Желі бағдарғылауыш кестесі


Желі бағдарғылауыш кестесі

Жоспар:

  1. Бағдарғылауыш
  2. Көпір-бағдарғылауыш
  3. Ретқақпа - есептеу желісінің басқа желілермен әрекеттесуі

1. Жергілікті желілерді сегменттерге бөлуге, сондай-ақ сегменттер мен жергілікті желілерді біріктіруге арналған көпірлер мен коммутаторлар оңтайлы бағдарғы тандау функциясын іске асырмайды, тек бір сегменттен немесе жергілікті желіден екіншісіне дестерді жіберумен шұғылданады.

Бір желінің компьютерінен басқа желінің компьютеріне десте тасы-малданатын оңтайлы жолды анықтау үдерісі бағдарғылау (Routing) деп ііі; шады. Бағдарғылауыш (Router) - желі сегменттерін байластыруға арналған және желілік деңгейдіңбағдарғылық ақпаратын пайдаланатын құрылғы. Әдетте бағдарғылауыш екі немесе одан да көп есептеу желілеріне қосылады және дестені қалайша бір желіден екіншісіне дейін тасымалдауға болатынын анықтайды. Ол үшін ІР мекен-жай жайындагы ақпаратты қолданады.

Бағдарғылауыштар желінің сызба-құрылымы мен қалып-күйі, арналардың жұмыс істеу қабілеті, белгілі бір түйінді осы сәтте қолдану мүмкіндігі сияқты ақпараттармен өзара алмасу жасап отырады. Багдарғылауыштар өз міндетін атқару кезінде мынадай іс-әрекетер жасайды:

  • бір желінің екінші (арналық) деңгейінен келген кадрды қабылдап алады, кадрдың тұтастығын тексереді, оның ішінен үшінші (желілік) деңгейдің дестесін (мәселен, ІР-дестені) шығарып алады;
  • ІР-дестеде келтірілген қабылдаушының ІР мекен-жайы негізінде келген дестенің (желіде қалыптасқан қазіргі жағдайда) шектес желілердің қайсысына жіберілетінін анықтайды. Ол үшін бағдарғылау кестесін

пайдаланады;

  • келесі желінің немесе байласудың пішіміне сәйкес келетіндей етіп ІР дестесінен қайтадан арналық деңгейінің кадрын қалыптастырады;
  • кадрды жіберуге кезекке қояды;
  • кадрды желі арқылы тасымалдау үшін оны тиісті портқа жібереді;
  • басқа бағдарғылауыштармен өзара бағдарғылық ақпарат

лнмастырады.

Бағдарғылауыштар аппараттық және бағдарламалық қамтамалар кешені болып табылады. Бағдарғылауыш - (көпірдегі сияқты) порттар міндетін атқаратын екі немесе одан да артық желілік бейімдеуіштері бар арнайыландырылған компьютер. Әр түрлі арналар қолданылған кезде бағдарғылау қағидаттары өзгермейді, тек желілік бейімдеуіштің түрі ғана өзгертіледі. Желілік бейімдеуіштердің түрі осы бейімдеуішке жалғанатын дсректер тасымалдау арнасына сәйкес келуі керек. Бағдарғылауыштың порттары бағдарғылауышқа келіп түскен дестелерді қабылдайды, ал арнайыландырылған бағдарламалық қамтама әрбір қабылданған дестені тексереді, дестені келесі қайсы түйінге жіберу керектігі жайында шешім қабылдайды.

Бағдарғылауыштардың кейбір ерекшеліктері:

-келіп түскен дестені қайсы шектес түйінге жіберу керектігі жайында шешім қабылдау үшін бағдарғылауыш (дестені кабылдаушының МАС мекен-жайына емес) қабылдаушынын. ашық жүйелер әрекеттестігі (ОSІ) үлгісінің желілік деңгейіне сәйкес келетін мекен-жайына (мәселен, ІР немесе ІРХ мекен-жайына) талдау жасайды. Бұл мекен-жайда қабылдайтын жақтағы компьютер қосылған желінің нөмірі (кіру нүктесінің мекен-жайы), ал осы компьютердің желідегі нөмірі кадр бастамасындағы МАС мекен-жайында көрсетіледі;

- бағдарғылауыштың өзінін меншікті желілік мекен-жайы болады. Сондықтан басқа желіге десте жіберу кезінде бағдарғылауышты аралық түйін ретінде пайдалануға болады;

- бағдарғылауыш дестені қабылдаушыға жіберу алдыңда бұл дестені толығымен өзінің жадысында сақтайды (яғни біраз кідірістен кейін әрі

жібереді) ;

- бағдарғылауыштарды қолданған кезде әдетте ІР немесе ІРХ сияқты бағдарғыланатын хаттамалар пайдаланылады. Егер бағдарғыланбайтын хаттамалар (мәселен, NetBIOS) пайдаланылатын болса, онда бағдарғылауыш арқылы тасымалданатын дестелер бағдарғыланатын хаттамалардың ішіне салынып жіберіледі.

Бағдарғылауыштар ашық жүйелер әрекеттестігі (ОSІ) үлгісінің желілік деңгейінде жұмыс істейді. Көпірге қарағанда бағдарғылауыштар жоғарырақ орналасқандықтан, олар көбірек ақпаратқа қол жеткізе алады және бұл ақпаратты дестелерді оңтайлы жеткізу үшін пайдаланады. Сөйтіп, бағдарғылауыштар төмен жылдамдықгы немесе ақауы бар байланыс арналарын орай өте алады.

Бағдарғылауыштар озінің негізгі қызметін атқару үшін, желінің осы нақты уақытгағы сызба-кұрылымын сипаттайтын бағдарғылау кестесін пайдаланады. Бұл кестеде қабылдауыш жақтың компыотері орналасқан желінің мекен-жайы, осы желіге баратын жолдағы келесі (шектес) түйіннің мекен-жайы және жол метрикасы (мәселен, жолдың ұзақтығы, ара қашықгығы, т. б. ) көрсетіледі. Бағдарғылауыш метрикаларды салыстыра отырып ең оңтайлы бағдарғыны таңдайды.

Желінің ағымдағы сызба-құрылымына сәйкес келуі үшін бағдарғылау кестесі жаңартылып тұруы керек. Бұл жұмыс бағдарғылау алгоритмі бойынша жүргізіледі, ал бағдарғылау алгоритмі бағдарғылау хаттамаларында жүзеге асырылады. Қазіргі кезде мынадай динамикалық бағдарғылау хаттамалары жиі қолданылады:

- қашыктық векторының алгоритмі (VDA, Vector-Distance Algorithm) .

Бұл алгоритм RIP, IGRP, BGR, т. б. сияқты хаттамаларда пайдаланылады;

  • арна күй-жайының алгоритмі Бұл алгоритм OSPF, IS-IS, NLSP, ELGRP, т. б. сияқты хаттамалардың негізін құрайды.

2. Көпір-бағдарғылауыштар (Brouter, bridge router) деп қазіргі заманғы көп хаттамалы бағдарғылауыштарды атайды. Бұл - көпір мен бағдарғылауыштың функцияларын қатар орындайтын құрылғы. Бағдарғылауды қажет ететін дестелер үшін олар бағдарғылауыш ретінде жұмыс істейді, ал басқа жағдайларда - жәй көпір қызметін атқарады.

Көпір-бағдарғылауыш қалыпты режімде көпхаттамалы бағдарғылауыш ретінде жұмыс істейді, ал беймәлім желілік хаттамасы бар дестені қабылдаған кезде оны көпір сяқты өңдейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректерді жіберудің желілерін құру
Есептеу желілері (Компьютерлік желілер)
Коммутатор принциптері
Торап
Байланыс арнасының есебі
Хост тораптарын басқару хаттамасы
ICMP – Internet Control Message Protocol хаттамасы
Деректер тасымалдау ортасына қатынас құру әдісі
Жергілікті есептеу торабын жобалау
Жергілікті есептеу торабы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz