Сайт жоспарлау


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Сайт жоспарлау
Жоспар:
- Web-құжат құру әдістері.
- Коммерциялық сайтты құру.
- Web - сайтты басқару. Парақтарды WWW орналастыру.
Web-құжат файлдары . html немесе . htm кеңеймесі бар мәтіндік файлдар. Оларды құруда қарапайым мәтіндік редакторлардан пайдалануға болады. Мысалы: MS Windows ортасында Notepad (Блокнот) редакторы.
Бірақта Web-құжаттарды арнайы HTML-редакторларда құру ыңғайлы. HTML-редакторлар екі топқа бөлінеді:
ASCII-редакторлар (ASCII-editors, Source editors) ;
WYSIWYG-редакторлар (WYSIWYG-editors) .
ASCII-редакторлар қарапайым мәтіндік редакторлар. Тек олар HTML-құжаттарды құруға арналған қосымша мүмкіндіктерге ие. Оларға Webber, Macromedia HomeSite, DarekWare HTML Author, WebEdit редакторлары жатады.
WYSIWYG-редакторлар HTML-құжаттарды дайындалу барысында терезеде көру, құжатқа алдын-ала дайындалған шаблондарды қосу мүмкіндігін береді. Редакторлар қосымша терезе - браузерлермен жабдықталған. Оларға Microsoft FrontPage, Netscape Navigator Gold редакторлары жатады.
Web-браузерлер HTML тілінде Internet желісіне арнап жазылған Web-сайттар мен Web-құжаттарды парақтап көру, оқу мүмкіндігін береді. Web-браузерлер ішінде ең көп таралғандары Netscape Navigator (Netscape Communications) және Internet Explorer (Microsoft) .
HTML тілінің мәтіндерді белгілеу нұсқаулары тэг (tag) деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Барлық тэг < (кіші) символынан басталып, > (үлкен) символымен аяқталады. Осы символдар ішіне қызметші сөз - тэг орналасады. Әрбір тэг өзіне тән бір арнаулы қызмет атқарады. Оларды жазуда бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдануға болады, әріптер бірдей қабылданады. Браузер мәтінді монитор терезеында көрсеткенде тэгтер бейнеленбейді, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.
HTML тілінің әрбір тэгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне ғана әсер етеді. Осыған орай екі тэг қатар қолданылады: бірі - тэгті ашады, екіншісі - жабады. Ашатын тэг белгілі бір нұсқауды бастайды, ал жабатын тэг - оны аяқтайды. Жабу тэгінің алдына / (қиғаш сызық) символы жазылуы тиіс. Кейбір тэгтер мағынасына орай жабылмауы да мүмкін.
Тэгтердің мәтінге тигізетін әсерлерін түрлендіруде олардың атрибуттарынан пайдаланады. Әдетте атрибуттар ашылу тэгтерінде кездесіп, қосымша қызметші сөздерден тұрады. Көбінесе атрибуттар " (қос тырнақша) символдары ішіне жазылған мәнімен беріледі. Атрибут мәні оның қызметші сөзінен = (теңдік) символы арқылы бөлініп жазылады.
Web-құжатта түсініктеме жазу үшін <!-- comment --> тэгінен пайдаланамыз. Түсініктемеде жазылған мәтін немесе тэг өңделмейді, яғни браузер терезесіне шықпайды. Түсініктемені құжаттың кез келген жеріне жазуға болады.
Кез-келген HTML документтің құрылымын жасау және өңдеу үшін оның мазмұны мен күрделілігіне қарамастан оларды құру кезінде қайсыбір процесс жүзеге асырылады. HTML документ кез-келген жағдайда да ақпараттық, зейін аударушы және қолданған кезде, қарапайымдылығымен ерекшеленуі тиіс. Ең алғашқы қадам күрделі қадам болып есептеледі, яғни WEB -сайттың тақырыбын таңдау. Ал егер парақтар бірнешеу болса, олардың әрбіреуіне бөлек тақырыптар ойластырған жөн.
Көптеген дербес сайттардың мазмұны нашар ойластырылған. Көптеген авторлар өздерінің дербес сайттарын, отбасылық хабарлармен өздерін қызықтырушы хоббиларымен немесе кәсіби іскерлік мәліметтерімен толтырады. Шындығын айтқанда Web -сайтты құрудағы яғни тақырыбын таңдаудағы бұл жол сайтқа енушінің санын көбейтеді. Сондықтан тақырыпты таңдаудың маңыздылығын бірінші орынға қойған жөн. Егер сіз 1-тақырыптан көбірек қамтығыңыз келсе әрбір параққа орналастыру мүмкіндігіңіз бар. Бұл жағдайда сайттың қалған бөліктеріне бағыттайтын есте қаларлықтай мазмұны болуы тиіс. Есіңізде болсын : сайттан алған ең алғашқы жеріңіз сайтқа келесі тағы да енуіңізге мумкіндік жасайды. Бүкіл әлемдік өршек миллионнан сайттарды өз нарығына шығаруда сондықтан сіздің конкуренттеріңіз көп екенін ұмытпаңыз. Ал сіздің сайтыңызға енушілердің сіздің отбасылық парағыңызда көп уақыт оқымайтындығы белгілі. Сайттың тақырыбын анықтап болған соң, оның мазмұнын анықтау жұмысына кірісіңіз. Сайттың тақырыбына тәуелдісіз өзіңіздің сайтыңызда аудио файлды, графиктерді, видеоклиптерді, сілтемелер тізімін, текстік файлдарды, мәліметтер қорын кірістіруіңізге болады. Мазмұнын анықтаған соң материалды ұйымдастыру жұмысына көшіңіз.
Автор төмендегідей 4-категориалы материал түрлерімен жабдықталуы тиіс.
1. Суреттер (Фотография)
2. Сілтемелер
3. Мәтін
4. Библиография
Материалды орналастырмас бұрын сайттың « скилетін» құрып алу тиіс. Бұл дегеніміз HTML редакторын іске қосып жаңа дербес парақты құру жұмысын бастау деп есептелінеді. Автор өз жұмысына қанағаттанғаннан кейін сайтты шығаруға дайын деп есептесе интернет қызметін пайдаланып өзінің сайтын WWW-ға орналастырады.
Егер сіз бизнесте қызмет жасайтын болсаңыз, сіздің компанияңыздың WWW-ға қызметіне жүгінетін себебіңіз болса, сонда сіздің коммерциялық сайт құруға қажеттілігіңіз бар деген сөз. Ең алдымен мұнда сіздің компанияңыздың негізгі қажетті затын білуіңіз қажет, содан соң қандайда бір іс- әрекетке баруыңызға болады. Мұнда негізгі 4-мақсатта WWW қызметіне жүгіне аласыз.
1. Товарды сату немесе қызмет көрсету.
2. Сауда маркаларының мойындағанын қалаймыз.
3. Тұтынушылардың қажеттігін өтеу мақсатында.
4. Инвестициаларды шақыру мақсатында.
Осы төрт мақсатты 1 арнаға тоғыстырғыңыз келсе, әрбір пункте сайттың белгілі бір бөлігін арнағаныңыз жөн. Бұл жағдайда сіздің клиенттеріңіз мазмұнда көрсетілген өздеріне қажетті, қызықты тарауға көше алады.
Web - сайтты өңдеп аяқтағаннан кейін сіздің материалдарыңыз желі қолданушыларына қарауға, оқып - меңгеруге ашық болуы тиіс. Құжатыңызды WWW-ға орналастырудың екі жолы бар.
Провайдер серверде сіздің парағыңызды орналастыру немесе жеке өзіңіздің Web - серверіңізде орналасу. Сіз өзіңіздің материалдың желіге шықпас бұрын жариялау әдісін қай түрде жасайтыңызды шешіп алуыңыз керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz