Қайталауыш, шоғырлауыш, көпір



Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қайталауыш, шоғырлауыш, көпір

Жоспар:
1. Қайталауыш
2. Шоғырлауыш
3. Көпір
Қайталауыш (Repeater) - кәбілдің екі сегментінің арасына қосылатын жэне оның бір бөлігіндегі сигналдарды күшейтіп, бірақ олардың мазмұнын өзгертпей екінші бөлігіне тасымалдайтын құрылғы. Сонымен, қайталауыш-желідегі сигналдың әлсіреп өшуін болдырмау үшін, оны қайта күшейтіп әрі карай жеткізетін құрылғы. Бұл құрылғы жергілікті желінің ұзындығын ұзартуға және жұмыс бекеттерінің санын арттыруға мүмкіндік береді.
Қайталауыштың негізгі міндеті - электрлік сигналдарды бір сегменттен екіншісіне тасымалдау үшін алғашқы қалпына келтіру, баскаша айтқанда, бір портына келіп түскен деректерді қабылдап алып, оларды өзінің басқа порттарына жіберу.
Сөйтіп, қайталауыш кіріс сигналдарын қабылдап алады, оларды шу сигналдарынан тазартады, одан кейін жаңадан қалыптастырылған дестені келесі сегментке жібереді. Келіп түскен деректерге ешқандай талдау немесе түзету жасалмайды.
Бір кіріс жэне шығыс порты болғандықтан "ортақ қүрсым" сызба-күрылымына арналған қайталауышты сызыктық қайталауыш деп атайды. І\айталауыштың қүрамына кэбіл сегменттеріне қосылған екі (немесе пірнеше) трансивер және езіндік тактілік генераторы бар қайталау бөлшегі
кіреді.
Қайталауыштардьщ бір кемшілігі: ол желідегі сигналдардың таралуына кідіріс жасайды. Жүргізілген тексерулер Ethernet желісіндегі бір түйіннен екіншісіне жіберілген сигналдардың таралу жолында төрттен арттық қайталауыш болмауы керек екендігі анықталған. Бұл талап "5-4-3-2" ережесінде ескерілген. Ережеге сәйкес желіде бестен көп сегмент болмауы керек және осы сегменттердің тек үшеуіне ғана құрылғылар (компьютерлер) жалғауга болады. Бірақ-та есептеу желісіндегі кайталауыштар саны төрттен көп болуы мүмкін (ережеде тек кез келген екі нүкте арасындағы сигналдың жолында болуы мүмкін қайталауыштар санына ғана шектеу қойылған).
Бұл ереженің басқаша айтылуы: желідегі кез келген екі компьютердің арасында 2-ден артық байлам болмауы керек. Байлам екі қайталауыштан және олардың арасындағы сымнан тұрады.
Есулі қоссым және талшық-оптикалық кәбілдер негізінде құрылған
желілер үшін "4 шоғырлауыш" ережесі сәйкес келеді.
Қайталауыш физикалық деңгейдің қүрылғысы болып табылады. Соңғы кезде арналық деңгейге де қатысы бар қайталауыштар қолданылып жүр.
Сегмент - екі шеті терминатормен шектелген коаксиалды кәбілдің үзіндісі. Стандарт бойынша, мәселен, 10Base-5 желісіндегі сегменттің ең үлкен ұзындыгы 500 м, ал 10Base-2 желісінде - 185 м.
Шоғырлауыштың порты мен бейімдеуіш ағытпасыньщ арасындағы есулі қоссым да сегмент деп аталады. Әдетте оның ұзындығы 90-100 м.

2.Бірнеше порты бар және бірнеше физикалық сегменттерді жалғастырып-қосатын қайталауыш жиі шоғырлауыш (Concentrator) немесе хаб (hub) деп аталады. Бұл ұғым желінің барлық сегменттерінің байланысы осы құрылғыда жиналғанын білдіреді. Шоғырлауыш та физикалық деңгейдің құрылғысы болып табылады.
Шоғырлауыш "жұлдыз" тәрізді сызба-құрылымы бар есулі қоссым қолданылатын есептеу желісінің орталық түйіні. Ол тасымалдау құрылғыларының сызба-құрылымдық, функционалдық және жылдамдық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Әрбір компьютер оған ұзындығы 100 метрден аспайтын сегмент арқылы қосылады. Шоғырлауыштың 8 және одан да көп порты болады. Сондықтан оған соншама компьютер қосыла алады.
Түйіндер көппорттылық шоғырлауышпен есулі қоссым арқылы жалғасады. Оның бір жұбы (бейімдеуіштің Тх шықпасы) түйіннен шоғырлауышқа деректер жеткізу, ал екіншісі (бейімдеуіштің Rx кірмесі) - деректерді шоғырлауыштан түйінге жеткізу үшін пайдаланылады.
Ethernet шоғырлауышы басқа түйіндердің біреуінен келген сигналдарды қабылдайды да одан кейін оларды өзінің (сигнал қабылданған портынан басқа) барлық порттарына жібереді. Осылайша деректер тасымалдаудың ортақ ортасы (логикалық ортақ құрсым) құрылады.
Token Ring шоғырлауышы келіп түскен кіріс сигналдарын тек сақинадағы келесі компьютер жалғанған бір-ақ портына ғана жібереді.
2-сурет

Есулі қоссымға арналган шоғырлауыштарда MDI-X порттары қолданылады. Шоғырлауыштарды бір-бірімен байластыру үшін оның порттарының біреуінде MDI ажыратпасы болады. Бұндай порт Cascading, Іn немесе Cross-over деп аталады.
Шоғырлауыштар есулі қоссым негізінде құрылған, мысалы, 10Base-Т, 100Base-TX немесе 100Base-T4 желілерінде кеңінен қолданылады. Бірақ коаксиалды кәбіл негізінде жасалған 10Base-2 және талшық-оптика негізінде жасалған 10Base-F сияқты желілерде де шоғырлауыш пайдаланылады. Кейбір шоғырлауыштарда есулі қоссымға арналған (әдетте RJ-45) ағытпамен қатар коаксиалды кәбілге арналған (BNC) немесе AUI бар болады.
Жұмыс бекеттерінің санына және олардың арасындағы кәбілдің ұзындығына байланысты шоғырлауыш белсенді және бейбелсенді болып екіге бөлінеді. Белсенді шоғырлауыштардың құрамында оған саны төрттен көп жұмыс бекетін қосуға мүмкіндік беретін күшейткіш болады. Бейбелсенді шоғырлауышқа үшке дейін жұмыс бекетін қосуға болады. Оны әдетте жай үлестіргіш ретінде пайдаланады.

3.Әдетте, желіде сегменттер ұзындығы мен түйіндер санына шектеуі қойылады. Физикалық сегменттерді қайталауыштар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есептеу желілері (Компьютерлік желілер)
Торап
Деректер тасымалдау ортасына қатынас құру әдісі
Жергілікті есептеу торабын жобалау
Жергілікті есептеу торабы
Есептеу жүйелері
Деректерді тасымалдау ортасы
АЖӘ үлгінің құрылымы
Жергілікті есептеу желілерін жобалау туралы ақпарат
Компьютерлік желіні жобалау
Пәндер