Виртуальды машинаның орнатылуы мен бапталуы



Виртуальды машинаның орнатылуы мен бапталуы

Жоспар:
1.Виртуалды машиналардың динамикалығы
2.Виртуалды ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1.Виртуалды машиналар динамикалылығының артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталар болсақ. Жаңа машинаны жасап, оның жұмысын тоқтату, қайта қосуды кішкентай уақыт аралығында жасауға болады. Олар
клондалады және физикалық серверлер арасында ауыстырыла алады. Бұл
өзгергіштік қауіпсіздік жүйесінің біртұтастығына кері әсерін тигізеді.
Дегенмен, виртуалды ортада операциялық жүйе мен бағдарламаның әлсіздігі
бақылаусыз таралады және ерікті уақыт аралығынан кейін қайта пайда болып
отырады (мысалы, резервті көшірмені қайта орнату кезінде). Бұлтты есептеулер ортасында оның орналасуы мен күйіне қарамастан жүйенің қауіпсіздік күйін жазып отыру керек. Қазіргі таңда резервті көшірудің бағдарламалық қамтаманы ұсынушылардың ішінен CommVault, EMC, Symantec және IBM секілділер ерекше көзге түседі. Резервтік көшіру бір тұсынан виртуалды серверлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болса, екінші тұсынан физикалық серверді қорғауғада өз үлесін қосады. Сол себепті виртуалды машинаны резервті көшіру әдісін таңдағанда селқос қарамау қажет. Нарықтың пайызын виртуалды машинаның агенттерін қолдану арқылы тұрақты резервті көшіру жасау әдісі алып отыр. Екінші кезекте виртуалды машинаның резервті көшірмесінің бағдарламаларды тұрақты түрде көшіру опциясын қолданады екен. 18% - ы виртуалды машинаға арнап жасалған резервті көшіру бағдарламасын қолданады екен. Дәстүрлі әдіспен қоса виртуалды ортаға арналған резервті көшіру өнімдерін нарықтың 5% - ы орынды деп ойлайды. VMware компаниясының өнімдерінде қолданатындар кездеседі, мысалға VMware Consolidated Backup өнімін қолданушылар 5% - ды құрайды. Қалған пайызы осы типтес өзгеде резервтеу бағдарламаларды немесе жүйелерді қолдануданады.

Сурет 1 - ВМ резервті көшіру әдістерін қолдану ауқымы Администраторлардың көзқарасы бойынша 1 - суретте көрсетілген статистика бойынша гипервизор виртуализацияға ең алғашқысы өте икемді деп ойлайды. Ерекше айта кететін тұсы, ол резервті көшіруді басқару функциясы виртуалды ортаны басқару құралдарымен тығыз байланыста болғандығы. Виртуалды машиналарды резервтеп көшіру мақсатында арнайы жасалған бағдарламалар жасаушылар олардың өнімдері виртуалды ортамен қоса, физикалық ортаны да әмбебап жүйемен жоғары дәрежеде, жаңа технологиялармен қорғайтынына толыққанды уәде береді.
Бұлтты есептеулер серверлері мен желілік серверлер бірдей операциялық жүйелер мен бағдарламаларды қолданады. Бұлттық есептеулер үшін алыстан
бұзу қаупі мен қауіпті бағдарламалық қамтамамен жұқтыру қауіптілігі аса
жоғары. Виртуалды жүйелер үшін де қауіп дәрежесі жоғары. Параллельді
виртуалды машиналар шабуыл бетін жоғарылатады. Іздеп табу мен қауіп - қатердің алдын - алу жүйелері олардың бұлттық ортада орналасуына қарамастан қауіпті белсенділікті виртуалды машиналар дәрежесінде анықтай алуы қажет. Виртуалды машина өшіп тұрған кезде ол жұқтырып алу қаупіне
ұшырайды. Виртуалды машиналар образдарының қоймасына желі арқылы
қолжетімділіктің өзі жеткілікті. Өшірулі виртуалды машинаға қорғаныш бағдарламалық қамтаманы орнату мүмкін емес. Мұндай жағдайда әрбір виртуалды машинаның ішінде ғана емес, гипервизор дәрежесінде қорғаныс
жүзеге асырылуы тиіс. Бұлтта қолданылатын виртуалды машиналардың көп бөлігі виртуалды машинаны жасау, ауыстыру, утилизациялауды сенімді басқару жүйесін талап етеді. Басқару жүйесіне араласу басқа виртуалды машиналарды бұлағаттап, басқаларын ауыстырып қою мүмкіндігі бар көрінбейтін виртуалды машиналардың пайда болуына әкеліп соғады.

2.Виртуализация мен бұлттық есептеу ақпараттарды жіберу, қабылдау және қызмет ету жүйесін өзгертті. Икемді және ресурстарды нәтижелі түрде қолдануының әсерлілігін жоғарлатып, мекемелердің көздеген мақсаттарына
жетуін жылдамдатты. Осымен қоса, бұл жаңа технологиялар ақпаратқа жаңа
қауіп - қатердің тууына алып келді. Яғни қауіптің негізгі себептерінің бірі жұмыс процестерінің өзгерісінде болып табылады. Белгілі жетістікке жету үшін мекемелер қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет. Проблемалардың негізгі төрт тобын ерекшелеп көрсетуге болады:
- Қауіп - қатерден сақтану. Желілерді ішкі дәне сыртқы қауіп - қатерден сақтандыру керек. Желінің инфаструктурасы мен бағдарламаларды мәлеметтерді жоғалтудан сақтау керек. Желілер мен бағдарламаларға жасалатын және де заманауи жасалатын шабуылдардан қорғау керек. Ол үшін қауіп - қатерді анализ және анықтайтын, операциялық жүйенің белгілерін пассивті түрде басқаратын, репутациясын анализдейтін және ортақ
корреляциямен бірге басқарылатын, қауіпсіздіктің жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін озық технологиялар қолданылады. Ішкі келесідей қауіп - қатерден сақтану қажет, домендік аттарға жасалынған ортақ шабуыл, наразы
жұмысшылыр жағынан жасалынған порттар мен протоколдар.
-Жаңа технологиялар себебінен пайда болған проблемалар. Мысал ретінде өте көп көлемдегі адамдармен жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows операциялық жүйесінің түсінігі мен қызметі
Виртуалды машинада Linux операциялық жүйесін орнату
Fedora және Ubuntu Linux дистрибутивтерін зерттеу
Windowsқа Web-серверді орнату және баптау
Процесстер мен ағымдарды басқару
Деректерді жіберудің желілерін құру
Географиялық аймақ бойынша желілерді классификациялау
Мәліметтер базасы обьектілері
Файлдарды көшіруді сұрау
WINDOWS ТИПТІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Пәндер