HTML тілінде гиперсілтемелер жасау және форматтау негіздері
Гиперсілтемелер жасау
Жоспар:
Гиперсілтеме бойынша ауысу. Гиперсілтемеге мысал.
Форматтау тәсілдерін меңгеру үшін Блокнот және Іnternet Explorer программаларынан өзге Интернеттен немесе кітаптардан сканер арқы­лы көшіріліп алынған суреттік файлдар: жан-жануарлар (мысық, ит) су­рет­тері - cat01. jpg, cat02. jpg, dog01. jpg, dog02. jpg, dog03. jpg, Қазақстан елтаңбасы (гербі ) - gerbRK. gif мен туы - znamjaRK. gif бо­луы тиіс. Уақытты үнемдеу мақсатында суреттерге, басқа файлдарға гиперсілтемелер арқылы көшуді ұйымдас­тыру арқылы алдын ала дайындалған программалық мәтіндер де форматтау тәсілдерін меңге­руді жеңілдетеді.
1. Гиперсілтемелерді құрған кезде HREF=” . . . ” атрибуты міндетті түр­­де қажет. Оның мәні сол сілтеме көрсетіп тұрған файл атынан немесе оның Интернеттегі URL-адресінен тұрады. Сілтеме мәтін  мен  тәгтерінің арасына орналасады. Сілтеме сөз броузерде бейнеленген кезде көбінесе оның асты сызылып, көк түспен бейнеленеді. Сол сілте­ме сөздің үстіне курсорды қойып тышқанды шерту көрсетіл­ген файлға немесе желі бойындағы URL-адреске көшуді қамтамасыз етеді. Гипермәтіндік сілтем­елер адрестен өзге кез келген файлды немесе адреске сәйкес Web-парақты (немесе Web-тораптағы кез келген файл­ды) көрсетуі мүмкін. Мысалы, мына жол:
экранға көк түспен боялған файл сөзін бейнелейді, сол сөзді тышқан­мен шерту Менің құжаттарым (оны көрсетпесек, ағымдағы) бумасы ішіндегі CEPІK. HTM файлына көшу әрекетін орындайды. Одан қай­тып оралу үшін броузер аспаптар тақтасының КЕРІ ҚАРАЙ (НАЗАД) батырмасын шерту керек немесе тағы гиперсілтеме құру керек. Төмен­дегі жол:
ит
экранға ит сөзін шығарады, оны шерту ағымдағы бумадағы сурет салынған dog. jpg файлына көшу ісін атқарады.
Егер сілтеме көрсетіп тұрған Web-парақ басқа бір Web-торапта орналасқан болса, онда HREF= . . . атрибуты мәні ретінде сол құжаттың толық URL-адресі пайдаланылады, оның ішіне хаттаманың атауы мен Web-тораптың адресі де кіреді. Осындай сілтемелер сыртқы сілтеме деп аталады. Мысалы, мынадай жол:
экранға Mіcrosoft сөзін шығарып, оны шерту Интернет желісіндегі Mіcrosoft ком­паниясының web-парағының алғашқы бетіне көшуді қам­та­­масыз етеді. Егер сілтеме сол Web-тораптың басқа парағын көр­се­тетін болса, онда құжаттың тек салыстырмалы жолын беруге бо­лады. Мұндайда ішкі сілтеме құрылады. Ішкі сілтемелерді пайда­лан­ған қо­лай­лырақ, себебі Web-торапты басқа серверге ауы­стырған кез­де, жеке құжаттар адресіне өзгеріс енгізу талап етілмейді.
2. Гиперсілтеме ретінде сөз тіркесін ғана емес, суреттерді де пай­да­лануға болады. Суреттер мәтін сияқты сілтеме бола алады. Бұл үшін <ІMG . . . > тәгі сілтемелерді анықтайтын  және  тәгтерінің ортасында тұруы тиіс. Суреттік сілтеме көк түсті қоршаудың ішіне орналастырылады. Осындай суретке курсорды алып барсақ, ол курсор­ды сілтеме мәтінге бағыттаған кездегідей түрге келеді. Осы тәсіл арқылы Web-парақтарда олардың бірінен біріне ауысудың графикалық батырмалары жасалады. Мысалы:
<ІMG SRC="dog. gіf">
жолында <ІMG SRC="dog. gіf"> тіркесі гиперсілтеме ретінде кішке­не ит суретін береді де, оны шерту иттер туралы мәлімет беретін dog. htm файлына ауыстырады (ІMG туралы кейінірек айтылған) .
3. Егер файл басы емес, оның мәтінінің ішіндегі басқа бір қажетті орынға көшу керек болса, онда сол орынға алдын ала анкер (белгі­лен­ген сөз) орнатамыз. Сонда ги­пермәтіндік сілтемелер сол парақ ішіндегі анкері бар белгілі бір орынды көрсетуі мүмкін. Анкер құруда да  және  тәгтері қолданылады, бірақ мұн­дай­да HREF= ”# . . . ” атри­бутына қосымша NAME= ” . . . ” атрибутын пайдалану керек. Ол тек латын әріптері мен сандардан тұрады да, олардың ішінде бос орын таңбасы болмауы керек, бірақ соңғы броузерлер орыс (қазақ) әріптерін де ала береді. Мысалы:
ААА анкеріне көшу
Көшу орындалды
жолдары 2. htm файлындағы ААА сөзіне көшіреді. Ал егер көріп отырған мәтін ішіндегі басқа бір 1. 1 тіркесіне көшу үшін:
1. 1 анкеріне көшу
Ескерту. Орнатылған анкерге сілтеме жасау үшін, URL адресінен кейін # таңбасымен бөлінген анкер атауы көрсетілуі керек. Бір құжат ішіндегі анкер алдына адрес жазылмайды. Мысалы (1-мысал) :
3-1 мысал
3. 1-ге көшу
1. 1. Бірінші абзац
Егер файл басы емес, оның мәтінінің ішіндегі басқа бір қажетті орынға көшу керек болса, онда сол орынға алдын ала анкер орнатамыз. Сонда ги­пермәтіндік сілтемелер сол парақ ішіндегі анкері бар белгілі бір орынды көрсетуі мүмкін.
2. 1. Екінші абзац
Егер сілтеме сол Web-тораптың басқа парағын көрсететін болса, онда құжаттың тек салыстырмалы жолын беруге болады. Мұндайда ішкі сілтеме құрылады.
3. 1. Үшінші абзац
Мұндайда HREF= ”# . . . ” атрибутына қосымша NAME= ” . . . ” атрибутын пайдалану керек. Ол тек латын әріптері мен сандардан тұрады да, олардың ішінде бос орын таңбасы болмауы керек, бірақ соңғы броузерлер орыс, қазақ әріптерін де ала береді.
3-1 мысал
3. 1-ге көшу
1. 1. Бірінші абзац
Егер файл басы емес, оның мәтінінің ішіндегі басқа бір қажетті орынға көшу керек болса, онда сол орынға алдын ала анкер орнатамыз. Сонда ги­пермәтіндік сілтемелер сол парақ ішіндегі анкері бар белгілі бір орынды көрсетуі мүмкін.
2. 1. Екінші абзац
Егер сілтеме сол Web-тораптың басқа парағын көрсететін болса, онда құжаттың тек салыстырмалы жолын беруге болады. Мұндайда ішкі сілтеме құрылады.
3. 1. Үшінші абзац
Мұндайда HREF= ”# . . . ” атрибутына қосымша NAME= ” . . . ” атрибутын пайдалану керек. Ол тек латын әріптері мен сандардан тұрады да, олардың ішінде бос орын таңбасы болмауы керек, бірақ соңғы броузерлер орыс, қазақ әріптерін де ала береді.
қатарларын жазу қажет. Начало формы
Конец формы
Начало формы
Конец формы
... жалғасы
Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
HTML-де сайттың бірінші беті: негізгі құрылым, мәтін форматтау, гиперсілтемелер және мультимедиа
HTML тілі және оның негізгі тегтері: веб-сайт құрылымы, форматтау, тізімдер, кестелер және гиперсілтемелер
Гипермәтін мен гиперсілтемелер: HTML тілінің негіздері мен тегтері
Web торабын құруды оқыту: HTML, гиперсілтемелер және FrontPage негіздері
HTML негіздері: құжат құрылымы, тегтер, форматтау және гипермәтіндік элементтер
WWW және HTML негіздері: веб-беттер, гиперсілтемелер, шолғыштар мен желілік хаттамалар
HTML тілінің құрылымы, тэгтері және форматтау принциптері
HTML: формалар, фреймдер, гиперсілтемелер және визуалды элементтер
HTML негіздері мен Web-парақтарды жасау әдістемесі
HTML тіліне кіріспе: құжат құрылымы, тегтер, форматтау және гипермәтіндік элементтер
Пәндер
Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz