Гипермәтіндік белгілеулердің принциптері



Гипермәтіндік белгілеулердің принциптері

Жоспар:
oo HTML-құжаттарды көретін және құратын бағдарламалар;
oo WYSIWYG технологиясы;
oo Визуалды және визуалды емес редакторлар;
HTML-құжаттарды көретін және құратын бағдарламалар. Веб-браузер дегеніміз - интернеттегі ақпарат көздерін көру үшін оларды өңдеуге, бір беттен екіншісіне ауыстыруға арналған бағдарлама. Ақпарат көздері Uniform Resource Identifier (URI) арқылы анықталып, ақпарат көзі ретінде веб-беттер, суреттер, видео және контенттің басқа да бөлімдері болуы мүмкін. Жалпы браузер сайт пен оған кіруші арасындағы веб-беттерді өңдеуші, шығарып беруші қосымша болып есептеледі.
Қазіргі кезде көптеген атақты браузерлерді тегін немесе басқа жинақпен пайдалануға болады. Мысалы: Internet Explorer (Microsoft Windows-пен бірге), Mozilla Firefox (тегін, Linux-тің көптеген дистрибуторларымен бірге, мысалы Ubuntu), Safari (Mac OS X-пен бірге және Microsoft Windows үшін тегін), Google Chrome (тегін), Opera (тегін, 8.49 нұсқасынан бастап).
2012 жылдың маусым айындағы браузерлердің статистикасына шолу жасаймыз.
Маусым айында нарықтағы басты ойыншылар бірден өз браузерлерінің жаңа нұсқаларын шығара бастады. Сөйтіп, айдың басында Mozilla Firefox 13 браузері жарыққа шықты. Онда кеңейтілген қызмет пен жаңа өзіндік бет және қосымша бет (вкладка) пайда болды. Маусымның ортасында безендірудің жаңа тақырыптарын және заманауи стандарттарын қолдайтын кеңейтпе Do not Track және басқа да жаңалық алып келген Opera 12 браузерінің финалдық шығуы болды. Ең соңында Google компаниясы аз ғана жақсартылған интерфейспен, жаңартылған V8 JavaScript-қозғалтқышымен Chrome 20 тұрақты нұсқасын шығарды.
Бұдан өзге, Microsoft компаниясы Internet Explorer 10 браузерінің кезекті көрсету нұсқасын қамтитын Windows 8 операциялық жүйесінің бастапқы нұсқасын ұсынды. Осы мәліметтердің статистикалық үлесте қалай бөлінетінін зерттеп қарайық. Статистиканы анықтау үшін әлем бойынша веб- трафиктерге шолу жасайтын Statcounter және NetApplication құралдарының мәліметтерін пайдаланамыз. Бұл шолуға əлемнің ең кең таралған бес браузері қатысады: олар Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera, Internet Explorer және Safari. 2012 жылдың маусым айындағы мәліметті назарларыңызға ұсынамыз.
Статистика жинайтын шетелдік жүйелердің мәліметі бойынша, Chrome-ның үлесі әртүрлі жоспарда дамыды. Statcounter-дің мәліметінше, браузердің өсуі 0,33%-ға, үлесі 32,31%-ға тең, ал NetApplication мәліметіне қарағанда, түсуі 0,5%-ға және үлесі 19,08%-ға тең. Егер алғашқы жүйеге сенсек, мамырда Chrome алғашқы орынға шықты.
2012 жылдың алғашқы жартысында браузер нарықтың 5,49% үлесіне ие болды (Statcounter мәліметі бойынша). Жасақтаушылар үшін Google конференциясында Chrome браузерін қолданушылар саны 310 миллион адам екені жарияланды.
Алдыңғы статистика сияқты Statcounter және NetApplication әртүрлі нәтиже көрсетіп тұр. Бірінші жүйенің есебі бойынша Mozilla Firefox бір айда елеулі 0,99%-ға төмендесе, одан кейін 24,56% үлеске ие болды. Екінші жүйе керісінше, браузерге 0,5% өсу және 20,06% үлес берді.
Жарты жылда Mozilla компаниясының браузері 0,71%-ға төмендеді (Statcounter мəліметі), бұл жалпы алғанда соншалықты қорқынышты да емес еді. NetApplication-нің есебінше жоғалту сəл жоғарылау -- 1,77%-ға тең.
Халықаралық аренада маусым айы норвегиялық браузер Opera үшін жаман ай болмады. Statcounter браузердің үлесінде қандай да бір өзгерістің бар екенін анықтамады. Алдыңғы ай сияқты маусым айының аяғында да үлесі 1,77% болды. NetApplication өсуді 0,03% және үлесін 1,60% деп мәлімдеді.
2012 жылдың жарты бөлігі бойынша Opera браузері Statcounter мәліметінше, 0,21% жоғалтқан, ал NetApplication-дікі 0,66% жоғалтқанын көрсетіп тұр.
Statcounter маусым айында Internet Explorer браузерінің өскенін көрсетті. Бәлкім, бұл қолданушылардың тестілеу үшін жаппай орнатып жатқан Windows 8 операциялық жүйесінің превью шығуымен байланысты шығар. Осы айда 0,19% өсіп, үлесі 32,31%-ға көтеріледі. Ал NetApplication болса, мүлдем басқаша нәтиже көрсетеді. Оның мәліметі бойынша, маусым айында Internet Explorer 0,03%-ға төмендеген және шілде айында 54,02%-ға көтерілген.
6 ай аралығында IE 6,34% төмендеп (Statcounter мәліметі) және 2,15% жинаған (NetApplication мəліметі).
Statcounter мәліметі бойынша, əлемде маусымда Apple компаниясының браузері нарықтың 7%-ын иелеген. Ал басқа әлемдік жүйенің мәлімдеуінше, көрсеткіш - 4,73%. Алғашқысы ондай төмендеуді көрсетпесе, екіншісі -- шамалы өскенін көрсетеді. Жылдың жартысы бойынша Safari 1 пайыз ғана өсу көрсеткішіне ие болған.
Браузерлер майданы. Браузерлер майданы - браузерлер нарқын басқару үшін болатын браузерлер арасындағы күрес. Майдан дегенді тікелей мағынада түсінбеуіміз керек, бұл жерде 1990 жылдарда нарықта жетекшілік еткен екі үлкен браузер - Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator арасындағы бәсекелестік меңзеледі.
Ең алғашқы кең таралған графикалық интерфейсті браузер NCSA Mosaic болды, кейін көп уақыт нарықты Netscape Navigator қолға алды. 1996 жыл Microsoft Internet Explorer 3.0-ті қамтитын Windows 95 OSR2-ді шығарды. Осы кезді браузерлер майданының басталуы деуге болады. Майдан Netscape браузерінің құлап, Internet Explorer-дің 95%-ы нарықты иеленіп, шыңға шығуымен аяқталды.
Бірінші басқыш (1995-1998). Бұл басқышқа 90-жылдың аяғындағы Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator (Communicator) арасындағы бәсекелестік жатады. Қарапайым пайдаланушылар Netscape Navigator браузерін тегін қолданушы еді, ал корпоративтік пайдаланушылар болса, әр лицензия үшін 99 доллар көлемінде төлеп отырды. 1995 жылы 7 желтоқсанда Microsoft Explorer-дің 2-нұсқасы жарыққа шықты. Windows пен Office сатылымынан пайда көріп отырған Microsoft Explorer-дің жаңа нұсқасын қолданушылар мен корпорацияларға тегін тарата бастады.
Демпингке төтеп бере алмаған Netscape 1999 жылы бәсекелестіктен шығып, нарықтың 90% бөлігін тегін Explorer браузері жаулап алды. Марк Андрессен (Marc Andreessen) мен Джим Кларктың Netscape Communications корпорациясы құлаған соң, браузердің бастапқы кодтары жарияланып, Mozilla Suite (қазір SeaMonkey) және Mozilla Firefox сияқты жаңа жобалар дүниеге келіп, дами бастады.
Екінші басқыш (2004 жылдан бүгінгі күнге дейін). 2003 жылы Opera браузері 6.х нұсқасын шығарып, ақша төлеп көшіруге болатын баннерлерін тегін тарата бастады.
2004 жылы 9 қарашада бүгінге дейін ақырындап дамып келе жатқан Mozilla Firefox браузерінің 1.0 нұсқасы шығады. 2009 жылы әлемдегі Firefox- тың нарықтағы үлесі 23% болса, ал Еуропада 35%-ды құрады. Internet Explorer-дің үлесі 67%-ға дейін төмендеп, ол монополист бола алмай қалды.
2008 жылы 2 қыркүйекте Google Chrome деген жаңа браузердің алғашқы ашық нұсқасы шықты. Бір жылдан соң бұл браузер өте танымал болып, Internet Explorer мен Mozilla Firefox браузерлерінен соң, үшінші орынға көтерілді. 2011 жылдың соңына қарай Mozilla Firefox-ті артта қалдырып, екінші ең мықты браузер ретінде танылды. 2012 жылдың маусым айындағы көрсеткіш бойынша Google Chrome браузері Internet Explorer-ді басып озып, браузерлер арасында көшбасшыға айналды.
WYSIWYG
WYSIWYG (ағылшын тілінде What You See Is What You Get, нені көрсең, соны аласың) - қолданбалы бағдарламалар мен веб-интерфейстер сипаты болып саналады, онда контент өңдеу кезінде құжат веб-бет немесе тұсаукесер ретінде соңғы шыққан контент көрінісіне өте ұқсас болып келеді.
WYSIWYG технологиясы пайда болғанша күрделі форматтағы құжаттарды құру үшін белгілеу тілдерінің қызметін атқаратын бағдарламалар қолданылып келген. Бұл бағдарламаларда құжаттарды форматтау үшін соңғы шыққан суретте көрінбейтін арнайы тегтер қолдану керек еді. Тегтер мәтіндердің стилін (қою, курсив), шрифтің өзгеруін, мәтін орналасуын және сол сияқты істерді атқара алатын еді.
WYSIWYG қолданған алғашқы бағдарлама Bravo мәтіндік редактор болып есептеледі.
Bravo Xerox PARC компаниясында Alto компьютерлері үшін жасақталған. 1974 жылы бағдарламаны жасаған Батлер Лемпсон (Butler Lampson), Чарльз Симони (Charles Simonyi) және т.б. Bravo нарыққа шыққан, бірақ Xerox Star компьютерлерінің бағдарламалары осы редактордың тікелей жалғасы болып есептеледі.
Xerox PARC-тен тәуелсіз түрде Bravo-мен қатар 1978 жылдың соңында Hewlett Packard компаниясы WYSIWYG қолданған алғашқы коммерциялық бағдарламаны жарыққа шығарды. Бағдарламаның алғашқы шығуы Bruno деп аталып, HP 1000 миникомпьютерлерінде қолданылды.
Мəтіндік WYSIWYG-редакторлар тізімі
* Microsoft Word (Microsoft Office пакетінен)
* OpenOffice.org Writer (OpenOffice.org пакетінен)
* AbiWord (GNOME Office пакетінен)
* KWord (KOffice пакетінен)
* Pages (iWork пакетінен) және т.б.
HTML кодының WYSIWYG-редакторлар тізімі
* Adobe GoLive
* Adobe (Macromedia) Dreamweaver
* Namo Webeditor
* Microsoft FrontPage
* Microsoft SharePoint Designer
* Microsoft Expression Web
* Mozilla Composer
* Quanta Plus
* Kompozer (Nvu негізделген)
* WYSIWYG Web Builder 5
* Web Page Maker және т.б.
Визуалды және визуалсыз редакторлар. Сайт жасайтын бағдарламалар визуалды және визуалсыз редакторлар болып, екі категорияға бөлінеді.
Визуалды редакторлар (немесе WYSIWYG-редакторлар (What You See Is What You Get - Нені көрсең, соны аласың)
Сайт құру бағдарламасы ретінде визуалды редакторларды қолдану өте ыңғайлы, себебі веб-бетте қалай тұрса, сол қалпында жұмыс жасайсыз. Қолданушы мәтінді өңдеп форматтайды, суреттерді, кестелерді HTML код арқылы Word-та оңай жаза салады. Бағдарламада қалай жазсаң, браузерде де сол көрініс пайда болады. Танымал визуалды редакторларға Dreamweaver, MS FrontPage және Netscape жатады.
Артықшылықтары:
* қолдану оңай;
* Html тілінде сауаттылық қажет емес.
Кемшіліктері:
* код оңтайландырылмаған себепті файлдың өлшемі артып, бетті жүктеу жылдамдығы өседі;
* беттің кодын өңдеу өте күрделі;
* құжаттың түрлі браузерде қате орналасуы мүмкін.
Визуалсыз редакторлар. HTML қолмен код жазуға арналған, толық автоматтауға арналмаған, сондықтан қазіргі күнде визуалды редакторлардың ешқайсысы HTML кодты жүз пайыз өңдей алмайды, одан тысқары абсолютті дұрыс кодты шығармайды. Сондықтан әр бетті кейін қолмен редакторлап шығуға тура келеді, ал визуалсыз редакторлар белгілеу тілін қолмен өңдеп, бағдарламашы ешқандай конструкциясыз оңай өңдеуге болатын оңтайландырылған кодты жаза алады. Визуалсыз веб-редакторларды HTML-редакторлар деп атайды. Оларға мысал: AceHTML, 1st Page, HotDog, Arachnophilia және т.б.
Артықшылығы:
* оңтайландырылған код;
* гипермәтінді белгілеу тілдерінің барлық мүмкіндіктері қолданылады;
* синтаксис, код пен сілтеменің дұрыстығын тексеру;
* көптеген редакторлар тегін таратылады.
Кемшіліктері:
* гипермәтінді белгілеу тілінде сауаттылық қажет.
Блокнот
Блокнот (ағылшынша Notepad) - кез келген Microsoft Windows операциялық жүйесінде орналасқан қарапайым мәтіндік редактор.
Блокнот қарапайым болғандықтан, HTML-кодты түсінетін конструкциясы, оны өңдейтін мүмкіндігі жоқ. Бірақ HTML тілімен таныса бастағанда осы редакторды қолданған жеңіл болады.
Блокнотты қолдануды үйренген соң, оның орнын басатын кең қызметті тегін бағдарламалар бар: Bred, AkelPad, BDV Notepad, EditPad Lite, TED Notepad, Notepad++ және Notepad2.
align=center - ортасы бойынша HTML негіздері
HTML (HyperTextMarkupLanguage) - бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML - мәтінді белгілеу тілі.
HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera.
HTML тiлiнде колданылатын командаларды "тег" деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз.
Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы,
html тегтiң жұмысын ашады да келесi html тегi оны жабады. title ашылуы, title жабылуы.
Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, IMG т.с.с.
Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз.
Құжаттың структурасы
HTML құжаттың негізгі структурасы төмендегідей:
HTML
HEAD
TITLE
...
title
head
BODY
...
body
html
HTML-тег атрибуттар тізімінен тұрады. Тег тексті үшбұрышты жақша ішінде жазылады. Мысалы:
FONT face=аrialМенің бірінші бетімfont - бұл жерде FONT - тег, face - атрибут, arial - атрибуттың мәні.
Кез келген HTML құжат HTML тегімен басталып, html тегімен аяқталу керек. Бұл тегтер браузерға HTML құжатын көрсетеді. Құжат болса қарапайым ASCII кодындағы мәтіндік файл. HTML, html тегтер болмаса браузер программалары құжатты танымай қалуы мүмкін.
HTML, html тегтерінің ортасына құжат денесі келеді. Құжат екі бөлімнен тұрады: тақырып бөлімі HEAD тегімен басталынатын және BODY тегімен басталынатын негізгі бөлімнен.
Тақырып бөлімі міндетті емес, бірақ ол жерде браузерге қажетті көп ақпарат болуы мүмкін.
TITLE, title тегтерінің арасында құжаттың аты жазылады, сол сөз терезенің тақырып жолына шығады.
Мысалы:
TITLEМоя первая страницаtitle
HEAD бөліміне тағы META тегтерді қолдануға болады, олар сайтты интернет желісінде тез табылу үшін пайдалынады.
meta name="Language" content=" kz" - сайт тілі
meta name="Autor" content="Molutjan Arziev" - сайт авторы
meta name="Keywords" content="информатика, школа, учитель, компьютер, уйгур, поурочный план, математика" - іздеу қызметіне арналған сөздер
meta name="Generator" content="блокнот" - қай программада жасалынды
BODY тегімен Web-беттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер, Негізгі ұғымдар
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (Глоссарий)
Веб-бағдарламалаудан дәрістер
Интернет ұғымы, мүмкіндіктері
Электрондық оқулыққа жүйелік талап
Гипермәтіндік белгілеу принциптері. Құжаттар құрылымы
Интернет, web-бет және оны қалыптастыратын HTML
Касіптік білім беру
JAVA тілінін негізгі ұғымдары
Құжаттың HTML - HEAD бас контейнері
Пәндер