Интернет қызметтері. E-MAIL.WWW. TELNET


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
Интернет қызметтері. E-MAIL. WWW. TELNET
Жоспар:
- Интернет қызметi
- E-MAIL. WWW. TELNET
Интернет - бұл хаттама жиынтығының бiртұтас байланысы үшiн пайдаланылатын желiлердiң, шлюздердiң, серверлер және компьютерлердiң бүкiләлемдiк бiрiгуi.
Интернет - ақпараттар мен ресурстарға кең ауқымды пайдалануға мүмкiндiк бередi. Сiз үйiңiзбен офистен шықпай-ақ, сонымен қатар Ирландияға, Австралияға және де басқа мемлекеттерге саяхат жасай аласыз. Интернетте университеттерден, үкiметтiк және әскери ұйымдардан немесе кiтапханалардан алынған ақпараттардың мол қоры жинақталған.
Интернет желiсiн алғашқы дүниеге келтiрген АҚШ қорғаныс министрлiгiнiң ARPANET (Advanced Research Projects Agency Network) жүйесi болып саналады. Бұл жүйе коммутациялық пакет үшiн, тест ретiнде құрылған. ARPANET-те қолданып келе жатқан TCP/IP хаттамасы, бүгiнде интернетте пайдаланылады. Соңғы жылдары Интернеттi зерттеу қызығушылығы коммерциялық болып өзгердi. Бизнесте және күнделiктi өмiрде Интернетпен ай сайын мыңдаған қолданушылар хабарласады. Адамдар оның ресурстарын меңгерiп, ал компаниялар өздерiнiң жарнамаларын және өз өнiмдерiн сатуда жаңаша жол табады. Интернет арқылы сiз де ұйымдастырушы болып, желiлiк өнiмдер, технологиялар жайында және де өз мәселеңiздi шешуге хабарлама ала аласыз. Сiз бұдан спорттық, саяси жаңалықтарды, ауа райы және нарық жағдайы туралы ақпараттар табасыз. Интернет почтасымен байланысып, барлық тақырыптарды қамтитын, өзiңiзге керектi хабарламалар, каталогтар мен форумдар туралы бiле аласыз.
Интернет қызметiБүгiн Интернеттiң дамуы өте зор, бiрақ қолданушылар оның қызметiнiң жиынтығын өз қалауынша сараптайды. Көбiнесе кең қолданылатын Интернет қызметтерiне мыналар жатады:
- World Wide Web;
- File Transfer Protokol (FTP) серверлерi;
- Электрондық почта;
- Жаңалықтар;
- Gopher;
- Telnet.
World Wide Web
World Wide Web (бүкiләлемдiк өрмек) - бұл Интернеттiң мультимедиялық қызметi, онда HTML (Hyper Text Markup Language-гипермәтiндiк құжаттарды дайындау тiлi) тiлiнде құрылған көлемдi гипермәтiндiк құжаттар сақталған. Гипермәтiн - бұл мәтiндi елестету әдiсi, бейне, дыбыс және көрiнiс барлығы бiр-бiрiмен қосалқы ассоциативтi желi арқылы байланысқан. Гипермәтiн форматы қолданушыларға мәтiндi кез келген ретте қарастыруға мүмкiндiк бередi. Одан басқа Интернетке саяхат жасауға көмектесетiн хаттамалар да бар, яғни ресурсты тауып, оны бiр компьютерден екiншiге жолдауға болады.
File Transfer Protocol
File Transfer Protocol (FTP) - бұл файлды және құжатты жiберу мүмкiндiгi бар хаттама. Онда желiмен жұмыс iстеу әдiсiнiң бiрi ретiнде жинақтайтын FTP-серверлерi болады. Мұндай файлдарға тiкелей байланысуға болмайды, тек FTP-серверлерiнен локальды серверге көшiру арқылы iске асырылады. FTP - бұл файлды TCP/IP - ортаға жiберу программасы. Ол OSI қолданбалы моделiнде жасалған. FTP - компьютерлер арасында файлдарды жiберу хаттамаларының iшiндегi ең көп қолданылатын хаттама. Ол мәтiндiк, сол сияқты екiлiк файлды да жiберуге мүмкiндiк бередi.
Электрондық почта
Қазiргi кезде электрондвық почта - Интернеттiң кең тараған қызметтерiнiң бiрi. Сонымен қатар, e-mail жедел қызметпен қамтамасыз етедi. Осының арқасында көптеген адамдар Интернеттiң қызметiне және басқа да жедел қызметтерге ақы төлейдi. Әрбiр адам хабар жiберу үшiн, ол бiрiншiден хабар алушының электрондық адресiн бiлуi тиiс. Ол адрес қолданушының идентификаторынан, @ белгiсiнен және алушы компьютердiң адресiнен тұрады. Мысалы, Америка Құрама Штаты президентiнiң электрондық адресi: president@whitehouse. gov. Соңғы үш әрiп адрестiң Интернет доменiнде тiркелгенiн бiлдiредi. Интернет арқылы электрондық хабарлармен кез-келген көлемде және кез-келген уақытта алмасуға болады.
Жаңалықтар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz