсы сақтауға болады. Kaspersky Anti-Virus Control Centre бағдарламасы вирусқа қарсы күресетін бағдарламалар пакетінің құрамына кіреді. Касперский бағдарламасы басқару функциясын атқарады. Ол пакет компоненттерін орнату мен жаңартуды басқаруға, тапсырманы лездігінен орындауға жіберу кестесін құруға және олардың орындалу нәтижелерін тексеруге арналған.
Қолданушының «Касперский зертханасы» техникалық көмектесу қызметімен байланысы орнатылған компоненттердің құрамы туралы мәліметтер алып тұруға және уақытында жаңартып тұруға мүмкіндік береді.
Kaspersky Anti-Virus Control Centre бағдарламасы көмегімен пакетке кіретін вирусқа қарсы күресетін бағдарламаларды жүктеуді жоспарлауға болады. Бұл жұмыстың тиімділігін арттырып, жүйенің вирустан қорғалуын жоғары дәрежеге жеткізеді.
Пакет құрамына келесі бағдарламалар кіреді:
Kaspersky Anti-Virus Scanner. Бұл бағдарлама компьютер іске қосылып тұрған жағдайда қолданушының бұйрығымен компьютерді вирустан тексеру және табылған жағдайда оны өшіру үшін қолданылады. Вирустарды тиегіш секторда, оперативті есте сақтау құрылғысынан тауып өшіреді. Архивтенген файлдағы, локальды пошталық жәшіктегі вирустардан құтыла алмайды. Kaspersky Anti-Virus Scanner 5. 0. версиясы немесе одан жоғары Microsoft Office Express құжаттар базасындағы вирустарды емдей алады.
Kaspersky Anti-Virus Monitor - резиденттік антивирустық монитор. Бұл файлды ашқанда немесе іске қосқанда вирустың бар-жоғын тексереді.
Kaspersky Anti-Virus Updater. Бұл бағдарлама антивирустың бағдарламаның құжаттар базасын жаңарту ету үшін арналған. Вирусты Kaspersky Anti-Virus Scanner және Kaspersky Anti-Virus Monitor арқылы іздегенде қолданылады. Касперскийдің Лабораториясында әр күні жаңа вирус туралы ақпарат беріп бағдарламаны жаңартаді. Әрине интернет арқылы.
Kaspersky Anti-Virus Mail Checker - бағдарламасы Microsoft Outlook хатын жіберуде және қабылдауда қолданылады.
Aidstest
Біздің елімізде, жоғарыда айтып өткеніміздей, өз қызметіне детекторлар мен докторларды бірлестірген антивирустық бағдарламалар ерекше танымал болып отыр. Оның ішінде ең белгілісі Д. Н. Лозинскийдің Aidstest бағдарламасы. Бұл бағдарлама 1988 жылы ашылған, содан бері ол үнемі жетілділіріп және толықтырылып келеді. Ресейде, сондай-ақ, Қазақстанда әрбір ІВМ-дербес компьютерінде осы бағдарламаның бір версиясы бар. Оның соңғы версияларының бірі 1500 вирусқа дейін анықтай алады.
Aidstest бағдарламасы өз кодын ауыстырмайтын кәдімгі (полиморфты емес) вирустармен зақымдалған бағдарламаларды емдеуге арналған. Мұнда вирустарды іздестіру осы бағдарламаның танымдық коды бойынша жүргізіледі. Және мұнда файлдарды тексеру өте үлкен жылдамдықпен жүреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz