Вирустан қорғану


Вирустан қорғану

Жоспар:

  1. Вирустардан қалай сақтануға болады
  2. Вирустан қорғанудың ережелері

Вируспен зақымдалған файлдың белсенділігі кезінде басқару бірден вирусқа беріледі де, ол өзінің «құртқыш» немесе «зақымдағыш» қызметін атқарады, сондай-ақ, сонымен бір мезгілде (параллельно) басқа бағдарламалар мен файлдарға да таңылып (жұғып) қалады. Компьютерлерге өте жоғары дәрежеде тез әсер ететін мұндай «дерексіздену» пайдаланушы қалыпты жұмысы барысында тіпті де байқалмайды. Келтірілген шығын да бірден аңғарыла қоймауы мүмкін. Компьютердегі вирустардың қатысуымен ішкі туындаулар да барынша әртүрлі болады, мәселен:

-экранның жылтылдауы;

-экранда қарастырылмаған хабарламалардың пайда болуы;

-дискетпен жазуды қорғауды алып тастау жөніндегі қарастырылмаған талаптар;

-зақымдалған файлдарды жасауда мерзімі мен уақытының өзгеруі;

-компьютердің жұмыс істемей, қатып-семіп тұрып қалуы және бұл мәселені шешудің мүмкін еместігі;

-экранда әріптердің (кейде музыкамен қосылып) пайда болуы;

-айдың 13-күні жұмада кейбір бағдарламалық файлдардың жоғалып кетуі;

-жұмыстың беймәлім апаттық жағдайда аяқталуы;

-ақпараттық файлдардың жойылуы немесе олардың бір біртіндеп құртылуы;

-компьютер жұмысының баяулауы;

-клавиатурамен енудің (жұмыс істеудің) «қамалып қалуы» (блокирование) ;

-музыканың шығуы;

-экрандағы символдардың бұрылуы;

-қатты дискіге жазудың іске аспауы;

-компьютердің басқа да таң қалдыратындай әртүрлі тосын «мінез-құлқы».

Пайдаланушы үшін әсіресе, ең қауіпті жағдай вирустардың кесірінен сақталған барлық ақпараттардың жоғалып кетуі. Қатты дискілерді форматтау кезінде де осындай жағдай болуы мүмкін. Вирустың әсерінен сақтандырылмаған пайдаланушы ең болмағанда компьютердегі вирустарды барынша қысқартуды білгені жөн.

2. Ол үшін ең қажетті және ең қарапайым мына ережелерді сақтау керек:

1. Бұрын басқа компьютерде «болып келген» әрбір дискетаны пайдаланбас бұрын антивирустық бағдарламамен міндетті түрде тексеру керек. Бағдарламаның мұндай түрі вирустарды тайып қана қоймайды, сонымен бірге дискетаны «емдейді» де. Әсіресе, бұл ойын бағдарламаларына қатысты, өйткені вирустардың көбісі осы ойындар арқылы кең тарайды.

2. Торап (сеть) арқылы алынған файлдар үшін бірдей тексерулерді жасау қажет.

3. Антивирустық бағдарламалар өте тез «қартаяды». Сондықтан оны жаңа версияларымен жиі алмастырып отыру керек. Мұндай бағдарламаны жаңарту кезеі бір аптадан бір тоқсанға дейін жалғасуы мүмкін.

4. Күнделікті жұмыс барысында бұл міндетті шешу технологиясында қарастырылмаған болса, дискеттен жазуды қорғауды алып тастамай керек.

5. Вирустарды айқындаған кезде ойластырылмаған іс-әрекетке баруға болмайды, ол әлі де құтқаруға болатын ақпараттарды да жойып жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайда ең алдымен вирус қызметін «қамауға алу» үшін компьютерді өшіре салған дұрыс. Сосын компьютерді операциялық жүйенің эталонды дискетімен қайта қосу керек. Осыдан кейін залалсыздандырылған файлдарды айқындап қана қоймайты, сонымен бірге емдейтін де антивирустық бағдарламаны жіберу керек. Одан ары антивирустық бағдарламаны қайталау керек. Егер вирустарды жоятын барлық операция дұрыс орындалса, оның жұмысының нәтижесі жөніндегі ақпаратты, яғни вирустың жоқтығы туралы ақпаратты компьютер пайдаланушыға хабардар етуі тиіс. Мұндай жағдай бұл бағдарламаның ескірмегенін көрсетеді.

Соңғы кездері тораппен жұмыс істеу барысында, әсіресе, электронды почтаны пайдаланған кезде пайдаланушы почта хабарламасымен оқып жатқан тұста компьютерге вирустың еніп кетуі әбден мүмкін. Сондықтан бұл кезде де төмендегі қарапайым ережелерді сақтаған абзал:

1. Хатты жіберушінің оны алдын-ала жіберетіндігі туралы келісімі болған жағдайдан басқа кезде хат файлына бекітілгенін ашуға болмайды.

2. Microsoft компаниясы және тағы басқалардың антивирустық лабораториясынан өткен болса, хат файлына бекітілгенін ашуға болмайды.

3. Егер хаты тақырыбы мен хаттың өзі бос болса, онда хат файлына бекітілгенін ашуға болмайды.

4. Барлық күмәнді хаттарды өшіріп тастау керек.

5. Әртүрлі электронды жолдамаларды жазысу кезінде үзіліс арасы тым ұзап кетсе де жұмысты тоқтату керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік вирусология
Компьютерлік вирустар туралы ақпарат
Медициналық бетперде қажеттілігі
Компьютерлік вирус туралы мәлімет
Ақпаратты қорғау туралы
Вирустар және олардың әр түрлілігі
ВИРУСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі
Интернет – құрттар. Жұмыс істеу принциптері және олардаң қорғану шаралары
Ревизор программалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz